Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Қазақстан Компартиясы қалалық және



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет4/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Қазақстан Компартиясы қалалық және 

аудандық комитеттері бірінші хатшыларының 

республикалық кеңесінде «Республика партия 

комитеттерінің қайта құруды тереңдету 

жағдайындағы ұйымдастырушылық және саяси 

жұмысы туралы» тақырыбында 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы,

1989 жылғы 18 тамыз

Жолдастар!

Өзіміз  мақсат  етіп  жиналған  ашық  әңгімелесудің 

қажеттігін әркім-ақ өткір сезініп отыр ғой деп ойлай­

мын. Елде қалыптасқан жағдай кеңес адамдарының, 

әсіресе,  коммунистердің  алаңдаушылығын  туғызбай 

қоймайды.  Қоғам  қайта  құрудың  қиын-қыстау  нүк­

тесінде  тұрған  бүгінгі  күні  партияның  біріктіруші, 

жұмылдырушы рөлі қай кездегіден де маңызды болып 

отыр.


100

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Бірден-ақ  айтайын:  мен  негізінде  партия  өзінің 

жетекшілік шебінен айрылды, ол қоғамдық өмірдегі 

ілгерішіл  өзгерістер  мен  үрдістерден  «кенжелеп» 

қалды  дейтін  ойға  қосылмаймын.  Егер  өткен  төрт 

жылға  қайрылып  қарайтын  болсақ,  онда  біз  қайта 

құру жолындағы партия дем берушісі мен ұйымдас-

тырушысы  болмаған  бірде-бір  елеулі  қадамды  көре 

алмаймыз.

КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пле­

нумынан бастап Бүкілодақтық ХІХ партконференцияға, 

КСРО  халық  депутаттарының  І  съезіне  дейін  қоғам­

дық  дамудың  барысына  ерекше  оң  ықпал  еткен  кең 

құлашты оқиғалардың әрқайсынан партиялық баста­

маның жарқын да дәйекті әсері көрінумен болды. Қайта 

құрудың теориялық қағидаларын жасап берген партия 

болды, қоғамның саяси, экономикалық және рухани 

құрылымдарындағы осынау кең өрісті үдерістің негізгі 

бағыттарын нұсқаған да нақ соның өзі болды. Соның 

арқасында біз бүгін жариялылық, пікірлер алуандығы, 

социалистік демократияға батыл бетбұрыс ажырағысыз 

сипатына айналған жаңаша ойлаудың сындарлы тұғы­

рнамасына ие болып отырмыз.

Әлбетте,  қайта  құрудың  барысында  адамдар  өз 

өмірінің  қожасы  өздері  екенін  барған  сайын  айқын 

сезініп, ой-пікірлерімен өзгелердің де есептесуін қалай­

тыны  түсінікті.  Міне,  сондықтан  да  партияға  деген 

сезіммен  қоса,  оның  активі  мен  аппаратына  халық 

талабының деңгейі де артып келеді. Айтпақшы, КСРО 

халық депутаттарының І съезінде қалыптасқан жағдай 

осыны сенімді түрде растап берді. Бір жағынан, съездің, 

елдің Жоғарғы Кеңесінің құрамындағы коммунистердің 


101

саны ешуақытта дәл мұндай көп болған емес, ал екінші 

жағынан, Кремльдің Съездер сарайының мінберінен 

партияның  және  оның  нақты  басшыларының  атына 

ешқашан  дәл  осы  жолғыдай  өткір  сын  да  айтылып 

көрген емес.

Бұдан  тек  бір  ғана  қорытынды  шығаруға  болады: 

қоғамның даусыз саяси авангарды болып қала отырып, 

КОКП тоқырау жылдарында көптеген партия қызмет­

керлерін әділ сыннан және қате, кейде тіпті адамгер­

шілікке жатпайтын іс-әрекеттерінен бүркемелеп келген 

өзіндік бір қорғаныс өрісінен айрылды. Бүгінде партия 

қатарында  болу  коммунист  үшін  халықтың  жалпы 

КОКП мүшесінің сөзі мен ісіне қоятын айрықша қатаң 

талаптарына бағынуға әзір екендігін білдіреді. Жасанды 

саяси жайбарлықтың уақыты келмеске кетті.

Осыған  байланысты  В. И. Лениннің  өз  қызметіне 

сыни тұрғыдан қарау революцияшыл партия үшін мін­

детті нәрсе, «дандайсыған» партияның қалпы ол үшін 

өліммен тең деген сөздерін еске алайық. Осыны ескеріп, 

КОКП жіберілген қателер туралы бірінші болып адал 

сөзін айтты, олар үшін жауапкершілікті батыл түрде өз 

мойнына алды. Сонымен бірге, партия өзін халықтан 

аластатуды, оған қарсы қоюды, адамдарды партияның 

бүкіл тарихы – партаппараттың тежеусіз билігінен туған 

қайдағы бір шарасыз қателіктер тізбегі дейтінге иланды­

руды көздейтін әралуан сынампаздық, арандатушылық 

сарындағы  қилы-қилы  айыптауларды  үзілді-кесілді 

теріске шығарады.

Біріншіден, партия – тек партаппарат емес, тағы да 

20 млн коммунист. Екіншіден, күрес көлеңкелі сипатта 

дейтін  парт аппаратпен  емес,  оның  ескілікті  қасаң 

қағидаларымен өмір сүріп жатқан қызметкерлерінің 


102

I  ТОМ. – 1989–

1991 


төрешілдігімен, біліксіздігімен, салдыр-салақтығымен 

жүргізілуі тиіс. Яғни, әңгіме партияны жаңғырту, оның 

аппаратын сауықтыру жолындағы күрес туралы.

Даусыз  кінәратсыздық  пен  ақиқатқа  бір  өзі  иелік 

етуден үміттенбей-ақ, КОКП, сонда да, биліктегі пар­

тияның рөлінен бас тартпайды. Ол өзінің бұл құқығын 

нақты істерімен дәлелдеуге ұмтылады және қоғамның 

барлық жіктерін, күллі зияткерлік күштерін ел игілігі 

үшін ортақ іске жұмылуға шақырады.

Қазіргі басты нәрсе – өз жұмысымызда қандай басым­

дықтарды таңдап, алға қойылған міндеттерді қандай 

әдістермен шешетінімізді бекем айқындап алу. Осындай 

күрмеуі қиын мәселелерді көп болып ақылдасу үшін 

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы 

бүгінгі  кеңесті  шақыруға  шешім  қабылдады.  Оның 

үстіне, алда тұрған маңызды саяси оқиғалар да осындай 

әңгіме өткізу қажеттігіне себепші болды. Менің айтып 

тұрғаным  партия  ұйымдарындағы  есеп  беру-сайлау 

науқаны, Қазақ КСР халық депутаттары мен жергілікті 

кеңестердің сайлауына, сондай-ақ КОКП-ның кезекті 

ХХVІІІ  съезі  мен  Қазақстан  Компартиясының  ХVІІ 

съезіне әзірлік. Осының бәрі, өздеріңіз түсініп отырған­

дай, жан-жақты және терең талқылауды талап етеді. 

Партия органдарының басты назары 

әлеуметтік-экономикалық проблемаларға 

аударылатын болсын

Партияның  атына  айтылған  сын-ескертпелердің 

мәнін  байыптап,  риясыз  түрде  талдайтын  болсақ, 

әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында көптеген партия 

комитеттері бұқарамен екі арадағы нәрлі байланысын 

шынымен елеулі дәрежеде әлсіретіп, адамдармен сұх­



103

баттасудан, оларды иландырып, соңдарынан ертуден 

қалғаны туралы біздің оппоненттеріміздің айтып жүр­

гені шындық екенін мойындамасқа болмайды. Қазіргі 

кезде де халықтың саясаттануының аясында жекеле­

ген партия органдарының қасаң қағидалы ойлаудың 

«қорықтары» сияқты көрінетіні құпия емес.

Ал  бүгінде  адамдардың  араласпайтын  жері  жоқ, 

соның ішінде оларды өздерін басқаратындардың ойлау 

салты да қызықтырмай қоймайды. Олар партия қыз­

меткерлерінің бұрынғысынша кабинеттерін тарс жауып 

алып, ашық-жарқын әңгімеге барғысы келмейтіндерін, 

ал  басқаша  ойлайтындардың  бәрін  экстремистердің 

санатына қосатынын сезгенде, ешқандай сенім туралы 

айтудың  да  қажеті  жоқ.  Демек,  партия  органдары­

ның жұмысын қайта құрудың басты әрі сөзсіз шарты 

томаға-тұйықтықтан  біржола  бас  тартып,  ақыры 

адамдардың ортасына барып, олармен емен-жарқын 

әңгіме барысында партияның басты мақсаты – еңбек­

шілердің мұқтаждары мен тілек-талаптарын барынша 

қанағаттандыру, олардың түбегейлі мүдделерін қорғау 

екенін дәлелдеу болмақшы. Адамдар осыны түсініп, 

осыған сенген кезде барып біз қоғамдық өмірді кеңінен 

демократияландыру жағдайында партиялық жұмысты 

жүргізуді  үйрендік,  саяси  жетекші  дейтін  атымызға 

әбден  сай  келеміз  деп  толық  сеніммен  айта  алатын 

боламыз.

Мұндай көзқарас бүгінде кез келген шептегі парти­

ялық  қызметтің  мәнін,  негізгі  арқауын  айқындайды. 

Ал егер партиялық күш-жігерді жұмсаудың неғұрлым 

басым нүктесін айтар болсақ, онда ол, сөз жоқ, әлеу­

меттік-экономикалық салада жатыр. Ең қиын-қыстау 

жағдай  нақ  осында  қалыптасып  отыр.  Әрине,  мұны 


104

I  ТОМ. – 1989–

1991 


болар іс болды деп қабылдап, назарды тек орын алып 

отырған қиғаштықтарды түзетуге аударуға болар еді. 

Бірақ мұндай жағдай не себепті орын алғанын анықтап 

көрейікші.  Біздің  қауырт  шешуге  тура  келетін  кез­

дейсоқ, тіпті ойламаған жағдайларға ұдайы тап бола 

беретініміз қалай?

Мұның негізгі себебі партия органдарының қоғамдық 

пікірді зерттеумен және талдаумен тым салғырт айна­

лысатынында болар деп ойлаймын. Ал шынында бұл 

дегеніңіз – партиялық жұмыстың барлық бағыттары 

салыстырылуға тиісті бағдар емес пе. Адамдардың көңіл 

күйі мен талап-тілегіне немкетті қараушылық партия 

комитеттерінің бұқарадан қол үзуіне, еңбекшілердің 

басым көпшілігінің еркін білу міндеттілігі жөніндегі 

лениндік қағидатты бұзуына себепші болды.

Жаңаөзендегі,  Қарағандыдағы  және  Қарағанды 

облысының басқа да шахтерлер қалаларындағы оқиға­

лар осы қорытындыны толығынан растайды. Өйткені 

еңбекшілердің  заңды  талаптарының  көбі  мейлінше 

тұрмыстық сипатта болды, ал партия және кеңес орган­

дары тиісті көңіл бөлсе, оларды жұмысшылардың бір 

бөлігінің ашу-ызасын асқындыр май-ақ шешуге әбден 

болатын еді. Қарапайым адамдардың шағымдары мен 

өтініштеріне жылдап құлақ аспау үшін нақты билігі бар 

адамдардың немқұрайдылығы қандай дәрежеге дейін 

жетуі керек еді десеңізші!

Шығармашыл және ғылыми интеллигенция өкіл­

дерімен  жақында  болған  кездесуімде  мен  адамдар 

ұдайы  және  күн  сайын  қыруар  жұмыс  уақыты  мен 

бос уақытын ысырап қылып қана қоймай, әлеуметтік 

әділеттілікке  сенімін,  төрешілдік  озбырлықты  ауыз-

дықтауға  болады  дейтін  үмітін  жоғалтатын  сауда, 



105

халыққа тұрмыс тық қызмет көрсету саласындағы көп­

теген  кәсіпорындардың,  әртүрлі  кеңселердің  жұмы­

сында қарапайым тәртіптің жоқ екенін көрсететін небір 

сорақы фактілерді келтірген болатынмын.

Жақында  мен  Алматыдағы  әртүрлі  мекемелер, 

ведомстволар,  милиция  органдары  қатардағы  аза­

маттардан талап ететін анықтама қағаздардың тізімін 

көрсетуді сұрадым. Бұлар тіркелімге тұруға, баланы 

бақшаға немесе яслиге орналастыруға және басқа да 

тұрмыстық қажеттіліктерге керекті кәдімгі анықтама­

лар болатын. Бәлкім, сіздер сенбессіздер, ал олардың 

саны 150-ге жетті. Сол орнымнан тапжылмай, ақылға 

салып отырып-ақ тізімнен 50 анықтама атауын сызып 

тастадым. Содан соң: тым асыра сілтеп, шынымен-ақ 

қажетті бірдеңені сызып жіберген жоқпын ба? – деп 

құзыретті  жолдастардан  сұрайын.  Олар  байыптап 

қарап,  әрі-бері  ойланып  барып:  дұрыс  сияқты,  бұл 

анықтамаларсыз да таң атып, күн шығады дегенді айтты.

Бәріңізден  сұрарым,  жолдастар:  осыдан  қайтып 

барған  соң  бұл  тәжірибені  сіздер  де  жасап  көріңіз­

дерші. Дәл осындай көрініске тап болатындарыңызға 

сенімдімін, өйткені уақыт деген өтіп жатыр, ал бірақ 

адамдардың  өмірін  өксітетін  қисынсыз  жосықтарды 

жөндеуде батыл алға басушылық дейтін бұрынғысынша 

көрінбейді.

Материалдық шығынды да, әлдебір төтенше күш-жі­

герді де қажет етпейтін қарапайым ғана мәселелердің 

өзі адам айтқысыз баяулықпен шешілетінін, өзіміз ұсақ-

түйек санап үйренген сансыз өмірлік түйткілдер тіпті 

де ұсақ-түйек емес кемшіліктерге соқтыратынын халық 

көріп-біліп отырса, партияның қандай абырой-беделі 

туралы айтуға болады? КОКП Орталық Комитеті бізді 


106

I  ТОМ. – 1989–

1991 


күнбе-күнгі  партиялық  жұмыстың  нақ  осы  жағына 

бағыттап отырғаны тегін болмаса керек.

Одақтас республикалар компартиялары Орталық 

комитеттері  бірінші  хатшыларының  шілдеде  өткен 

кеңесінде сөйлеген сөзінде М. С. Горбачев тура былай 

деді: «Қазір бізге өз беделімізді іспен нығайту керек, 

әр күн, әр апта, әр ай сайын тым болмаса кішігірім 

жеңістерге жетіп отыруға тиіспіз. Бізге күні ертең қан­

дай  да  бір  тапшылықтың  «көбесі  сөгіліп»,  ушыққан 

экологиялық мәселе шешіліп, көліктің жұмысы жолға 

қойылып отырғаны керек».

Бұдан шашырамау, әр істің басын бір шалмау керек 

деген қорытынды шығады. Күш-жігерді экономиканың 

2–3 көкейкесті проблемасына жұмылдырып, бірінші 

кезекте солардың түбегейлі шешілуін қамтамасыз ету 

қажет. Сол проблемаларды таңдау – жергілікті партия 

органдарының ісі. «Әлеуметтік ағзаның» қай тұсы қат­

тырақ «ауыратынын» солар жақсы білуі тиіс. Тек даусыз 

нәрсе:  таңдалған  басымдық  бірінші  кезектегі  адами 

қажеттерді қанағаттандыру тұрғысынан болсын, ал ол 

тұрғын үйге, азық-түлікке, халық тұтынатын тауарларға 

немесе денсаулық сақтауға қатысты ма – бәрібір.

Қайта  құрудың  қазіргі  кезеңінде  бұл  жұмыстың 

айрықша маңызды екенін айта тұрып, сонымен бірге ол 

тек жақын арадағы минимум-бағдарлама екенін және 

экономика саласында партия органдарының алдында 

тұрған барлық міндеттер шеңберін тіпті де қамтымай­

тынын атап көрсеткім келеді. Қайта құру бұдан да кең 

әрі  қарқынды  адыммен  жүруі  үшін  экономикалық 

реформаның өзекті мәнін құрайтын жаңа заңдардың 

нақты әрекетіне қол жеткізу керек.


107

Бүгінде кәсіпорындардың дербестігін нығайтуға, мен­

шіктің тең құқықты әртүрлі формасын жасауға, мем­

лекеттік және өндірістік монополизмді жоюға, қаржы 

дағдарысын еңсеруге және т. б. бағытталған бірқатар 

заңнамалық актілер бар. Алайда олардың қайтарымы 

біз ойлағандай емес. Тегінде, осы жақсы заңдардың бәрі 

тек қағаз жүзінде қалып тұр.

Мұны, былайша айтқанда, экономиканың қыры мен 

сырына қанық мамандар ғана емес, бүкіл жұртшылық 

көріп отыр. Қарағандының шахтерлері, мәселен, өндіріс 

пен  еңбекті  ұйымдастыруды  жақсарту  мәселелерін 

көтеріп, жоспарлаудың ескірген әдістерін, материал­

дық-техникалық  жабдықтау дың  дәйексіздігін  өткір 

сынға  алды,  сала  кәсіпорындарын  басқару  жүйесін 

түбірінен өзгерту қажеттігін батыл жақтады. Басқаша 

айтқанда, олар экономика саласындағы қайта құрудың 

жаңа заңдары – және, бірінші кезекте, кәсіпорындардың 

дербестігіне кепілдік беретін заңдар – құрғақ сөзден 

нақты тиянаққа көшуін қалады.

Бізде көкейге қонымсыз жағдай қалыптасқан: өзін-

өзі өтеу мен өзін өзі қаржыландыру, аймақтық шару­

ашылық есеп дегенде үніміз жер жарады, ал осылар­

дың бәрінің негізін – кәсіпорындардың экономикалық 

дербестігін  –  төрешілдік  қондырғысымен  тұмшалап 

тастағанбыз.  Ауыл  шаруашылығында  да  осындай 

жағдай: қаншама күш-жігер жұмсалғанымен, басқа­

рушы аппарат шаруаның дербестігі мен береке-бай­

лығына мүлдем мүдделі болмағандықтан, жалгерлік 

тым баяу, жүрдім-бардым дамуда.

Алғашқы жарты жылдықтың соңына қарай респу­

бликада  жалгерлік  мердігерлікпен  жұмыс  істейтін 

кәсіпорындар мен ұйымдардың саны өнеркәсіпте – 24, 


108

I  ТОМ. – 1989–

1991 


құрылыста – 16, саудада – 62, тұрмыстық қызмет сала­

сында 6 болды. Ал ауыл шаруашылығында небәрі 187 

жалгерлік шаруа қожалығы құрылды.

Базбір  жерлерде  шаруашылық  жүргізудің  жаңа 

түрлерінің мүшкіл халін «жымысқы» цифрлармен көм­

керіп, жұртты адастырғысы келетіндер бар. Статистика 

мәліметтері  бойынша,  мәселен,  тек  республиканың 

өнеркәсібінде ғана 710 мың жұмысшыны біріктіретін 

46-дан аса шаруашылық есеп бригадалары құрылған 

болып шығады. Ал шындап келгенде, бригадалардың 

тек үштен бірі ғана шаруашылық есеппен жұмыс істейді 

және олардың тек 8 %-ы ғана мердігерлікке көшірілген.

Мұндай  «Потемкин  қыстақтарын»  қауқитқаннан 

кімге пайда келеді? Көркі – әсем, астары – бәсең осындай 

алдамшы көріністерді жасауға кім мүдделі? Меніңше, 

айрықша бас қатырудың қажеті шамалы, жауабы айдан 

анық. Шаруашылық жүргізудің жаңа түрлеріне қарсы 

болатындар – шаруашылық есеп келіп, билігінен, лау­

азымынан,  маңдай  терлемей-ақ  шылқымайға  батып 

өмір сүру мүмкіндігінен айрылғандар. Қысқасы, әңгіме 

басқару аппаратының жалгерлік жағдайында іс басынан 

шеттеліп қалатын бөлігі туралы.

Осыдан шығатын стратегиялық міндет – партиялық 

ықпалдың барлық күшін халықтың бастамашылдығын 

тежеуін  қоймай,  қулығы  мен  сұмдығын  асырып, 

адамдардың жаңаша өмір сүріп, еңбек етуге деген құл­

шынысына кесел келтірумен келе жатқан төрешілдіктің 

тассауытын  талқандауға  бағыттау.  Біз  шаруашылық 

жүргізудің  ілгерішіл,  өміршең  түрлерін  енгізу  үшін 

күресіп  жүрген  жалгердің,  кооператордың,  жұмыс­

шының жолына тосқауылды нақты кім қоятынын көре 


109

білуіміз керек. Жаңа экономикалық үдерістердің табиғи 

даму арнасына қойылатын жасанды бөгеттерді көріп, 

батыл жойып отыруға тиіспіз. Менің ойымша, бүгінгі 

экономикаға  партиялық  басшылықтың  басты  мәні 

осында болса керек.

Ырғалып-жырғалатын уақыт жоқ, ХІІІ бесжылдыққа 

жаңғырған экономикамызбен қадам басу үшін респу­

бликаны өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруға, 

бұрын  көзделгеніндей,  1991  жылдан  емес,  енді  1990 

жылдан  бастап  көшіруге  байлам  жасалды.  Ашығын 

айтқанда, бізге өзіндік бір сынақ полигоны қажет, сол 

жерде «жейтін таяғымызды жеп, көгеретін көзімізді 

көгертіп», есесіне жаңа бесжылдықты тиісті машығы­

мызбен және тәжірибемізбен сақадай сай болып бастар 

едік.


Бірақ республика – облыстардан, облыстар – қала­

лар мен аудандардан тұрады ғой. Сондықтан да біз осы 

залда отырған партия комитеттерінің хатшыларынан: 

жергілікті шаруашылықты дербес жүргізу принципін­

дегі  жұмысқа  көшіру  үшін  қаланың,  ауданның  дең­

гейінде сіздер не тындыр дыңыздар, жолдастар? – деп 

сұрауға қақылымыз.

Бұл – қызыл сөздің сұрағы емес. Шамалы уақыттан 

соң оны сіздерге өз коммунистеріңіз бен барша еңбек­

шілеріңіз қоятын болады, ал олар жалпылама сөздерге 

қанағаттана қоймасына күмәндарыңыз болмасын. Олар 

істелген істің толық есебін талап етеді, өйткені шару­

ашылық  есеп  дегеніміз  –  дерексіз  ұғым  емес,  нақты 

өмірмен, адамдардың әл-ауқат деңгейімен тығыз бай­

ланысты категория. «Ұялмаған бұйыр мағаннан татады» 

дейтін  ескі  ережені  де,  әртүрлі  көмектен  дәметіп 



110

I  ТОМ. – 1989–

1991 


республикалық органдарға қол жаятын тілемсектікті 

де ұмытуға тура келеді. Қазірдің өзінде қалада немесе 

ауданда  еңбекпен  табылатын  әрбір  сомды  есептеп, 

ескеріп отыру керек. Нақпа-нақ экономикалық есепке 

негізделген саяси иландыру әдісі арқылы жаңа жағдайда 

қалай және ненің есебінен өмір сүретінімізді, тұрмысы­

мыз дәулеттірек, бақыттырақ, өркениеттірек бола түсу 

үшін не істеуіміз керектігін халыққа табандылықпен 

түсіндіре беру керек. 

Кейбір аймақтар, нұсқаулар мен директиваларды 

күтпей-ақ,  бұл  жұмысқа  кірісіп  кеткендері  ғанибет 

болды.  Мәселен,  Теміртау  қалалық  партия  коми­

тетінің  қызметі  қолдауға  лайық.  Мұнда  қазірдің 

өзінде-ақ  аумақтық-шаруашылық аралық  бірлестік 

құрылып, қызмет органдарының міндеттері мен шарт­

тары  анықталды,  жалпықалалық  бағдарламалардың 

қаржылық көздері белгіленді. Бұдан басқа, кәсіпорын­

дардың  еңбек  ресурстары  үшін  қалалық  бюджетке 

салатын жарналарының, аумақтарды пайдалану үшін 

алынатын  сараланған  ақының  нормативтері  тұжы­

рымдалып,  қоршаған  ортаны  ластайтын  заттарды 

тастау үшін төлемдер анықталды.

Өкінішке қарай, жағдай барлық жерде бұлай емес. 

Қалалар мен аудандарды айтпағанның өзінде, бірқа­

тар облыстар әзірлік жұмыстарына тіпті кіріскен де 

жоқ, немесе оны тым баяу жүргізуде. Бәріңізден өтініп 

сұрайтыным: осы жұмысты өздеріңіздің жеке бақылау-

ларыңызға алып, ұдайы қарқындата беріңіздер, эконо­

микалық реформаны ойдағыдай іске асыру үшін, ал 

одан да жоғары алғанда – республиканың болашағы, 

қайта құрудың тағдыры үшін оның маңыздылығы мен 

қажеттілігін түсінетіндей жағдайға жетіңіздер.



111

Партиялық басшылықтың саяси әдістерін 

табандылықпен орнықтыра берейік

Назар аударғым келген мәселелердің ендігі бір тобы 

жаңа қоғамдық-саяси жағдайдағы партия жұмысының 

стилі мен әдістеріне қатысты. Мұндағы өзекті орынды, 

сөз жоқ, партия, кеңес және шаруашылық органдары 

міндеттерінің ауқымын шектеу проблемасы алады.

Мәселенің теориялық қырларына бойламай-ақ айтар 

болсам, партия мен Кеңестердің өзара әрекеттестігінің 

жаңаша құрылымын жасау – елде жүзеге асырылып 

жатқан  саяси  реформаның  аса  маңызды  құрамдас 

бөлігі, ал оның даму деңгейі көбіне-көп социализмді 

жаңғырту жөніндегі іс-әрекеттердің ақтық нәтижесін 

анықтайды.

Дегенмен міндеттерді шектеудің объективтік қажет­

тілігін түсінуден оны іске асыруға дейінгі екі аралық 

айшылық жол десе де болады. Талдау көрсетіп отыр-

ғандай,  «Барлық  билік  Кеңестерге  берілсін!»  дейтін 

ұранның іске асуы жөнсіз созылып кетті, сөйтіп, Кеңес-

терді іс жүзінде партия органдарымен алмастыру тек 

жасырын, біршама бүркемелі түрде жалғасып жатыр. 

Қалалық және аудандық партия комитеттері бірінші 

хатшыларының басым көпшілігі тікелей шаруашылық 

мәселелерін шешумен айналысады да әртүрлі даулы 

жағдаяттарды қараған кезде басқарушылық-өкімшілік 

міндеттің тізгінін өз қолдарына алады.

Егер істің байыбына бармай, тек сыртқы көрініске 

көңіл аударатын болсақ, біз экономикаға партиялық 

басшылықты қайта құра алмаймыз. Таза шаруашылық 

мәселелерді тұжырымдау бюро мен партком мәжіліс-

терінің күн тәртібінде әрдайым басшы коммунистердің 

көпірме есептерімен алмастырыла беретін болса, одан 


112

I  ТОМ. – 1989–

1991 


шынымен-ақ оң нәтиже күтуге бола ма? Шынтуайтында 

олардың күні кеше тәжірибеде болған «сазайын беру­

ден» айырмашылығы шамалы.

Партия органдарының өздеріне біржола қалдыратын 

жалғыз құқығы – Кеңестер мен халық шаруашылығында 

істейтін  коммунистерден  партиялық  жауапкершілік 

талап ету болуы тиіс. Және тек оңаша жағдайда, айта­

лық,  аудандық  немесе  қалалық  комитет  бюросында 

ғана емес, сонымен бірге баспасөз, телевизия, радио 

арқылы оларға тиісті талап қойып, оның не мәселеге 

байланыс ты  қойылып  отырғанын  бүкіл  халықтың 

білуіне жағдай жасалуы керек.

Міндеттерді  шектеу  мәселелерімен  тек  экономи­

калық қана емес, қоғамдық, құқықтық, рухани өмірде 

қоян-қолтық (әрі дерексіз, теориялық түрде емес, мей­

лінше нақты түрде) айналысуға тура келетін уақыт та 

алыс емес. Алдымызда әлдеқайда күрделі қиындықтар 

күтіп тұрса да, бұл жайды ойлай бермейтініміз бар. Ал 

егер алғашқы сабақтарды игеріп алмасақ, бұдан әріде 

саяси басшылықтың күрделі ғылымын меңгеру тіпті 

қиынға айналуы мүмкін.

Қайта құрудың басты қуат көзі әлі де болса биліктің 

жоғарғы сатысында. Басқаша айтқанда, революциялық 

жаңғырудың негізгі толқындары төменнен жоғары емес, 

жоғарыдан төмен түседі. Демек, әзірге жергілікті жер­

лердегі демократиялық өзгерістердің жүзеге асырылуы 

да, орталыққа қарағанда, едәуір баяу екені заңды. Бұл 

жағдайда аудан, қала және облыс деңгейінде биліктің 

бір қолға шоғырлануы қайта құру үдерісінің қарқын­

дауына септігін тигізе қоюы неғайбіл. Қайта керісінше 

әрі, сөз жоқ, ұнамсыз жағдайға тап боламыз.


113

Егер  жергілікті  Кеңестің  төрағасы  болып,  парти­

ялығына және қызмет орнына қарамай, абырой-беделі 

бар кез келген депутат отырса, әлдеқайда демократиялы 

болар еді. Мұндай көзқарас Конституцияға да, қайта 

құрудың  қазіргі  кезеңіне  де  толық  сай  келеді.  Оның 

үстіне, билік туралы мәселе жақын арада өтетін Қазақ 

КСР Жоғарғы Кеңесі мен халық депутаттары жергілікті 

Кеңестерінің сайлауында шешілетін болады.

Сайлау науқанының барысында партия комитеттері 

мен ұйымдарының алдында қандай негізгі міндеттер 

тұр?  Бастысы  –  сайлаушылардың  лайықты  өкілдері 

болып,  қайта  құру  жағдайында  кеңес  органдарында 

жауапкершілікпен  жұмыс  істей  алатын  депутаттар 

жасағын  қалыптастыру.  Халықтың  мүддесін  қорғай 

алатын,  революциялық  жаңғыртудың  қажеттілігіне 

қалтқысыз сенген, қайта құруды жақтайтын адамдар­

дың сайлауына қамқорлық жасау керек.

