Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
1.2. Мүгедектік мәселесі 
бойынша халықаралық 
тұжырымдамалық негіз
Мүгедектік қоғамда уақыттың өтуімен байла-
нысты өзгерген ұғым болып табылады. Бұл 
өзгеріс қоғамның мүгедектікті анықтауға 
жәрдемдесетін тәсілдеріне, соған сәйкес, 
мүгедектігі бар адамдар мен олардың отба-
сыларын қоғамға ықпалдастырудағы оның 
рөліне ықпал етті. Соңғы онжылдықтар ішінде 
мүгедектіктің «медициналық» моделінен 
«әлеуметтік» моделіне көшу (1-кірістірмені 
қараңыз) мүгедектік үшін әлеуметтік 
жауапкершілікті индивидтен тұтас қоғамға 
беру тәсіліне айтарлықтай дәрежеде ықпал 
етті. Мүгедектіктің «медициналық» моделі 
(екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әсіресе кең 
таралған) физикалық немесе психологиялық 
мүгедектікті медицина немесе психология са-
ласына жатады деп санайды. Балалардың 
немесе ересектердің мүгедектігі аурумен 
немесе басқа патологиялармен байланы-
сты физиологиялық немесе психологиялық 
бұзылыстардың салдары ретінде қарастырылды 
және дұрысында, «емдеуді» қажет ететін 
«жағдай» деп есептеліп келді. Шын мәнінде, 
осы модель үшін қолданылатын «медициналық» 
термин Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
12


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
ұйымының (ДДСҰ) мүгедектікті анықтаудағы 
«кемістік», «патология» және «мүгедектік» 
секілді терминдері қолдану жөніндегі дауынан 
туындайды (Левеллин және Хоган, 2000 ж.). 
Қоғам неғұрлым «тіркелген» болып табылатын 
болса, медициналық модель адамды икемді әрі 
«өзгеретін» (сәйкесінше, қауқарсыз және соны-
мен қатар мүгедектікке бейімделуге қабілетті) 
адам ретінде қарастырады. Бұл модельдегі 
дертті балалар мен ересектер автоматы түрде 
кемістіктері бар балалар болып саналады және 
олардың отбасыларына да көбінесе сондай 
көзқарас болады. Мүгедектігі бар адамдар 
мен олардың отбасылары қоғамның «қалыпты» 
мүшелеріне айналуы үшін қоғам негізінен 
«медициналық» емді ұсынып отырған кезде бұл 
модельдің талабы қатты сынға ұшырады, сөйтіп, 
ол бұл модельден бас тартуға алып келді. Соңғы 
онжылдықтар ішінде әлеуметтанушылар мен 
мүгедектікті зерттеушілер көбінесе мүгедектікті 
әлеуметтік мәнмәтінмен тығыз байланыста 
қарастырады, сондай-ақ мұндай салдарлар-
ды әлеуметтік оқшаулау және мүгедектікпен 
тығыз байланысты басқа кемшіліктер ретінде 
көрсетеді (Шекспир, 2006 ж.).
Бұған қоса, әлеуметтанушылар мүгедектікті 
әлеуметтік құбылыс деп санайды және 
бақыланатын мүгедектік деңгейіне әсер ету-
де әлеуметтік жағдайлардың атқаратын рөлін 
атап көрсетеді (Левеллин және Хоган, 2000 
ж.). Сөйтіп, мүгедектіктің әлеуметтік моделі , 
өз кезегінде, проблеманың өзіне неғұрлым 
жауапты рөл қабылдауға тиіс қоғамға 
қайтарылуын талап етеді. Мұндай модель 
қоғамға мүгедектігі бар адамдар мен олардың 
отбасына медициналық модель жүктеген 
жауапкершілікті қайтарады деп болжамдауға 
болады. Әлеуметтік модельде мүгедектік 
қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырылады 
әрі мүгедектігі бар адамдар (және олардың от-
басылар) азаматтық, саяси құқықтарды (сай-
лау құқықтары, пікір білдіру еркіндігі), сондай-
ақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени 
құқықтарды (денсаулық сақтау, білім беру және 
т.б.) басқа адамдармен тең пайдалана алады. 
Зерттелген әдебиет мүгедектігі бар адам-
дармен жұмыс істеуде медициналық модель-
ден әлеуметтік модельге көшуді ұсынады 
(Фугироллас, 2008 ж.). Бұл мүгедектігі бар 
адамдарға инклюзиялық ортаны қамтамасыз 
ететін тек қаржылық көмек көрсету саясаты-
нан мүгедектігі бар адамдарға медициналық 
және әлеуметтік қолдау көрсетуге көшуді 
білдіретін болады. Мүгедектігі бар адамдарды 
қоғамға араластыруды олар дүниеге келген 
бетте бастау қажет. Бұл мүгедектігі бар бала-
лары бар ата-аналарға балаларды тәрбиелеу 
және оларды оқытуға байланысты, оның ішінде 
әлеуметтік институционалдандыруды болдыр-
мау мақсатында айтарлықтай көмек берілу 
қажет дегенді білдіреді. (БҰҰДБ, 2009 ж.).
Саясат тұрғысынан қарағанда, медициналық 
модельдің орнына әлеуметтік модельді таңдаған 
кезде елдер адам денсаулығы мәселелерінен 
инклюзивтілікті, қоғамға араласуды, қызметтер 
мен инфрақұрылымға толық қолжетімділікті 
қамтамасыз ету үшін оған дейін еңсерілуге тиіс 
кедергілер тізіміне басымдық берген кезде сақ 
болуға тиіс. Мұндай кедергілер заңнама аясы-
мен (мысалы, мүгедектігі бар ересектерді/ба-
лаларды анықтау тетіктері, немесе әлеуметтік 
қорғау және көрсетілетін қызметтер), түрлі 
қызмет көрсету жүйелерімен қамту деңгейімен 
(мысалы, денсаулық сақтау немесе білім беру), 
сондай-ақ қоғамдағы мүгедектігі бар адам-
Мүгедектігі бар балаларға үйде 
қызмет көрсету орталығында, 
Астана қ. 
13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет