Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»


Жаттығулар:Тақпақтардың нақышын оқындар: С.Жиенбаев «Жазда»; Т.Молдағалиев «Қызыл-жасыл көбелек»; Б.Соқпақбаев «Шынықсын денеміз»; Бақылау жұмысы



бет20/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Жаттығулар:Тақпақтардың нақышын оқындар: С.Жиенбаев «Жазда»; Т.Молдағалиев «Қызыл-жасыл көбелек»; Б.Соқпақбаев «Шынықсын денеміз»;
Бақылау жұмысы: Тексті екіге бөліп , аттарын қойып, көшіріндер де дауыс нақышына келтіріп, ауызша оқуға даярланындар.

ҚАҢТАР МЕН АҚПАН


Кеудесін кере дем алған Ақпан бусанып отыра кетіп еді, маңдай тері терезелерден тамшы болып созылады. Сол-ақ екен күн көзі шақырайып айналасына нұр төкті. Ақпан төңірегінде назар салды. Мәз-майрам болып қарға аунаған балаларды көрді,тіпті кейбіреуі жұқа кейніп шығыпты? Шуақта жатқан сиырлар талпақ танауларын көтеріп,керіліп қояды. Мұражайлардан шыққан түтін жібек орамалдай жеркілдейді.Ақпанның есіне ағасы Қаңтар түсті. Қаңтар екі иіннен дем алғанда , лебі борасын боп,құйғыта зулай түсті. Азынай ішегін тартып, алай-дүлей үскірік жапанды жаңғыртқан,ой мен қырды,ауыл мен ауылды аралай жүйіткіп берген. Аға орнын басуға келген Ақпан сол бір көріңіске таңдана,құштарлана қараға, «Неткен тамаша!»-деп, өзі де етек-жеңін қағып, сілкіп қойған. Қаңтар есік, терезесін сарт-сарт сабалап, азынап, ұлып, шиыршық ата, ішегін тартқан.


Балалар болса, үйінен шықпай жылы орындарында отырған. Жылқылар ықтасынғы барып тай, жабағаларын ортаға алып, иіріліп қалыптасқан. Сиырлар жылы қораға кіріп алған. Қаңтар боранын үдете соғып,есік,терезені қармен көмді де «әп-бәлем,мықтадым ба»дегендей ,сақ-сақ күлген. Ертесіне ертемен құдықтан боз бағланға су беріп жатқан қызды көрген. Бұлар тіпті Қаңтардың қақаған аязынан ығар емес . Қаңтар қатулана түскен «Боз бағланда құйрық қалды,анау қызда бұлақ қалды! Қырлан, Ақпан, қырлан!» - деп ыңырайып ,жер бетін құша сұлаған. Сол заматта дүние ақ нұрға бөленіп,аппақ болған. Қаңтар жерге ақ шағыл болып құралған. Оның ақтығы сонша, көзді қариды.
Енді міне Ақпан да осында. Ағасының не тындырып,не қойғаны белгісіз. Боз балғын мен қаздан басқаны тұралыттым деген бекер екен. Ақпанда өз әлінше бұлқынып бақты,қырау болып қора ішіне де кірді. Енді міне күні бітіп барады,орнын Наурыз басады. Онда суық,ызғардың бірі жоқ. Ағасының да жер бетіндегі ақ шағыл ізін жауып, суға айналдырып жіберді. Қой,отырмайын деп қайта ызындай жөнелді Ақпан. Бірақ дамыл-дамыл еңтіге берді өйткені қыс аяқталуға жақын еді. Жылы леп оған жақпайда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет