Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26



Түсінік хат
 
Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік 
оқиғалармен байланыстыра отырып, талдауға, сөздік құралдары арқылы 
танымдық қабілеттерін дамыту мен өмірлік тәжірибесінде пайдалана алады. 
Бұны 7-сынып білім алушыларына арналған «Мәтін-тілдік жүйе» атты 
факультатив курсы бағдарламас арқылы жүзеге асыруға болады. 
Өзектілігі. Бүгінгі күні мектептерде атқарылып жатқан жұмыстардың 
бағытына қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, қолөнерімен, туыстық 
атаулармен, шежіресімен қоса бала тәрбиесіне байланысты ұлттық ұғымдар 
мен тыйым сөздердің маңызымен таныстыру және бүгінгі күнмен, өмірмен 
байланыстыру аса қажетті үрдіс. 
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: жұмыс тұлғаға бағытталып
білім түсінігінің дамуының деңгейі оқушының өзін-өзі дамытуымен тікелей 
байланысты екенін ұғындыру, оқушының функционалдық сауаттылығын 
дамыту. 
Қазақ тілі пәнінің негізгі талабы- өз елінің мәдениетін, өнерін, салты мен 
дәстүрін жақсы білу, насихаттау, ертеңгі күнге апару, мәні мен мазмұнын 
меңгеру, Отанына адал қызмет ету, ертеңгі күнге сеніммен қарау, әр оқушы 
бойында болуға тиіс талаптар. 
 Факультатив мақсаты: білім алушыларды мәтін мазмұнын талдай отырып
өз білімдерін еркін қолдана алатын құзыреттілік қабілеті қалыптасқан, өз 
ойын сауатты қорғай алуға бейімдеу. 
 Факультатив курсы міндеттері: 
Мәтін мазмұнын аша отырып,өмірлік іс-тәжірибеде мәселелерді өз 
бетімен шеше білуге, қолдануға үйрету. 
1. 
Білім алу барысында оқушыларды өз 
білімін
еркін 
пайдаланып, ақпаратты сұрыптауға , топтық жұмыс жасауға бейімдеу. 
2. 
Тапсырмалармен жұмыс 
жасай 
отырып, сыни
көзқарастарын қалыптастыру. 
3. 
Мәтіндегі жағдаяттарды шешуде өз пікірін ашық айтып, сөз 
қолданыстарын сауатты қолдануға бағыттау. 
Бағдарлама жаңалығы: қазақ тілін оқытудағы тілдік дағдыларды (тыңдалым, 
айтылым, жазылым, оқылым,ӘТН) қалыптастыру негізге алынған. Бүгінгі таңда 
ұлттық тәрбиенің қолға алынуы негігі ерекшелік болып табылады. Бастысы бұл 
құрал- баланың санасына бірден орнайтын, функционалды сауаттылығын 
жетілдіретін әдістемелік құрал.
Бағдарлама құрылымының ерекшеліктері
білім алушылардың жас 
ерекшеліктері ескерілген. Кіріспе – 1 сағат, жалпылама лексика -20 сағат, 
оның ішінде қолданыста жиі кездесетін сөздер – 11 сағат, қолданыста 
сирек кездесетін сөздер – 7 сағат бөлінген. Қолданылу өрісі тар лексикаға – 
15 сағат бөлінген, оның ішінде кәсіби, терминдік лексикаға – 5 сағат, 
диалектикалық лексиканы оқытуға – 6 сағат бөлінген. Тапсырмалар жинағына 
енгізілген мәтіндер оқулықтан тысқары әдеби кітаптардан алынған, 



оқушының сыни көзқарасын дамытуға бағытталған мәтіндер оқушының жас 
ерекшеліктеріне сай таңдалып, оқушы мүмкіндіктерін дамыту үшін жеңілден 
–ауырға қарай тапсырмалар жігі ойластырылған. Тапсырмаларды үздіксіз 
орындап, оқушы мәселе бойынша пікірін ашық айту, еркін сөйлеу 
қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Әр бөлім соңы оқушы өз бетімен орындауға бағытталған білімді бекіту 
тапсырмаларына бөлінген. 
Оқу құралын жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер:
Білім алушылар біледі:
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – қосымша ақпарат арқылы 
білім алу барысында оқушылардың өз бетінше ізденуі, талдауы, 
ақпаратты іздеу барысында тиімді қолдана білуі. 
Азаматтық құзыреттілік –азаматтық белсенділігін көрсету, мәтін 
мазмұны бойынша өміршең оқиғаларға баға бере білуі. 
Әлеуметтік құзыреттілік –ұлттық салт-дәстүр, наным-сенімдерді білуі, 
сөз қолданыстарын тиімді қолдана білуі түрлі өмірлік жағдайларда жеке 
басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуі. 
Коммуникативтік құзыреттілік –құрдастарының арасында, шағын 
топтарда жұмыс істеу дағдыларын, өмірдегі нақты жағдайларда оңтайлы 
шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі нысандарын қолдана алуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет