Мәдениет морфологиясы



бет1/3
Дата27.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#110963
  1   2   3

Мәдениет морфологиясы

Мәдениет


Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Мәдениет
Адам
Бұл қарым-қатынастың мәні
адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Қазіргі заманғы мәдениетке берілген анықтамалар
Мәдениет
адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.)
агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.)
адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б)
белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы
Мәдениет
Рухани
мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.
Материалдық
мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.
Рухани
Материалдық
Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық).
Мәдениеттану ғылым ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет