Мәңгілікпен үндесу


«Көптомдықтың 7 томындағы «Абай және Гете» мен «Исполины духаны» зор қанағат сезіммен тағы бір қайыра оқып шықтым



бет13/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
«Көптомдықтың 7 томындағы «Абай және Гете» мен «Исполины духаны» зор қанағат сезіммен тағы бір қайыра оқып шықтым.

Кандидаттық диссертация қорғамасаңыз да Сіз абайтануға кез келген ғылым докторынан әлдеқайда артық үлес қостыңыз. Бұл – көтерме мақтау емес, ақиқат шындық.  Сіз екі түрлі заманда, бір біріне мүлде ұқсамайтын ортада өмір сүрген қос данышпанның біз әлі танып-білмеген кемеңгерлік түйсігі арқылы үндесуін керемет суреттегенсіз. Мен мұны Н.Анастасьевтің «ЖЗЛ»-дан шыққан «Абай» кітабының эпилогындағы сұхбатта арнайы атап өттім….

Мен докторлық диссертациямды академик С.Зимановтың жетекшілігімен Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарасының қалыптасуынан қорғағанмын. Сонда бір байқағаным, Абай жарықтықтың көзі тірісінде бір кітабы жарық көрмесе де, өзінен кейін келген үркердей топ – Алаш қайраткерлерінің қалыптасып, дамуының алғышарттарын жасап кеткен екен. Абайдың алғашқы кітабын Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың шығаруы, ол туралы алғашқы сүбелі зерттеуді Ахмет Байтұрсыновтың жазуы («Қазақтың бас ақыны»), Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, кейіннен Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, бүгінгі М.Мағауиндардың Абай идеясымен сусындап өсуі осының айқын дәлелі емес пе? Ендеше, қазақ зиялыларының осыншама буынын тәрбиелеген және тәрбиелей беретін ұлы ақынды өзімен деңгейлес әлем данышпандарының биігіне көтеру, бағалау, зерттеу, оны жаңа қырынан таныту бүгінгі буынның басты парызы деп білемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет