Лекцияға керекті көрнекіліктер : " Биосфера және оның эволюциясы туралы ілім" пәнінің міндеттерін көрсететін сызба. Жоспары



бет1/4
Дата31.03.2023
өлшемі166 Kb.
#77996
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
№10 Дәріс ЭББ


Дәріс №10
Тақырыбы: Биосфера - ғаламдық экожүйе


Мақсаты: “Биосфера және оның эволюциясы туралы ілім” қысқаша тарихы туралы түсінік беру. Биосфера ұғымын қалыптастыру.
Лекцияға керекті көрнекіліктер: “ Биосфера және оның эволюциясы туралы ілім” пәнінің міндеттерін көрсететін сызба.
Жоспары:
1.Биосфера туралы түсінік.
2.В.И.Вернадский биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы.
3.Биосфера қызметінің заңдылықтары
4.Биосфераға антропогендік ықпалдар және әлемдік экологиялық проблемалар
5. Биосфераны сақтау және экологиялық проблемаларды шешу жолдары


Биосфера туралы білім қалыптасуының қысқаша тарихы.
Жердегі бірде-бір ағза еркін күйде болмайды. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы үздіксіз және тығыз байланыста болады. Одан тыс табиғи жағдайда тіршілік ете алмайды.
Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне қажетті заттарды биосфера компоненттерінен – жерден, жер қойнауынан, өсімдіктер әлемінен және жануарлар дүниесінен алып келеді. Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі.
Биосфера (грек .bios - өмір және sphaira - шар) –Жер планетасының тірі ағзалар жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе. Биосфера тіршілік тірегі. Ол адамзатпен, қоғаммен тығыз байланыста (биосфера-адам-қоғам) болады. Биосфера – біздің айналамызды қоршаған орта. Оны адамзат жасаған жоқ, ол адамзат баласының пайда болуынан әлде қайда бұрын жаралған.
Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресстің дамуы, ауылшаруашылық салаларының өркендеуі және Жер бетінде халық санының артуы айналадағы табиғатқа орасан зор әсер етуде.
Биосфераны қалыптастырушы күш тірі ағзалар. Биосфераның белгілі шекаралары болады. Биосфера үш қабаттан құралады: атмосфера, гидросфера және литосфера. Биосфера атмосфераның төменгі қабатын (тропосфераны), бүкіл су қабатын (гидросфераны) және жердің қатты қабатының (литосфераның) беткі бөлігін қамтиды. Биосфера шекарасы – тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат, әдетте, оны Жер бетіндегі 20-25 км деңгейден 11 км мұхит тереңдігі аралығында анықтайды. Шындығында биосфера қабаты аздау – Жер бетінен 6-7 км биіктікке, Жер астына 6 км тереңдікке, ал мұхитта 11 км тереңдікке таралған.
Биосфера ілімінің қалыптасуын негізінен атақты француз табиғаттанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829), есімімен байланысты. Биосфера өзгеше бір жер қабықшасы екендігі туралы анықтаманы және биосфера терминін ұсынған белгілі австриялық геолог Э.Зюсc, 1875ж. В.И.Вернадский Э.Зюстің ”биосфера” ұғымын пайдалана отырып, оған биогеохимиялық мазмұн берді, өзінің геохимиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жер бетіндегі геохимиялық құбылыстардың жүруі үшін және жер бетінің қалыптасуында тірі ағзалар рөлінің өте зор екендігін атап көрсетті. Ол 1926 жылы жарыққа шыққан “Биосфера” атты еңбегінде биосфера жөніндегі жалпы ілімді қалыптастырды.1926 жылы Ленинград қаласында,үш жылдан соң Парижде және кейінірек Берлинде В.И.Вернадскийдің “Биосфера” деген жалпы атпен “Космостағы биосфера”, “Өмір аймағы” атты очерктері жарық көрді. Ж.Б. Ламарк болса тірі ағзалар мен олардың өмір сүретін ортасы арасындағы өзара қарым-қатынастары, өлімі туралы терең талдаулар жасаған. Атақты табиғаттанушы және географ А.Гумбольт (1769-1858) өзінің 5 томдық “Космос” деп аталатын еңбегінде сол кездегі жер мен космосқа талдау жасай отырып, барлық табиғи процестердің бір-бірімен байланысты болатындығы туралы пікірді дамытты. Кейінірек В.В.Докучаев өсімдіктер мен жануарлар және жер арасында заңды байланыстар барлығын тұжырымдады. Биосфера бізді қоршаған ортаның тіршілік қабаты. ХХ ғасырдың басында В.И.Вернадский биосфера туралы еңбегінде /1926 ж./ оның Жер жүйесінің ең бір глобалды өлшемі екенін айтқан болатын. Биосфера деп В.И.Вернадский Жердің жұқа қабығын (қыртысын),онда тірі ағзадардың тікелей ықпалымен болып жататын күллі процестерді түсінді.
Биосфера туралы қағидалар мен фактілер биология (ботаника, зоология т.б.) және геология ғылымдарының дамуына байланысты жинақтала бастады. зерттейтін ғылым.
Биосфераны анықтайтын екі ұғым бар, оның бірі осы термин пайда болғаннан бері белгілі. Бұл биосфераны жердегі барлық тірі ағзалардың жиынтығы ретінде түсіну. В.И.Вернадский тірі және тірі емес жүйелердің өзара әрекеттерін зерттеп, ажырамас тірілер мен тірі емес жүйелердің байланыстары принципін ұсынды. Ол биосфераны тірілер мен тірі еместер бірлігінің сферасы / саласы/ ретінде түсінді. Биосферадағы тіршілік пен тірі емес заттың біртұтастығын көрсетті. В.И.Вернадский:“Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес,ол нақты шектелген геологиялық жер қабықшасы – биосфераға сәйкес келеді.Ол жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін геологиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс”- деп жазды. В.И.Вернадский биосфера Жердің жіңішке қабаты, ондағы жүріп жататын барлық процестер тірі ағзалардың тікелей қатысуымен жүреді деп тұжырым жасады. Осыған орай ,В.И.Вернадский ілімі барлық экожүйелерге тән, біздің планетамыздың дамуын жан-жақты қарастырған ілім.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атап, “Жердің беткі бөлігінде тірі ағзалардан артық күшті және үнемі әрекет ететін химиялық күш жоқ” деп жазды. Тірі заттың негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. В.И.Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойынша:биосфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты (константа)шама болып табылады. В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін жан-жақты зерттей келе, биосфера заттарын геологиялық қарым-қатынастарда болатын 7-ті типке бөлді:

  1. Тірі зат-біздің планетамызды мекендеген тірі ағзалар..

  2. Косты зат – тірі емес, тірі ағзалардың тіршілігінсіз қалыптасқан (магматикалық жыныстар т.б.).

  3. Биогенді зат- тірі емес заттар, тірі ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған (кейбір шөгінді жыныстар: әктас, бор т.б. және мұнай, газ,тас көмір).

  4. Биокосты зат- тірі ағзалар және геологиялық процесс ара-қатынастары арқасында пайда болған биокосты денелер (топырақ, тұнба т.б.).

  5. Радиоактивті заттар – радиоактивті элементтердің атомдары мысалы: уран (238U, 235 U),торий ( 232Th ), радий (226Ra) т.б.

  6. Шашыранды атомдар – табиғатта шашыранды түрінде кездесетін элементтер атомдары: Mn, Co, Zn, Cu, Au, Hg т.б.

  7. Шығу тегі космостық заттар- жер бетіне космостан келіп түсетін заттар (метеориттер, космостық шаң).

Тірі ағзалардың құрылымына кіретін химиялық элементтерді үш топқа бөлу қалыптасқан:
-Макроэлементтер – H,O,C,N (бұларды негізгі деп те атайды, жалпы үлесі – 98-99%),Са,Cl ,K, S, P ,Mg ,Na,Fe , Si ( жалпы үлесі -1-2 %). Макроэлементтер тірі ағзалардың пайыз жағынан негізгі массасын құрайды.
-Микроэлементтер – Mn, Co, Zn, Cu, B, J және т.б. Тірі ағзаларда 0,1% шамада болады.
-Ультрамикроэлементтер – Au, Hg, Se т.б. тірі ағзаларда өте аз мөлшерде кездеседі, физиологиялық ролі толық зерттелмеген.
Клеткадағы анорганикалық заттарға – су және тұздар , ал органикалық заттарға – көмірсулар, липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдары жатады..
В.И.Вернадский 1928-1930 жылдары биосферадағы процестерді салыстырмалы түрде қорытындылай келе,тірі заттың бес негізгі биогеохимиялық қызметі болатыны туралы түсінік берген:газдық, концентрациялық, тотығу-тотықсыздану, биохимиялық (энергетикалық) және адамның биогеохимиялық әрекеті.
Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып,биосферада деструктивтік,тасымалдаушы,шашырандылық, ақпараттық және орта түзуші қызметтер де атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет