"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы



бет1/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері


1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


Сөйлеу онтогенезі сөйлеу тілін зерттейтін барлық ғылым саласының, солардың ішінде ең алдымен – психолингвистиканың зерттеу пәні.
Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Бұл пәнде баланың сөйлеу тілінің жан-жақты дамуы туған кезінен бастап (7 жасқа дейінгі) зерттеледі, ал біз - сөйлеу тілінің тууы және дамуымен байланысты қазақ тілін үйретуді байланыста қарастырып көреміз.
Сөйлеу тілінің қалыптасуы және дамуы мәселелерімен көптеген ғылым салалары айналысады, олардың арасында физиология, психология, лингвистика, педагогика т.б. бар. Шетелдік ғалымдар сөйлеу тілін дамуының негізгі құралы деп қарастырады (Л.С.Выготский, А.А. Леонтьев). Сөйлеу тілінің онтогенезі А.Н. Гвоздев, А.Р.Лурия, М.И.Лисина, А.М.Шахнарович, А.Г.Арушанова, А.Г.Рузская, Е.О.Смирнова, С.Н.Цейтлин, Г.Р.Доброва, М.Б.Елисеева, Е.С.Кубрякова т.б. жұмыстарында зерттелген.
Тілді үйрету үшін сөйлеу тілінің онтогенезде даму заңдылықтарын және оның қалыптасуына әсер ететін жағдайлар да қарастырылуы қажет. Сонымен қатар сөйлеу тілі дамуының әр кезеңіндегі жас ерекшеліктерін ескеру мыңзды.
Қазіргі таңда онтолингвистикалық бағыттағы зерттеулер мынадай мәселелерге жауап іздейді:
1. Бала ана тілін қалайша меңгереді?
2. Жас ерекшеліктерін қосқанда баланың сөйлеуі және тілдік қабілеттерінің пайда болуы, қалыптасуы және ары қарай даму ерекшеліктері қандай?
3. Балалардың ана тілін жақсы меңгеру заңдылықтары мен факторлары қандай?
4. Басқа тілді меңгеру қалай жүреді?
Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін меңгеруі деңгейі тілдің фонетика, лексика, грамматикасын игеруімен қатар жүреді.
Баланың сөйлеу тілінің дамуын теориялық, практикалық, ғылыми тұрғыдан зерттеу ХХ ғ-дың ортасынан бастап қарқынды дами түскен. Ресейде профессор С.Н. Цейтлин басқарған А.И. Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Бала тілі» кафедрасы осы мәселемен айналысады (СанктПетербург). Сонымен қатар Қазақстанда ресейлік ғалым, профессор Александр Николаевич Гвоздевтің жұмыстары басшылыққа алынады екен. Гвоздев өзінің баласының сөйлеу тіліне лингвистикалық түсініктемелер бере отырып, күнделік түрінде зерттеу жүргізген.
Гвоздевтің пікірінше тілдің грамматикалық конструкцияларын меңгеру оның сыртқы морфологиялық құрылысымен емес, семантикасымен (мағынасы) байланысты. Сондықтан алғашында нақты мағыналы категориялар меңгеріледі, бір және бірнеше заттар арасындағы айырмашылық ерекше айқын байқалатындықтан, балалар орыс тілінің барлық грамматикалық категорияларының арасында басында зат есімнің жекеше және көпше түрлерін, атау, ілік және табыс септіктерді, бұйрық рай, инфинитив, осы және келер шақтарды меңгереді. А.Н. Гвоздевтің пікірі бойынша мынандай заңдылық туындайды: грамматикалық құрылымды меңгеру барысында күнделікті қарым-қатынасқа қажетті қарапайым түрдегі өнімді формалар мен құрылымдар пайда болады. Ресейлік ғалымдардың ерте жастағы баланың сөйлеу тілі лингвистикасы бойынша ғылыми жұмыстары ондаған жылдар бойы осы бақылауларға негізделген. (атақты ғалымдар И. Тэн, В. Прейер, В. Штерн т.б. өздері де ата-ана ретінде өз балаларына қатысты күнделік жүргізген).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет