Microsoft Word на 5 формат doc


 Антибиотиктерді алу технологиялары



Pdf көрінісі
бет25/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   100
3.1.1.1. Антибиотиктерді алу технологиялары 
Өнеркəсіптік  жолымен  медицинада,  ветеринарияда,  ауыл 
шаруашылығында жəне ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданы-
латын  антибиотиктерді  алады.  Антибиотиктер – микроор-
ганизмерді  таңдамалы  зақымдайтын  немесе  жоятын  əсер  көр-
сететін,  табиғи  биологиялық,  химиялық  қосылыс  болып  табы-
лады. «Антибиотик»  терминін 1889 жылы  А.Вьюимен  ұсынды. 
Антибиотиктерге  ең  бай  көзі  ретінде  өмір  сүретін  организмдер 
топырақта кездеседі. Микроб текті антибиотиктер тағам өнеркə-
сібінде  қолданылады  жəне  инфекциялық  ауруларды  емдеуде 
қажет. Кейбір антибиотиктер тамақ өнеркəсібінде тез бұзылатын 
өнімдерге консервант ретінде қолдынылады.   
Медицина  практикасында  қолданылатын  антибиотиктер 
актиномицеттермен  (сəулелі  саңырауқұлақтар),  зеңді  саңырау-
құлақтармен,  сонымен  қатар  кейбір  бактериялармен  өндіріледі. 
Бұл топтың препараттарына синтетикалық аналогтар мен табиғи 
антибиотиктердің  туындылары  да  жатады.  Антибиотиктерді 
зерттеу антибиотикке тұрақты микроорганизмдердің жəне анти-
биотикке  тəуелді  штамдардың  пайда  болатынын  анықтады. 
Сонымен  қатар,  антибиотиктерді  ретсіз  пайдалану  адамдарда 
жəне жануарларда какдидомикозды, стафило- жəне стрептокок-
кты  аурулардың  пайда  болуына  жəне  асқорытудың  бұзылуына 
алып  келеді.  Осы  мəліметтерге  орай,  антибиотиктерді  қолдану-
дан  шығару  туралы  пікірлер  туды.  Бірақ,  қазіргі  таңда  анти-
биотиктерді алмастыратын ешқандай дəрілік препарат жоқ.  
Көбіне бактерияларға əсер ететін антибиотиктер келесі топ-
тар түрінде ұсынылған:  
•  құрылымында  β-лактамды  сақинасы  бар  антибиотиктер 
(пенициллиндер,  цефалоспориндер,  карбапенемдер,  монобак-
тамдар);  
•  макролидтер-құрылымында макроциклдік лактонды сақинасы 
бар антибиотиктер (эритромицин) жəне азалидтер (азитромицин); 


 
33
•  тетрациклиндер – құрылымдық негізі 4 конденсациялық 6 
мүшелі  циклдан  тұратын  антибиотиктер  (тетрациклин  жəне 
т.б.);  
•  диоксиамино-фенилпропан туындысы (левомицетин);  
•  аминогликозидтер–молекуласында  амин  қанттары  бар 
антибиотиктер (стрептомицин, гентамицин жəне т.б.);  
•  циклдік  полипептидтер  тобының  антибиотиктері  (поли-
миксиндер); 
•  линкозамидтер (линкомицин, клиндамицин жəне т.б.);  
•  гликопептидтер (ванкомицин).  
Антибиотиктердің  əсер  ету  молекулярлық  механизмі 
бойынша мынадай топтарға бөлінеді:  
•  бактерияның  жасуша қабығына əсер ететін антибиотиктер 
(пенициллиндер, цефалоспориндер);  
•  ақуыз  синтезін  бұзатын  антибиотиктер  (тетрациклиндер, 
левомицитин,   аминогликозидтер жəне т.б.); 
•  генетикалық кодтың тəртібін бұзатын антибиотиктер; 
•  нуклеин  қышқылының  синтезін  бұзатын  антибиотиктер 
(мысалы, рифампицин); 
•  цитоплазмалық  мембрана  өткізгішін  бұзатын  антибио-
тиктер (мысалы, полимиксиндер). 
Антибиотиктерді  ұзақ  мерзімде  қолдану  осы  препаратқа 
тұрақты  патогенді  организмдердің  дамуына  алып  келеді.  Сон-
дықтан  антибиотиктердің бір  түрін екінші түрімен  алмастырып 
отыру  қажет.  Ол  үшін  антибиотиктердің  продуценті  болып 
табылатын  микроорганизмдерді  табу  керек.  Антибиотик-про-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет