Мухитдинов на печать indd


Ваххабиттер. Мұхаммед ибн Абдул-Уаһһабтың діни жолын ұстанушылар.  Қара: уаһабилер.  Ваххабшылдық



Pdf көрінісі
бет53/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   200
Ваххабиттер. Мұхаммед ибн Абдул-Уаһһабтың діни жолын ұстанушылар. 
Қара: уаһабилер. 
Ваххабшылдық. Уаһаби жолын ұстану. 
Г
Гөрбан. «Құрбан» сөзінің өзгерген варианты. Ол қазақ тілінде «құрбан» және 
«көр қазушы адам» деген мағыналарда қолданылады. 
«Кетті деп есітем сол гөрбан болып 
Жаһанның кезіп елсіз шығандарын» (Базар жырау, Шығ.). 
«Өстіп келе жатып, ол тағы да көр қазған гөрбандарға жолықты» 
(О.Сәрсенбаев, Ақ құс). 
Парсы тіліндегі «көр» сөзінен алынуы да мүмкін.
Гунаһар. Күнәһар. Күнәсі көп адам.
«Гунаһар болмағанда не болады
Біреуінен біреуін кем ұстаса? 
Пайғамбар көп қатынды алуы рас, 
Бәрінің ризалығын табуы рас» (М.Дулатов, Шығ.).
Гүнаһ. Күнә. Шариғаттағы тыйым салынған амалдарды орындау. 
«Балаға «жүр» – деп жендет ұрар таяқ. 
Мойнына дардың жібін отыр таяп. 
Қалың жұрт патшаға кеп зар жылады
Гүнаһым кешіңіз деп, баланы аяп» (Ғашық-наме).


75
Ғ
Ғад. Ғад қауымы. Құранда және пайғамбарлар қиссасында келетін қауым-
ның аты. 
«Ғадтың керігі деп еді аттың тегі
Таусылмас айта берсең оның кебі. 
Ұзындығы екі жүз кез болғанда, 
Жүз елу кез тағы бар биіктігі» (Бабалар сөзі // Діни дастандар). Қара: Ад.
Ғазабат. Ғазауат. Діни соғыс. Сира кітаптарында Мұхаммед пайғамбардың 
өзі қатысқан шайқастар «ғазауат», ал ол қатыспай, тек әскер жіберген шайқастар 
«сараия» деп аталады. Қазақ тілінде жалпы дін жолындағы шайқастардың барлығы 
«ғазауат» деп атала береді.
Пакистанда Үндістанға қарсы науқанның өршуіне және «Кашмир алқабын 
азат ету үшін» Үндістанға қарсы ғазабат соғысын ашу керек деген сөздер сөйлеуіне 
себеп болды (Х.Ақназаров, Ислам.). 
«Сол кезде осы маңайды мекендейтін имамдық дағуасын құрған Марал 
Құрманұлының «Ғазабат» аталатын дін соғысы жүріп жатады» (С.Мұқанов, Аққан 
жұлдыз). 
«– Уа мұсылман балалары ғазабат басталды, Отанды азат етейік» 
(Ж.Молдағалиев, Торғай). 
Сонымен қатар бұл сөз жалпы ауыртпалыққа, қиын-қыстау кезеңге де қолда-
нылады. 
«Осындай тапшылықта, ғазабатта, 
Елде жоқ қол жете ме таза затқа. 
Кемпірім тауып кетті, – дейді Жәкең, 
Кием көп, аман келсе, азаматқа» (Ә.Жәмішев, Төскей).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет