М., Хамзина М. Б. Клиникаға кіріспе: практикалық манипуляциялар алгоритмі



бет1/27
Дата06.12.2022
өлшемі5,89 Mb.
#55118
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ


Авторлар: Куанышбаева Г.С., Каркабаева А.Д., Тайжанова Л.Е., Терликпаева С.К., Сатыбалдина М.Б., Мыканова А.М., Хамзина М.Б.


КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ: ПРАКТИКАЛЫҚ
МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ

Студенттерге арналған (бакалавриат)
Оқу құралы

Нұр-Сұлтан, 2021


УДК: 616-071-082(076.5)
ББК: 54.5
К 42


Пікір жазғандар:
1.Байжанова К.Т. – Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінің Шымкент медицина институты, Терапия кафедрасының профессор міндетін атқарушы.
2.Салтабаева У.Ш. - PhD, КеАҚ «АМУ», мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі.
3.Шаймұратова А. - КеАҚ «АМУ», мемлекеттік тілді дамыту тобының жетекші маманы


Авторлар: Куанышбаева Г.С., Каркабаева А.Д., Тайжанова Л.Е., Терликпаева С.К., Сатыбалдина М.Б., Мыканова А.М., Хамзина М.Б.


К 42 Клиникаға кіріспе: Практикалық манипуляциялар алгоритмі. Оқу құралы. /Куанышбаева Г.С., Каркабаева А.Д., Тайжанова Л.Е. – Нұр – сұлтан - 2021. – 48 бет.


ISBN 978-601-244-390-5
Оқу құралы "Жалпы медицина", "Стоматология", "Фармация" мамандықтары үшін "Клиникаға кіріспе" пәні бойынша құрастырылған. Оқу құралы оқу процесінде қолдану үшін ұсынылады. Алгоритм - бұл студентке (орындаушыға) іс-әрекеттер тізбегін орындау үшін берілетін түсінікті және нақты нұсқаулықтар (ұйғарым).
Оқытуда алгоритмдерді қолдану білім беруді бірізділендіруге, студенттерді даярлау талаптарын реттеуге, практикалық сабақтарда, БОӨЖ, бақылаудың аралық және қорытынды кезеңдерінде манипуляцияның дұрыстығын бағалау кезінде түсінбеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алгоритмдерді қолдану арқылы оқыту студенттің пәнді тиянақты меңгеруіне, оқытушының практикалық алгоритмдерді түсіндіру және өңдеу жолдарын үйретуде бір тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Аталған оқу құралын дайындау кезінде медицина қағидаттарына сәйкес ғылыми зерттеулердің нәтижелері, стандартты операциялық процедуралардың (СОП) манипуляцияларын орындау алгоритмдері, ҚР ДСМ бұйрықтары, оқу материалдары зерделеніп, ескерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет