Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


Балабақшада отансүйгіштік тәрбие бойынша ата-аналармен жұмыстың әдіс-тәсілдері



бет24/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70


Балабақшада отансүйгіштік тәрбие бойынша ата-аналармен жұмыстың әдіс-тәсілдері

Бала тәрбиесіне халқымыз аса зор көңіл бөлген.Болашақта өзіне сенімді әрі білімді де тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды кішкене күнінен тек жақсылыққа тәрбиелеп,отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулуымыз керек.

Қазіргі таңда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі көкейтесті мәселелерінің болып тұрғаны баршамызға мәлім.сонымен қатар осы мәселе әлеуметтік оңалту үдерісінде,тұлғаның әлеуметтік ортада өз орнын табу жәнеөмір жолын таңдауда жаңа сипатқа ие болып,өзінің шешу  жолдарын табу үшін жаңа әдістерді таңдауға тура әкеледі.Тұлғаның адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды.Осыған байланысты қазіргі білім беру мекемеде жұмыс істейтін мамандар балаларды тәрбиелеуде азаматтық сезімге,өз Отанын мақтан тұту сезімін қалыптастыру міндеттері қойылады.Аталмыш міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларда азаматтық-отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық жүйені құру мақсатын қою қажет.

Бірақ балаларды азаматтық-отансүйгіштік тәрбиелеу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда кедергі жасайтын бірқатар проблемалар орын алып жатыр,олардың ішінде:

-оқыту үдерісінің жеткіліксіз бағдарламалық-әдістемелік қамтылуы;

-қазіргі уақытқа дейін сақталған білім беру мекеменің материалдық-техникалық базасының толық қамтылмауы;

— балаларды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеуді насихаттауда БАҚ қызығушылығының болмауы және т.б.

Әдістемелік әдебиеттерде көбінесе отансүйгіштікке  тәрбиелеу мәселесінің нақты жұмыс түрлеріндегі тек жеке жақтары ашылып,осы мәселенің барлық жақтарын көрсететін жүйесі қалыптасқан жоқ.

«Отанды сүю отбасынан басталады» отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Баланың өзінің тіліне, діңіне,ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен,анасының сүтімен беріледі.Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген  ән тыңдаса,тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе баланың патриоттық сезімі оянбағанда қайтеді.Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады.Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм » ұғымдары өмір сүріп заманның наным-сенімінен туындайды.Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық-патриотизм болып табылады.  «Қазақстандық-патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып ,еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін білдіреді.

«Отансыз адам болмас,ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен айтыла салмаған.Өйткені,Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен,өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады.Отансүйгіштік пен патриотизмдар бір-бірімен егіз ұғымдар.Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды.Сондықтан қай заман,қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген [1].Өркениет жолында алға ұмтылған  ұлт,ең алдымен ,келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.Ұлттың ғана емес,әр жанұяның бүгіні де,болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде,түсінік-талғамында,мінез-құлқында өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.

            Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезеңінде халқымыздың ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып отыр.Олардың қатарына туыстық,Отан мәңгілік түбегелі ұғымдар жатады.Мектепке дейінгі жастан бастап балалардың жоғары рухани және моралдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу керек,олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын алады.

Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты.Мұнда басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан»ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді,атап кеткенде аумақ,климат,табиғат,қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы,тіл және тұрмыс ерекшеліктері деген ұғымдардан құралады.Патриот болу-өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну.Осы күрделі сезім балалаық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.

Әр мектепке дейінгі мекемеде отансүйгіштікке тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:ухани-адамгершілік,

-әлеуметтік,

-эстетикалық,

-өлкетану,

-еңбек,

-интеллектуалдық,

-отбасылармен бірге жұмыс істеу.  [2]

Осы жұмысты жүзеге асыру үшін  отансүйгіштікке тәрбиелеу  бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмысты тәрбиеші ата-аналармен бірге ұйымдастыруы қажет.Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындау керек:

-балаларды өз отбасын,балабақшаны,көшені ,қаланы сүюге,табиғатты  аялауға тәрбиелеу;

-балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба,ту,әнұран);

-елінің,халқының,қаласының жетістіктерін мақтан тұту,жауапкершілік сезімін дамыту;

-басқа ұлт өкілдерін сыйлау,олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін қалыптастыру;

-еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;

-ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру;

-адам құқықтары жөніндегі алғашқы білімдерін кеңейту;

-Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету.

           Осы міндеттердің барлығы балалармен қарым-қатынас түрлерінде шешіледі,яғни ойындар,еңбек ету,тұрмыстық жағдаяттар кезінде.

        Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасына тану қызығушылығын дамытуға міндеттейді.Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін, халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін, халқын сүйетіндей, басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды.

        Азаматтықты тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады. Мектепке дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды туыстарға, айналасына, балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды.Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. Әрине осы мәселені шешуде халық ертегілері өзінің орнын алады.Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерге ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері жақсы қасиеттерге тартылады.

         Қазақ халқының ерекше өз ертегілер әлемі қалыптасқан. К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша: « …тәрбие әлсіз болмаймын десе, халықтық болу керек». К.Д.Ушинский педагогикаға «халықтық педагогика» ұғымын енгізген. Зерттеушінің пікірі бойынша, халықтық салт-дәстүрлерге үйрету, фольклор арқылы халықтың жанын білуге, рухани байлық құндылықтарды бағалауын көруге болады.

             Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдары қолданылады. Бірақ осы әдісті бір жүйеге келтірген жөн. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын көрсету керек.

           Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін  ұйымдастыруға болады. Осында жіберілетін бір қателік балалардың жұмыстарын іріктеуге болмайды, себебі баланың суреті оның ішкі сезімін білдіреді [3].

           Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардың өз туған қаласының тарихы. оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін диагностикалаудан бастадым. Диагностикалау нәтижелері бойынша келесі мәліметтерге ие болдық:

             Бүлдіршіндер 1941-1945 Ұлы Отан соғыс туралы білмейді. Ал Ұлы Отан соғысқа қатысқан жерлестеріміз туралы мүлдем бейхабар. Кейбір балалар қалада орнатылған ескерткіштерінің мағынасын білмейді. Өз көшелерінің аталуы неге байланысты екені жөнінде бейхабар екен. Орын алған мәселелерді шешу үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмысын келесі тақырыптарға бөлдік: «Қаламыздың тарихы», «Өскемен қаласының көріністері», «Жерлестеріміз-халық қаһармандары». «Ұлы жеңіс — жасасын!» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

            Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақсатында топта пәндік-дамыту орта қалыптастырылған. Қалыптастырылған орта арқылы туған өлке тарихын және дәстүрлерін тереңінен білуге жағдай жасалған. Мұнда: балаларға аталған тақырыпта жазылған әдебиеттер кітіпханасы, балалармен жұмыс істеуге арналған «Өскемен қаласы бойынша экскурсия», «Өскемен қаласының тарихынан», «Өскемен қаласының қаһармандары» атты альбомдар. Ойын бұрыштарында аталмыш тақырыптарда рольдік ойындарды ойнатуға қажетті кұралдар жиналған. Мысалы, ұл балалар үшін әскери ойын құралдары, қыз балалар үшін әскери санитарлар құралдары.

Жалпы әр дамыту бағыты бойынша жұмыс мазмұнын ашатын перспективтік жоспар құрастырылған.

Жұмыс мазмұнын жүзеге асыру түрлі нысандар бойынша өтеді: балалармен әңгіме құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау, Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме құрастыру, қаланың көріністеріне жаяу экскурсия жасау, әскери- патриоттық ойындарды ұйымдастыру. Сонымен қатар жоспарға Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесулердің, тақырыптық көрмелердің, мерекелік шаралардың  ұйымдастырылуы енгізілген. Мысалы, Жетінші мамыр — Халық қаһарманының күні. Осындай түрлі жұмыстарды қолдану арқылы балаларға білім беру үрдісінің тиімділігіне әсер етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге жағымды әсер етіледі.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да тарихын білу керек. Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары бағалайды. Арнайы отансүйгіштікке мәжбүрлеуге болмайды, нәтиже болмайды.

Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас арқылы жұмысты ұйымдастыру керек. Осы бағытга да перспективтік жоспар құралған. Жоспарға ата-аналар жиналыстарының,

әңгімелердін, кеңес берулердің, түрлі шығармашылық сайыстардың  және көрмелердің ұйымдастырылуы енгізілген. Топта ата-аналарға арналған әдістемелік кітапхана жиналған.

         Жастайынан  туған өлкесіне деген  сүйіспеншілік сезімі  адам есінде  өмір бойы қала береді.

        Мектепке дейінгі білім мекемелерінде рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отаның, отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын әрдайым өтеуге дайын болатын тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі [4].

         Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. «Патриотизм, — дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, — Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз — мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі куні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешеғіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтің міндеті.

Библиографиялық сілтемелер:

  1.Новицкая, М.Ю. Наследие. Патриотическое воспитание в детском саду./М.Ю. Новицкая. — М.: Линка-Пресс, 2003. — 200 б.

  2.Гражданское воспитание в ДОУ. / авт.-сост. Е.А. Позднякова. — Волгоград: Учитель, 2008. — 148 б.

   3.Сәтірқызы Г. Отансүйгіштік қасиет тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге арқылы қалыптасады. — Егеменді Қазақстан. — 2006 — 15 желтоқсан. -4 6.

   4.Әшімов Б.Т. Жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі еліміздегі бұқаралық ақпарат  құралдарының ролі. — Алғашкы әскери дайындық. — 2006, — №5. -14


Мектепке дейінгі мекемедегі патриоттық тәрбие"
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие берудегі мектепке дейінгі мекемелер және отбасының әрекеттесуін ұйымдастыруда заманауи әдіс-тәсілдері


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-патриоттық тәрбие беру. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі.

Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.

Балабақшада берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Мектепке дейінгі жастағы адамгершілік-патриоттық тәрбие дегеніміз- баланың моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы-моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеудің нақты міндеттері:

-балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

-адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

-балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік- патриоттық сезімге тәрбиелеу мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз қаласына, туған-туысқандарына, дос құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет. Ерте сәбилік кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе.Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.Балаларды халықтың қолөнерімен, қазіргі композиторлардың сан түрлі азаматтық тақырыптарға арналған әндерімен таныстыру балалардың қуанышын, көңілді сезімін дамытып, еліне, туған жеріне, ұшқыштарға, ғарышкерлерге, теңізшілерге, Отанға т.б. деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.

Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді.Осының өзі-ақ балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.

Баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.

Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.

Мектепке дейінгі естияр жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке дейінгі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет