Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет163/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165
МАРГАРИТА БОЧАРОВА
Журналист, медиа-сыншы және зерттеуші. Өлкетану (Орта Азия) 
магистрі. Алты жылдай Қазақстандағы аз ғана тәуелсіз басылым
-
ның бірі – «Vласть» сараптау онлайн-журналында шолушы болып 
жұмыс істеген. Сонда істеп жүріп, әлеуметтік-саяси мәселелерді 
егжей-тегжей зерттеп, осы сала маманы ретінде қалыптасқан 
және ұлттық арнада шағын ақпараттық бағанды жүргізген. Қазір 
БАҚ-тарға, NewReporter.org-ке шолу хабарлар жазып отырады 
және FactCheck.kz сайтына журналист және тренер ретінде өз 
үлесін қосуда. Зерттеу бағыты – ақпараттық саясат, журналисти
-
ка, медиасауат және әлеуметтік желілер.


МЕДЕТ СУЛЕЙМЕН
ОБСЕ Академиясын бітірген. Саясат және қауіпсіздік магистрі. 
2014 жылдан бері Фридрих Эберт қорының Алматыдағы қа
-
зақстандық кеңсесінде бағдарламалық қызметкер ретінде жұ
-
мыс істейді. Жұмысының негізгі бағдары – сыртқы саясат, жастар 
саясаты және гендерлік мәселелер. IPS – Халықаралық парла
-
мент стипендиясы бағдарламасының түлегі – Германия парла
-
ментінің бес айлық стипендиясының иегері.
МЕРЕЙЛІМ ҚАЛЕН
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін Халықаралық 
қатынас мамандығы бойынша бітірген. Мерейлім ЮНФПА-да 
(2015), Қазақстандағы Фридрих Эберт қорында (2015) және 
Неміс Бундестагінде (ГФР Парламенті, 2019) тәжірибеден өткен. 
Қазіргі кезде Қазақстандағы Фридрих Эберт қорында ғылыми 
қызметкер болып жұмыс істейді. Зерттеу жұмысының негізгі 
бағыты – әлеуметтік-экологиялық өзгерістер, гендерлік және 
жастар саясаты.
МОЛДИЯР ЕРГЕБЕКОВ
Өнертану докторы (PhD), Анкара университеті Радио-ТВ-Кинема
-
тография бөлімінің түлегі (2000-2010). Қазақ киносының ұлттық 
мемлекет құру үдерісіндегі рөлі туралы докторлық диссертация
-
сын сәтті қорғап, кейін Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер 
академиясында, Қырғызстан-Түркия Манас университетінде (Қы
-
рғызстан), Юта университеті (АҚШ), Газиантеп университеті (Түр
-
кия), Сүлейман Демирел университетінде жұмыс істеген. Қазіргі 
уақытта Алматы Менеджмент университетінде (AlmaU) «Медиа 
және Кино» факультетінің құрушы деканы. Сонымен қатар әй
-
елдердің Орталық Азиядағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық, 
ғылыми, өнер және саяси салаларда көрінуін қамтамасыз етуге 
тырысатын феминистік FemAgora қоғамдық қорының негізін қа
-
лаушылардың бірі. Сыни теория, кино және медиа зерттеулері, 
ұлттық кинематография, қазақстандық БАҚ-тың саяси экономи
-
ясы, гендер және қоғамдық алаң тақырыптарындағы бірнеше 
зерттеу авторы. Педагогикалық тәжірибесі, зерттеулері, презен
-
тациялары мен еңбектері үш негізгі тенденцияға: әлеуметтік тео
-
рия, медиа зерттеулер және кинотануға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет