Мақалаға қажетті глоссарий 1 Адам геномы



бет1/7
Дата16.12.2023
өлшемі31,28 Kb.
#140235
  1   2   3   4   5   6   7


Мақалаға қажетті глоссарий


  1. 1 Адам геномы - адам клеткасында тұқым қуалау арқылы берік тұрақтаған материалдар жиынтығы. Адам геномы ДНК ядросындағы 23 жұп хромосомнан тұрады. «Адам гено- мы» жобасын орындау барысында барлық хромосомдар ДНК-сы мен митохондриалы ДНК-лардың реттілігінің дәйектілігі анықталды. Қазіргі кезде бұл мәліметтер бүкіл әлемдегі биомедициналық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Толық дәйектеу ар- қылы адам геномының 20-25 мың белсенді генді құрайтындығы анықталған.

  2. «Ақылды тозаң» (ағыл. mote - түйір тозаң) - тұтас жүйе ретінде жұмыс істейтін, өткізгіш- сіз араласатын, өзін-өзі ұйымдастыратын өте кішкентай құрылғыларды сипаттайтын термин. Олардың көлемі бір түйір құм немесе тозаңдай-ақ болуы мүмкін. Әрбір тү- йірдің (mote) жеке сенсоры, есептеуіш желісі, қуат беретін, қарым-қатынасқа түсетін айырым жүйесі болады. Олар біріге келе, автоматты түрде қуатты өте аз пайдалана- тын, барынша икемді желі құрайды. Оның қолданылу аясы өте кең. «Ақылды тозаң» түсінігін алғаш рет Калифорния университетінің профессоры Кристофер Пистер (ағыл. Kristofer Pister) 2001 жылы ғылыми айналысқа енгізген.

  3. Алгоритм (ағыл., algorithm, algorismus - әл-Хорезмидің атынан шыққан) - алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу үрдісі. Алгоритм - қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеу машиналарында қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті, әрі дәл көрсететін нұсқау да алгоритм деп аталады.

  4. Бетбұрысты сәттер - жаңа технологиялық үрдістер негізгі қозғаушы күш ретінде шоғыр- ланған қоғамдық орта, сәт, мерзім.

  5. «Бұлт технологиясы» (ағыл., cloud) - бұл өз қармағына басқару құралдарын, лицензия- ланған бағдарламалық қамтамасыз етуді, байланыс желілерін, сондай-ақ қолданушы- ларды техникалық тұрғыдан қолдауды түгел біріктірген ақпаратты сақтау мен өңдеу- ге арналған қолайлы интернеттік орта. «Бұлт технологиясының» ерекшелігі - белгі- лі бір басқару платформасына немесе географиялық аумаққа тәуелсіз, кең құлашты мүмкіндігінде. Тұтынушы әлемнің кез келген нүктесінен, интернетке қосылған қан- дай құрылғыдан болсын «бұлт» қызметімен жұмыс атқара береді.

  6. Bitcoin (ағыл., Bitcoin, bit - ақпарат санын өлшеу бірлігі, coin - ақша (монета) - қарапайым сөзбен айтқанда, электронды төлем жүйесі. Бұл жүйенің қызмет жасауы мен қауіп- сіздігін қамтамасыз ету үшін криптографикалық әдіс қолданылады. Төлем жүйесі түгелдей ашық түрде жүргізіледі. Бұл - интернет желісінде құрылып, сонда ғана жұ- мыс істейтін орталықсыздандырылған цифрлық валютаның жаңа буыны. Оны ешкім қадағаламайды, валютаның жүрісі математикалық алгоритмдерді есептеуге арналған бағдарламаларды қолданатын әлемдегі миллиондаған жаңа буын компьютерлері ар- қылы өтеді.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет