Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік


-тапсырма. Мәтінді логикалық кідіріс жасай отырып, түсініп оқы



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
2-тапсырма. Мәтінді логикалық кідіріс жасай отырып, түсініп оқы. 
Тақырыбы: «Сауысқан мен көкек» ертегі 
Мақсаты: Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан 
қажетті ақпаратты ала білу 
1. 
Мәтінді түсініп оқып, қажетті ақпаратты іріктеңіз. 
Сауысқан мен көкек. 
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, 
ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя 
керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан 
көршісіне: 

Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,- 
дейді. 
Көкек: 

Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп 
қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,- 
деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының 
қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, 
өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші-тысын саз балшықтармен 
сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. 
Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-
қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» 
дегендегі р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді. 
Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні
бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. 
https://bilim-all.kz/article/1999-Sauysqan-men-kokek 
Тақырыбы: Нені айтатыныңды ойлап ал 
Мақсаты: Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре 
отырып , дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, 
талқылау. 
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, проблемалық сұрақ құрап, сұраққа 
жауап жаз. 
Не айтатыныңды ойлап ал. 
Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл 
сұрайды. 
- Ата, менің де сіз сияқты данышпан атанғым келеді. Бірақ менің бір 
кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан 
қалай арылуға болады? 
-Жақсы, - деп жауап берді ақсақал. - Базарға барып, тауықтың қанатын 
сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып, жолға тастап 
отыр. Сосын маған қайтып кел. 


25 
Әйел данышпанның сөзіне таң қалады. Алайда өзі өте қадірлейтін 
адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды. 
Ертеңгі күні тағы келеді. 
-Өте жақсы. Бірінші тапсырмамды орындадың. Енді тағы базарға бар 
да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал,- дейді 
данышпан. 
-Ол мүмкін емес қой, ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды 
қалай жинап алам? (104cөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет