Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік


Ақындық өнер және шығармашылық үдеріс



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9727
1   2   3   4   5   6   7

1.2 Ақындық өнер және шығармашылық үдеріс
Стиль   –   әр   ақынның   көркемдік   жеке   дара   шеберлігімен   байланысты.
Қазақ әдебиеттану зерттеушісі: Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және
бейнелілік»   деген   еңбегінде:   «Стильдің   алдымен   лирикалық   қаһарман
сипатынан   аңғарылатыны,   сол   арқылы   тақырып,   идея,   ұйқас,   сюжет,
композиция деп т.б. – бәріне ықпал ететінін діттеумен бірге, тағы бір өзекті
мәселені естен шығаруға болмайды. Ол - стильді анықтаудағы екінші бір өзекті
құрал –суреткердің сөз қолдануымен, белгілі бір ортақ делінген баламаларды да
өзінше ажарлап ұқсата білумен байланысты екендігі»-деп көрсетеді [18, 384-б]. 
Қай ақынның болмасын стилінің байлығы-көркемдік ізденіс нәтижесінің
жемісі.   Ақынның   суреткер   ретінде   марқайып,   айрықша   стиль   танытуына,
шеберлік шыңына жетуіне өзінен бұрынғы ақындар мектебі, өз ортасы, заманы
айрықша әсер етеді. Сондай-ақ, жеке ақынның, тұтастай қазақ лирикасының
биігін   межелеуінде   көркемдік   әдіс,   әдеби   ағым,   сөз   саптаудағы   бейнелеуіш
құралдар,   көркемдік   құрылымдар,   бір   сөзбен   айтқанда   стиль   шешуші   роль
атқарады. 
Ақын бейнесі әр өлеңде, әр қырынан әр түрлі көркемдік тәсілдер арқылы
нақтылы   көрініс   табады.   Поэзияда   ақын   тұлғасы   көбінесе   жинақталған
лирикалық   бейне   қалпында   көрінеді.   Өйткені   ақын   өлеңінде   үнемі   басынан
кешкенді,   өзі   көрген,   немесе,   өз   өмірінде   болған   жайларды   ғана   айтпайды,
болатынды, болуы мүмкін жайларды да айтады. Сондықтан өлеңдегі лирикалық
тұлға автордың, ақынның бейнесін танытады ол оның поэзиядағы көркемдік
көрінісі. Екеуінің түпкі негізі бір, мүлде ажыратып бөліп алуға келе бермейді. 
Лирикалық   тұлға   әсіресе   сыршылдық   сипаттағы   және   ой-толғаныс
түріндегі   өлеңдерде   айқын   бой   көрсетсе,   ал   ақынның,   автордың   бейнесі
лирикалық   тұлға   арқылы   да,   сонымен   бірге   қандай   да   бір   басқа   адамды
мінездеу,   соның   өзін   сөйлету,   ал   сюжетті   поэзиялық   шығармада   оқиғаны
баяндау арқылы да танылады. Осындай лирикалық тұлғаны зерттеу еңбектерде
18

лириалық қаһарман деп те атайды. Лирикалық қаһарманның басты ерекшелігін
айқындайтын   ақынның   қоғамдық,   эстетикалық   мұраттары,   идеялары,   өмір
құбылыстарын,  халық  тағдырын  өзінше  түсініп - сезінуі.  Сөйтіп, лирикалық
қаһарман деген ұғым ақынның көптеген шығармаларында ой-сезім дүниесінің,
мақсат мұраттарының бірлік-тұтастығын танытады. 
Лирикалық шығармада көбінесе күрделік қоғамдық ой-пікірлер ақынның
жеке   адамға   деген   жылы   сезімі,   не   болмаса   назары   түскен   табиғаттың   бір
көрінісін сезінуі-бәрі тығыз байланысып жатады. 
Лирик – ақын қоғам өмірінің шындығын, өз көңіл-күйін білдіру арқылы,
өз сезім толқыныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-
бейнесі оны тебіренткен ой сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі
алуан   түрлі   жағдайларға,   қоғамдық   мәселелерге,   әр   түрлі   адамдардың   іс-
әрекеттеріне, оның қатынасынан берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты
толық көрінісін табады. Ақын бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта,
біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан ашылып отырады.
Ақынның поэзиядағы тұлға-бейнесі мен халық бейнесі деген ұғымдардың
арасында   жалғастық   сабақтастық   жоқ   емес.   Ақын   бейнесінің   өзгешелігі,
алдымен оның халқының өмірін, тағдырын қалай түсіне білетініне байланысты.
Ақын дарыны неғұрлым зор, қуатты болса, оның шығармашылығының
тамыры,   сол   ғұрлым   терең   жатады,   халық   поэзиясынан   алатын   нәрі   де   мол
болады. Бірақ халық поэзиясының қасиет сипаттарын бойына қанша сіңірсе де,
дайын   үлгі   -   өрнектерді   бар   қалпында   алып   пайдаланбаған   соң,   ешқандай
ұқсастық   сезілмейді.Ақын   ойының   жаңа,   тың   болуы,   бейнелеу,   суреттеу
тәсілдері арқылы қолданылса, ақын жаңашылдық сипатымен көрінеді. Ұлттық
поэзияның ең өнімді, ең құнарлы дәстүрлеріне мықтап табан тірей алғанда ғана
ақын бұрын ешкім таппаған жаңалық таба алады. 
Поэзиялық   шығармада   ақын   ойының   тереңдігі,   көркемдік   қиялының
қанатты ұшқырлығы, сезімінің нәзіктігі, әсерлілігі не нәрсені болсын, бірнеше
белгі- сипат арқылы айқын елестету қабілеті негізінде көп жағдайды айтпай-ақ
аңғартуға мүмкіндік туғызады. Осыған сәйкес ақынның ой-сезімін жеткізудегі
салмақ   жүгі   көбірек,   зерделеп   алынған   сөздердің   мағыналық   тереңділігі,
бейнелілік,   суреттілік   қасиеті   арта   түседі.   Ал   салмағы   жеңіл,   әсерлілігі   аз
сөздер, қажетсіз басы артық болып шығады.
Әдебиет өмір шындығының сәулесі. Өмір шындығы дегеніміз – бірімен-
бірі   тұтасып жатқан ұшы - қиыры жоқ мол дүние. Ақын сол мол дүниеден
қанша   алып,   қалай   пайдаланамын   десе   де   өз   еркі,   яғни   бұл   жағынан   алып
қарағанда ол жалпақ дүниені жалғыз өзі билейтін әмірші.Бірақ сол мол дүниені
қалай   алып,   қалай   пайдаланбасын   өзі   суреттеп   отырған   өмір   шындығын
молынан қамти отырып, дәуір талабына сай көркемдікпен шешіп бере білуге
тиісті. Ақын бұл жағынан алып қарағанда өзі өмір сүріп тұрған дәуір тынысына
тәуелді. Осыдан келіп ақын шығармашылығының халықтығы шығады. 
19

Әрбір   адамның   орнын   тауып   жұмсап,   өмір   шындығын   молынан
қамтығысы келеді, аз айтып, көп мағына беруге тырысады. Сюжет эпикалық,
драмалық және лиро-эпикалық жанрдағы оқиғалы шығармаларға ғана тән, ал
композиция барлық жанрдағы шығармаларда сюжет бола бермейді, онда ой ғана
айтылады. Бірақ онда да идея мен композиция міндетті түрде болады.
Ақын, жазушының бірін юморист, бірін әңгімеші, енді бірін парасатты
ойдың суреткері деген де, сол бір ұғымды тудырарлық стильдік ерекшелік те әр
саладан   дәлелдеуді   тілейді.   Эпикалық,   лирикалық,   сатиралық   тағы   басқа
жанрларда шығармалар тудырған ақындарды лирик, сатирик деп әр түрлі атап
жату да шартты. Осының бәрі де өз бойларына тән үлкен сыр, ерекше қасиет
сақтағандар.Олар бірер белгілерімен ғана аталғанымен өзіндік шеберліктерімен
көрініп, өз ерекшелігін танытқандар. Бұл ерекшелік түптеп келгенде суреткер
стилін айқындайды.
Жазушының     стилі   белгілі   тарихи   дәуірдегі   көркемдік,   стильдік
ізденістермен   жалғасып   жатады,   әдебиетке   тән   көркемдік   жүйесі,   стильдік
өзгешеліктер   тарихи-қоғамдық   жағдайға   байланысты,   заманның   әлеуметтік,
эстетикалық   мақсат-талаптарына   сәйкес   қалыптасады.   Әдебиетте   орнығып,
өркендеп   келе   жатқан   көркемдік   принциптерді,   стильдік   мүмкіндіктерді,
бейнелеу   тәсілдерін   әр   жазушы   өзінің   өмір   тәжірибесі,   талант   талғамымен
ұштастыра қабылдап, ерекше пайдаланады.
Тәуелсіздік   кезеңіндегі   жылдар   ғажайып,   өсіп   толысулар,   самғаулар
кезеңі. Халық өмірінің ғарыштық жылдамдықпен өсуі қазақ жырларына тың
тыныс,   жаңа   соқпақтар   әкелді.   Бұрындары   ойлы   өлең,   сезім   толғанысы,
азаматтық әуен т.б. сипат қазақ поэзиясындағы қалыптасқан ұғымдар өзгеше
реңмен   айтылып,   өзгеше   талғаммен   талдана   бастады.   Қазіргі   қай   өлеңде
болсын,   өмір   шындығына   бейімділік,   реальды   нақтылық,   ойшылдық   басты
сипаттардың   бірі.Эпикалық   жанрдағы   көркемдік   шеберлік,   саздар   мен
ізденістердің сан қырлылығы, молдығы да уақыт ерекшелігі.Сюжеттік өлеңдер
де өзіндік сымбат түрлендіре   түскен. Тілдік, стильдік, формалық ізденістер.
Образ жасау, көркемдік бейнелеу принциптері. Осындай толып жатқан өзекті,
мәнді   проблемалар   соңғы   он   жыл   поэзиясындағы   сапалық   өзгерістерді
көрсетеді.   Қазіргі   қазақ   поэзиясының   қаһарманы,   бұл,   прозаға   қарағанда,
өзгешелеу,   күрделі   сипаттағы   кейіпкер.   Тек   «лирикалық   қаһарман»   аталған
поэзия   кейіпкері   төңірегінде   ғана   қаншама   идеялық-көркемдік   желілердің
түйіні   бар.   Әуелі,   поэзиядағы   қаһарман   тұлғасы   қазіргі   кезеңдегі   қазақ
азаматының үлкен әріппен басталатын Адам ретіндегі бейнесінің тікелей жыр
әлеміне   аяқ   басуы.   Қазақ   өлеңінің   шығармашылық   дәстүрі   тереңге   тамыр
тартқан. Жаңашылдық- сол дәстүр атты қайнар бұлақтың көзі. Ақындарымыз
тақырып   аясын   кеңейтумен   қатар,   бұрынғы   тақырып,   мәселелерге   басқа
қырынан келіп, тың тебіреністерін ұсынады.
Әдебиеттің   дамуы   елдің,   халықтың   дамуының   белгісі.   Поэзия
шеберлігінің,   мәдниетінің   ұшталуы,   жаңа   биіктерге,   көтерілуі   де   рухани
20

дүниеміздің   жарқын   әлемі.   Қазіргі   қазақ     поэзиясындағы   шығармашылық
ізденістер арасында екі қасиет ерекше жоталанып көрінеді. Бірі –  бүгінгі өмір
тынысына   терең   үңілу,  өмір   құбылысының   поэзиясын   сергек   жүрекпен   жыр
тілінде   зерттеу   болса,   екіншісі   –   өмірден,   жалпы   болмыстан   түйген   түйін
тұжырымдап ой елегінде екшеп, поэтикалық талғамдарды жыр құмар қауым
қазылығына ұсыну.
Стильдік   ерекшеліктер   көркемдік   құралдар   жүйесінде,   олардың   ішкі
заңдылықтарынан өрбитін байланыстарымен өзара қарым-қатынастары арқылы
көрінеді.   Ал   қаламгердің   өзіндік   көркемдік   әдісі   оның   өмірлік   материалды
танып-бағалау, таңдау және бейнелеудегі өзіне ғана тән ұстанымдарынан келіп
шығады. 
21

2 МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ СТИЛІ НЕГІЗІНДЕ
2.1 Мұзафар Әлімбаев поэзиясындағы лирикалық қаһарман бейнесі
 
М.Әлімбаевтың  балалар  поэзиясында  өз  мектебі,  өз  шәкірт  ақындары
бары - шындық. Мұзафар Әлімбаев есімі өз елімізге ғана емес, алыс-жақын шет
елдерге  де  кеңінен  танылған  балалар  ақыны,  жас  бүлдіршіндердің  сүйікті
қаламгері.  Әдебиеттанушылардың  мойындауынша  М.Әлімбаев  қазіргі  қазақ
балалар әдебиетінің классигі және оның зерттеушісі.
Мұзафар  Әлімбаев  қазіргі  қазақ  ән-өлендерінің  кәсіби  ақыны,  маңдай
алды  маманы.    Ақынның  300-ге  тарта  өлендеріне  ән  жазылған.  Солардың
ішінде  бүкіл  халықтық  сипатқа  ие  болған  «Ақмаңдайлым»,   «Ақсұңқарым»,
«Маралдым», «Өзің де, жігіт, қызықсың» және тағы басқаларын атауға болады.
Бұл әндер жалпы қазақ музыка мәдениетін биікке көтерген туындылар. 
Жалпы  Мұзафар  Әлімбаевтың  бүкіл  поэзиясын  шолғанда  көзге  түсетін
бір құбылыс бар. Ол туындыларының философиялық ой ағынына құрылуы. Бұл
туралы  Б.Сахариев:   «Мұзафар  творчествосы  жайында  сөз  болғанда  ақын
өлеңдерінің  ойлылығы  көбірек  айтылады»  [4, 270-б], -  дейді.  Ақынның  өмір
құбылыстарын  тереңнен  әрі  жаңаша  өзінше  толғауға  ұмтылуы  жемісті  екені
рас.
М.Әлімбаев  өлең-баталарды  қайта  жаңартушы  және  дамытушы  тұңғыш
ақын.  Оның  бата-өлеңдерді  1996  жылы  «Атамұра»  баспасынан  «Батамен  ер
көгерер» деген атпен жеке кітап болып шықты. Жинаққа көрнекті ақынның 200-
ден  астам  баталары  енген.  Ақынның  баталары  жөнінде  Ж.Елшібек  «Ерекше
туынды» атгы мақаласында: «Қашаннан сөздің құдіреті мен қасиетіне зор мән
беріп,  сергек  қарайтын  Мұзафар  Әлімбаев  ықшам,  тығыз,  ойлы,  өрнекті  жазу
үрдісінен айнымай келе жатқанына куә боламыз» [10, 32-б], - деп жазады. Яғни,
Мұзафар  Әлімбаев  қазақ  лирикасын  көпсөзділіктен,  боссөзділіктен  арылтқан,
нақтылықты  орнықтырған  ақын.  «Өлеңнің табиғаты лирика, сондықтан ақын
өлеңмен   жазған   шығармасын   лирикалық   етіп,   өзін   толқытқан,   тебіренткен
жайды оқырман да толқынарлық, тебіренерлік етіп жазады»  [5,  72-б],  - дейді
Б.Кенжебаев. Асылы, лирикалық қаһарман (немесе кейіпкер) болмысы ақынның
адамгершілік   қасиеттерін,   ой,   сана,   сезім,   дүниетаным   тереңдігін,   ақындық
мәдениетін, көркемдік шеберлігін, эстетикалық һәм философиялық көзқарасын
айқын танытады. «Лирикалық образ — сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз
бейнесі, оның ішкі бітімі, ақынның мың иірім көңіл-күйінен, нәзік сыры мен
сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер»  [9,127-б].  Ақын парасаты
кейіпкер   парасатына,   одан   әрі   адамзат   құдіретіне   ұштасады.   Поэзиядағы
азаматтық, ұлттық рух та ақын тұлғасына қатысты. 
«Адақтап біржолата ел есінен, 
Кітапты суырғандай сөресінен, 
Сөзіме қосып әлде өзімді де 
22

Уақыттың лақтырар ма кемесінен?! 
Міне, осындай да үрейлі ойлар кейде мазалайды. Көркем ой мен көрікті жыр
тауып, көп алдына шығу қиындап барады»  [11,  339-б], - деп жазады Мұзафар
Әлімбаев. Жазушы жауапкершілігін терең сезініп, ақындық арын биік ұстауды
армандайды. 
Дос деймін жақсы жазсам өзімді өзім
Бүлдірсем, дұшпаным да бір өзімнен [35, 194-б], — деп сипаттайды
қазақтың аса көрнекті ақыны Қ.Мырзалиев ақындық жауапкершілікті.
М.Әлімбаевтың   қымсына-қысыла   отырып,   шығармашылық   кредосын
танытқан бір шағын өлеңі бар. Ақын:
Айқайлап айтпасақ та: о, сұмдық-ай,
Жасырын жарысамыз Абаймен де» [11, 197-б], - дейді.
        «Өтеді ақын батыр боп» өлеңінде:
Кіші болсын, дәу болсын,
Сырқат болсын, cay болсын:
Ақын шептің алдында!
Қаңдай шүбә бар мұнда?!» [11, 207-б], — деген ой келтіреді. 
Бұл оның арман аңсары да, өз сенімі де секілді. Ақынның өзі қандай деңгейде?
Бұл   екі   мәселенің   де   ақын   өнернамасының   болмысын,   бітімін,   салмағын
анықтауда атқарар рөлі аз емес.
Көрнекті   ақын,   дуалы   ауыз   Ғафу   Қайырбеков   ақынға   мынандай   баға
береді: «Мен Мұзағаңмен республика ішінде де, сыртында да талай сапарлас
болдым. Баладай алаңсыз ақ көңілі мен сергек, сезімтал, әңгімешіл, сырласқыш,
жадында оқыған, білгенін, естігенін, елтігенін магниттей тартып жібермейтін,
көп білгенін көпке үлестіргісі келетін, өзгенің табысына, жақсысына қуанып,
өзінікіндей көріп, мәз болғыш, күлегеш те қызық мінезді, жаратылысы жақсы
адам екеніне сол жылдарда да әбден көзім жеткен еді. Сол үшін де айрықша
жақсы көріп, кұрметтейтінмін» [33].
М.Әлімбаевтың азаматтығы жайында онымен ондаған жыл бойында өмір
өріне қатар аттап келе жатқан әйгілі әрі ақиқатшыл әдебиетші ғалым, профессор
Тұрсынбек Кәкішев: «Сырт келбетімен де, күлкісімен де, әзіл-қалжыңымен де,
жаны   жақсыларға   жанасқыш   майда   мінезімен   де,   ешкімді   жатсынбайтын
бауырмалдығымен де, әңгімеден аузы құрғамайтын сөзуарлығымен де Мұзафар
қырғызша   айтқанда,   шоң   қазақтың   бірі.   Мұзағаңның   азаматтығы   оның
ақындығына   күш-қуат   беретін,   тар   қолтықтан   демеп,   өрлі   жерден   асырып
жіберетін   қасиет   десем,   артық   болмас.   Сонда   Некрасовтың   баршаға   мәлім
кемеңгер нақылын еске аламыз да, ақындығына дән риза боламыз» [34], - деп
жазады 
Мұзафар Әлімбаев ақындықтың парыз-міндетін имандай сыр қылып, аса
бір әсем өлеңімен иландыра, пәтуалы образбен ашып берген деуімізге әбден
болады. «Ақынның образдары — ақыннан өзге ешкім де емес, тек бұл оның
өлеңінде әр түрлі пішіндегі объективті тұрпаты ғана. Сондықтан ол осынау ұлы
23

әлемнің   тұтқасы   ретінде   «Мен»   деп   сөйлеуге   толық   хақысы   бар...»   -   деп
тұжырымдайды Ф.Ницше.
Ендеше, ақыннын сыр-симфониясына тоқталайық: 
Тумайды жұртын ақын жылатуға, 
Туады жүректерді нұрлантуға. 
Өлеңін орамал ғып өтеді олар
Көз жасын адамзаттың құрғатуға» [45, 206-б] 
М.Әлімбаев   жалаң   ақын   ғана   емес,   ол   өзі   де   әдебиет   зерттеуші.   Аса
көрнекті ақын Ғ.Қайырбеков сөзімен айтсақ, «Мұзафар Әлімбаев шынтуайтқа
келсек, нағыз ғылымның адамы» [33]. Ақынның «Поэзия патшалығында» және
«Поэзия   парасаты»   деп   аталатын   екі   циклі   жүз   бір   өлеңнен   тұрады.   Бұл
тақырыптағы жеке өлеңдері өзі бір төбе.
Жоғарыдағы топтаманың ішіндегі жеке бір шумақта: 
Өлгендер өре тұрардай 
Өңмеңнен ұрып жығардай, 
Бір сөзді жалған жазсам мен, 
Ғұмыры сағым сыңардай, - делінген [46, 325-б]. 
Мұзафар   Әлімбаев   ақындығының   бір   белгісі   –   сөзге   жауапкершілігі
айрықша екенін талай әдебиетші-сыншылар атап көрсеткен [49, 27-б].
Жалпы алғанда, ақынның «Көңіл күнделігінен» (1980), «Қалам қайраты»
(1976),   «Өмір.   Өнер.   Өнерпаз.»   (1991),   «Толқыннан   толқын   туады»   (1992),
«Көңіл күнделігі» (1996) сияқты әдеби-зерттеу кітаптарында да көркем әдебиет,
ақындық, өнер жайындағы көзқарасы мол қамтылған. 
«Ақиқаттан айныса, ақын сорлы. 
Сөзін айтпай біткені ақыр соңғы... 
Одан кейін жөні жоқ жақ ашудың, 
Қу кедейдей жайлаған тақыр сорды [47, 171-б]. 
Бұл дербес туынды, жеке төрттаған, рубаи. Автор М.Әлімбаев оны «Ақиқаттан
айныса...» деп атаған. Осыны әрі ақынның өз сөзі, әрі лирикалық қаһарманның
сөзі деп кабылдауға әбден болады, кімнің сөзі екендігінің ара-жігін айыру қиын.
«Әр ақынның көкейінде оның өлеңін жан-жүрегімен сезініп, түсінетін, әр
сөзін   бар   бояуымен,   әр   дыбысын   бар   әуезімен   қалтқысыз   қабылдайтын   өз
оқырманының   аңсарлы   образы   бар.   Өлең   жазылып   жатқан   сәтте   ол  образ   –
бейне ақынның көз алдында көлденеңдеп тұрып алуы шарт емес, әрине. Ол
ақынның болмысымен тұтасып кеткен тұлға» [48, 30-б].
Әрине,   мұндай   ұласуға,   яғни   ақын   мен   лирикалық   каһарманның   бір
бейнеге,   тұтастық   дәрежесіне   жету   –   ақындықтағы   белгілі   бір   биіктік.  
Ақынның лирикалық кейіпкері арғы аталардың өзінің алдындағы барша
Алашына бақыт сыйлаған жолындағы жемісті еңбегін аса жоғары бағалайтын
азамат   болғандығынан   ондай   ағаларды   достар   түгіл,   дұшпан   да   табалай
алмайды — деп түйеді «Аталар мен ағалар» атты өленінде [42, 61-б].
24

«Еңбекті,   ел   үшін   еңбек   етуді   адамның   бойындағы   кабілет-дарынын
қопарта,   жарқырата   ашатын   арена,   ашық   майдан   деп   түсінетін   лирикалық
қаһарман «Ертеңге еңбек ету бір ғанибет» дейді:
«Өзін өз заманында мойындатпай, 
Ертеңгі күн кім атанар ерен батыр?!» [42, 61-б].
М.Әлімбаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер ұғымында «Өмір, тірлік»
дегеніміз   «Халық   үшін   үздіксіз   қажырлы   еңбек,   каһармаңдық   ерлік   болуға
тиіс».   «Өмірбаян   калай   жазылады»  [42,61-б]  деген   жырыңда   осындай   ой
қорытқан лирикалық кейіпкерді кезіктіреміз.
Ол үшін әр азамат аянбай, өзін аямай, туған елі үшін еңбектенуі — парыз.
«Әр ұл-кызың от болып лапылдаса, 
Маздамасқа дәтің жоқ, Қазақстан!» [42, 62-б] .
Мұндағы лирикалық қаһарман   өзін Сталин заманындағы, санасыз адам деп
санамайды, халқымның арқа сүйер азаматымын, панасымын!, деп сезінеді. «Ұл
тумайтын күнің жоқ, Қазақстан» деп  аталатын шағын өлеңіңде  әр азамат от
болып лапылдаса ғана, өз парызын толық өтей алады — деген ой түйеді автор.
М.Әлімбаевтың:
«Өзің от боп жанасың,
Өзгелердің нұрлантуға санасын.
Өзің күл боп қаласың,
Өзгелердің құнартуға даласын» [46, 322-б], — дегені оқырманды
нандырады, иландырады Ақын мен лирикалык қаһарманның бір тұтас тұлғаға
ұштасқанын, тоғысқанын байқаймыз.
Ақынның   лирикалық   қаһарманы   өткеніне   үнемі   ой   жіберіп,   талдау
таразысына   тартып,   қорытынды   жасауды   үрдіске   айналдырған.   Онысы   —
болашақгың   қамы,   өзін   жан-жақты   жетілдіру   қамы.   Мысалы   «Шәкірттіктен
кұтылдық — деп шаттандық» дейтін өлеңде «Көп нәрсені әлі шала білеміз» —
деп өкінеді. Оқуды аяқтаумен тынуға болмайды.
«Аз  білердің   сөзі  әр  кез   кібіртік»,  «Абзал   ұстаз  —  мінсіз  шәкірт».  Ол
ғұмыр  бойында  үйренуден  тиылмайды.  Оку білімін  үстемелеу, үзілмес   үрдіс
болғанда ғана — өмір өкінішсіз, еңбек жемісті [42, 31-б].
Екінші   бір   өлеңде   («Ақиқатты   іздеген»)   лирикалық   кейіпкер   ақиқатты
іздеген жанды өзіне дос санайды, ал жалғандықты жақтаған бір туғанын да жат
деп есептейді. 
Майдан даласында үзілген телефон сымын тістеп тұрып жалғастырып, екі
жақты тілдестірген байланысшы ерлігін суреттеген автор:
«...Көрінер ме бәлкім құным балалық
Араға егер түссе сайтан-алалық,
Дос жүректі дос жүрекке әрқашан
Сын   сағатта   сол   солдатша   жалғасам»  [46,65-б],  -   дейді.  Мұнда   да
лирикалық   кейіпкердің   акынмен   бір   тұлға   болып   тоғысып,   бірігіп-кірігіп
25

кеткенін сеземіз. Адал достыққа дәнекер бола білген адам өзі де достыққа берік
екеніне шүбә келтірмейміз.
«Қаруластарға хат» [46, 68-б] - деген өлеңінде лирикалық кейіпкер сонау
қанды   соғыста   шыбын   жанды   шүберекке   түйіп,   Отанды   опаттан   аман   алып
калысқандардың   бірі   болғанын   мақтаныш   тұтады.   Сөйтіп,   өзінің   ер   жүрек
сарбаз,   ел   қорғаны   екенін   жанамалай   аңдатады.   Ақын   «Қан   құйысқандар»
өлеңінде:
Алға жылжи, қансырап 
Қалмаған соң әліміз, 
Бір шұңқырға тамшылап
Бірге ұйыпты канымыз» [42, 169-б] - дейтін лирикалық қаһарманның
достыққа беріктігіне оқырман да сенеді.
«Матросовтың қаруласы сөйлейді» деген өлеңінде лирикалық қаһарман:
Қаһармандық жасалмайды бұйрықпен,
Жасалмайды уәде еткен сыйлықпен.
Ерлік көзі — ардың ғана әмірі,
Ерлік көзі — жүректердің дарыны
... Тыным жок қой, шек те жоқ қой ерлікте,
Қиын жоқ қой, қиын жоқ қой елдікке!» [42, 168-169б] – деп түйеді.
Ақын   суреттеуіндегі   лирикалық   кейіпкердің   сан   түрлі   психологиялық
ерекшеліктерін,  оны ақынның  көз  алдына  елестетуі  туралы  айта  келіп, «бұл
жырлар ақынның жырларынан орын алмасқа шарасы жоқ»  [49,  73-б]  — дейді
Е.Ысмайылов.
Ақын   М.Әлімбаевтың   лирикалық   қаһарманы   оқыған   зиялы,   интеллект
иесі,   ел   жанды   ер   азамат,   еңбекқор,   әділ,   қайырымды,   достыққа   берік,   ата
дәстүрін   ардақтағыш,   жалғандықтан   жаны   таза,   намысшыл   адам...   Акынның
лирикалык кейіпкеріне косыла оқырман да:
Адамсыз бүкіл әлем — қуыс қана.
Үйде де, соны ойлаймын жұмыста да...
Қуысты ізгілікпен толтыруға
Тартыншақ болсаң егер, ту ұстама!» [47, 110-б] — дейді. 
Ақынның мөлдір жан дүниесі — лирикалық қаһарманның адамгершілік
мәдениетін,   ар-намысын,   биік   санасын   көрсетеді.   Ақынның   өмірге,   уақытқа,
заманға, тағдырға философиялық көзқарасы, яки даналық ойлары лирикалық
кейіпкер   болмысынан   жарқырап  көрінеді,   «яки,   ақын   өзінің   көрген   білгенін,
түйген-сезгенін біреудің түюі етіп бейнелейді. Яғни кісінің ішкі дүниесі, жүрек
сыры, мұңы, ізгі ойы, нәзік сезімі етіп баяндайды» [5, 243-б]. Бұл үшін, әрине,
ақын   сезімді   сөз   сиқыры   арқылы   барша   жанның   жүрегіне   жетердей   биік
деңгейге көтере алуы керек. 
Енді лирикалық қаһарманның философиялық ойларына назар аударайық.
Ілгерілі-кейінді   пікір   айтқан   ғалымдардың   бір   бөлігі   М.Әлімбаев   поэзиясын
талдай келе, ол - ойдың ақыны деген пікір түйіндейді. 
26

Орыс   әдебиетінің   сыншылары,   мәселен,   Е.Винокуров,   В.Сикорскийлер
жөнінде екеуін де философ ақын деп тоқтамды пікірге табан тіреп айтады.
Мұзафар   Әлімбаев   поэзиясында   да   философиялық   ойлар   өмір,   дүние,
тіршілік құбылыстарынан, адамның жаратылыс-болмысынан туындайды.
Автордың     1985     жылы     жазылған     «Қорқыт     ата   толғауларынан»
жинағына енген «Күрсінемін амалсыздан» өлеңінің алғашқы шумағы былайша
басталады: 
«Шығандап шиырланған жайдан жырақ, 
Толғансаң, арлы-берлі ойлаңқырап, 
Азамат адам деген мәңгі мүскін 
-Уақыттың көгенінде байлаулы лақ» [42, 224-б]
Өлеңнің   ойы   терең:   пенденің   бәрі   уақытқа   тәуелді,   соның   уысынан
босанбайды деуі шындық, ащы ақиқат.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет