Национальной академии наук республики казахстан


Вопросы Абая и Востока в исследовании М.Мырзахметулы



Pdf көрінісі
бет51/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58

 
Вопросы Абая и Востока в исследовании М.Мырзахметулы 
 
Иманжапар М.Т. 
muratai2015@mail.ru 
Университет имени Шакарима города Семей, доцент кафедры казахской литературы, кандидат 
филологических наук. 
 
Ключевые слова: Абаяведение, мировоззрение Абая, мир Востока, Мухтароведение, ученый Абаявед, 
исследования М.Мырзахметулы 
Аннотация. Цель работы – обзор исследований М.Мырзахметулы по вопросам Абая и Востока.  

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
303 
Методологию 
работы 
состовляют 
системетическо-комплексный, 
литературно-сравнительный, 
историко-функциональных методов. Результаты работы дали следующие выводы: М.Мырзахметулы по пути 
признаний  и  исследований  труды  хаким  Абая  и  М.Ауезова,  посвятил  около  полу  века  жизни.  Провел 
исследовании  про  мировоззрению  Абая  и  Восточного  мира.  По  признанию  автора  –  М.Мырзахметулы  в 
научных  трудах  отношению  Абая  в  Восточному  миру  нашел  пути  решения  и  сделал  научный  подход 
которые на сегодняшний день мы не были знакомы. 
Результаты, полученные от автора, чтобы определить вклад ученного в казахскую литературоведение и 
Абаяведение. Вывод автора можно использовать в ходе процесса преподования Абаяведение на факультетах 
филологии и журналистики. 
 
М.Мырзахметұлы  –  абайтану  әлемінде  өзіндік  қолтаңбасымен  айқындалып,  абайтану 
асқарын  биікке  көтерген  ғалым.  Ол  абайтану  әлемінде  ешкімге  ұқсамайтын  бедерлі  бейне 
қалдыруымен қатар, ұлттық рухты, ұлттық сана мен ұлттық мүдде жолында тер төгіп, еңбек етіп 
келе жатқан азамат екендігі баршаға аян.  
М.Әуезовтен кейін қаншама уақыттар өрнегі көз алдымызға тізбектеліп, мерзім желі өз бағытымен 
соқты. Сол кезеңнің сұрапыл сағаттары солақай саясат шеңберімен ғана соғып, ащы ақиқаттарды, батыл 
қадамдарды  жасауға  мүмкіндік  бермеді.  Академик-жазушы  сол  кесірлі  кезеңнің  қат-қабат 
қиындықтарын басынан өткеріп, идеологиялық тар шеңберден шыға алмады. Оған дауылды жылдардың 
тұманды күндері де ерік беріп, оңтайлы, ұрымтал сәт тудырмады. Сондықтан академик-жазушыға дейін 
бір  кезең  болды,  кемеңгер  ғалым  дүниеден  озғаннан  соң  абайтану  біраз  саябырсыды.  Кейіннен 
академик  Қ.Жұмалиев  кадрлар  даярлай  бастады.  Солардың  ішінде  талапты,  ғылымға  бейім 
шәкірттердің  бірі  –  ғалым  Мекемтес  Мырзахметұлы  болды.  Ұстазының  берген  бағытымен  басталған 
абайтану  әлеміндегі  соқпағы  бүгінде  даңғыл  жолға  айналғаны  ақиқат.  Өйткені  ғалымның  абайтану 
тарихына,  Абай  әлемінің  сан  қилы  жұмбаққа  толы  күрделі  мәселелеріне  қатысты  қомақты  ғылыми-
зерттеу еңбектері бүгіндер соның дәлелі іспетті. 
30-жылдардың  соңына  дейін  Абайдың  әдеби  мұрасы  жайлы  болып  келген  пікір  айтысындағы 
басты талас Абай дүниетанымы маңына үйірілді. Мұның дұрыс бағытта шешілуіне сол дәуірдегі біздің 
әдебиетімізде  кеңінен  орын  тепкен  тұрпайы  социологиялық,  формалистік,  компаративистік  сияқты 
түрліше жат көзқарастардың зардабы аз тиген жоқ. Сондай-ақ зерттеуге даярлығы бар дарынды ғылыми 
мамандар  жетіспеді,  яғни  барының  өзі  саналы  түрде  қуғындалып,  өмірден  аластатылып  жатты. 
Айтылмыш  себептерге  байланысты  соғысқа  дейінгі  дәуірде  Абайдың  дүниеге  көзқарасы  арнайы 
ғылыми  зерттеудің  нысанасына  алынбай,  ат  үсті  сөз  етіліп  келді.  Ойшыл  ақынның  дүниетанымын 
танып-білу,  ақын  нәр  алған  рухани  бұлақ  көздерін  зерттеу  ісі,  ақынның  100-жылдық  мерейтойы 
қарсаңында кең өріс ала бастады. 
Ақын  мұрасының  бұл  сияқты  күрделі  саласын  зерттей  отырып,  зерделі  пікір  айтуға  М.Әуезов, 
С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Н.Сауранбаев, Т.Елеуов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Жиреншин, Қ.Мұқаметханов тағы 
басқа  ғалымдар  қатысты. Бұл  кезеңдерде Абай  рухани  нәр  алған қайнар көздерді анықтаудың  міндеті 
алға қойылды. 
М.Әуезов  Абай  шығармаларының  нәр  алған  қайнар  көздерінің  үш  арнасы  жайындағы  өзекті 
мәселені  отызыншы  жылдардың  ортасында  көтергені  белгілі.  Академик-жазушының  бұл  еңбегі 
жайында пікір айтқан М.Мырзахметұлының: “Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған үш бұлағы 
жайлы  тұңғыш  рет  тың  пікірді  М.Әуезов  Абайдың  ғылыми  өмірбаянына  арналған  еңбегінің  алғашқы 
нұсқасында айтса, кейіннен 1934 жылы көп даярлықпен келіп жазған “Абай ақындығының айналасы” 
деген  ғылыми-теориялық мақаласында бұл  ой-толғамдарын нақтылы  әрі  кең  тұрғыдан  тұжырымдаған 
еді” [1,5б.], – деген пікірінің мәні зор. 
Дегенмен зерттеушілер сол кезең идеологиясының шырмауынан шыға алмай –  Абайдың дүниеге 
көзқарасының  қалыптасуында  белгілі  деңгейде  ықпалы  болған  Шығыстың  рухани  қазына  көздерін 
мүлдемге  атаусыз  қалдырды.  Бертінге  дейін  Абайдың  шығыспен  байланысы  жүйелі  зерттеуді  қажет 
ететін келелі мәселелердің бірі болды. 
Дана  Абайдың  шынайы  тұлғасы,  хакім  бейнесі  өткен  уақыттың  тұманында  ашылмай  жасырын 
қалып  еді.  Алайда  уақыттар  тізбегі  өте  келе,  елімізде  егемендіктің  самалы  есіп  ақынның  Шығыс 
әлеміне,  мұсылман  дүниесіне  қатысы  барынша  ашылып,  Абайдың  иманды  жүрегінің  құпия  жұмбағы 
біршама шешімін тапқандай болды. Ақынның биік бейнесі тұғырлана түсті. 
Аталмыш  ой  бедері  көрнекті  ғалым  Р.Бердібайдың  мағыналы  пікірлерімен  анықтала  түседі. 
“Жылдар  бойында  үзіліссіз  зерттелініп  келген  Абай  мұрасының  әлі  күнге  дейін  “басы  ашылмаған” 
немесе атүсті біржақты баяндалған тұстары аз емес. Солардың қатарында ақынның шығыс поэзиясынан 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
304  
алған тағылымының орны мен мәні, діни көзқарасы секілді күрделі мәселелер бар. Рас, соңғы жылдарда 
ақын мұрасының шығыс көркемдік мәдениет дәстүрімен сан қырлы байланысы сөз бола бастады, кейбір 
еңбектерде арнаулы тараулар да орын алып келеді. Мұның бәрі, әрине, игі ұмтылыстар, бірақ оларды 
алдағы  кезде  жүйелі  концептуальды  түрде  тексеруге  болмайды.  Біз  бұл  күнге  дейін  шығыс  поэзиясы 
дегенді тұтасымен ғана жалпылама алып келеміз”  [3,83б.].  
Хакім  Абай  мен  кемеңгер  М.Әуезовті  тану  мен  таныту  жолында  жарты  ғасырға  жуық  өмірін 
арнаған  М.Мырзахметұлы  академик-жазушының  ақын  мен  Шығыс  әлемі  хақында  сол  кезеңде  айта 
алмай кеткен ақиқатының емеурінін түсініп, осы бағытта зерттеулер жүргізді. Зерттеушінің ғалымдық 
қасиеті жайында,  ғылыми еңбектері  туралы  пікір айтып, баға берген Құлмат Өмірәлиев пен  Советхан 
Ғаббасов  болды.  Қ.Өмірәлиев  замандасы  хақында:  “Құбылысты  көру  үшін,  оның  өзгелерден 
бөлектенетін,  өзінің  мәнін  белгілейтін  ерекше  басты  қасиеті  не  екенін  тану  үшін  жалаң  құбылысқа 
деген  жүрек  қалауы,  патриоттық  сезім,  жетекші  көзқарас  керек.  М.Мырзахметұлында  зерттеуші  әрі 
ғалым ретінде осы ерекше дүниелердің  біразы тоғысқан” [4,83б.], – деп жоғары баға берген болатын.  
Ал ғалым-жазушы С.Ғаббасовтың: “...Бұл мәселе хақында тас қараңғы меңіреу ортаның фонында 
көрінген  М.Мырзахметұлының  хауас  жайында  кең  толғап  жазуы,  түн  қоюлығын  сейілткен  ой 
арығындай  нұрлы  да  сүйкімді  әсері  барын  ризашылық  сезіммен  атап  өткенді  жөн  көреміз”  [4,83б.],  – 
деген пікірінен ғалым еңбегінің жемісін, жетістігін аңғарамыз. 
Абайтанушының  “Мұхтар  Әуезов  және  абайтану  проблемалары”  атты  еңбегінде:  “Ақын  мұрасы 
саны мыңнан асып, абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты деректер саны төрт мыңға жетеді” екен. 
Бұл 1982 жылға дейін белгілі болған екен, ал одан бері ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қанша автор 
қосылғанын шамалауға ғана болады, қалай болған күнде де жүздеп қосылғаны анық. 
Алайда, ғалымға дейін және оның тұсында абайтану мен мұхтартануға соншама қаламгер жаппай 
атсалысқанда, солардың ішінен неліктен әдебиет зерттеушісін абайтану мен әуезовтану әлемінен есімін 
ардақтап,  ерен  құрмет  көрсетіп,  бөле-жара  айтамыз.  Себебі,  М.Мырзахметұлы  аталмыш  қос  саланың 
асқарында  өткел  бермес  асуларды  көктей  өтіп,  қат-қабат  Абай  әлемінің  Шығысқа  қатысын, 
мұсылмандық дүниесін жете танып, зерттеу нысаны ретінде алып, ғылыми айналымға енгізді.  
М.Мырзахметұлы өз халқының патриоты, шындық пен әділет жолында табаны таймаған, турашыл, 
иманды,  ғылымға  берілген  адал  азамат.  Абай  армандаған  “толық  адам  –  инсани  кемел  адам”  үлгісін 
берік  ұстанған  тұлға.  Өз  халқын,  өз  ұлтын  ыстық  ықыласпен,  нұрлы  көңілмен  иманигүл  (үш  сүю) 
деңгейінде сүйе алмаған адамнан нағыз ұлтын ұлықтайтын, халқының мақтанышына айналар ғалым да, 
көсем  де  шықпақ  емес.  Ғалым  не  жазса  да  өз  ұлтының  рухани  құндылықтарын  байытуға  бағыштап, 
еліне  оның  мүддесіне  не  керек  екенін,  ненің  зиянды,  кесапатты  екенін  біліп  барып  жазды. 
М.Мырзахметұлы  абайтануға  әуезовтану  арқылы  барып  зор  табысқа  жетті.  Профессор  Абайды 
танудың, танытудың ендігі жолы М.Әуезовтің ақын жайлы еңбектерін танудан, соларды зерлеп, зерттеп 
білуден,  қысқасы,  әуезовтанудан  басталуы  тиіс  екендігін  тілге  тиек  етеді.  Әдебиет  зерттеушісі 
М.Әуезов тануындағы абайтанудың көкейтесті мәселелерін айқындап берді.  
Олар: Бірінші, М.Әуезов танытуындағы абайтану тәрізді ғылым саласының қалай басталып, қалай дамуын, 
оның қалай дараланып қалыптасып шығуын тиянақтау арқылы абайтанудың кемел тарихын жасап берді. 
Екінші, М.Әуезов салған соны сүрлеуді даңғыл жолға айналдыру үшін Абай мұрасының Шығысқа қатысын 
анықтап,  дәлелдеп  беруге  барша  күш-жігерін,  ақыл-парасатын  жұмсады.  Ақынның  Шығыспен  байланысын 
саралауда зерттеуші әрдайым академик-жазушының ой тұжырымдарын басшылыққа алып отырады. 
“Абай  шығармаларының  нәр  алған  бір  қайнары  –  Абай  мұрасының  шығысқа  қатысын  өзінің  зерттеу 
еңбектерінде М.Әуезов негізінен үш салаға топтастыра, олар жайлы  танымның  өзекті желілеріне жеке-жеке 
тоқтай отырып, нақтылы түрде анықтама беруге әрекет еткені байқалып тұр. Бұларды бас-басына атап өтер 
болсақ былайша болып шықпақ: а) Абай және Шығыс классиктері, ә) Абайдың исламиятқа қатысы, б) Шығыс 
хакімдерінің,  ойшыл  даналарының  ортасында  ғасырлар  бойы  мол  сөз  болған  мораль  философиясы  жайлы 
мәселелерге  қатысы”  [1,25б.],–  деп  Абай  мен  Шығыс  арасындағы  сабақтастықты  зерделеген  М.Әуезовтің 
тамаша тұжырымын тілге тиек етеді. Ойшылдың Шығысқа қатысы дегеніміз, мыңжылдықтарды көктей өтіп 
жатқан қат-қабат ислам негіздері қаланған Құран Кәрім мен Хадис Шәріптің, мұсылман ғұламаларының том-
том  тәпсірлері  мен  философиялық  трактаттарының,  сондай-ақ,  Шығыстың  жеті  жұлдызы  бастаған 
ақындарының  жауһарларынан  Абай  нені  үйренді,  нені  игерді,  оны  өз  шығармаларында  қалай  пайдаланды 
дегенге саятын аса күрделі тақырып.  
Профессордың  абайтану  мен  әуезовтану  жөніндегі  жазғандарымен  жүйелі  танысқан  адам  Абай 
шығармаларында кездесетін әрбір атаулар мен термин сөздерге анықтама беру үшін қаншама ізденгенін көре 
алады.  Ол  үшін  арысы  Аристотель  мен  Әл-Фарабиден  бастап,  күллі  Шығыс  ғұламаларының  оған  қатысты 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
305 
еңбектерін  ерінбей  ақтарып,  оны  қазақтың  арғы-бергі  ақындары  мен  ойшылдарының  шығармаларымен 
салыстыра зерттегеніне әркімнің таңданары хақ. Әдебиет зерттеушілеріне сыры беймәлім жәуан мәртілік пен 
имангүл, хауас сәлимге қатысты зерттеулерінде келтірілген дәлелдерінің көптігі мен нақтылығына қарап нағыз 
ғалымның  қалай  еңбектенетіне  көзің  қаныға  түседі.  Осы  орайда:  “М.Мырзахметовтың...  табысы  сол:  ол  – 
Мұхаңның  ендігі  өмір  жолында  іске  асырар  ұлы  ойларының  кіші  жоспарын  тауып,  осы  “жол  –  жоспар” 
негізінде “Абай мұрасының Шығысқа қатысы” деген үлкен бір еңбек жазған. Бұл – автордың анық табысы, 
елеулі табысы” [4,85б.], – деп ғалым және оның еңбегі жайындағы зерттеуші Д.Мұхамадиевтің пікірін келтіре 
кетуді  жөн  санаймыз.  Сонымен  қатар  М.Мырзахметұлының  М.Әуезов  пікірлерін  негізге  ала  отырып,  ақын 
шығысы  жайлы  өте  тың  топшылаулар  жасағанын  тілге  тиек  етеді.  Профессор  Абайдың  Шығысқа  қатысын 
мынадай тақырыптар бойынша қарастырған: 
а) Абайдың адамгершілік мұраттары
ә) Абай мұрасының рухани көздері (Абайдың ақындық кітапханасы жайында). 
Аталмыш  тақырыптарды  жан-жақты  зерделей  келе  ғалым  мынадай  қорытындыға  келеді:  “Абай 
осылайша өзінің адамгершілік ойлары жайлы ойларында бір жағынан Шығыс ойшылдарымен көбірек 
табысып  жатса,  қоғамдық-әлеуметтік  тақырыптарға  жазған  шығармаларында  оқу-білімді,  еңбекті 
үндеген  сөздерінде,  көбіне  көп  Белинский  бастаған  революцияшыл  –  демократтардың  идеяларымен, 
Салтыков-Щедрин  сияқты  шыншыл  суреткерлердің  дәстүрімен  өзектес  келеді”  [1,189-190].  Бұл 
тұжырымнан  түйеріміз,  Шығыстың  исламдық  ақыл-ойының  “мұсылмандық  адамгершілік  – 
жәуанмәрттік  иманигүл,  хауас  ілімдерімен  қаруланып  барып  Батысқа  бет  бұрып,  оны  сыншыл  ой 
елегінен  өткізе  қабыладаған  болатын.  Бұл  абайтану  ғылымы  жеткен  үлкен  жетістік  ретінде  қазақ 
әдебиеттануында нық орнықты. 
Зерттеуші өзінің ұзақ жылдық табанды ізденістері арқылы Абайдың исламдық Шығысқа қатысын 
ашқанда  ол  жауаптылығын  бүгінгі  күнге  қызмет  еттіруді  басты  мақсат  еткен.  “Толық  адам”  –  ғылым 
таппай  мақтанбайтын,  оны  шын  махаббатпен  көксеп,  меңгеруге  талпынған  адам.  Ғалым  бүгінгі  қазақ 
халқының алдына Абайша, теологиялық ғылымды (Алланың ғылымы), қоғамдық ғылымды (өзінтану), 
табиғи ғылымды (дүниелік ғылым) меңгеру қажеттігін көлденең тартады. Өйткені біздегі бүгінгі тәрбие 
мен білім беру жүйесінің еуропалық үлгіге қазақ еліктеуінің апаты зардаптарға ұрындырып отырғаны 
өмірдің  шындығы.  Әсіресе,  “Алланың  ғылымынан”  хабарсыз  қалудың  зардабы  бәрінен  ауыр.  Алла 
Тағаланың  ғылымының  ең  басты  мазмұнының  бірі  “жәуанмәртілік”  (әділет,  рақым,  ақыл)  пен  оған 
қарама-қарсы бағытта тұрған адам баласының бойындағы үш жағымсыз зиянды (надандық, еріншектік, 
залымдық)  сипаттарын  танып-білу  еді.  Абайтанудың  өзекті  мәселелерін  зерттеумен  жүйелі  түрде 
айналысқан профессор ендігі кезекте дана ақынның академиялық жинағын шығару қажеттілігін басты 
орынға  қояды.  Бұған  дейін  әр  кезеңде  шыққан  толық  жинақтарға  көңілі  толмайтынын  дәлелді 
зерттеулермен  айтып  та  жүр.  Абай  Шығыс  мәдениетінің  қайраткері,  нақтырақ  айтсақ,  мұсылмандық 
Шығыстың аса көрнекті ойшыларының бірі. Мұхтар Әуезовтің тұжырымдауынша, Абай гуманизмінің 
бастауында шығыстық классикалық дәстүр жатыр [5,164б.].  
Абай шығармашылығының тарихи тамырын тану соңғы кезге дейін жалпылама тұрғыда сөз болса 
да тереңнен зерттелмей ақиқаттарды, яғни ақын нәр алған рухани үш бұлақтың бірі – Шығыс мәдениеті, 
оған  Абайдың  толыққанды  қарым-қатынасы  жайлы  зерттеулерді  ғылыми  тұрғыдан  жүйелеп,  баяндап 
берді. Абайдың исламият, хауас, жәуанмәртілік, үш сүю, иманигүл, адамгершілік мұраттарына ғылыми 
талдаулар жасалып, ақындық кітапханасы жайлы мәселе арнайы сөз болды. 
Шығыстық  кітапханасын  аңғармай,  хакім  Абайдың  “Шығыстық  белгісін”  табу  қиынға  түсері  хақ. 
М.Мырзахметұлы осы турасында: “Ал, шындыққа келетін болсақ, Абайдың ғылым жайындағы танымының 
басым жағы мұсылмандық шығыстың рухани қазына көздерімен терең тамырласқан” [6,44-45],– дейді. 
Ғалым  Абай  шығармаларында  орын  алған  шығыстық  белгілер  жайындағы  күрделі  мәселені 
ғылыми  тұрғыдан  толығырақ  аша  түседі.  М.Әуезов  өз  зерттеулерінде  Абайдың  ақындық 
кітапханасының  көлемі  мен  жайын  анықтай  түсудің  жолдарын  және  берілу  тәсілдерін  қарастырған. 
М.Мырзахметұлы  ақынның  қай  кезде  не  алғанын  яғни  шығыс  жұлдыздарының  әсерін,  ақын 
шығармаларында тікелей аты аталатын деректер көзін пайдалану барысында жүйелі зерттеу жұмысын 
жүргізеді. “Тарихи шындықты батыл айту, сол туралы жазу бүгінгі өміріміздің ең басты талабы” [7,9б.], 
–  дегендей  М.Мырзахметұлы  Абайдың  Шығыс  әлемімен  байланысының  ақиқатын  тарихи,  ғылыми 
негізде таратып береді. 
М.Мырзахметұлы  М.Әуезов  байламдары  негізінде  Шығыс  әлемінің  қатпар-қатпарларына  бір-бірден 
дендей етіп, жұмбақ жанның құпиясын табуға тырысады, әрі бұл ғылыми ізденісіне үлкен жеңіске, таптырмас 
қазынаға  айналды.  Өйткені,  өзі  көрсеткеніндей:  “М.Әуезов  Абай  шығармаларындағы  ақын  дүниетанымына 
сүйене  отырып,  абайтану  саласында  ұзақ  жылдар  бойы  іздену,  ой  қорыту  арқылы  Абайдың  исламиятқа 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
306  
қатысын анықтауға, ол жайлы танымдарының негізін білуге ұмтылып келді. Өйткені абайтану саласында бұл 
тақырып  өз  шешімін  таппады,  арнайы  нақтылы  зерттеулер  бой  көтермеді.  М.Әуезовтің  өзі  де  сол  кезең 
жағдайына байланысты Абайдың исламиятқа қатысын арнайы зерттеулер арқылы ашпайды, осы саладағы ұзақ 
жылғы зерттеуден туған ойларын қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт берер тезистік ой-пікірлер 
жемісін ұсынумен шектеледі” [1,42б.].  
Абай  дүниетанымындағы  молынан  ұшырасатын  “жан  мен  тән”,  “жан  сыры”,  “жан  құмары”, 
“жанның  жарығы”,  “жан  қуаты”,  “жанның  тамағы”,  “хауас”,  “хауас  сәлим”,  “иманигүл”  тәрізді  терең 
мәнді күрделі шығыстық ұғымдардың бүгінгі оқушыға күңгірт, түсінуге қиын соғатын философиялық 
мағынадағы термин сөздер екендігін әдебиетші-ғалым атап көрсетеді. “Осы аталмыш сөздер төркінін, 
бергі  мағынасын  қуаласақ,  бұлар  жан  сыры  жөнінде  Абай  танымының  басым  жағы  қайда  жатқанын 
көрсетер айғақты деректер ретінде бой көрсетеді” [1,50б.], – деп жазады М.Мырзахметұлы.  
“Абайдың  діні  –  адамгершіліктің  діні”  деген  М.Әуезовтің  зерттеу  жұмыстарында  негіз  етіп 
ұстанған  тезисін  профессор  өзінің  зерттеулерінде  жан-жақты  саралап,  ғылыми  негізде  таратады.  Осы 
мәселе  жайында  ғалым  И.Жеменейдің:  “Мұхтар  Әуезов  Абайдың  исламият  ағымына  қатысты 
көзқарасын: “Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні” деп білдірген болса, Мекемтас Мырзахметұлы 
Абайдың  шығыс  әдебиетіне  байланысын  орынды  дәлелдеген.  Ендеше,  Абайды  шығыстық 
дүниетанымның, оның ішінде исламдық шығыстың ой-өрісінің әйгілі өкілі деп білуіміз шарт. Мекемтас 
Мырзахметұлы  Абайдың  исламдық  ұстанымын  айтып  та  жүр,  жазып  та  жүр.  “...Абайдың  Шығыспен 
қатынасын,  рухани  тұтастығын  жан-жақты  әлі  де  зерттей  алмай  жүрміз”  дейді.  Ол  кісінің  осы 
көзқарасын  жас  ұрпақтың  санасына  сіңіріп,  қалыптастыру  жолында  да  еңбектеніп  жүрген  жан  иесі” 
[8,123б.], – деген тұжырымы өте орынды. 
Ғалым “Құтадғу білік” пен “Кабус-намедегі” ой түйіндердің, атап айтқанда, жәуанмәрттілік жайлы 
пікірлер жемісімен Абайдың (17,38-қарасөзі, “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге” тағы 
басқа  өлеңдеріндегі  ойлардың  төркіндес  келуі  –  тамыры  тереңде  жатқан  рухани  туыстықты  деп 
көрсетеді. “Құтадғу білік” пен Абай шығармаларындағы мораль философиясы ұғымын, жәуанмәрттілік, 
толық  адам,  пенделіктің  кәмалаттығы,  хаһим,  мұлахаза,  ғылымды  жіктеу  жүйесі  сияқты  танымалы 
пікірлер  желісінен  тауып,  оған  айғақты  деректер  тобын  көптен  ұшырата  аламыз”  [1,138б.],  –  дейді 
М.Мырзахметұлы  “Толық  адам”  хақында  ғалым:  “Абай  өзі  өмір  кешкен  әділетсіз  әлеуметтік  ортаны 
және  онда  жасаушы  жеке  адамдардың  ішкі  дүниесін  ағартушылық,  гуманистік  жолмен  өзгертіп 
жақсартуға  ұмтылған  ойшыл  қайраткер  болуы  себепті,  толық  адам  туралы  өрісі  кең  күрделі  ойларға 
мейіліншe  мол  орын  беріп  отырған.  Мысалы:  “Ғылым  таппай  мақтанба”,  “Әсемпаз  болма  әрнеге”, 
“Малға  достың  мұңы  жоқ,  малдан  басқа”,  “Әуелде  бір  суық  мұз-ақыл  дерек”  өлеңіндегі  тікелей  де 
нақтылы  түрде  айтылатын  толық  адам,  “адам  болам  десеңіз”  жөнінде  айтылатын  терең  гуманистік 
пікірлері қарасөздерінде де желілі түрде іліктесіп, үндесіп жатан ойлар тобымен тоқайласқан бірлікті, 
тұтастықты сездіреді” [1,115б.].  
Бұл дәстүр тұрғысынан адам болу, толық адам болу жайлы Абай танымдарының түп-төркіндеріне 
бойласақ,  суфизм  әдебиетіне  қарым-қатынасынан  анығырақ  байқалады.  Иасауидің  “Даналық  кітабы” 
сарынындағы  суфизм  әдебиетіндегі  тәркі  дүние  идеясын  Абай  толыққанды  қабылдамаса  да,  жырлар 
бойы  уағыздалып  жатқан  камили  инсани  (толық  адам)  мен  бенделіктің  кәмалаттығы  жайлы  пікірлер 
ақын танымына айрықша әсер қалдырған сезінеміз. 
Ғалым  Абай  мен  Шығыс  арасындағы  сабақтастықты  және  осы  келелі  мәселелерді  ғылыми  айналымға 
түсірген М.Әуезов еңбектерін зерделеу арқылы абайтану, мұхтартану салаларының биік деңгейге көтерілуіне 
үлкен  үлес  қосты.  “Абайтану  мен  мұхтартануды  ХХI  ғасыр  көгіне  алып  шығу  үшін  ендігі  ізденушілер  бұл 
салада профессор Мекемтас ашқан жаңалықтарды зерделеуі, араб, парсы тіліндегі түпнұсқаларды еркін оқып, 
ұлы  Абайдың  Исламдық  Шығысқа  қатысын,  түркілік  тек-тамырын  жеріне  жеткізе  зерттеу  арқылы  қазақ 
әдебиеттану ғылымының көкжиегін одан әрі кеңейтуге ат салысуы керек” [8,133б.].  
Тұжыра айтқанда, М.Мырзахметұлы Абайдың Шығыс дүниесіне қатысты ғылыми зерттеулерінде бүгінгі 
күнге дейін бізге жұмбақ болған, күңгірттеу болып келген келелі мәселелердің ғылыми шешімін тапты. 
 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Мырзахметов М. Абай және Шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 208 б. 
[2]
 
Мырзахмет М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 б. 
[3]
 
Бердібай Р. Сенімі кәміл кемеңгер // Абай. – 1995. – № 1-2. – Б.80-87. 
[4]
 
Мұхамадиев Д. Абайтанушы. – Алматы: Evo Press, 2013. – 234 б. 
[5]
 
Әуезов M. Әр жылдар ойлары. – Алматы: ҚМКӘБ,1959. – 556 б. 
[6]
 
Мырзахметұлы М. Түркістан Тараз арасы... – Астана: Білге, 2002. –432 б. 
[7]
 
Молдаханов Ә. Төл әдебиетімізде ақтаңдақтар бар ма? // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1992. – № 10. – Б. 10-15. 
[8]
 
Мұхамадиев Д. Сан қырлы ғалым. – Алматы: Дәстүр, 2014. – 288 б. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
307 
 
Иманжапар М.Т. 
muratai2015@mail.ru 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, фиолология 
ғылымдарының кандидаты 
 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
UDC 78(574)09 
 
Creative heritage of A.V.Zataevich: new aspects of studying 
 
A.K. Omarova 
aklima_omarova@mail.ru 
PhD in Art, Docent 
Kazakh National Conservatoire named after Kurmangazy, Almaty, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет