Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында суфилік философиясының ерекшеліктерін, сипаттамаларын таныту



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16079
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8


Ф-ӘД-001/046 

 

 



Дәріс №13 

Суфизм философиясы 

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: 

Лекция  барысында  суфилік  философиясының  ерекшеліктерін, 

сипаттамаларын таныту.

 

Лекция мазмұны:

  

1.  Суфизм 



философиясының  онтологиялық  және  гносеологиялық 

мәселелері 

2.  Уахдат-и ужуд және уахдат-и шухуд  ілімдері 

3.  Зун-Нун  әл-Мысри,  Баязид  әл-Бистами,  әл-Ғазали,  Ибн  Араби 

көзқарастары 

 

Бір  қырынан  толықтай  адамды  негізгі  тақырып  ретінде  қарастыратын 



және  құдайлық  тақырыптарды  да  қамтитын,  келесі  жағынан  субъективтік 

жағы  басым  саланы  танытатын  суфизмді  күрделі  ілім  саласына  жатқызуға 

болады.  Сопылық  тілмен  айтқанда  аталған  ілім  саласы  толықтай  экстаздық 

сипат пен мәнге ие болғандықтан оның мәнін ашу қиын. Дегенмен, оның да 

өзіне  тән  анықтамасы  бар.  Бұл  ілім  саласы  суфи  рухының  күрделі  де  мәнді 

практикалық әрекет болғанына орай суфилердің  тілімен  түсіндіруге болады. 

Осыған  қарай  отырып,  исламдық  суфизм  ілімі  күрделі  де  кешенді  ілім 

екендігі анық байқалады.  

Суфизмге  жасалынатын  анықтамалар  суфилердің  жағдайлары  мен 

сипаттарына  байланысты  екендігі  байқалады.  Әдетте  анықтамалар 

суфилердің  мәртебесіне,  характерлері  мен  икемділігіне,  әлеуметтік 

жағдайына,  мистикалық  өмірге  кіруіне  дейінгі  тіршілігінің  ықпалдық  іздері 

көрінеді. Тіпті суфидің әртүрлі уақыттарда әртүрлі анықтамалар жасалғанын 

да  кездестіруге  болады.  Осы  тұста  сопылық  жолдағы  ірі  көсемдердің 

суфимге жасаған анықтамаларына тоқталып кеткеніміз жөн сияқты. Джунайд 

Бағдади  (ө.295/907  жж.):  «Суфизмді  –  Алладан  басқа  барлық  нәрсемен 

байланысты  үзу  және  тек  Алламен  бірге  болу»,  -  деп  түсіндіреді.  Маруф 

Кархи  (ө.200/815  жж.):  «суфизм  дегеніміз  –  ақиқатқа  талпыну,  халықтың 

қолындағылардан  үміт  үзу»  деп  есептеген.  Али  бин  Ахмад  Бушанджи  (ө. 

348/959  жж.)  аталған  ілімді  «еркіндік,  қайрымдылық,  көркем  мінез  және 

жомарттық»  деп  санаған.  Сопылық  ілімнің  кемеңгерлерінің  бірі  –  Имам 

Ғазали  (ө.  505/1111  жж.)  сопылық  жолды  жүректі  тек  құдайға  ғана  арнап, 




Ф-ӘД-001/046 

 

 



жерге тән дүниеден байланысты үзу» - деп анықтама жасаған. Бұдан барлық 

суфидің сопылықты әртүрлі қырынан қарастырып, басынан өткерген рухани 

практиканы  түсіндіргені  байқалады.  Осыларды  жинақтай  келе  мынандай 

қорытынды  шығаруға  болады:  «суфизм  исламды  пайғамбар  сияқты 

меңгеруге талпыну».  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет