Мухитдинов на печать indd


Аллаһумма. مهللا – «Уа, Аллаһ!» деген мағынада. Көп жағдайда дұға оқылар- да, Аллаһқа жалбарынғанда қолданылады. Алмисақ



Pdf көрінісі
бет21/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200
Аллаһумма. مهللا – «Уа, Аллаһ!» деген мағынада. Көп жағдайда дұға оқылар-
да, Аллаһқа жалбарынғанда қолданылады.
Алмисақ. Уәде. Қара: әлмисақ.
Амал дәптері. Амал дәптері – адамдардың осы дүниеде жасаған амалдары 
жазылатын дәптер. Ислам сенімі бойынша, адамның бұ дүниеде жасаған барлық 
амалдарын екі періште жазып отырады. Діни әдебиеттерде осы амалдары жазылған 
кітапты «амал дәптері» немесе «амал кітабы» деп атайды. Шындығында, Біз сен-
дерге (болуы) жақын азап туралы ескерттік. Ол күні адам (амал дәптерінен) қолда-
ры [өзі] жасағанды [іс-амалдарын] көреді, ал кәпір: «Әттең-ай! Топыраққа айнал-
сам етті!» – дейді («Нәбә» сүресі, 40-аят). 
«Адамның жасаған титтей жақсылықтары мен жамандықтары түгелімен осы 
екі ардақты періште арқылы жазылып, ақыретте әрбір жанның амал дәптерінде сол 
қалпында алдымыздан шықпақ» (С.Сейтбеков, Иман негіздері). 
Аман. Араб тіліндегі نامأ «әмән» сөзінен алынған «қауіпсіздікке кепілдік», 
«тыныштық», «амандық» деген мағыналарды береді. Мұсылмандардың қолына 
түскен мұсылман емес тұтқындардың қауіпсіздігін сақтау үшін берілетін кепілдік 
(Қазақ әдеби тілінің сөздігі). 
Аманды кез келген мұсылман бір мезгілде бір немесе бірнеше адамға бере 


28
алады. Аман құжатын мұсылман емес адамдар мұсылман елдерінде жүруге пайда-
ланған (ҚҰЭ).
Қазақ тілінде «аман» сөзінің діни мағынасына қарағанда тілдік мағынасын-
да көп қолданылады. Басы аман, дін аман, ел аман, жұрт тыныш, мал-жан аман, 
тіл-көзден аман сияқты тіркестердің қатарында жиі кездеседі.
Аманат. Аманат ةنامأ – «амн» (қауіпсіздік, тыныштық) деген сөзден туын-
даған «амана» сөзі «иман» (сенім) сөзімен түбірлес. Ол – көпмағыналы сөз, негізі-
нен, «сенімділік» және «сеніп тапсырылған зат не сенім артылған міндет» деген-
ді білдіреді. Жаратушы алдындағы пенденің кез келген міндеті және адамдардың 
бір-бірінің алдындағы міндеттері оларға сақтауға берілген нәрсе болып табылады, 
оларды қайтару, яғни орындау қажет. Жалғыз Аллаһқа ғибадат ету және Исламның 
барлық бұйрықтары мен тыйымдарын орындау ұлы аманат (әл-аманат әл-кубра) са-
налады. Бұл жағдайда Аллаһ тапсырған аманат астында пенде әлдебір жайт немесе 
шайтанның азғыруы себепті тура жолдан тайғанға дейінгі оның әрбір іс-әрекетін 
белгілейтін адам болмысындағы Аллаһқа қатысты сенім жатыр. 
Мәдениеттану ғылымында аманат – жеке адамның, әлеуметтің, елдің, ұлт пен 
ұлыстың моральдық болмысының іске асырылу формасын көрсететін этикалық-ак-
сиологиялық категория (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова, Қазақстан руханияты мен мәде-
ни ескерткіштерінің энциклопедиясы).
Ансар. Ансар راصنأ – Мұхаммед пайғамбар Мәдина қаласына қоныс аударған 
кезде оған және қоныс аударған меккелік муһажирлерге көп көмек берген мәди-
налық сахабалар. «Ансар» сөзі араб тілінде «көмекшілер», «жәрдемшілер» деген 
мағына береді. Жекеше түрі «ансари», яғни көмекші, жәрдемші. Қазақ тілінде «ан-
сар» сөзі көпше түрде қолданылғанымен, жекеше түрдегі мағынаны береді. 
Мәдинадағы ансар басқалармен салыстырғанда өздерін Мұхаммедтің ісін 
жалғастырушы екендігін таныта білді (Ислам энцик.).
Қазақ тілінде «ансар» сөзіне қазақ тілінің көптік жалғауын жалғап «ансар-
лар» деп көптік мағынада қолданамыз. 
Мұхаммед пайғамбар: «Ансарларды мүмін ғана жақсы көреді және оларды 
мунафиқ қана жек көреді. Кім оларды жақсы көрсе, Аллаһ оны жақсы көреді, ал кім 
оларды жек көрсе, Аллаһ оны жек көреді», – деген (Сахих әл-Бұхари). 
«Шын мәнінде де, муһажирлер мен ансарларды бауырластыру теңдессіз 
шара, дұрыс та дана саясат әрі, жоғарыда айтылғандай, мұсылмандар жаңа қалада 
кездескен көптеген қиындықтың тамаша шешімі болды» (ауд. Қ.Спатай. Мұхаммед 
пайғамбардың өмірбаяны). 
Қазақ халқындағы төс қағыстырып, тамыр болу Мұхаммед пайғамбардың 
меккелік муһажир арабтар мен мәдиналық ансар арабтарының арасында орнатқан 
бауырмашылдығынан бастау алады. Яғни қазақ дәстүріндегі төс қағыстырып, ба-
уыр болу салты сүннетке сай келеді. 
«Ансар» сөзі қазақ тілінде діни әдебиеттер де ғана кездеседі және кей кез-
дері діни ортада ауыспалы мағынада «көмекші», «жәрдемші» деген мағынада қол-


29
данылып жүр. Қазақ ойшылдарының арасынан Мәшһур Жүсіп атамыз да бұл сөзді 
діни мағынада қолданған. 
«Пайғамбарды іздеп Меккеден Мәдинаға көшіп келгендер мұһажір аталып-
ты, дін іздеп қонысынан ауғандар дегені. Салт басты сабау қамшыны басып көмек-
ке келгендер ансары аталыпты» (Мәшһүр Жүсіп, Шығ.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет