Мұнай-газ кен орнына арналған



бет1/22
Дата07.01.2022
өлшемі18,43 Mb.
#18683
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе материалдық-техникалық базаны жасаудың маңызды бөлігі ауыр индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау жатады. Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде-бір саласы мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.

Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай жетілуі қарастырылған. Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнай бергіштігін арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.



Бұл дипломдық жоба Қазақстан Республикасының Манғыстау облысында Қарақия ауданының аумағында орналасқан Өзен мұнай-газ кен орнына арналған.

Дипломдық жобаның мақсаты: Өзен кенорнын игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау. Қабат өнімділігін арттыру әдістерін жүзеге асыру жоспарлары мен шаралары жиынтығы анықталмақ.

Нақтылы жағдайда, кен орын бойынша, айдау ұңғымаларының пайдалану қоры, жоспардан 432 ұңғымаға артта қалып келеді: қозғалыстағы қор жобадан 438 ұңғымаға қалып келеді, ал қозғалыссыз қор 6 ұңғымаға алда келеді.Модель физикалық факторларды да ескереді, мысалға мұнайды ығыстыру процесі (айдалатын агенттің және мұнайдың тұтқырлығының айырмашылығы бойынша және т.б.). Бұл үшін қалыңдық бойынша біртексіздікті анықтауға кешенді есептеулер жүргізіледі. Кен орынды өңдеуден бастап қабат энергиясының шектеулі мүмкіндіктері бар, көлемі аз дебитті ұңғылар қоры шектеулі, кәсіпшілік ішінде және көтеру проблемаларында жоғары парафинді қатып қалатын мұнайды жинау және су мұнайлы тұтқыр эмульсия күрделі мәселелерді шешуді таңдау талап етті және өнімді алудың механикалық тәсілі орынды енгізуді ұйымдастыру қажет.

Ұңғы түбінің аймағында және мұнай және газ кәсіпшілігінде шектелмеген тұз шөгінділері, сонымен қатар, кен орнын өңдеуді күрделі түрде қиындатады. Тұз шөгінділері өте күрделі және көп факторлы үрдіс, бастапқы бейнеде, ұңғыға айдалатын заттардың физика-химиялық өзгеруі, ұңғыда болатын термобаралық шартының өзгеруі және басқа тәсілдер қатарына өте күрделі келісімдер қабатта жүргізіледі. Ұңғыларды газлифтілі тәсілдермен пайдалану және бастапқы мезгілде плунжерлі штангалы сораптар қондырғыларымен (ПШСҚ) бастапқы мезгілде мұнай өнімін алу деңгейін алдын ала жоболанған проблемеларды шешудің анықтамаларымен қамтамасыздандырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет