Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет645/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   677
"ЗАФАРНАМА"  (парс.  -  "Жеңіс  кітабы")  -  Низам  әд-Дин  Шамидің  шығармасы.  Әмір 
Темірдің өмір тарихы туралы қолжазбаның ресми сақталып қалған, екі түрде редакцияланған 
нұсқасының алғашқысы, 1402 - 04 ж. парсы тілінде жазылған. Низам әд-Дин Шами Бағдаттан 


1393 ж. қоныс аударып, Әмір Темірдің сарайына қызметке  ауысады. Сол себепті ол осының 
алдындағы  жылдарда  болған  оқиғаларды  тек  ауызша  және  жазба  деректемелерге  сүйеніп 
жазуы ықтимал. "3." Әмір Темірдің тапсыруымен жазылып, шығарманың атын да өзі қойған. 
Автор деректеме ретінде Әмір Темірдің көзі тірісінде оның қолбасшылық өмір тарихын (бізге 
жетпеген)  және  жекелеген  жорықтарының  күнделіктерін  (бұлардың  ішінде  бізге  жеткені 
Гийас  әд-Дин  Әли  Йездидің  "Темірдің  Үндістанға  жасаған  жорығының  күнделігі"  ғана) 
пайдаланған.  Белгілі  дәрежеде  "3."  авторы  парсы  және  ұйғыр  хатшылары  құрастырған 
жазбаларына да (оны Әмір Темірдің өзі қарап жөндеген) сүйенген. "3-да" Әмір Темір өмірі мен 
қызметінің  негізгі  оқиғалары:  14  ғ-дың  2-жартысындағы  оның  Мауераннаһрда  билікті  қолға 
алу  үшін  күресі.  Моғолстанға,  Хорезмге,  Хорасанға,  Иранға,  Грузияға,  Дешті  Қыпшаққа, 
Үндістанға. т.б. елдерге жасаған көптеген жорықтары  қысқа әрі шежірелік сипатта берілген. 
"3-да" Темір серіктестерінің есімдері, олардың қай тайпа, руға жататындығы келтіріледі, оның 
дұшпандарының  іс-әрекеті,  аты-жөндері,  туыстық  байланыстары,  т.б.  көптеген  мәліметтер 
бар.  Оқиғаны  баяндау  желісі  1403  жылға  дейін  жеткізілген.  Қазақстанның  ортағасырлық 
тарихын  зерттеуде  шығармада  Әмір  Темірдің  14  ғ-дың  80-жылдарында  Дешті  Қыпшақ  пен 
Моғолстанға  жасаған  тараулар  айрықша  бағалы.  Ондағы  материалдар  Темірдің  осы 
аймақтарды  мекендеген  көшпелі  халыққа  жүргізген  жаулаушылық,  тонаушылық  саясатын, 
оның Ақ Орда, Көк Орда мен Моғолстанның дербес экон. және саяси дамуына бөгет жасауға 
ұмтылғанын  сипаттайды.  Қазақстан  жеріндегі  осы  мемлекеттердің  ішкі  саяси  жағдайы, 
шаруашылығы, т.б. туралы бірсыпыра мәліметтер бар. Дешті Қыпшақ пен Жетісудың тарихи 
географиясы жөнінде деректер келтірілген. Әмір Темір тарихын жазумен айналысқан кейінгі 
дәуірдің көптеген авторлары "3-ны" деректеме ретінде пайдаланды. Хафизи Абру оны өзінің 
"Маджуһа"  (1417).  "Зубдат  ат-тауарих"  атты  еңбектерінде  кеңінен  пайдаланды. Мұхаммед 
ибн Фазлаллах Мусави Әмір Темір тарихына арналған "Тарих-и Хайрат" (1412-14) еңбегін 
"3-ға"  сүйеніп  жазды.  Шараф  әд-Дин  Әли  Йезди  де  Әмір  Темірдің  ресми  тарихын  жазғанда 
осы  еңбекті  пайдаланған.  "3-ның"  екі  қолжазбасының  бірі  Лондонда.  екіншісі  Стамбұлда 
сақталған. 
 
ЗӘКӘРИЯ  Сағындықұлы  (1888.  Маңғыстау  -  1931.  Қарақалпақстан,  Қоңырат  қ.)  -  ақын. 
"Жеке меншікті көксейтін қоғамға зиянды адам" деген жаламен 1928-ЗОж. Ойыл түрмесінде 
отырып,  1930  ж.  он  жылға  концлагерге  айдалады.  Бірақ,  түрмеден  қашып,  Қоңырат  қ-нда 
дүние  салады.  "Адамзаттың  баласы",  "Құдіреті  күшті  Құдайым",  "Адай  деген  ел  едік", 
"Көлденең  жатқан  Маңғыстау",  "Шатылу  бүгін  емес,  бұрыннан  бар",  т.б.  жырлары  бар.  З. 
толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде және "Қапаста жазылған хаттар" (97. 1992), "Жырдария" 
(Ақтау. 1995) жинақтарында жарияланған. 
 
ЗӘКЕН Кеңесхан (20.8.1937, Шығ. Қазақстан обл. Зайсан ауд. Ақарал а - 28.7.1993. Алматы) - 
жазушы,  журналист.  КазҰУ-ды  бітірген  (1965).  1965  -  70  ж.  "Лениншіл  жас"  (қазіргі  "Жас 
Алаш")  газетінде,  1970  -  1993  ж.  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі  "Егемен  Қазақстан") 
газетінің  Шығ.  Қазақстан  обл-ндағы  меншікті  тілшісі,  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі 
"Егемен  Қазақстан")  газетінде  бөлім  редакторы  қызметтерін  атқарған.  "Тау  жолы", 
"Жанартау","Миллионер","Жұлдызды жол", "Сезім сәулелері" (2001) кітаптары жарық көрген. 
Құрмет грамотасымен марапатталған.   
 
ЗВЕРЕВ  Максим  Дмитриевич  (29.11.1896.  Ресей,  Ажай  өлкесі,  Барнаул  қ.-  22.1.1996. 
Алматы) - Қазақстан халық жазушысы (1987). Томск ун-тін бітірген (1923). 1923 - 37 ж. Сібір 
өсімдік  қорғау  ғыл.-зерт.  ин-тында  ғыл.  қызметкер,  Новосібір  қ-лық  хайуанаттар  паркінің 
директоры,  Томск  ун-тінде  доцент  болған.  1937  ж.  Казақстанға  қоныс  аударып,  1937-  52  ж. 
Алматы  хайуанаттар  паркінде  ғыл.  бөлімнің  меңгерушісі,  директоры,  ҚазҰУ-да  доцент 


қызметтерін  атқарған.  30-дан  астам  ғыл.  еңбек  жариялап,  20-ға  жуық  ғыл.-көпшілік 
кітапшаларын  шығарған.  Алғашқы  көркем  шығармасы  "Ақ  марал"  1929  ж.  жарық  көрген. 
"Індерде  және  ұяларда"  (1939),  "Ормандағы  кездесулер"  (1938),  "  Алатаудың  қорықтары" 
(1946), "Ертіс торғайлары мен далаларында" (1950), "Тандамалылар" (1956), "Көкпектің аңшысы" 
(1963), "Көзге көрінбестер ізімен" (1971), "Таулы шыңның қожалары" (1972), "Жаңа қоныста" 
(1972),  т.б.  кітаптары  шыққан.  "Ақдақтың  ақыры"  повесі.  "Тасқында"  (қазақ  тілінде,  1960) 
жинағы үшін РСФР Оқу мин-нің (1959) сыйл. алған. Балаларға арналған "Қанатты тарту" атты 
түрлі-түсті  көркем  суретті  және  бірқатар  ғыл.-көпшілік  фильм  сценарийлерінің  авторы. 
Көптеген шығармалары шет ел халықгары тілдеріне аударылған. 2 рет "Құрмет белгісі", "Еңбек 
Қызыл  Ту"  (1986),  "Халықтар  достығы"  ордендерімен  және  медальдармен  марапатталған. 
Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1982).   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет