«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Көшеден  өткен  соң,  осы  көшеге  қарама-қарсы  орналас-



Pdf көрінісі
бет17/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43

Көшеден  өткен  соң,  осы  көшеге  қарама-қарсы  орналас- 

қан ашық шіркеудің алдында аттан түспек боламын. Содаи

135


кейін  мен  ж ақы н  жердегі  басқа  бір  шіркеудің  алдында 

аттан  түстім.  Сол  көшеде  сонымен  қатар  "қонақ  үй"  де 

бар  екен.  Мен  сонда  аттың  өзін  қоя  беруіме  де  болар  еді, 

бірақ  мен  оны  өзім  апарып  тастауды  жөн  көрдім.  Менде 

сол  жерге  атпен  келуімнен  үялу  сезімі  болғандай.  Онын 

алдында бір ер бала түр екен,  ол мен түсіріп алған  қағазды 

көрсетіп,  мені  мазақ  етіп  күледі;  қағазда  "тамақ  жемеу" 

деп  жазылып,  екі  рет  сызылған.  Ж ән е  "жүмыс  істемеу" 

деген  екінші  сөз  аны қ  емес.  М енде  бөтен  қ ал аға  тап 

болғандай  және  істер  іс  болмағандай  ауыр  сезім  бар.

Бүл  түсте  оның  қандай  да  бір  ауру  негізіндегі  тітір- 

кендіруден  пай да  болғаны  көрінбейді.  А лайда  осының 

алдында мен  шиқандардан  қиналғанмын,  олар  қозғалуыма 

кедергі  жасап,  ауырған  еді.  Қажу,  тәбеттің  болмауы  және 

ауруға  қарамастан  көп  ж үм ы с  істеу  —  барлығы  менің 

қажуыма  себепші  болды.  Кезінде  менің  мүндайға  үшы- 

рауым  мүмкін  емес  сияқты  көрінетін.

Бүл қиналуды терістеудің ең белсенді түрі:  жалпы мен 

атпен  жүрмеймін  ж әне  ол  менің  түсіме  кіре  қоймайды. 

Мен  бір-ақ  рет  аттың  үстінде  отырып  көргенмін  (онда 

да  ерттелмеген  атқа),  атпен  ж үру  маған  үнамай  қалған. 

Бірақ  түсімде  мен  атпен  жүрмін,  яғни  менде  ешқандай 

шиқан  жоқ,  дәлірек  айтсақ,  мен  шиқанның  болмағанын 

қ а л а й м ы н .  О н дағы   ер д ің   о р н ы н д а  —  ш ы н ды ғы нда 

жылынатын компресс.  Мен алғашында ауруды сезінбеуім 

де  мүмкін.  Содан  соң  ауруды  түйсіну  пайда  болып,  мені 

оятпақ  болды,  бірақ  маған:  "Үйықта,  сен  оянбайсын; 

сенде ешқандай да шиқан жоқ,  сен атпен келе жатырсың, 

егер  сенде  ж ар а  болса,  сен  атпен  ж ү р е   алм ас  едін!" 

легендей түс кірді.  Ауру басылып,  мен әрі  қарай үйықтай 

бердім.

Алайда  түс  онымен  қанағаттанбады,  ол  өзін 



баласы н 

жоғалтқан  ананың  галлюцинациялық  сандырағы  тәрізді 

көрсетті.

Мен  сүр  атпен  келемін,  аттың  түсі  менің  ж уы қта  Л. 

есімді  әріптесімді  кездестірген  арбашаның  түсіне  сәйкес 

келеді  (бүрыштың  не  түздың  түсі).  Шиңан  шыққандықтан, 

маған  ащы  тағамдарды жеуге  болмайды.  Әсіресе мен түрлі 

әдістерді қолданған  бір пациенттің  емдеушісі  ретінде  менін 

орнымды басқаннан бері,  П.  есімді әріптесім менің алдымда 

мүрынын  шүйіреді.  Түсімде  алғаш ында  цирктегі  клоун 

тәрізді  атта  қызық  отырмын,  яғни  әдістерді  қолданаты- 

нымды көрсетеді.  Алайда  бүл  пациент,  тәжірибесіз  жолау- 

шы  жайлы  анекдоттағы  ат  тәрізді,  менімен  ойына  келгенін 

жасайтын.  Осылайша,  ат  менің  осы  сияқты  пациентімнің 

белгілік  көрінуі  болып  табылады  (ол  түсте  өте  ақылды).

136


"Мен  өзімді  үйдегідей  сезінемін",  бүл  менің  үйдегі  жағ- 

дайыма  сәйкес.  Мені  сол  ж ағдайда  әріптесім  П.  алмас- 

тырады.  “Мен  сізді  ерде  мықты  отырады  екен  десем"  — 

деп,  маған  дүшпандарымның  бірі,  атақты  веналық  дәрігер 

айтқан.

Мендегідей  науқастармен  шындығында  да  8—10  сағат 



психотерапиямен  айналысу  керек.  Алайда  мен  олай  үзақ 

жүмыс  жасай  алмайтынымды  түсінемін.

Н евростениктер  дәрігерге  келгенде  оларды ң  қолда- 

рында  "жүмыс  істемеу"  ж әне  "тамақ  жемеу"  деген  жазуы 

бар қағаздары  болады.  Әрі  қарай талдау  барысында түстің 

тілектен  (аурудан  қүтылу)  бала  кездегі  көрініске  өтуін 

байқаймыз.  Ол  мына  көрініс:  бір  бауырым  (менен  бір  жас 

үлкен  және  қазір  Англияда  түратын)  екеуіміздің  арамызда 

болған  қақты ғы с.  С оны м ен  қ атар   И тали яға  ж асаған  

саяхатымнан  көріністерді  де  қолданған  түстегі  (Верон 

және С йен көшелері туралы)  әсерлерді еске түсіреді.  Бүдан 

тереңірек  тал д ау   мені  сексуалды   сипаттағы   ой ларға 

жетеледі;  мен  бір  пациенттің  түсінде  ғажайып  ел  туралы 

ойды  анықтағанымды  есіме  түсіремін.

Басқа бір түсте де менің осылайша қорғануға мүмкіндігім 

болған.  Сезім  мүш есі  менің  түсімді  тітіркену  арқы лы  

бүзбақшы  болған.  Бірақ  түс  пен  оның  себепшісі  болған 

кездейсоқ  тітіркену  арасындағы  байланысты  ашу  жағдай- 

лардың  сәтті  сәйкес  келуінің  нәтижесі  болды.  Бірде  мен 

жаздың аптап  ыстық  күнінде таңертең  "папа"  (Рим  папасы) 

қайтыс  болған  түсімнен  ояндым.  Бүл  қысқа,  бірақ  анық 

түсті талдай алмай жүрдім.  Менің есіме тек бір нәрсе түсті: 

осыдан  біраз  бүры ны рақ  газетте  оның  аздап  ауырғаны 

туралы  хабарлама  болған  еді.

Бірақ таңертеңгі ас кезінде әйелім менен:  "Бүгін таңертең 

қоңыраулардың  (колокол)  жаман  дауысын  естідің  бе?  деп 

сүрады.  Мен  не  естігенімді  өзім  де  білмедім,  бірақ  енді  өз 

түсімді  үқтым:  үйқыға  деген  қажеттілігімнің  мені  оятпақ 

болған  шуға  реакциясы  болды.  Мен  түсімнің  мазмүнымен 

кек қайтарып, қоңыраудың дауысына мән бермей, әрі қарай 

үйқыны  жалғастырғанмын.

Өткен  тарауларда  айтылған  түстер  арасынан  жүйкелік 

тітіркенулердің  қайта  өңделуінің  бірнеше  айқын  мысал- 

дарын табуға  болады.  Оған мысал ретінде демалмай су ішу 

туралы  түс  жатады.  Онда  соматикалық  тітіркену  түстін 

жалғыз  бастамасы,  түйсіктің  нәтижесіндегі  тілек 

„шөл 

болып,  жалғыз түрткі ретінде түр.  Дәл  осындай жағдаилар 



басқа  да  түстерде  көрінеді.

Өзінің  бетінен  салқындатушы  аппаратты  жүлып  алып 

тастайтын  науқастың  түсіндегі  ауруды  түйсінуге  бір  түрлі

137


ерекше  реакциясын  —  тілектің  оры ндалуы н  көрсетеді. 

Н ауқасты ң   біраз  у а қ ы т қ а   ан е с т ет и к а л ы қ   мүмкіндігі 

болғандай  сезім  пайда  болады.

Үш  Парка  туралы  менің  түсім  аштықтан  пайда  болса 

керек. Бірақ,  онда бүл аштык, баланың анасының омырауын 

қажетсінуіне дейін  апарған  және  одан  маңызы  азырақ  пәк 

қажеттіліктерді  қолданады.  Граф  Тун  туралы  түстен  біз 

физикалық  қажеттіліктің  одан  да  күштірегімен  қалайша 

бірігетінін  көреміз.  Ж ә н е   Гарнье  баяндаған  жағдайда 

бірінші  консул  тозақ  машинасының  ж арылу  шуы  шайқас 

туралы   түске  айналған.  Ең  алғаш қы   үлкен   баяндама 

жасайтын  күні  түстен  кейін  үйықтап  қалған  ж ас  адвокат 

өзін  атақты  Наполеон  сияқты  үстайды.  Ол  Гуссиятиндей 

Г.Рейхті  көреді,  оны  баян дам а  ар қ ы л ы   біледі.  Бірақ 

Гуссиятин  элементі  түсте  қайта-қайта  кезігеді.  Ол  оянып, 

бронхитпен  ауыратын  әйелінің  қатты  жөтелгенін  естиді.

Үйқысы  аса  ж ақсы   болған  Н аполеонны ң  түсін  бір 

студенттің  келесі  түсімен  салыстырайық.  Оған  қожайы- 

нының ауруханаға баруы керек екені туралы айтқан сөзінен 

кейін,  өзінің  ауруханаға  барғаны  түсіне  кіреді  ж әне  өзіне 

"Мен  ауруханаға  келіп  қойдым,  ендеше  маған  онда  бару 

үшін  түрып  қажеті  жоқ"  деп,  әрі  қарай  үйықтай  береді. 

Соңғы  түс  қолайлылыққа  үмтылыстан  туса  керек;  ол  өз 

түсінің  түрткісін  саналы  біледі,  бірақ,  сонымен  қатар, 

түстің  жалпы  жүмбағын  шешеді.  Белгілі  мағынада  барлық 

түстер  қ о л ай л ы лы қ қ а  үм ты лы стан  пайда  болады,  ол 

оятудың  орнына  әрі  қарай  үйқыны  жалғастыруға  қызмет 

етеді.  Түс —  үйқыны  бүзушы  емес,  күзетуші.  Психикалық 

сәттерге  қатысты  бүл  түжырымның  дүрыстығын  біз  басқа 

жерде  дәлелдейміз.  Ал  оның  объективті  сыртқы  тітіркен- 

гіштер  рөлінде  қолданылуын  негіздеп  көруге  тырысамыз.

Түс  көру кезінде  жан  түйсікпен  мүлде  санаспайды,  егер 

бүл  тітіркендіргіш терге  қаты сты   м үмкін  болса,  ж ән е 

тітіркендіргіштердщ мағынасын саналы  түрде  білсе,  немесе 

ол  осы  тітіркендіргіш терді  ж о қ қ а  ш ы ғару  үш ін  түсті 

қолданса,  немесе  үшеуін  сол  түстегі  ж ағдайдағы  өзекті 

түйсіктер  мен  тілектердің  қүрамының  бөлшегі  болатындай 

етіп  осылайша  талқы лауға  тырысады.  Өзекті  түйсіктер 

түспен  араласып,  өзінің  шынайылылығынан  айырылады. 

Н аполеон  үй ы қтай   береді,  оның  үйқы сы   тек   А рколе 

астындағы  канонад  есіне  түскенде  ғана  бүзылады.

Сананы  'менде"  айқындалған  үйықтау  тілегі  ж әне  түс 

көру  цензурасымен  бірге  түс  көру  (цензурасы)  материалы 

түс көру  біліміне түрткі  ретінде  саналуы  керек ж әне  әрбір 

іске  асқан түс  көру  оның  іске  асуы  болып  саналады.

Қандаи  ж ағдайда  бүл  әрқаш ан  ж ән е  барлы қ  жерде

138


бірдей  үйы қтау  тілегі  басқа  тілектермен  сәйкестелетін 

басқа  зерттеудің  тақырыбына  жатады.  Үйықтау  еркі  ар- 

қылы 

Штрюмпель—Вундт

  теориясын  толықтыруға  және 

тітіркендіргіштердің  өзгергіштігі  мен  ерекшелігін  түсін- 

діруге  болады.  Үйқыдағы  ж ан  қабілеті  болатын  дүрыс 

жорулар  үйқының  жойылумен  белсенді  қызығушылығын 

талап  етеді.  Ж ан  сондықтан  осындай  ғана  мағынаны  таң- 

дайды:  үстемдік  ету  цензурасы  мен  үйы қтау  қүштар- 

лығының  сәйкестігі.  Мысалы,  бүл  —  бүлбүл,  қарлығаш 

емес.  Егер  бүл  қарлығаш  болса,  онда  түс  аяқталып,  таң 

атады.  Адам  ж аны ны ң  түкпірінде  ж атқан  тітіркендір- 

гіштерді іске асатын жорулардың адам тілегімен байланысы 

ғана  алынады.  Сондықтан  барлығы  алдымен  негізделген 

және  олар  тәлкекке  байланысты  емес.  Қате  жору  —  ол 

иллюзия  емес,  ал  керек болса,  онда ол 

жай  ғана сылтау. 

Бірақ  тағы  да  қалыпты  психикалық  процестің  бүрмалануы 

болуын  мойындау  қажет. 

.  .


Егер  ішкі  ж әне  сыртқы  физикалық  тітіркендірпштер 

психикалық  реакция  тудыруға  жеткілікті  үздіксіз  болса, 

ал олардың ақыры ояну емес,  түс көру болғандықтан,  олар 

түс  көруді  қалыптастыруға  негіз  болады  және  екі  пси- 

хикалық  тітіркендіргіштер  арасындағы  келесі  елестетул  р 

ізделінетін  оның материалы басты түйін болады.  Ьүлардь 

мазмүнында  соматикалық  элемент  болғандықтан,  ке 

р 

түс  көрулерге тән.  Осындай  жағдайда  түс  қалыптасу  Ү 



тіпті  өзекті  емес  тілек  туындайды.  Бірақ  түс  жүзеге  а  қ 

тілектен  басқа  еш қандай  пайда  келтіре  алм?ИА^ ’ 

өзекті түйсік көмегімен қандай да бір тілекті паида 

міндеті  шығады.  Егер  өзекті  материал  ауыр  немесе  ж 

сыз  сипатта болса,  онда ол түстің қалыптасуы мүм 

рухани  өмір  иелігінде  ж ағымсыз  сезімдер 

тілектер  бар.  Ол  түсініксіз  болуы  мүмкін 



а

психикалық  екпіннің  болуымен  ж әне  олардың  Р 

цензураның  болуымен  түсіндіріледі.  Рухани 



2 1Г)І'

нші


 

естігендей,  ш ектелген  тілектер  болады,  ОА  Р 

Р йеге 

жүйеге  жатады,  олардың  жүзеге  асуы  үшш еган 



қарсы күреседі.  Қазіргі уақытта да сол күш қал 

^ йыдған 

пікірлер  бар,  ол  мүндай  тілектер  болған,  ке® 

жайлы 


бірақ  п си хо н евр о ти кад ағы   қаж етті  ысъ р 

У ^


ілімдер  мүндай  ысырылған  тіле^ ^  ^

УтҮжеуіш  бодады 

солармен  қатар  оларды  артқа  тартатын 

У 

гьтлуЫ'’ 



деп түжырымдайды. Біз осындай импульстард 

ердіН


жайлы  айгқаньшыз  дүрыс  болар.  Б.з  ош щ аи  - п л о т Щ  

басы луы н  ж ү зе г е   асы рғанда  психик^3А 

тілектер

сақтаймыз  ж әне  қолданамыз.  Осындаи  басыңқ 

ыс

ж үзеге  асқанда,  екіншісі  ж үйеден  шығатын  д



139

жағымсыз  сезім  формасында  туындайды.  Бүл  көзқарасты 

жинақтасақ,  соматикалық  бастаулардан  жағымсыз  сипат- 

тағы  түйсіктер  түсте  пайда  болғанда  түс  көру  жүмысы 

констиляцияны қандай да бір басыңқы тілекті жүзеге асыру 

үшін  қолданады,  сонымен  қоса  цензура  үлкен  немесе  кіші 

деңгейде  сақталады.

Мүндай  жағдайлар  қорқынышпен  әшкереленетін  түс 

көрулер  қатарын 



білдіреді, 

сонымен  қатар  басқа  түс  көру 

қатары тілек теориясына қарсы түс көрулердің басқа меха- 

низмінің  бар  екенін  білдіреді.  Түстер  қорқынышты,  психо- 

невротикалық  бодуы  мүмкін.  Ол  психосексуалды  тітіркен- 

діргіш терден  ағы м далуы   әрі  ы ғы сты ры дған  либидоға 

сәйкес  болуы  мүмкін.  Онда  бүл  қорқу,  басқа  да  түстер 

сияқты,  қорқы ны ш пен   ж ү з е г е   асады ,  невроти калы қ 

симптомның мағынасын иеленеді.  Ал біз түстегі тілектердің 

жүзеге  асу  үрдісінің  табалдырығында  түрамыз.  Басқа  түс 

көрулерде  қорқу  түйсігі  соматикадық  жодмен  білдіріледі. 

Сонда  психикалық  түрткі  салдарынан  пайда  болатын  үрей 

энергияны басыңқы тілектердің жүзеге асуы үшін  (мысалы, 

аяқ  астынан  тыныс  алу  үстамасы  үстайтын  ж үрек  ауруы 

бар  адамдардың  түстерінде)  қолданады.  Осындай  екі түрлі 

жағдайдағы  біріктіру  қиын  емес.  Бір-бірімен  тығыз  байла- 

нысқан  аф ф ект  ж ән е  елестету  сияқты   екі  психикалық 

қүбылыстардың  біріншісі  өзекті,  екіншісінде  түс  көрулер 

де туындалады.  Кейде  соматикалық  негізделген  үрей  елес- 

тердің  басыңқы  мазмүнын  дамытады.  Кейде 



сек суал ды  

қозумен  байланысты  елестету  үрейі  пайда  болады.

Бірінші  жағдай  жайында  соматикалық  негіздегі  аффект 

психикалық  талқылауға  ие  болады.  Келесі  жағдайда  бар- 

лығы  психикалық  негізге  ие  (келесі  жағдайда),  бірақ  ба- 

сыңқы  мазмүн  үрей  сезімімен  сәйкес  келетін  соматикалық 

талқы лаумен  оңай  ауысады.  Түсінуге  қатысты  мүндай 

қиьіндықтардың  түс  көрумен  ортақ  үқсастығы  жоқ.  Осы 

пайы м даулар  үрейдің  көрінуі  мен  оның  ы ғы стыры лу 

мәселесінен  пайда  болады.

Ішкі  қаси еттің   ең  эсер   етуш і  тітіркен діргіш теріне 

су б ъектін ің   ж алп ы   қ ал -ж ағд ай ы   ж атад ы .  О л  түстін 

мазмүнын  негіздемейді,  осы  түстерді  қалыптастыратын 

материалдар  соңғы  таңдауларды  қоздырады.  Яғни  онын 

мәніне  сәйкес  келетін  осы  материалдардың  қандай  да  бір 

оөлігш  жақындастырады,  ал  кейбірін  алыстатады.  Соны­

мен  қатар  бүл  жалпы  қал-жағдай  өткен  түстерде  басты 

рөлде  болмайтын  психикалық  қалдықтарға  байланысты.

үл  ж ағдайлар  түс  көруде  қайталануы   немесе  егер  ол 

қанағаттанарлықтай орындалмаса керісінше болуы  мүмкін. 



‘ ,т Ркендіргіштің  соматикалық  негізгі  көзі.

  Түс  көру

140


кезіндегі  соңғы  сәттегі  түйсіктерге  ерекше  интеллект  тән 

емес.  Олар,  менің  ойымша,  түстерді  қалыптастыратын 

жайлар,  бірақ  алдыңғы  күннің  индифферентті  әсерлері 

сияқты  болады.  Менің  айтайын  дегенім:  олар  психикалық 

бастаулар  ж айлы   елестеулер  мазмүнымен  қосылатын 

болған жағдайда ғана қатысты болады. Kepi жағдайда олар 

қосылмайды. Олар үнемі қолданатын материалдан түратын 

арзанқол  болып  саналады.  Яғни  онда  қажеттілік  қалай 

сезіледі  деген  сияқты,  қымбат  материал,  керісінше,  бізге 

өз  қолданысының  мақсаты  мен  сипатын  анықтап  береді. 

Бүл,  мысалы,  меценат  суретшіге  сирек  кездесетін  тас  — 

ониксті  әкеліп,  одан  көркем  туынды  жасауын  тапсырады. 

Осы  тастың  үлкендігі,  түсі  ж әне  судың  тазалығы  одан 

қандай  нәрсе  жасауға  болатынын  білдіреді.  Мысалы:  рөлді 

мрамордан  ж асаганда  суретш інің  идеясы  басты  орын 

алады,  яғни  оның  миына  не  келеді,  соны  орындайды.  Ішкі 

тітіркендіргіштер  себеп  болмайтын  түстердің  мазмүны 

күнделікті  ж ағдайлар  барысындағы  түс  көруде  және  әр 

түрлі  түстерде  қайталана  бермейді.

Өз  пікірімді  мысалмен  иллюстрациялауға  тырысамын. 

Ол  түсті  ж оруға  ықпал  жасайды.  Орыннан  еш  қозғала 

алмау,  бір  әрекеттерге  даяр  бола  қоймау,  тағы  сол  сияқ- 

тыға  байланы сты   түйсік  нені  білдіретінін  аны қтауға 

тырыстым.  Дәл  осылар  түске  жиі  енеді  әрі  қорқынышпен 

байланысты  болады.  Осыдан  кейінгі  түнде  мен  мынадай 

түс  көрдім:

Мен  ж ар ты лай   киініп,  пәтердін  төменгі  қабаттағы 

баспалдағымен  жоғары  қабатқа  келе  жатырмын.  Мен  үш 

баспалдақтан  секіріп  өтіп,  осылай  жеңіл  көтеріле  ала- 

тынымды  үғындым.  Кенет,  төменге  қарай,  маған  қарама- 

қарсы  үй  күтушісі  келе  жатыр  екен.  Мен  үялып  асығып 

жүре  бастадым.  Бір  уақытта  байланушылық  сезімі  пайда 

болып,  мені  баспалдаққа  байлап  қойғандай  орнымнан 

қозғала  алмадым.



Талдау:

  Түстің  жағдайы  күнделікті  ақиқатпен  байла- 

нысқан.  Менің  Венадағы  бір  үйде  екі  пәтерім  бар.  Олар 

бір-бірім ен  басп алд ақ  арқы лы   байланы сқан.  Бірінші 

қабатта  қабы лдау  бөлмесі  ж ән е  дәліз  бар.  Ал  екінші 

қабатта  ж ататы н  бөлмелер  орналасқан.  Кешке  жақын 

жүмысымды  бітіріп,  түнде  баспалдақпен  жататын  бөлмеге 

көтерілемін.

Түс  көретін  күні  шын  мәнінде  де  мен  баспалдақпен 

ж ар ты лай   ғана  киіммен  ш ыққанмын.  Ж аға  түймесін 

ағытып,  галстук пен манжетімді алып тастағанмын. Түсімде 

бүл  жағдай  мүлдем  жалаңаш  болып  көрінеді.  Бірақ  ө іе 

аны қ  болмады,  баспалдақтар  арқылы  секіру  —  менін

141


күнделікті  әдетім,  түс  менің  тілектерімнің  бірін  жүзеге 

асырды.  Себебі  мен  жеңіл,  яғни  баспалдақпен  жүріспен 

жүрегімнің  жақсы  жағдайын  байланыстырамын.  Сондай- 

ақ  баспалдақпен  осы лай  к ө тер іл у   түрі  тү стің   екінші 

жартысымен  күрт  қарама-қарсылығын  білдіреді.  Барлық 

жағдайда  түс моторлық  әрекеттерді  жеңіл  көрсетеді.  Бүны 

дәлелдеп  те  қаж еті  жоқ,  себебі  түстердегі  үшуды  еске 

түсірген  ғана  жеткілікті.  Бірақ  мен  көтерілген  баспалдақ 

үйімдегі  б асп алд ақ қ а  үқсам ай д ы .  М ен  алды м ен  оны 

танымадым.  Тек  менің  алдымнан  шыққан  үй  күтушім  ғана 

менің  қайда  екенімді  сездіреді.  Күтуші  де  бір  егде  әйелдің 

қызметшісі.  Мен  оларға  күніне  екі  рет  барып  инъекция 

жасаймын.  Сондағы  күніне  екі  рет  көтерілетін  баспалдақ 

сол  түстегі  баспалдаққа  үқсайды.  Ал  бүл  баспалдақ  пен 

әйелдің  маған  қандай  қатысы  бар.  Ж арты лай  жалаңаш- 

тығым  үшін  пайда  болған  үялу  сезімі  сексу алды  сипатта, 

ал  түске  кірген  қызметші  әйел  жасы  менен  едәуір  үлкен, 

үры сқақ  ж ән е  келбетсіз.  Бүған  ж а у ап   ретінде  ойыма 

мыналар  келеді.  Мен  таңертең  осы  үйге  келгенде,  әдетте, 

баспалдақпен көтерілер кезде,  мені жөтел қысып, 



қақырық 

пайда  болады.  Бірақ  баспалдаққа  түкірмейтіндігімнен, 

баспалдак,  ластығына  өзімді  кінәламаймын,  керісінше,  оған 

менің  ешқандай  қатысым  болмағандықтан  үй  иесі  түкір- 

генін  қояр  деп  үміттенемін.  Превратница  да  кәрі,  үрысқақ 

әйел.  Ол  мені  үнемі  аңдиды,  ж өтел  қайтып,  еркін  дем 

алғаны м ды   көрген   кезде,  ы лғи  да  оны ң  кін ә  артып 

сөйлейтінін  естігенмін.  Әдетте  ол  осыдан  кейін  менімен 

бірнеше  күн  амандаспайтын.  Түс  көретін  күні  қызметші 

мені  то қтаты п :  "Д октор,  сіз  бөлм еге  кірм ес  бүры н 

аяғыңызды  сүртсеңіз  қалай  болады,  қызыл  кілем  сіздін 

етігіңізден тағы да кірледі" деген болатын.  Міне,  сондықтан 

мен  түсімде  осы  баспалдақты  көрдім.  Менің  баспалдақтан 

секіруім  мен  қоңыраудың  тығыз  байланысы  бар.

Әрі  қарай  түс  жоруды,  үқыпсыз  киім  жайындағы  үқсас 

түстерді  тудыратын  ортақ  негіз  туындамайынша,  шетке 

ысыра  түру  керек.  Айтылған  түс  бойынша  жорамалдасам, 

қандай  да  бір  ассоциация  оны  қаж етсін ген   ж ағдайда 

түстерде  байланысушының  түйсігі  әрқашан  пайда  болады.

Менің  қозғалғыштығымның  ерекше  жағдайы  бүл  түс 

мазмүнынъщ себебі болуы мүмкін емес.  Себебі  бүған дейін 

мен  түсімде  баспалдақтармен  жеңіл  секіріп  жүрдім.

г) 

Тшипік  түс көрулер.

  Басқа  адамның  түсін,  егер  ол  осы 

түсшщ көрген астарында жасырылған өзінің бейсана ойларын 

түандірпсі  келмесе,  жори  алмайсыз.  Бүл  біздің  түсті  жору 

әдіан  практикалық  қолдануға  қатты  зиян  келтіреді.

Ьірақ  индивидуумның  дербес  еркіне  қарсы   ерекш е

142


түстерді  қүру  ж әне  оларды  басқалар  түсінбейтіндей  ету, 

түс  көруде  аса  көп  кездеседі.  Біз  олардың  формасы  да, 

мағынасы  да  бірдей  болатынына  үйрендік.  Бүл  типтік 

түстердің  қызығы  сол,  олардың  барлық  адамдардағы  негізі 

бір  болады,  яғни  бүл  көздердің  сипатын  анықтауда  аса 

қаж ет.  Біз  осы  типтік  түстерді  талқылау  техникасына 

ерекше  маңыз  беріп,  бүл  материалда  шеберлігіміз  толық 

дәлелденбейтінін  еріксіз  мойындаймыз.  Типтік  түстерді 

талқылауда,  әдетте,  түс  көрушінің  еркін  ойлары  асқақ 

болады.  Олар бізге бүрын түстерді түсіндіретін немесе олар 

тусініксіз  ж әне  жеткіліксіз  болып  қалады,  сондықтан  өз 

міндетімізді  олардың  көмегімен  шеше  алмаймыз.

Біз  түс  қайдан  ағымдайды  ж әне  біздің  техникадағы 

кемшілікті  қалай  жоғалтуымыз  керектігін  басқа  жерде 

түсіндіреміз.  Сонда  оқушыға  менің  неліктен  кейбір  түсті 

тез  ғана  талқылап,  осы  типті  түстердің  басқаларын  тал- 

қылауды  кейінге  қалдыруым  түсінікті  болады.

д) 


Жалаңаиі  адам жайында түс көрү.

  Адамның  жалаңаш 

немесе  жаман  киіммен  басқа  біреудің  алдында  жүргені 

туралы  түсте  ешқандай  үят  сезімі  байқалмайды.  Бірақ 

жалаңаш  жайлы  түс  көру  бізге  субъектінің  үялу  сезімінде 

болып,  одан  қүтылғысы  немесе  оны  жасырғысы  келетінін, 

сонымен  қатар  ерекш е  маталып  байланып  қалғандай, 

қозғала  алмай  түрғанын,  жағымсыз  жағдайды  өзгертуге 

дәрменсіздікті  білдіретінімен  қызықты.  Бүл  жағдайда  ғана 

түс көру мазмүны негізі типті болады;  әр түрлі вариациялар 

мен  дара  қабілеттерді  көрсетеді.  Мүнда  субъект  қалайда 

болсын жағымсыз үялу сезімінен қашу арқылы қүтылғысы 

келеді,  бірақ  ол  іс-әрекеті  жүзеге  аспайды.

Менің  ойымша,  көптеген  оқырмандар  осындай  жағ- 

дайларды  түстерінде  көріп,  бастарынан  өткерген  жала- 

ңаштық  сипат  бүл  жерде  анықталмаған.  Әйтсе де  Мен  іш 

киіммен  болдым"  дегенді  үнемі  естиміз.  Бірақ  ол  көбінде 

анык,  көрсетілмейді,  үнемі  бүлыңғыр  болып  келеді,  ол 

мы нандай  сөздер  арқы лы   беріледі:  "мен  іш  киіммен 

болдым"  немесе  "ішкі  етеккөйлекпен  болдым  .  Офицерлік 

мундирмен  жүретіндерде түсте үнемі мына  форма  болады: 

мысалы,  көшеде  бас  киімсіз  келе  жатуды,  галстуксіз  офи- 

Дерді  немесе  ала  шалбар  киген  кезді  түсте  көру.

Адамның  түсіне  көптеген  жағдайда  қатынас  жасаитын 

адамдар  кіреді.  М үндай  типтік  түстердегі  үялу  сезімін 

тудыратын  дефектілерді  ешкім  байқамайды  және  оның 

ақыры  ештеңеге  апармайды.  Адамдардың  анық  көрген  бір 

кездейсоқ  сәтін  түсінде  бейқам  физиономия  көрсетедд.  Ал 

бүл  ойлануға  әкеледі.

Адамның түсіне кірген үялу сезімі және кездескен адам-

143


ның  бейқамдағы  қарама-қарсылық  тудырады.  Оған  үйык,- 

тап  ж атқан  адамның  түйсігі,  күлкі  немесе  қоршағандар 

тарапынан  қарсыласу,  келіспеу  сәйкес  келуі  тиіс.  Біраң, 

менің  ойымша,  бүл  қажетті ерекшелік тілектің орындалуы- 

мен  ш ектеледі.  Сонымен  қатар   қандай  да  бір  күшпен 

тоқтатылған  басқасы  сол  қалпында  қалады  ж әне  олар  бір- 

бірімен үйлеседі.  Бізде бір қызық дәлелдеме бар,  яғни түсте 

өзінің  біртіндеп  жойылған,  бүрмаланған  тілек  формасын- 

дағы  орындалған  тілек  дүрыс  түсініле  бермейді.  Андерсон 

шығармасындағы  ж әне  А.Фульдоның  “Талисманындағы" 

ертегінің  негізі  түс  болды.

Андерсон ертегісінде екі өтірікші жайлы 

а й т ы л а д ы ,  

яғни 


олар  корольге  қымбат  әш екейленген  көйлек  тігеді.  Ал 

король  көрінбейтін  көйлекпен  сыртқа  шығады.

Соңғысы біздің түс көру жағдайымызды дегенмен  қайта 

ж аңғы ртты .  Еске  түсірілген  ж а ғд ая т  түстің  түсініксіз 

мазмүнына  және  жалаңаштықты  елестетуге  себеп  болады 

деп  түж ы ры мдауға  ерекш е  батылдық  қ аж ет  емес.  Бүл 

ж ағдаят  өзінің  бастапқы   мәнін  ж оғалтад ы   ж ән е  оған 

қ аж етті  м ақсатта  қы зм ет  етеді.  М үндай  түс  көрудін 

мазмүны  жайындағы түсінік екі  психикалық жүйенің  сана­

лы ойлауымен жиі байқалатынын естиміз және түс көрудің 

ақы ры   қ ал ы п тасу   ф ак то р ы н ы ң   әсер і  болуы   мүмкін. 

Сондай-ақ түлға  психикасының  сферасында  фобиялар  мен 

кейбір  елестетулердің  қалы птасуы нда  бастапқы   рөлді 

осындай  түсінік  алады.  Біз  өзіміздің  түсімізге  қатысты 

материалдардың  қайдан  алынатынын  айта  аламыз.

Алдаушылар  яғни  өтірікшілер  —  ол түстің  өзі,  король  — 

ол  үйықтап  ж атқан  адамның  өзі,  ал  моральды  үрдістер 

түстің  жасырын  мазмүнында  мүмкін  болмайтын  тілектер 

жайында  айтылғанының  бүлыңғыр  санасын  анықтайды,  ал 

ол  мүмкін  емес  тілектер  ығыстыру  процесіне  ж атады . 

Менің  невротиктерді  талдауымда  талқыланатын  мүндай 

түстердің  ортақ  байланысы  осындай  түстер  негізінде.  Ерте 

балалык,  ш ақта  біз  ата-ана,  туы сқандар,  тәрбиеш ілер, 

қонақтар  және  қызметшілер  көзінше  жартылай  жалаңаш 

жүрдік  және  өз  жалаңаштығымыздан  үялмадық.

Көптеген  балаларды,  кейде  ересек  балаларды  киімін 

шешкенде  байқауға  болады.  Олар  киім  шешілген  кезде 

күледі,  кекіреді,  денелерін  ш апалақтайды,  сонда  анасы 

немесе  басқа  біреу  оған:  "Фу,  сен  қалай  үялмайсың",  — 

дейді.  Б ал ал ар   үнем і  эксги б и ци он и стік  бейім ділікті 

көрсетеді.  Кез  келген  ауы лға  барып,  көшесімен  жүріп 

өтсеңіз,  міндетті  түрде  сіздің  келе  жатқаныңызға  қуанған 

3  4  ж асар  баланы ң  көйлегінің  етегін  үстап,  көтеріп 

түрғанын көресіз.  Менің бір пациентім  өзінің  бала  кезіндегі

144


көріністі  есіне  түсіреді:  ол  онда  8  ж аста  болған  екен, 

үйықтар  алдында  шешінген  соң,  ол  іш  көйлекпен  өзінің 

қ ары н дасы н а  көрш і  бөлм еге  барғысы  келеді,  бірақ 

қызметші  оның  жолын  бөгейді.  Невротиктердің  айтуынша, 

осылай  қарама-қарсы   жыныс  алдында  шешіну  ерекше 

орын  алады.  Осымен  параноиктердің  сандырағы  тығыз 

байланысты,  оларға  киініп  немесе  шешініп  жатқанда  біреу 

қарап  түрған  сияқты  көрінеді.

Осындай  бүрмаланған  түлғалардың  ішінде  балалық 

импулсьтері  кейбір  оралмалы  ойларға  айналған  адамдар 

тағы  бар.  Олар  —  эксгибиционистер.

Осы  үялу  сезімінен  айрылған  балалық  шақ  ақырында 

жүмбақ  болып  көрінеді.  Ал  бірақ  нағыз  жүмбақ  адамның 

балалық  шағы  жайындағы  бүқаралық  фантазия  сияқты 

басқаша  болады.  Сондықтан  жүмақта  жалаңаш  жүреді 

және  бір-бірімен  қосылмайды,  оларда  қорқыныш  және 

үялу сезімі пайда болғанда,  олар бақтан қуылады.  Жыныс- 

тық  өмір  және  мәдени  өмір  басталады.

Бүл  ж үмаққа  бізді  түс  әр  түн  сайын  әкеледі.  Біз  ерте 

бала  к езд егі  әсерлерд ің   қайта  дамуын  талап  ететіні 

жөніндегі  ж обалау  айтқанбыз,  яғни  бүл  әсерлер  мазмү- 

нына  байланысты  болмайды  және  олардың  қайталануы 

тілектің  орындалуы  болып  табылады.  Ж алаңаш  жайын- 

дағы  түстер  —  эксгибиционистік  түстер.

Эксгибиционистік  түстердің  негізі  баланың  балалық 

шақтағы  бейнесі  емес,  дәл  осы  кездегі  кездейсоқ,  бүлыңғыр 

түрдегі  ж алаңаш   адам  жайындағы  көптеген  еске  алуды 

білдіретін  туалеттің  ж етіспеуі  болып  табылады  және 

цензуралардың әсерінен болады.  Мүнда сондай-ақ үйқыдағы 

адам  да,  оның  үялатын  адамдары  да  кіреді.  Мен  үйқыдагы 

адам өзінің балалық эксгибиционистік қылықтарына шьшайы 

көрермендер  болған  ешқандай  мысалды  білмеймін.

Түс  к ө р у   ж ай   ғана  қарапайы м   еске  түсірулерден 

түрмайды.  Балалық  шақта  біздің  сексуалды  қызығушы- 

лықтарымыз  бағытталатын  түлғалар  түс  көруде  ешқашан 

истерияда  да,  невроздарда  да  қайта  жаңғырмайды.  Тек 

параноиктер  ғана  түсінде  осылардың  бейнесін  жалаңаш 

ж әне  ф антастикалы қ  түрде  көреді.  Бірақ  олардын  өзі 

көрінбесе  де,  осылардың  орнын  ауыстыратын  басқа  адам­

дар,  яғни  түсте  осы  түс  көрушінің  үятты  жағдайына  назар 

аудармайтын  "көп  бейтаныс  адамдар"  осы  түс  көрушінш 

өзі қалаған түлғаға деген бөлек бір қалаулы  қарама-қарсы- 

лы қты   ту д ы р ады .  “Көптеген  бейтаныс  адам дар  түс 

көргенде қандай да бір басқа да байланыстар орын алулары 

мүмкін,  ол  әрқашан  қүпия  түсінігіне  қарама-қарсы  тілекп 

білдіреді.

10—1530

145


Параноя  негізінде  жайттардың  бүрынғыша  қайталануы 

осы  қар ам а-ң ар сы л ы ң қа  да  тән   болаты ны н  байқауға 

болады.  Адам  өзімен-өзі  ешқашан  жеке  бола  алмайды,  ол 

сөзсіз  бақы лануш ы ға  айналады ,  яғни  оны  бұлыңғыр, 

түсініксіз  болып  түсте  көрінетін  бейтаныс  адамдар  бақы- 

лайды.


Сонымен  қатар,  эксгибиционистік  түстерде  ығыстыру 

процесі  байқалады.  Түс  көрудегі  қиналушы  түйсік  эксги- 

биционистік  көріністің  мазмүны н  сы ртқа  ш ығару  үшін 

"жоюшы"  екінші  психикалық  жүйеден  түрады.  Осы  қина- 

лушы  түйсік  аластатылу  үшін  бүл  көрініс  қайтадан  жан- 

данбауы  тиіс.  Төменде  байланысушылық  сезіміне  қатысты 

жағдайды  қарастырамыз.  Түс  көруде  ол  ерік  қақтығысын, 

терістеуді  аны қ  б ейн елеуге  қы зм ет  атқарады .  Эксги­

биционизм  бейсана  тілекке  сәйкес  әрі  қарай  жалғасуы, 

сондай-ақ  цензура  талабына  сай  тоқтатылуы  тиіс.

Біздің  күнделікті  көретін  түстеріміз,  ертегілер  және 

басқа  да  поэтикалық  фантазиялар  кездейсоқ  және  жалғыз 

қүбылыс емес.  Көбіне ақынның өткір көзі арқасында ауысу 

процесі  ж ү р гізіл ед і,  яғни  ол  п о эзи ян ы   көрген   түске 

қатысты  шығарады.  Г.Келлердің  “Зеленый  Генрих"  шығар- 

м асы на  көң іл  а у д а р а й ы қ .  "Қ ы м батты   Ли,  мен  сізге 

ешқашан  Одиссейдің  жагдайына  түспеуді  тілеймін,  себебі 

ол  жалаңаш,  тек  үстіне  батпақ  жағылган  қалпы  Новсикя- 

ның  алдына  келген  болатын.  Оның  қалай  болғанын  білесіз 

бе?  Кез  келген  мысал  алай ы қ.  С із  тү р ған   ж еріңізден 

алыстасыз. Сіз қайғырып жүрсіз.  Сіз жалғызсыз,  бүл кезде 

түсіңізге  сіздің  қайтыс  болған  жақындарыңыз  кірер,  сізді 

туыстарыңыздың  барлығы  қуанып  қарсы  алып  жатыр.  Сіз 

бір  кезде  өзіңіздің  жыртық  киім,  тіпті  жалаңаш   түрғаны- 

ңызды  және  үсгіңіздің батпақ  екенін  байқайсыз.  Сіз қатты 

үялып,  қорқасыз,  денеңізді  жабуға,  тығылуға  тырысасыз, 

біраздан  соң  оянып  кетесіз".

Адамның  терең  ж әне  сезімтал  ж аны н  елең  еткізуге 

тырысатын  ақы ндар.  Өзім  көрген  түсте  баспалдақтар 

арқылы  секіру  эксгибиционистік  мәнге  ие  болып,  бүл  да 

балалық  шақты  армандауға  жатңызылады.  Бүл  түс  күту- 

шінің  маған  басқышты  кірлетіп  тастадың  деп  үрсуымен 

байланысты.

Ж оғарыда  айтылған  басқыш  туралы  көрген  түс  басқа 

түстерм ен   ү қ сас  келеді,  оның  б асқа  бөліктері  маған 

жорамал  арқылы  белгілі.  Бүл  қатарға  жататын  түстер  осы 

байланысқа  жатуы  тиіс.  Бүл  түстердің  негізі  —  күтушіні 

есіме  алу.  Ол  менің  еміс-еміс  есімде  бар,  шешемнің  ай- 

туынша,  ол  кәрі  ж әне  үсқынсыз,  бірақ  өте  ақылды  әйел 

оолған.  Өз  түстерімді  талдай  келе,  оның  маған  әрқашан

146


ж ақсы  қарамағандығын  көруге  болады.  Оның  тазалық 

туралы   тал ап тар ы н   оры ндам ағанда  маған  үрысқаны 

аңғарылады.  Ол  менің  тәрбиеммен  айналыса  жүріп,  өзін 

сыйлатуға  тырысқан.  Бала  қаталдығына  қарамастан,  күту- 

шісін  үнатқаны  байқалады.

е) 


Жақын  адамның  өлімі  туралы  түс  көру.

  Түстердің 

келесі  тобына  қайтыс  болған  жақын  адамдарды,  ата-ана, 

бауыр,  сіңілі,  балаларды  көру  жатады.  Бүл  түстерді  екі 

топқа  белуге  болады:  бір  топта  түс  көрген  адам  түсінде 

өлімге  еш  қайғырмайды.  Ол ояна келе,  өзінің қаттылығына 

таңғалады.  Ал  екінші  топта  —  ауыр  хабарды  естігеннен 

кейін  түсінде қайғырып,  ояна  келе  өзінің жылап  жатқанын 

сезеді.

Бірінші  топтағы  түсті  талдай  келе  оның  мазмүнынан 



алшақ  —  басқа  бір  тілектің  жасырын  астарын  байқаймыз. 

Мысалы:  сіңілісінің  ж алғыз  үлының  қайтыс  болғанын 

апайы түсінде көрген.  Бүл түсте апайы кішкене балаға өлім 

тілемейді,  ол  сүйікті  адамын  көп  уақыттан  бері  көргісі 

келетін  тілекті  білдіреді.  Ол  осыдан  көп  уақыт  бүрын 

сүйіктісін  басқа  жиенінің  табытының  жанында  көреді.  Бүл 

тілек  шынайы  мерзімде  болғандықтан,  қайғыруға  түрткі 

болмайды.

Екінші  топтағы   түс  туралы   айтсақ,  бүл  түстердің 

мазмүны бойынша түстегі адамга өлім тілеуден туындайды. 

Бүған  көпшіліктің  қарсы  шығатыны  белгілі.  Біз  бір  түсті 

талдай  келе,  тілектің  түсте  орындалуы  маңызды  емес 

екендігін  байқадық. 

_

Түске  бүрын  үмыт  болған  тілектер  кіруі  мүмкін.  Олар 



өлі  емес.  Олар  Одиссейдің  көлеңкесі  сияқты  өмірге қайтып 

оралады.  Түсте баланың табытта жатқан өлігі  15 жыл бойы 

өзекті  болған  тілекті  білдіреді.  Түс  көру  теориясына  осы 

түс астарында ерте балалық шақтағы тілектердің жасырын- 

гандыгын  қоссақ  —  қателеспейміз.  Кішкентай  бала  кезінде 

неше  ж аста  болғанын  толық  анықтай  алмадым,  менің 

пациентім  өзінің  анасы  оған  екіқабат  болғанда  меланхо- 

лияны  басынан  кешіргенін  және  ол  шын  көңілімен  бала- 

сының  өлімін  тілегенін  естиді.  Пациентім  өскен  соң  өз 

шешесінің  ісін  қайталады.

Егер  кімде-кім  өзінің  әкесі,  шешесі,  бауыры  немесе 

сіңілісі  өлгенін  түсінде  көрсе  және  соған  түсінде  қатты 

қайғырса,  онда  ол  қазір  соларға  өлім  тілеудін  дәлелі  деп 

айта  алмаймы н.  Түс  көру  теориясы   мүндайды  талап 

етпейді,  ол  тек  мынаны  тағайындаумен  шектеледі, 

ол 


кіш кентай  кезінде  оларды ң  өлімін  қалаған.  Мен  осы 

шектеудің  өзі  оқырмандарымды  толық  қанағаттандырмаи 

ма  деп  қорқам ы н.  Себебі  олар  бала  кезінде  болса  да,

147


мұндайды  ешкім  қалам ас  деп  қ ар сы л ы қ  білдірер  еді. 

Сондықтан  мұндай  түстердің  баланың  рухани  өмірінің 

қазіргі  уақыттардағы  себептерге  байланысты  туындауына 

сәйкес  деуге  әкеледі.

Ең  алдымен,  өз  зейінімізді  балалардың ағасына,  әпкесіне 

деген  қаты насы на  аударай ы қ.  Бұл  қаты насты   бауыр- 

малдық  негізде  қалай  түж ы ры мдауды   білмеймін.  Бізде 

есейген  кездегі  әпкелер  мен  інілер  арасындағы  өшпенді 

қатынастарга мысалдар көп.  Сондықтан біз  осы  өшпенділік 

б алал ы қ   ш ақтан,  тіпті  о л ар д ы ң   ту ға н   кезең д ер ін ен  

басталады  деп  баяндай  аламыз.  Бір  жағынан,  балалық 

шақта  үнемі  аш ық  өшпенділік  болады,  үлкені  кішісіне 

жаман  қарап,  кішісі  үлкеніне  деген  күшсіз,  қауқарсы з 

ашуды ішіне  жинағанмен,  қазіргі уақытта  бір-біріне жақсы 

қарым-қатынастағы  аға-қарындастар  да  бар.  Қызғаныш 

және бостандыққа деген үмтылыс,  қүқық санасы сол ересек 

балаға  бағытталған.  Ата-аналары олар  бір-бірін ж ек көреді 

дейді,  оның  себебін  сүрасақ,  иы қтары н  қиқаңдатады . 

"Жақсы" баланың мінезі үлкен адамнан байқалатын мінезге 

қарағанда,  біршама  басқаша  екенін  білу  қиын  емес.  Бала 

әрқашан  эгоист,  ол  өз  қателіктерін  үздіксіз  сезініп,  онын 

қанағаттануына,  әсіресе  өздерінің  бәсекелестеріне  қарсы, 

басқа балаларға және,  ең бастысы,  ағалары мен апайларына 

дәлелдеуге  үмты лады.  С онды қтан,  баланы   “сүмырай, 

қатал"  демейміз,  біз  оны  "ақы м ақ"  дейміз,  ол  біздін 

талқылауымызға  да,  заң  алдында  да  жауапты  емес.

Балалық  шақта  кішкентай  өзімшілде  альтруистік  бейім 

ж ән е  м ораль  оянуы   мүмкін  ж ән е,  М ейнерти  сөзімен 

айтқанда,  "екіншілік  Мен"  өз  таңбасын  "бірінші  Менге" 

салып,  оны  басып  тастайды  деген  негіздеме  ж асасақ  — 

дүрысырақ  болады.  Мораль  сезімі  шындығында,  түрлі пси- 

хоаналитикалық  зерттеулер  бойынша  түзу сызық  бойымен 

бір  уақытта  туындамайды  және  жеке  индивидуумдардағы 

аморальды  балалы қ  ш ақ  үзақты ғы   ш ектен  тыс  қысқа 

болып,  моральдық  қылықтарды  уақытынан  бүрын  орын- 

дауды  баланы  білуі  (3  ж асқа  дейін),  яғни  егер  бала  өте 

ерте  кезде  “жақсы"  болып  кетсе,  онда  кейінгі  өмірдегі 

невроздың  туындауын  қамтамасыз  ететін  сәт  болып  сана- 

лады  деп  көрсетеді.  Мүнда  моральдық  даму  ж оқ  кездің 

"дегенерация"  жайының  пайда  болуын  айтамыз.  Сонда 

дамудың  кешігуі,  адам  психологиясының  кеш  дамуымен 

ығыстырылған  біріншілік  мінез  истерия  ауруы  әсерінен 

біртіндеп  қайта  сыртқа  шығуы  мүмкін.  Осындай  исте- 

риялық  сипат  көзге  бірден  түседі.  "Жабысқақтық"  невроз, 

керісінше,  үнемі  ж анданган  бірінш ілік  мінез  болатын 

жоғары  моральдықтың  алға  шығуына  сәйкес  келеді.

148


Осылайша,  дэл  осы  уақытта  өздерінің  аға-апайларын 

ж ақсы   көретін   ж ән е  оларды   ж о ғал ту   өте  ауы р  деп 

санайтындар  түс  көрулер  арқылы  бұрыннан  келе  жатқан 

сүм тілектер  бейсана  түрде  шығуы  мүмкін.  3  жасқа дейінгі 

ж әне  одан  да  кішкене  балалардың  өздерінің  кіші  бауыр, 

қарындастарына  деген  қатынасын  бақылау  өте  қызықты. 

Осы  соңғы  бала  пайда  болғанға  дейін  бала  отбасының 

жалғызы  болған.  Енді  оған  ләйлек  іні  немесе  қарындас 

әкеліп  берді  дейді.  Бала  сәбиге  қарап:  "Ләйлек  оны  қайта 

алып  кетсін",  — дейді.  Мен  дүниеге  жаңа  келген  сәби  оған 

қандай  зиян  тигізгенін  саналы  түрде  аңғарып  түрғанын 

толығымен  салмақты  түжырымдауға  әзірмін.  Бір  туысқа- 

нымнан  "кіші  сіңілісімен"  қазіргі  уақытта  тығыз  достық 

қатынаста  болып  жүрген  баласының  ең  алғаш  сіңілісі 

дүниеге  келгенде:  "Мен  бәрібір  оған  өзімнің  қызыл  қал- 

пағымды  бермеймін"  дегенін  естідім.  Егер  бала  бүл  зиянды 

кейіннен  ғана  сезсе,  онда  оның  қастық  сезімі  де  сол  кезде 

туындайды.  Мен  үш  ж астағы   қыздың  бесікте  ж атқан 

бауырын  оның  әрі  қарай  өмір  сүруі  өзіне  ешқандай  жақ- 

сылық  әкелмейтінін  біліп,  қылғындырып  тастай  жазда- 

ғанын  білемін.  Бүл  жастағы  балалар  шектен  тыс,  тіпті  кей 

жағдайда  асыра  сілтейтін  қызғанушылыққа  бейім.  Тағы 

да  бір  мысал  келтірейін:  “Ж аңа  туған  нәресте  шыныменен 

өледі,  ата-ананы ң  ендігі  мейірімі  үлкен  балаларының 

еншісіне  тиеді.  Бірақ  ләйлек  тағы  да  басқа  бала  әкеледі. 

Ал  баланы ң,  әрине,  үлкені  бәсекелестікпен  тағы  да 

алдыңғы  ж олы   болған  ж ағдайға  үшыраса  екен  деген 

тілекте  болады,  яғни  бүл  дүниеге  келмей  түрғанға  дейінгі 

аралықта  оған  қандай  жақсы  болды,  тағы  да  солай  болса 

екен  дейді.  Әрине,  баланың  кішісіне  деген  бүл  қатынасы 

қалыпты  жағдайда  жас  айырмашылығынан  болады.  Бүдан 

н еғүрлы м   көп  ж ас  айырмаш ылығы  бар  үлкен  қызда 

керісінше  бейкүнә  сәбиге  деген  аналық  инстинкт  пайда 

болуы  мүмкін.  Балалық  жастағы  кіші  бауырларына  деген 

қаскүнемдік  сезімі  үлкендердің  мүны  байқағандарынан 

біршама  көбірек.

Бірінен  кейін  бірі  дүниеге  келген  өз  балаларыма  мен 

бақылау  жасауды  қолдан  жіберіп  алдым.  Мен  сол  жібер- 

ген  қателіктерімді  байқаған  соң  жаңа  бәсекелесінің  пайда 

болып,  бір  билігі  бүзылғанын  ағасынан  байқап,  түзеткім 

келеді. Бірақ бала өз қарындасына жақсы қарым-қатынаста 

деп  естігенмін.  Ол  оның  қолынан  сүйіп,  сипайды.  Менің 

байқауымша,  ол  ж асқа  жетпей  жатып,  өз  бәсекелесін 

сынау үшін,  өз тілі жеткенше сөйлейді. Егер кішісі жайында 

айтып жатса,  ол әңгімеге араласып,  немқүрайды дауыспен: 

"ол  сондай  кішкентай,  сондай  кішкентай"  дейді.

149


Әкесінің  немесе  ағасының  өлімі  туралы  түстер  көру 

менің  бірнеше  пациенттерімде  кездескен  еді.  Алайда  мен 

өз  тәж ір и б ем д е  бүры н-соң ды   кездеспеген  тү ске  таң 

болдым.  Ол  пациентім  осы  түсті  бүдан  бүрын  төрт  жа- 

сында  көргенін  айтты.  Ол  кезде  ол  отбасында  жалғыз бала 

болған  екен.  О сы дан  кейін   бүл  тү стер   бірн еш е  рет 

қайталанған.  "Көп  балалар,  оның барлық ағалары,  әпкелері 

шалғында ойнап отырады. Бір кезде олардың сырт жағынан 

үлкен  қанат  үшып  келіп,  жанындағыларды  түгелдей  алып 

кетеді".  Бүл  түстің  мағынасынан  хабарсыз  пациент  жүре 

берді.  Бүл  түс  оның  жақындарының  өлімі  туралы  екенін 

түсінуге  болады.  Мен  бүл  түстің  келесі  ерекшелігін  тал- 

дауға  кешемін.  Оның  бөлесінің  өлімінен  кейін  —  бүл 

жағдайда  екі  ағайындылардың  балалары  туған  аға-қарын- 

дастай  бірге  өскен,  менің  терт  ж асар  пациентім  өзінін 

ересек  туысынан  "Өлген  балаларға  не  болады?"  —  деген 

сүрағына:  “Олардың  қанаттары  өсіп,  періштеге  айналады” 

деген  ж а у ап   алад ы .  Т үсте  б ар л ы қ   а ға -әп к е л е р і  де 

періштелер  сияқты  қанаттары  өскен  және  ең  бастысы  — 

олар  үшып кетеді.  Біздің кішкентай  "періште жасаушымыз" 

барлық  балалардың  бірі  болып  қалады.  Балалардың  шал- 

ғында  ойнап,  одан  үшып  кетуі  —  тілектің  көрініс  бергенін 

толығымен  көрсетеді.  Мүмкін  менен:  “Балалардын  аға- 

әпкелеріне деген дүшпандық импульстері орын алғанымен, 

бірақ,  неге  бала  ж аны   өзінің  қарсы ластары на  немесе 

қүрбыларына өлім тілейді?" — деп сүрар. Барлық қылықтар 

мен  әділетсіздіктер  өліммен  шайылып  кететін  сияқты  ма? 

Балалардың  өлім  туралы  елестетулері  біздің  түсінігімізбен 

жалпылығы  керініп  түрғандай  өте  аз  деп  кім  айтса  да, 

білмегені.  Балаға  өрт  қорқынышы,  қабір  суықтығы,  шексіз 

"жоқ" және сол сияқты ересектердің елесіндегі өлім сөзімен 

байланыстылардың  барлығы  және  барлық  екі  жақты  әлем 

туралы аңыздар таныс емес.  Өлім қорқынышы оған мүлдем 

жүмбақ,  сондықтан ол осы  "елім” деген суық сөзбен  ойнай- 

ды  да,  басқа  баланы:  "Егер  сен  осыны  тағы  бір  рет  қай- 

таласаң,  Франц  сияқты  өлесің  де  қаласың"  —  деп  қорқы- 

тады.  Ана  бейшара  қорңыныштан  дірілдейді,  мүмкін,  бүл 

оның  адамдардың  кебі  қартайғанша  жасамайтынын  біл- 

генінен  шығар.  Тіпті  сегіз  жасар  бір  қыз  бала  жаратылыс- 

тану тарихи  мүражайынан  оралып:  "Анашым,  мен  сені  өте 

жақсы  көремін.  Сен  елген  соң,  сенен  қуыршақ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет