Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»



жүктеу 2.7 Mb.
Pdf просмотр
бет12/19
Дата24.03.2017
өлшемі2.7 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

АУДИТОРИЯЛАР  ТІЗІМІ 
 
рет 
№ 
Аудитория 
(кабинет, 
зертхана) № 
Аудиторияның (кабинет, 
зертхана) жұмыс бағыты 
Аудиториядағы пәнді оқытуда 
қолданылатын приборлар мен 
құрал-жабдықтар 

116 
тәжірибелік сабақтар мен 
зертханалық жұмыстарды 
жүргізу 
ФЭК, рефрактометр, 
штативтер, бюреткалар, 
химиялық ыдыстар және 
реактивтер 

119 
тәжірибелік сабақтар мен 
зертханалық жұмыстарды 
жүргізу 
ФЭК, рефрактометр, 
штативтер, бюреткалар, 
химиялық ыдыстар және 
реактивтер 

04 
тәжірибелік сабақтарды 
жүргізу 
Слайдтар, кестелер, сызба 
нұсқалар 
 
 
 
Бағдарлама жетекшісі:  доцент                                                        С.М. Бәзілбаев 
              химия магистрі, аға оқытушы                                            С.Н. Салханова 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
  Ветеринария  факультеті 
 
Н.О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
JBHIM - «Жануарлар биохимиясы» 
(пәннің коды және толық аты)
 
 
 
 
ПӘНІНІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 
(ПСОӘК) 
 
5В120100 - Ветеринариялық медицина 
 

           Күндізгі бӛлім 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ  2013 
 
 
Авторы: 
 
Бәзілбаев С.М. – химия ғылымдарының кандидаты, доцент 
Салханова С.Н. – химия магистрі, аға оқытушы 
 
 
 
 
 
 
«Жануарлар  биохимиясы»  пәнінің  студентке  арналған  оқу-әдістемелік  кешені  аталған  пәннің 
ПОӘК негізінде 5В120100 - Ветеринариялық медицина мамандығына арнап дайындалған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Студентке арналған пәннің оқыту бағдарлама (Sillabus) 
__«Жануарлар биохимиясы»___ пәні бойынша 
 
2013-2014 оқу жылына арналған 
1. Негізгі ақпарат 
Факультет 
«Мал шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіру және ӛңдеу технологиясы», ҚазҰАУ 
Мамандық (шифры, аты) 
5В0120100 – Ветеринарлық медицина 
 
Пән 
Жануарлар биохимиясы 
Семестр, курс 
2-курс,  3-семестр 
Пән статусы 
Базалық 
Кредит саны 

Сабақ ӛтетін аудитория 
 № 10 оқу ғимараты  (116, 119, 03-жаттығу бӛлмелері) 
Дәріскер 
Бәзілбаев С.М., Абая даң. 28, 10 корпус 107 бӛлме. Тел:2723931. конс. сейсенбі 10
00
 – 
12
00
 сағ; 
Сал ханова С.Н., Абая даң. 28, 10 корпус 107 бӛлме. Тел:2723931. конс. сенбі 10
00
 – 12
00
 
сағ;  
Тәжірибелік, лабораториялық 
сабақ беретін  оқытушылар 
Сал ханова С.Н., доцент,  Абая даң. 28, 10 корпус 107 каб. Тел:2723931. конс. сейсенбі 
14
30
 – 16
00 
сағ.; 
2. Пререквизиттер және постреквизиттер 
Пререквизиттер: Жалпы химия, биоорганикалық химия, аналитикалық химия, физикалық және коллоидтық химия, 
биотехнолгия негіздері. 
Постреквизиттер: Молекулярлық биология, микробиология, фармакология, токсикология,  гигиена. 
3. Пәннің мақсаты және міндеті 
Мақсаты студенттерге тірі организмдегі зат және энергия алмасуы мен химиялық құрамын терең білдіру.  
Міндеттері: болашақ мамандар ретінде қазіргі заманғы биохимиялық әдістермен биологиялық активті заттарды (қан, 
сүт құрамындағы БАЗ және т.б.) зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйрету және басқа да пәндердi  меңгеруге қажет бiлiм 
мен бiлiк қалыптастыру 
4. Студенттің жҧмыс уақытының бӛлінуі 
Барлығы, 
сағаттар 
Аудиторлық сабақтар 
Аудиториядан тыс 
жүргізілетін жұмыс 
Дәрістер 
Лабораториялық 
сабақтар 
Тәжірибелік сабақтар 
СӚЖ 
3 кредитке – 
135 сағат 
50 мин./саб. 
100 мин./саб. 
50 мин./саб. 
 
90 с  
15 с 
15 с 
15 с 

5. Пән мазмҧны 
Осмос және осмостық қысым. Диффузия. Буферлік жүйе және қанндағы буферлік жүйе. Витаминдер, майда және 
суда еритін витаминдер. және мутация).     
Гормондар,  ішкі  және  сыртқы  секреция  бездері,  қызметі.  Биологиялық  тотығу.  Кӛмірсулар  және  олардың 
метаболизмі.  Липидтер  және  олардың  метаболизмі.  Белоктар  және  олардың  метаболизмі.  Нуклеин  қышқылдары 
(репликация 
6. Курс саясаты  
Сабаққа  міндетті  түрде  кешікпей  келіп  қатысу  керек.  Жіберілген  сабақты  оқытушының  белгілеген  уақытында 
сабақтан  тыс  ӛтеу  қажет.  Аудиториялық  сабақтар  барысында  ұялы  телефондарды  ӛшіріп  қою  керек.  Студенттер 
сабаққа тек қана ақ халатпен және ақ қалпақпен жіберіледі.  
Студенттердің  білімін  аралық  бақылау  үшін  2  коллоквиум  ӛткізіледі.  Дәрістің  қолжазбалары  (конспект)  жоқ 
студенттер  коллоквиумға  жіберілмейді,  сондай-ақ  коллоквиумды  белгіленген  күннен  кеш  тапсырған  жағдайды  балл 
тӛмендетіледі. 
Ӛзіндік  жұмыстың  әр  тапсырмасы  балмен  бағаланады.  Ең  үлкен  балл  студентке  тапсырманы  уақытында  және 
жоғары  сапамен  орындағаны  үшін  беріледі.  Тапсырманы  уақытында  оқытушыға  ӛткізбеген  жағдайда  балл 
тӛмендетіледі.  
Емтиханға  кіруге  рұқсат  алу  үшін  студент  барлық  ағымдық  бақылау  нәтижесінде  60  балл  (немесе  30  балдан 
жоғары балл) алу керек. Бұл норматив орындалмай қалған жағдайда ол қосымша тапсырма орындауы керек. 
Емтиханда студент ең кӛбі 40 балл алады. Мұндай балл алу үшін емтихан билетіндегі барлық сұраққа толық және 
сапалы  жауап  беру  керек.  Жауабы  толық  болмаса  немесе  сапасы  тӛмен  болса,  онда  балл  мӛлшері  азаяды.  Емтихан 
билетінде 4 сұрақ болады және әрбір сұрақ 10 балмен бағаланады. 
7. Әдебиет (негізгі және қосымша) 
9.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы:«Қайнар», 1992. 
10.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993. 
11.
 
Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994. 
12.
 
Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. Алматы, 1993. 
13.
 
Чечеткин А.В. и др. Биохимия животных. – М.: «ВШ», 1982. 
14.
 
Кононский А.В. Биохимия животных. –М.: «ВШ», 1982. 
15.
 
Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных животных.– М.:«Колос». 
16.
 
Бейсембаева H. Ұ., Тӛлегенова Б.Т. Биологиялық химия. – Алматы:«Қазақ университеті». 
8. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі 
Жұмыс түрлері 
Позициялар 
Балдар 
Позиция бойынша 
Бары 
* Аудиториялық сабақтар бойынша барлығы, соның ішінде: 
Дәріс 
- қатысуы 
- әр қатысуға - 0,2 балл 
3,0 
Лабораториялық сабақ 
- қатысуы,  
- орындау сапасы 
- әр қатысуға – 0,2 балл 
- әр жұмысқа – 0,4 балл 
А- 0,36-0,4 балл 
В- 0,3-0,35 балл 
С- 0,24-0,29 балл 
D- 0,2-0,23 балл 
3,0 
6,0 
Тәжірибелік 
(семинарлық) сабақ 
- қатысуы 
- белсенділігі 
 
- әр қатысуға – 0,2 балл 
- әр жұмысқа – 0,4 балл 
А- 0,36-0,4 балл 
В- 0,3-0,35 балл 
С- 0,24-0,29 балл 
D- 0,2-0,23 балл 
3,0 
6,0 
*Шептік бақылау - 2 (саны кредит санына байланысты) бойынша барлығы, с. і.: 
(Формасы) 
Ауызша тапсыру 
 
 
 
(мерзімі және сұрақтың саны) 
1-коллоквиум: 5-апта, 4-семестр  
2-коллоквиум: 10-апта, 4-семестр 
3- коллоквиум: 15-апта, 4-семестр  
 
Әр коллоквиумға 3 балл 
А- 2,7-3,0 балл 
В- 2,3-2,6 балл 
С- 1,8-2,6 балл 
D- 1,5-1,7 балл 
9,0 
*СӚЖ (жҧмыс тҥрі кредит санына байланысты) бойынша барлығы, оның ішінде: 
Жұмыс түрі 
СӚЖ графигі (апта) 
Балдың бӛлінуі  
Барлығы  
тапсырманы 
беру 
жұмысты 
қабылдау 
орындауы және 
мерзімінде 
тапсыруы 
жұмысты 
қорғауы 
30,0 
- 1-реферат 
- 2-реферат 
- 3-реферат 
 
1-апта, 4-сем. 
1-апта, 4-сем. 
1-апта, 4-сем. 
5-апта, 4-сем. 
7-апта, 4-сем. 
14-апта, 4-сем. 



А- 3,6-4,0 балл 
В- 3,0-3,5 балл 
С- 2,4-2,9 балл 
D- 2,0-2,3 балл 



А- 5,4-6,0 балл 
В- 4,4-5,2 балл 
С- 3,6-4,2 балл 
D- 3,0-3,4 балл 
10 
10 
10 
Барлық ағымдағы бақылау  
60 
Аралық аттестация (емтихан) 
16 апта  
Әрбір сұраққа:  
40 

(4-семестр, 
ауызша, 4-сұрақ)  
А- 9,0-10,0 балл 
В- 8,9-7,5 балл 
С- 6,0-7,4 балл 
D- 5,0-5,9 балл 
Барлығы 
100 
 
 
 
 
 
Құрастырғандар: х.ғ.к., доцент                                               С.М. Бәзілбаев 
              химия магистрі, аға оқытушы                                   С.Н. Салханова
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дәріс 1.  
Тақырыбы:  «Кіріспе.  Биохимия  пәні.  Физикалық  және  коллоидтық  химия.  Ерітінділер,  диффузия,  осмос, 
осмостық қысым. Электролиттік диссоциация» 
Дәріс мақсаты: Биохимия пәнінің маңызын түсіндіре отырып, басқа да химия (физикалық және коллоидтық химия) 
және  жаратылыстану  ғылымдарымен  байланысын  беру.  Электролиттік  диссоциация  құбылысын,  сутектік  кӛрсеткіш 
және буферлік жүйелер жӛнінде мағлұмат бере отырып, биологиялық маңызын түсіндіру. 
Негізгі  терминдер:  Биологиялық  химия,    метаболизм,  катаболизм,  анаболизм,  ерітінділер,  еріген  зат,  еріткіш, 
диффузия,  осмос,  осмостық  қысым.  Электролиттік  диссоциация,  рН  (сутектік  кӛрсеткіш),  рН-метр,  индикаторлар, 
буферлік жүйелер. 
Жоспары:  
1. Кіріспе. Биохимия пәні.  2. Биохимия пәнінің негізін салушы ғалымдар. 
3. Физикалық және коллоидтық химия. 4. Ерітінділер, еру процесі. 
5. Диффузия, осмос, осмостық қысым. 1. Электролиттік диссоциация.  
2. рН (сутектік кӛрсеткіш) және оның маңызы. 
3. Буферлік жүйелер. 
4. Буферлік сыйымдылық. 
 
          Биологиялық  химия  -  тіршіліктің  молекулалық  негізі  жӛніндегі  ғылым.  Ол  тірі  организмдердің  химиялық 
құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды зерттейді. Биологиялық химияның атауы «bіоs»  - тіршілік, 
ӛмір деген грек сӛзінен шыққан. Демек, ана тілімізге аударып айтатын болсақ, биологиялық химия - тіршілік химиясы 
деген мағынаны білдіреді. Ал тіршілік дегеніміз - адам үшін және бүкіл тірі организм үшін ең басты, негізгі құбылыс. 
Биохимияның дамуына әйгілі орыс және совет ғалымдары айтарлықтай үлес қосты. А. Я. Данилевский 1891 ж. бірінші 
болып,  белоктағы  амин  қышқылдары  қалдықтарының  ӛзара  байланысы  -  амин  қышқылдарының  бірімен-бірінің 
амидтік  байланыс-тар  арқылы  жалғасуы  жӛнінде  гипотеза  ұсынды.  Белоктарда  пептидтік  байланыстың  бар  екенін 
әйгілі неміс ғалымы Э. Фишер тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Данилевский бұлшық ет белогын, атап айтқанда, миозинді 
бӛліп алып зерттеді. И. П. Павлов және оның шәкірттері ас қорытушы ферменттердің белоктық табиғатын және зат 
алмасуда  орталық  жүйке  жүйесінің  жетекші  қызметін  дәлелдеді.  Ӛсімдіктер  биохимиясының  дамуы  фотосинтез 
құбылысын ашқан К. А. Тимирязев есімімен байланысты. Биологиялық тотығу жӛніндегі ілімнің негізін қалаушылар 
В.  И.  Палладин  (сутегінің  активтенуі)  мен  А.  Н.  Бах  (оттегінің  активтенуі)  болды.  Ол  екеуінің  ілімі  Г.  Виланд,  О. 
Варбурт, Д. Кейлин еңбектерінде одан әрі қолдау тауып, дамытылды. 
             Электролиттердің суда ерігенде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. 
Электролиттер  дегеніміз  суда  еріген  немесе  балқыған  күйде  электр  тогын  ӛткізетін  заттар  (минералды  қышқылдар, 
тұздар, негіздер). 
1887  жылы  швед  ғалымы  С.  Аррениус  электролиттік  диссоциация  теориясын  ұсынды.  Бұл  теорияның  негізгі 
қағидалары мынадай: 

4.
 
Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады). 
5.
 
Электр тогының әсерімен иондар қозғалысқа келеді: оң зарядты иондар катодқа бағытталады, олар катиондар 
деп аталады, теріс зарядты иондар анодқа бағытталады, олар аниондар деп аталады. 
6.
 
Диссоциация процесі қайтымды процесс. 
Су әлсіз электролит болғандықтан сутек пен гидроксил иондарына ӛте аз мӛлшерде диссоциацияланады. Суда және су 
ерітінділерінде сутек пен гидроксил иондарының концентрацияларының кӛбейтіндісі тұрақты шама, ол судың иондық 
кӛбейтіндісі (Кв) деп аталады. Бұл шама [Н+] мен [ОН-] иондарының концентрацияларының кӛбейтіндісіне тең: 
Кв = [Н+] 

 [ОН-] = 10-7  

 10-7  = 10-14 
Алайда,  теріс  дәрежелі  санды  қолдану  ыңғайсыздықтуғызғандықтан,  сутек  иондарының  концентрациясын  белгілеу 
үшін  рН  символымен  белгіленетін  сутектік  кӛрсеткіш  деп  аталатын  шама  қабылданды.  Сутектіктік  кӛрсеткіш 
дегеніміз теріс таңбамен алынған сутек иондарының концентрациясының ондық логарифмі: 
рН = -lg[Н+]  
Буферлік  ерітінділер  деп  қышқылдың  немесе  негіздің  біршама  кӛп  мӛлшері  қосылғанда  рН  мәнін  тұрақты  сақтап 
қалатын  ерітінділерді  атайды.  Буферлік  ерітінділер  құрамы  бойынша  екі  түрге  бӛлінеді:  қышқылдық  және  негіздік. 
Қышқылдық буферлік ерітінділер әлсіз қышқылдардан және олардың күшті негіздерінен түзілген тұздарынан тұрады.  
Мысалы: СН3СООН  +  СН3СООNа – ацетат буфері  
                әлсіз қышқыл      күшті негіздің тұзы 
Негіздік буферлік ерітінділер әлсіз негіздерден және олардың күшті қышқылдармен түзілген тұздарынан тұрады. 
Мысалы: NH4ОН  +  NH4Cl – аммиак буфері 
                Әлсіз негіз     күшті қышқылдың тұзы 
Жануарлардың организмінде кӛбінесе қышқылдық буферлік жүйелер кездеседі. 
Буферлік  әсер  сақталатын  шек  буферлік  сыйымдылық  деп  аталады.  Буферлік  сыйымдылық  буферлік  жүйенің 
компоненттерінің табиғаты мен концентрациясына тәуелді. Ең жоғарғы буферлік сыйымдылық қышқыл мен тұздың 
бірдей молярлы мӛлшерінде, яғни қышқыл мен тұздың концентрациясының қатынасы 1-ге тең болғанда байқалады: 
Қышқыл / тұз  = 1  
Бақылау сҧрақтары: 
14.
 
Биохимия нені зерттейді? 
15.
 
Белоктардағы амидтік (немесе пептидтік) байланысты ашқан ғалым? 
16.
 
Физикалық және коллоидтық химияның биохимиямен байланысы қандай ? 
17.
 
Ерітінділер дегеніміз не ? 
18.
 
Еру процесінің мәні неде ? 
19.
 
Диффузия, осмос және осмостық қысымның биологиялық маңызы неде ? 
20.
 
Электролиттік диссоциация дегеніміз не? 
21.
 
Электролиттік диссоциация механизмін айтыңыз. 
22.
 
Диссоциациялану дәрежесі деген не? 
23.
 
Сутектік кӛрсетікш деген не? 
24.
 
рН анықтау әдістерін атаңыз. 
25.
 
Буферлік жүйе дегеніміз не? 
26.
 
Буферлік сыйымдылық дегеніміз не? 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
5.
 
Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993. 
6.
 
Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.  
7.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993. 
8.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001 
 
Дәріс 2.  
Тақырыбы: «Витаминдер» 
Дәріс  мақсаты:  Витаминдер  және  олардың  жіктелуі  жӛнінде  мағлұмат  бере  отырып,  олардың  зат  алмасу 
процесіндегі биологиялық маңызын түсіндіру. 
Негізгі  терминдер:  Витаминдер,  провитамин,  авитаминоз,  гиповитаминоз,  гипервитаминоз,  каротин, 
ксерфтальмия, остеопороз, остемаляция, геморрагия. 
Жоспары: 
1. Витаминдер жӛнінде жалпы түсінік. 
2. Витаминдердің атауы және классификациясы. 
3. Майларда еритін витаминдер. 
Витаминдер  дегеніміз  -  азық-түлік  ӛнімде-рінде,  жем-шӛпте  шағын  мӛлшерде  ғана  кездесетін,  ал  адам  мен 
жануарлар организмінде бірқалыпты тіршілік үшін ӛте қажет тӛмен моле-кулалы органикалық заттар. 
Адамның  және  жануарлардың  организмінде,  ӛсімдік  тектес  азықтарда  витаминдердің  алғы  шарты  сияқты 
қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті 
қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады. 
Азық-түлікте, жем-шӛпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе организмнің витаминді сіңіру қабілеті 
бұзылса,  ауру  пайда  болады.  Ондай  ауруды  авитаминоз  деп  атайды.  Авитаминоз  ауруларын  витаминдерді  кӛбірек 
беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау 
онша  қиын  емес.  Витаминнің  жетіспеуі  жиі  кездеседі.  Мұндай  кезде  сырқат  белгі  береді.  Бұл  жағдайды 
гиповитаминоз  деп  атайды  Витаминді  бір  жолы  кӛп  мӛлшерде  қабылдау  уландырады.  Ондай  жағдайда 
«гипервитаминоз» деуге болмайды. 
2. Витаминдердің атауы және классификациясы 
Химиялық табиғаты  әлі анықталмаған алғаш  алынған  витаминдер латын алфавитінің  бас  әрпімен  белгіленген 
болатын. Ол жағдай қазір әдебиетте кең кӛлемде қолданылады. Мысалы: А витамині, В витамині, С витамині, т. с. с. 
Кейінірек химиялық құрамдары және биологиялық әсерлері ұқсас витаминдер тобы бар екені анықталды. Ондайларға 

цифр индексі берілді. Мысалы А тобына жататын витаминдер (А1, А2),  D тобына жататын витаминдер (D2, D3, D4, 
D5) т. б. 
Таза  және  қолданбалы  химиялық  халықаралық  Одақ  (IUPAC)  витаминдердің  химиялық  табиғатына  сүйеніп, 
оларға  атау  беруді  ұсынды.  Ондай  атаулар  витаминдердің  молекулалық  құрылымын  және  биологиялық  қасиеттерін 
кӛрсете  алады.  Мысалы,  А  витамині  -  ретинол  (-ол  жалғауы  молекуласында  спирт  тобы  бар  екенін  білдіреді)  деп 
аталады;  D  витамині-  кальциферол  деп  аталады,  яғни  «кальций  ионын  тасымалдайды»  деген  мағынаны  береді;  В1 
витамині - тиамин деп аталады, оның құрамында күкірт және амин тобы бар екенін білдіреді.  
Барлық  витаминдер  ӛздерінің  физико-химиялық  қасиеттеріне  қарай  екі  класқа  бӛлінеді.  Олар:  1)  майларда 
еритін витаминдер; 2) суда еритін витаминдер. 
3. Майларда еритін витаминдер 
Бұл класқа А, D, Е, К және Ғ витаминдері жатады. 
А витамині (ретинол, антиксерофталмалық витамин) 
Химиялық  қҧрылымы  және  қасиеттері.  А  витаминін  1937  жылы  Каррер  синтездеп  алды  және  оның 
кұрылымын анықтады. А витамині дегеніміз - молекуласында 

-ионондық сақинасы бар, полиқанықпаған біріншілік 
спирт. Оның құрылымдық формуласы мынадай: 
 
 
 
β-Ионондық сақина                      Ретинол (А1 витамині) 
Кӛкӛністерде,  әсіресе  сәбізде  қызғылт  сары  түсті  пигменттер-каротиноидтар  кездеседі.  Ондай  пигменттер 
адамда  және  жануарларда  кездесетін  А-авитаминоз  ауруын  болдырмауға,  одан  құтқаруға  қабілетті.  Каротиноидтар 
кӛміртегінің  40  атомынан  құралған  және  А  витаминінің  негізін  қҧраушы  (провитамині)  болып  табылады
Каротиноидтар каротинге және ксантофиллге бӛлінеді. α, 

 және 

-каротиндер белгілі. Бұлар жем-шӛппен бірге 
жануарлар  организміне  барғаннан  кейін,  каротиназа  ферментінің  кӛмегімен  бауырда  ыдырап  ажырайды  да,  А1 
витаминін  түзеді.  Каротиноидтардың  ішіндегі  әсіресе  активтісі 

-каротин,  бҧл  каротиннің  бір  молекуласы 
ретинолдың екі молекуласын тҥзеді. 
 
 

-каротин 
Авитаминоз.  
1. Организмде  А  витамині  жетіспеген кезде  эпителий клеткаларының  қалыпты тҥзілуі бҧзылады.  Бұл А-
авитаминоздың  бір  себебі.  Мұндай  авитаминоз  кезінде  теріде  сызат  пайда  болып,  ол  қабыршақтана  бастайды, 
осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады. 
2. Лизоцим ауру қоздырушы кӛптеген микроорганизмдерден қорғаушы фермент болып есептеледі. Ретинолдың 
жетіспеуі  салдарынан  лизоцим  болмайды,  ол  кӛздің  шырышты  қабатын  ауруға  ұшыратады,  оның  эпителийі 
кұрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия (хеrоs - деген грек сӛзі, құрғақ деген мағына береді, орhtalmos - кӛз) деп 
атайды.  Ксерофтальмия  сырқаты  кезінде  кӛздің  шынайнасы  (қасаң  қабаты)  қатты  зақымданады,  соның  салдарынан 
соқыр болып қалады. 
3. А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкӛз (түнгі суқараңғы) болады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
7.
 
Витаминдер дегеніміз не? 
8.
 
Витаминдер қалай жіктеледі және қалай аталады? 
9.
 
А витаминінің провитамині не және биологиялық қызметі қандай? 
10.
 
D2, D3  витаминдерінің провитаминдері қандай қосылыстар? 
11.
 
Е витаминінің биологиялық қызметі және авитаминозының белгілері қандай? 
12.
 
Викасол деген не? 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
7.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы:«Қайнар», 1992. 
8.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993. 
9.
 
Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994. 
10.
 
Чечеткин А.В. и др. Биохимия животных. – М.: «ВШ», 1982. 
11.
 
Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных животных.– М.:«Колос», 1984.   
12.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет