Мазмұндамалар жинағЫ Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы Алматы 2012



бет28/39
Дата06.01.2022
өлшемі397,5 Kb.
#11903
түріМазмұндама
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
9-сынып
ТЕМЕКІ ЖАПЫРАҒЫ

(ертегі)
Ерте, ерте, өте ерте заманда бір дана қария өмір сүріпті. Оның көргені көп, өмірден тоқығаны мол болыпты. Күндердің күнінде ауылға бір саудагер келіпті. Ол алыс елден ат арытып, жол азабын тартса да, өмірі темекі тартпақ түгілі, оны көрмеген, естімеген елге темекі жапырағын әкеліпті.

– Ау, жараңдар, бәрің де бермен қараңдар. Мінеки, керемет жапырақ әкелдім. Алыңдар. Бұны қағазға әспеттеп орап, түтетіп, түтінін сорсаңдар, рахатқа бөленесіңдер. Талай-талай аурудан құлан таза жазыласыңдар, – деп саудагер ауылға кіре бермесін-ақ жар салыпты.

Темекі жапырағын көрмеген ауыл адамдары жапатармағай жиналып, қолға алып, көре бастайды.

Сол кезде жеті таудың арға жағына аяғы жеткен, үш теңізді кешіп өткен дана қария былай депті:

– Саудагер рас айтады. Бұл жапырақты қағазға ораса, темекі болады. Оны тартқан адамды ең қабаған ит те қаба алмайды. Үйіне әккі ұрының бір де бірі түспейді. Және де бір ерекшелігі – ол адам қартаю дегенді бұл жалғаннан білмей өтеді.

Өзінің сөзін қолдап, қуаттаған дана қарияға саудагер әбден разы болыпты.

–Көрдіңіздер ма, ақ сақалды қария дұрыс айтады, – депті.

– Ата, – депті сонда бір жас бала. – Айтыңызшы неге темекі шеккен адамды ит қаппайды? Неге үйіне ұры түспейді? Неге ол адам қартаймайды? Әдемі қартайып, менің атам секілді абыз ата болғаны жақсы емес пе?

– Сұрағаның орынды. Жауабын берейін. Ең алдымен, темекі тартқан адамның өкпесі тесік болады. Содан соң, ол түні бойы кеудесін басып жөтеле береді. Ал жөтелген адамның үйіне кәнігі ұры аяқ баспайды. Үй иесі ояу деп ойлайды.

Қабаған иттің жоламайтын себебі, темекі тарқан адам сәл-ақ уақыттан кейін қуаты кемейіп, қолына таяқ ұстауға мәжбүр болады. Қолында таяғы бар адамға есі бар ит жоламайды. Ондай адамнан ит қорқады.

Күш қуаты азайған адам ұзақ жасаушы ма еді. Ауру меңдеп, күн санап кеселі көбейе түседі. Сөйтіп, темекі тартқан адам ұлғайған жасқа жете алмай, орта жолда опат болады. Мінеки, балам, менің айтпағым осы еді, – деді абыз қария.

Аталы сөзге иланған бала саудагердің жанынан шетке ығысып, үйіне қарай қуана жөнелді. Өзгелер де әп-сәтте темекі жапырағын сатып алудан бас тартып, өз жөндеріне кетіпті. Содан бері сол ауылда бірде-бір адам темекі тартпайды екен. (320 сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Дана қария

  2. Саудагердің ауылға келуі

  3. Саудагер мен қарияның сөзі.

  4. Жас баланың сауалы.

  5. Дана қарияның жауабы.

  6. Аталы сөздің мәні.

Тірек сөздер: саудагер, қария, абыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет