Мәңгілікпен үндесу


Қазақ әдебиетінің кейінгі кезде жиі айтылатын алтын ғасыры қос Мұхтардың – Әуезов пен Мағауиннің арасы



бет15/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Қазақ әдебиетінің кейінгі кезде жиі айтылатын алтын ғасыры қос Мұхтардың – Әуезов пен Мағауиннің арасы.

Қазақ прозасының Сіз өте әділ бағалаған үш тарланы – М.Әуезов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауинның кейбір туындылары ХХІ ғасырда Нобель сыйлығын алған кейбір шығармалармен иық тіресе алатыны анық.

Сіздер бастап, бізбен тұйықталатын буын үшін классик саналатын Сәбит, Ғабит, Ғабиден бастаған социалистік реализмге тұндырылған әдебиет өкілдері басым көпшілігінің шығармалары болашақта әдебиет тарихын зерттеушілер болмаса, ХХІ ғасыр оқырмандарына қажеті шамалы болуы әбден мүмкін. Ащы да болса ақиқат шындық осындай.

Болашақта қазақ әдебиетінің көсегесін кімдер көгертетін болады? Олар ана тілімен қатар Еуропа тілдерінде еркін сөйлеп, еркін ойлап, еркін жаза алатын жаңа буынның ішінен шығады деп білемін».

Герағаңа арналғанымен хатта көзіқарақты оқырманды мазалап жүрген күретамырлы сұрақтардың толыққанды жауабы берілген. Бұл хат сол сауалдардың жауабын іздеу үшін таңдап алынған жаңа форма.  Онда бүгінгі күннің тақырыбы да, тіпті, есімдері дүниежүзіне әйгілі болған Орта Азиядан шыққан әлемге танымал екі қаламгер Шыңғыс Айтматов пен Нобель сыйлығын алған түрік жазушысы Орхан Памук шығармашылығының жетістіктері мен кемшіліктері сараланып қана қоймай, оның обьективті және субьективті себептері де жан-жақты талданады. Олардың шығармашылық табиғатының эволюциясына қатысы құнды пікірлер ой талқысына салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет