Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарында тілді ғылым



Pdf көрінісі
бет140/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   200
Жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарында тілді ғылым 
тұрғысынан зерттеу ісі оны оқытудың практикалық 
мәселелерімен ұштастыра жүргізу талабын қойды. Сол 
кездегі алдыңғы қатарлы орыс және шетел ғалымдарының 
педагогика, психология жайындағыеңбектермен жақсы 
таныс, физиология мен рефлексологиядан хабары мол, өзі 
мектептің ең төменгі басқышынан бастап педтехникумға 
дейін сабақ беріп ысылған, жоғары мектепте лекция 
оқыған ұстаз замана талабын абыроймен орындап шығады. 
Қ
.Жұбанов өзінің филологиялық зерттеулерінде ғылыми 
тұжырымдарының мектеп мұғалімдері үшін де түсінікті 
болуын және мектептегі оқыту ісіне ғылым тұрғысынан жедел көмек көрсету 
жағын ескеріп отырған. 
Қ.Жұбанов өзінің 5-6-сыныптарға арнап жазған «Қазақ тілі 
грамматикасын» 1936 жылы бастырып шығарады. Оның осы кітапты қалай 
пайдалану керектігі жайында арнайы әдістемелік нұсқау жазып, оны баспаға 
бергені де мәлім. Бірақ 1937 жылы ғалым репрессияға ұшырағанда аталған 
әдістемелік құрал жарыққа шығып үлгірмей, тәркіленген.


275 
Өзінің «жаңа» грамматикасын жасауда Қ.Жұбанов грек-латын 
мәдениетінен басталып, Еуропаға, орыс жеріне, араб, парсы және түркі тілді 
елдерге тараған грамматикалардың дайын үлгісін пайдаланбайды. 
Педагогика, психология, физиология және философия ғылымдарымен 
қаруланған, ана тілінің жай-жапсарын жақсы білген ол қазақ тілі 
грамматикасын жазу үшін жаңа жол іздейді. Бұл сапарда оның ұстанған 
бағыты қазақ тілі грамматикасының үлгісі мен жүйесін сол тілдің өзіндік 
ерекшелігінен іздеу болған. Ғалым педагогика мен дидактиканың 
принциптері мен әдіс-тәсілдерін іріктей келіп, олардың ішінен нақ қазақ 
тіліне ғана тиімділерін таңдап алып, соларға сай дидактикалық принциптерді 
белгілейді. Мұның өзі қазақ тілінің әдістемесін жүйелеуге қажетті баға 
жетпес жаңалық болатын. Сондықтан бұл грамматика оқулық жасаумен 
шұғылданушы авторларға, әдіскер-ғалымдарға күні бүгінге дейін үлгі-жоба 
ретінде елеулі пайда тигізе алары хақ.Қ.Жұбанов өзінің грамматикасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет