Негізгі сұрақтар: Жаңғыру және урбанизация



Дата03.12.2023
өлшемі23,13 Kb.
#134025

14. Дәріс. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
Дәрістің негізгі мақсаты - студенттерге жаңғыру және урбанизация, миграция және жаһандық урбанизация, себептеріне, тұрлеріне түсініктеме беру және талдау.
Негізгі сұрақтар: 1. Жаңғыру және урбанизация.
2. Миграция. Жаһандық урбанизация
1. Урбанизация (лат. ұрбс - қала, ұрбанұс - қалалық) - еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы «қалалық» деген ұғымды білдіреді. Яғни, қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл - қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. «Урбанизация» ұғымын «урбанизациялану» ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны («урбанизация қарқыны»). Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарамақайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады. Урбандалу үрдісінің арқауы: - қала халқының табиғи өсімі; - ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; - қала маңы аудандарының пайда болуы; - ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция. Урбандалу түрлері: Субурбандалу - қалалық агломерациялардың қалыптасуының нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағының өсу және даму процессі. 88 Контрурбандалу - урбанизацияға кері процесс. Жалған урбандалу - қала халқының санының өсуі. Бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы. Қаладағы урбандалу үдеріс Қала халқы үлесінің өсуі - республиканың индустриялық көрсеткішінің жоғары деңгейінің белгісі. Қалаларда өнеркәсіптік өндірістер, транспорт, сауда, мәдени, ғылыми және өзге де нысандар шоғырланады. Көптеген қалалық елді мекендер әкімшілікаумақтық қызметтерді атқарады. Қала типтес кенттерде бір немесе бірнеше өнеркәсіп орналасады. Қалалардың қалыптасуы оның индустриялық дамуы, сәулеттік бейнесі мен тұрғындар саны бойынша ажыратылады. Қазіргі таңда қалаларды жіктеудің бірнеше түрі бар, олардың негізінде екі категория - қаланың ауқымы және қызмет түрлері қалыптасады. Қазақстандағы халық саны бойынша қалалар жіктелуі: - кіші (20 мың адамға дейін); - орта (50 мың адамға дейін); - үлкен (100 мың адамға дейін); - аса ірі (500 мың адамға дейін); - миллионер қалалар. Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекен бар. Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Нұр-Сұлтан (1 078 362 адам) және Шымкент (1 011 551 адам). Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді. Қала халқы Қарағанды (79,5%) және Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы өнеркәсіптің дамуымен тікелей байланысты. Урбандалудың қазіргі деңгейіне үлкен қалалардың өсуі, қала агломерацияларының қалыптасуы, мегаполистердің пайда болуы тән. Кейбір ірі өндірістік орталықтар айналасында өндірістік, транспорттық, мәдени және тұрмыстық байланыстарға ие көптеген ұсақ және орта қалалардың шоғырлауын агломерация деп атайды. Қарағанды мен Теміртау айналасында Саран, Абай, Шахты, Топар, Долинка агломерациялары т.б. қалалар қалыптасқан. Келесі агломерация - Алматы. Болашақта әлемдік және аймақтық нарықпен бірігу нәтижесінде жаңа қала агломерациялары пайда болады. Әр агломерацияның экономиканың белгілі бір саласына қатысты өзіндік мамандануы және белгілі бір бағыттары бар. Урбандалу үдерісі қарқынды байқалатын аймақтар қатарына Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары кіреді. Бұл үш аймақтың екеуінде хаб қалалар орналасқан: Орталық-шығыс макроаймақтың орталығы - Өскемен, Батыс макроаймақтың орталығы - Ақтөбе. Жалпы болжам бойынша Қазақстанда 5 хаб қала болмақ: Ақтөбе мен Өскеменнен басқа Солтүстік макроаймақ орталығы - Нұр-Сұлтан және Оңтүстік макроаймақ хабтары - Алматы мен Шымкент. Қаржылық орталықтар халқының өсу қарқыны жоспарланғаннан да жоғары екенін айта кету керек. Елдің аумақтық дамуының болжамдық сызбасына сәйкес Алматы халқының саны 2019 жылы қаңтар айында 1 854 556 мың адама жетті. Жалпы Алматы Оңтүстік макроаймақ хабы болғандықтан, Алматы - Тараз - Шымкент бағыттарын байланыстыратын ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналды. Нұр-Сұлтан хаб қаласының дамуы қала агломерациясының қалыптасуымен байланысты. Нұр-Сұлтан хаб қаласының дамуы қала агломерациясының қалыптасуымен байланысты. Агломерацияны Қарағанды, Көкшетау мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту арқылы кеңейту қарастырылған. Елорда халқы бүгінде екі миллион адамға жетуі мүмкін екені болжанып отыр. Осындай болжамдарға сәйкес қала әкімшілігі екі миллион тұрғынға есептелген "Астана мастер" жобасына халықаралық сайыс жариялады. Кіші қалалардағы өнеркәсіп бір-екі кәсіпорынмен немесе оның мүлдем болмауымен шектеледі. Бұл халықты жұмыс орындарымен, көлік қатынасымен, ауызсумен қамтамасыз етуде күрделі әлеуметтікэкономикалық жағдайдың туындауына себепші болды. Мұндай жағдайда Кентау, Жаңатас, Қаратау, Талғар қалаларына тән. Елде осы қалалардың маңызды мәселелерін шешу мақсатында жасалатын шараларды басқарып, реттеу үшін 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама аясында инженерлік инфрақұрылымды салу, өнеркәсіптік аймақтарды және индустриялық зоналарды қалыптастыру іске асырылмақ. Миграция (лат. мігратіо - көші-қон, қоныс аудару) - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар («қала-қала»), ауылдық жерлердегі («ауылауыл»), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы («ауылқала», «қала-ауыл»). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады: 90 - экономикалық; - әлеуметтік, - әскери, - демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция), - мәдени, - саяси, - діни және этникалық. Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.[1] Халықаралық миграцияның қазіргі үрдістері: Заңсыз миграцияның өсуі; Мәжбүрлі миграцияның өсуі (ең көбі Африкадан, Таяу және Орта шығысқа; әлемде қарулы қақтығыстардың өсуінен, ұлтаралық қатынастардан 80% босқындар дамыған елдерге ағылады; қаражат шығындарын қажет ететін әйелдер мен балалар қабылдаушы елге қосымша экономикалық жүктеме түсіреді); Халықаралық миграцияның демографиялық маңыздылығының аруты (Ресейде халықаралық миграция елдің демографиялық дамуында жетекші рөл атқарады; дамыған елдерде де осы үрдіс басым); Әлемдік миграциялық ағындардың жаһандық сипат алуы(барлық елдер кіреді; имииграциясы басым елдер мен эмиграциясы басым елдер анықталды); Миграция ағындарындағы сапалық өзгерістері (білім деңгейі жоғары азаматтардың үлесінің артуы, көп елдерде адамзат ұзағырақ қалуы үшін арнайы бағдарламалар енгізген - АҚШ, Франция, Канада, Швеция). Халықаралық көші-қонның негізгі экономикалық себебі - еңбекақы деңгейіндегі айырмашылық, дүниенің әр түкпірінде бірдей жұмысқа төлемақының әртүрлі болуы. Қандай да бір аймақтағы белгілі бір сала бойынша мамандардың жетіспеуі осы мамандық үшін төленетін жалақының жоғарылауына, сәйкесінші мигранттардың ағылуына мүмкіндік береді. Экономикалық мигранттар құлдыраудан қарқында дамып жатқан аудандарға қарай ағылады. Жұмыс күшінің сыртқы миграциясы үшін жоғары білікті мамандардың салыстырмалы түрде артуы тән. Көші қонның бұл формасы 1930 жылдарда Нацистік Германиядан кеткен ғалымдар ішінен таңдау мүмкіндігі туған кезден басталды. Қазіргі кезеңде жоғары білікті мамандар миграциясы Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа, Канадаға, Батыс Еуропаның кей елдеріне бағытталған. Экономикалық босқындар арасында өз елінде жұмысы бағаланбайтын ой еңбегі адамдарының үлесі жоғары. Олардың жаппай көшіп-қонуы, «ақылдың ағылуы» атауына ие болды. Соңғы жылдары саяси босқындардың мәселесі жаһандық сипат алып отыр. Көші-қонның саяси түрткілеріне өзгеше ойлайтындарды қудалау немесе саяси босқындар ағынын тудыратын соғыс жатады. Көші қонның діни себептері де жаппай сипат алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы Британдық Үндістанды бөлісу кезінде 91 миллиондаған мұсылмандар исламдық Пәкістанға, индуизмді қолдайтындар Үндістанға көшті. Экологиялық босқындар аумақ тіршілігіне қауіпті табиғи және техногендік апат нәтижесінде ластанған жерлерден көшті. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері департаментінің 2013 жылдың 11 қыркүйегінде жарияланған баяндамасы бойынша, дүниежүзі мигранттары 232 млн адамды немесе әлем халқының 3,2%-ын құрады. Әлемдегі ең ірі миграциялық дәліз көшіп-қонушылар Мексика - АҚШ 13 млн адамға жеткен (2013 ж., қаңтар - тамыз), Ресей-Украина 3,5 млн адамға, Украина-Ресей 2,9 млн адамға, Қазақстан-Ресей 2,5 млн-ға жетті. Егер бұл көрсеткіш осы қарқынмен жалғаса берсе, онда 2050 жылы мигранттар саны 405 млн-ға жетеді. Миграция типтері: - Ішкі немесе ауданаралық - әртүрлі дәрежедегі әкімшілік бірілктерді қамтиды: департаменттер, облыстар, штаттар және т.б. - Тұрақты - Қабылдаушы елге толығымен ауысу, яғни басқа жерге көшу. - Маусымдық - Маусымдық ауытқу байқалатын шаруашылық салаларын жұмыспен қамту үшін мигранттардың шығуы (АҚШ-тың Калифорния штатындағы цитрустарды мексикандықтардың жинауы, Швейцариядағы қонақүй қызметі) - Вахталық - пайдалы қазбаларды өндіретін, жетуге жолы қиын ауданға тән. - Қатынамалы - Үлкен қала аймағына тән: ауылдық мекендерде немесе кішігірім қалалар тұрғындарының басым бөлігінің үлкен қалаға күнделікті жұмысқа келіп, кешке үйіне қайтуы. - Отбасылық-тұрмыстық - Ерлі-зайыптылардың бірінің қызмет бабына байланысты көшуі, отбасының бірігуіне байланысты. - Ауылдық мекеннен қалаға - Өтпелі экономикалы немесе дамушы елдерге тән. - Қаладан ауылдық мекенге - Дамыған елдерге тән. Миграциялық сальдо - белгілі бір мерзім ішінде елге келушілер саны мен шегарадан асушылар саны арасындағы айырмашылық.
Бакылау сурактар:
1. Халық туралы заманауи зерттеулер.
2. Ауылдық жердегі өмір.
3. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері.
4. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.
5. Қазақстандағы урбанизация үрдісінің өзекті мәселелері .
Әдебиеттер.
1.Әбдібекерова Г.О. Әлеуметтану. – А.: “Қазақ университеті”, 2011ж
2. Әбсаттаров Р. , Дәкенов М. Әлеуметтану негіздері.. Оқу құралы. Т1, . – А.: “Қарасай”, 2013ж

  1. Әбсаттаров Р. , Дәкенов М. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. Т2. – А.: “Қарасай”, 2013ж

  2. Дж.Ритцер, Дж.Степницки, “Әлеуметтану теориясы” . – Алматы.: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры, 2018, 856 б.

  3. Д. Бринкерхоф, Р.Уейтс, С.Ортега. Әлеуметтану негіздері, 9 басылым. . – Алматы, 2018, 464 б


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет