Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша



бет1/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті


Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы


Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна
Абильдина Салтанат Куатовна
«Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша
дәрістер курсы
мамандығы: 6D010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Қарағанды 2019


Дәріс №1. Тақырыбы: Гуманистік тәрбие жүйесі педагогикалық құбылыс ретінде


Жоспар:
1. Гуманистік көзқарас қалыптастыру
2. Гуманистік тәрбие жүйесінің педагогикамен байланысы


1. Гуманистік көзқарас қалыптастыру. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі кең ауқымды реформалаумен сипатталады, яғни оның базисті негізінің жаңа әдіснамасын анықтау арқылы жүзеге асырылуы көзделіп отыр. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір сатылық кезеңдеріне білім мазмұнының жетілген жаңа үлгілері енуі тиіс. Біздің еліміздің білім жүйесін реформалау үшін ғылыми негізделген ықпалдарды өндеуді болжауда жұмыс істейтін механизмдер енгізу мен оны жаңарту жолын қарастыру қажеттігі мемлекеттік бағдарламаларға еніп отыр. Қазіргі заманғы философиялық, педогогикалық зерттеулердің концептуалбды бағыттарымен сәйкес білімді жаңартудың негізгі принциптері гумандық, демократиялық және білімді гуманитарландыру принциптері “гуманистік парадигманы”орындауға бағытталған. Сол себепті білімді гуманитарландыру идеясы білім беру мазмұнын ізгілендіру ойларымен тығыз байланысты және технократиялық құндылықтардан азат қоғамдық санаға қайта бағдарлауына бағытталған.
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтармен мазмұнында қалыптастырылуы тиіс делінген. Ал, гуманистік көзқарас гуманитарлық мазмұнды білім негізінде қалыптасады, олар әлем бейнесін негіздеу қызметін атқарады, ол ғылыми білімнің әр түрлі өрістерін, гуманистік жемтану негізінде интеграциялау XXI ғасыр адамының қалыптасуы үшін толық құнды негізді құрайтын ескермесе болмайды. Ол мазмұн бойынша “гуманистік адами көзқарастар жүйесіндегі рухани құндылықтарды мойндауға икемделу, сол арқылы бостандыққа,бақытқа ұмтылудың жағымды әрі ізгілікті әрикеттерін жүзеге асыруға қабілетті болу” – деген анықтаманы тұжырымдауға болады.
Гуманистік көзқарас қалыптастыру гуманистік парадигмада “өмірге дайын адамды” немесе “әрикет жасайтын адамды” парадигмасын “білімді адам” парадигмасымен ауыстыру ды жөн деп санайды. Барлық парадигмалардың осылайша алмастырылуы барлық оқытудың әдістемелік жүйесінің маңызын қайта ойластыруды талап етеді. Т.Кун, М.Н.Берулова, В.А.Сластенин және т.б. ғалымдардың пікірі бойынша, гуманистік тәрбие парадигмасы – білім беру міндеттернің біркелкі шешімін табатын нақты көзқарас пен айқын стандарты болып табылады.
Технократиялық және бихевиористік парадигмалардан әлденеше жылдар бұрын гуманистік парадигма қалана бастады. Ол өз назарының басты нысаны ретінде шәкірттің даму желісін, оның ақыл-зерделік қажеттері мен тұлғааралық қатынастарын таңдады.Бұл тәрбие үдерісінің өзегі-балаға болған адами-инабатты қатынас, оның тұлғалық өсіп жетілуіне жәрдем, әрине, бұлармен бір қатар оны өмірге дайындау, тіршілікке икемдестіру т.б да естен шығарылмайды. Сонымен, дамыту мен өзіндік даму, өз мүмкіндерін өзіндік паш ету, шәкірт шығармашылдығы, жасампаздық, субьективтік тәлім тұғырында жатқан басты міндеттер.Бұлар, әлбетте, басқа парадигмалар астарына салынған субьект-обьектті қатынастардан мүлде өзгеше.Тұлғалық парадимада жоғары деңгейлі мән қызметтестік қатынас құрудың құралы әріптемес байланыстарға аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет