Стереометрия курсын оқытып-үйрету әдістемесі: Көпжақ ұғымы. Призма және бүйір, толық бетінің аудандары және көлемі. Пирамида және қиық пирамида. Пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір, толық бетінің аудандары және көлемі
№11 тәжірибелік сабақ Стереометрия курсын оқытып-үйрету әдістемесі: Көпжақ ұғымы. Призма және бүйір, толық бетінің аудандары және көлемі. Пирамида және қиық пирамида. Пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір, толық бетінің аудандары және көлемі. Цилиндр, конус және қиық конус. Олардың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары және көлемі. Сфера, шар. Сфера бетінің ауданы және көлемі. Беті, саны шектеулі көпбұрыштардан тұратын денені көпжақ деп атайды.
Көпбұрыштар оның жақтары, ал көпбұрыштардың қабырғалары көпжақтың қырлары деп аталады. Олардың ұштары – көпжақтың төбелері. Бір жағына тиісті емес екі төбесін қосатын кесіндіні көпжақтың диагоналі деп атайды.
Параллель жазықтықтарда жатқан көпжақтың жақтары – параллель жақтар. Мысалы, кез келген призманың екі табаны параллель болады. Призманың табанында жатқан дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының саны жұп болса, онда призманың бір-біріне қарсы жатқан бүйір жақтары параллель болады.