Өткен  сайлаудың  сабақтарын  ескеріп,  партия 

комитеттерінің іс-әрекетіндегі жалтақтық пен батыл­

сыздықтан арылған жөн. Ұзақ жылдарғы даусыз саяси 

жайлылық  жағымсыз  «жаңғырығымен»  қайтқаны 

жасырын емес. Талайлар тіпті саяси күрес жүргізуден 

шығып қалғаны белгілі болды. Әралуан мансапқорлар, 

көкмылжыңдар  депутаттық  мандат  алуға  жанталаса 

кіріскенде,  оларға  лайықты  тойтарыс  беруге  партия 

органдарының бәрі бірдей қабілетті болмай шықты. Ал 

базбіреулер партия қызметкерлерінің демократиялық 

үдеріске  араласу,  оның  барысына  қалай  да  болсын 

ықпал жасау орынсыз болады деп, бұған өзіндік бір 

тиянақ іздей бастады. 

Бүкіл дүние жүзінде кез келген партияның басты 

мақсаты мен негізгі міндеті – билік үшін күрес. Партия 


114

I  ТОМ. – 1989–

1991 


аппаратының сайлаудан сайлауға дейінгі күллі қызметі 

соған  бағынады.  Сонда  біз  неге  келісімпаз  қорғаныс 

шебінде қалуымыз керек? Сол туралы ашық әрі адал 

ниетпен, дауысымыз жеткенше айтудан неге жасқана­

мыз?

Партия  мен  Кеңестердің  өзара  қарым-қатынасы 



туралы айтқанда, Кеңес пен партия комитетінің қыз­

меттерін бір адамның үйлестіруі жайындағы мәселені 

қозғамай кетуге болмайды. Бүкілодақтық ХІХ парткон­

ференция өкілетті органдардың рөлін арттыру мақса­

тымен осындай үйлестірудің пайдасына пікір білдіргені 

белгілі. Алайда конференцияның барысында да, одан 

кейін де бұған жұрттың бәрі бірдей түсіністік білдіре 

қойған жоқ.

Қоғамдық пікірге жүргізілген талдауды, елдегі әлеу-

меттік-саяси  жағдайды  ескере  келіп,  КОКП  ОК  Бас 

хатшысы М. С. Горбачев партия комитеттерінің бірінші 

хатшылары мен Кеңестер төрағаларының лауазымда­

рын үйлестіру туралы конференцияның саяси нұсқауы 

үзілді-кесілді сипатқа ие емес екенін атап көрсетті. Бұл 

мәселені нақты саяси жағдайды ескере отырып шешу 

керектігі ұсынылды.

Егер  қайта  құрудың  барысын  риясыз  бағалайтын 

болсақ, онсыз да түсінікті нәрсе: өз кандидаттарымыз-

 ды біз неге қорғауымыз керек? Қайта құруға, қалың 

бұқараның мүдделеріне шындап берілген коммунистер 

халық арасында қалтқысыз беделге ие емес пе?

Мұндай «ұялшақтықтан» батыл түрде бас тартып, 

үгіт-насихат жұмысының қазіргі жағдайда өзін ақта­

маған  енжар  әдістерін  түбегейлі  алмастыру  керек. 

Партия қызметкерлері өз кандидаттары үшін күресіп, 

олардың белсенді ұстанымын, партиялық кемелдігін, 



115

халық  мүддесін  қорғай  алатын  біліктілігін  көрсете 

білулері керек.

Сондай-ақ сайлау науқаны барысында толып жат-

қан  әлеу меттік-шаруашылық  өткір  проблемалар, 

тұр мыстық, экологиялық тұрғыдағы толғағы жеткен 

мәселелер  көтерілетіні  де  есте  болғаны  жөн.  Демек, 

партия комитеттері насихаттық қызметпен қоса кеселді 

нүктелерге  де  көңіл  аударып,  кеңес,  шаруашылық 

органдарынан оларды жоюдағы нәтижелі істерді талап 

етулері керек. Осындай нақтылы жұмыс болма йынша, 

халықтың қолдауынан, қайта құрудың алғы шебінде 

болу құқығыңды қорғап қалудан үміт етудің өзі қиын.

Басшылықтың саяси әдістері туралы әңгіме ауанында 

партияның кәсіподақ ұйымдарымен өзара қарым-қа­

тынасы тақырыбын да қозғай кету орынды. Оларға өз 

ықпалымызды ең алдымен сонда істейтін коммунистер 

арқылы жүргізуіміз керек. Бірақ, әрине, бұрын талай 

болғанындай,  олардың  әр  адымын  бақылау  түрінде 

емес,  КОКП  мүшелерінің  жоғары  саналылығы  мен 

жауапкершілігіне сенім арту арқылы.

Бүгін  жүріп  жатқан  қоғамдық-саяси  үдерістерде 

кәсіп одақтардың орны мен рөлі елеулі түрде өзгере 

бастағанын  есте  ұстау  керек.  Мәселен,  олардың  эко­

номикалық  реформаны  жүзеге  асыруға  қатысуын 

алайық. Мұнда олардың алдына экономиканы басқару 

мен еңбекшілер мүддесін қорғаудың жаңа пішіндерін 

тарату міндеті қойылады. Бұлар, ең алдымен, еңбекке 

ақы төлеу, азық-түлікпен және халық тұтынатын тауар­

лармен қамтамасыз ету мәселелері. Бұлар – қауіпсіздік 

техникасы,  әлеуметтік  қамсыздандыру,  адамдардың 

тұрмысы  мен  демалысын  ұйымдастыру  мәселелері. 

Яғни, әңгіме тұп-тура ұжымдардағы моральдық-пси­


116

I  ТОМ. – 1989–

1991 


хологиялық ахуалға тікелей ықпал ететін және кейде, 

Қарағандыда болғаны сияқты, елеулі әлеуметтік қобал­

жушылық туғызатын проблемалар тобы туралы болып 

отыр.


Сол бір мазасыз күндерде мен шахтерлермен митин­

гілерде  де,  кәсіпорындарда  да,  ереуіл  комитетінде 

де ондаған кездесулер өткіздім. Шынымды айтайын: 

жергілікті кәсіподақ жетекшілерінің атына айтылған 

азын-аулақ бәрекелді дейтін сөздің бірде-біреуін естіген 

емеспін. Бұл нені білдіреді? Ең алдымен бұл біздің кадр 

таңдау және орналастыру тұрғысындағы жұмысымыз­

дың түкке тұрмайтынын көрсетеді. Жасыратын несі бар, 

әдетте  адамдарды кәсіподақ қызметіне жіберу «қал­

дық» принципі дейтінмен жүргізіледі. Партия, кеңес 

жұмысында өзіңді көрсете алмаған екенсің, кәсіподаққа 

барып, зейнеткерлікке шыққанша сонда жұмыс істе!

Бәлкім, мен тым артықтау айтып, біреулерді ренжіт­

кен де шығармын, бірақ шындықтан ешқайда жалтара 

алмайсың. Қай жағынан қарасаң да, кадр мәселесін­

дегі ақаулар «менмұндалап» тұрады. Осы мәселедегі 

көрсоқыр  саясатымыздың  ащы  жемісін  енді  татып 

отырмыз.


Ал лайықты адамдар бар ғой және аз да емес. Сол 

әлгі Қарағандыда ереуіл комитетінің мүшелерін тыңдай 

отырып: міне, осындай жігерлі, пайымды, сөздің жақсы 

мағынасындағы «азулы», жалындаған жастарды кәсіп-

одақ жұмысына жіберсе ғой! – деген ойға қалдым. Олар 

тау қопарар еді ғой! Тіпті болмағанда, төрешілдікке бой 

алдырған басшылардың бетін жұмысшы табының про­

блемаларына қарата алар еді. Кәсіподақтардың билігіне 

халық білетін және сенетін адамдар келуі үшін, кадрлар 

резервін солардың арасынан іздеу керек.



117

Ал біз ескі дағдымызбен номенклатуралық анкета­

ларды ақтарумен боламыз да кәсіподақ жетекшісінің, 

және басқалардың да, бет-бейнесін анкета емес, нағыз 

көсемдік қасиеттері айқындайтынын ұмыта береміз. 

Менің ойымша, қазір кәсіподақтарда өтіп жатқан есеп 

беру-сайлау науқанын бұрынғы қателіктерді түзетіп, 

жұмысшы  қозғалысын  жаңа  күштермен  толықтыру 

үшін барынша пайдаланып қалу керек сияқты. Неге 

десеңіз, В. И. Ленин кәсіподақтарды коммунизм мектебі 

деп тегін атамаған ғой.

Комсомолға партиялық басшылық тәжірибесіне де 

белгілі бір айқындық енгізу керек. Партия комитеттері 

комсомол ұйымдарына қатысты өктемдікке тіпті де жол 

бермеулері, олардың күнделікті жұмысына араласпау­

лары керек. Дегенмен жастар ұйымында жүріп жатқан 

үдерістерді талдау, онда жұмыс істейтін коммунистер­

ден  жауапкершілік  талап  ету,  ығыр  қылмайтын,  ізгі 

ойлы тәлімгерлік – бәрі-бәрі біздің міндетімізде.

Дәл  қазір,  комсомолда  есеп  беру  мен  сайлау 

өтіп, оның басшы органдары қалыптасып жатқанда, 

БЛКЖО-ны ұйымдық-саяси жағынан нығайтуға көмек­

тесуді аса маңызды міндет деп санауға тиіспіз. Комсо­

мол комитеттерінде жұмыс істеуге беделді жас ком­

мунистерді, революциялық қайта құруға құлшынған 

жастарды тартуға қамқоршы болу керек.

Бұқара  арасында  саяси  жұмыстың  аса  өктем  әрі 

мейлінше аз реттелген саласы – бейресми қозғалыстар. 

Қоғамдық  мүдделердің  саналуандығын  бейнелейтін 

олардың қауырт өсуі, турасын айтайық, партия ұйымда­

рының өмірін елеулі түрде күрделендіріп жіберді және, 

сонымен бірге, көптеген адамдардың демократиялан­

дыру  мен  пікір  алуандығы  жағдайындағы  жұмысқа 

мүлдем әзір еместігін аймандай етіп ашып берді.



118

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қылмыс  әлеміндегі  сыбайласқан  элементтер  мен 

арам ойлы пысықайлардың қолында жымысқы мақ­

саттарға жетудің қаруына айналатын саяси болжамсыз, 

идеялық дүмбілез адамдарды біріктірген «бейресми» 

топтардың мейлінше белгілі бөлігі жайында айтпай-ақ 

қояйын. Олар, былайша айтқанда, белгілі бекбикелер 

ғой.

Ал іс-әрекетін Конституция шеңберінде жүргізетін 



және  кеңес  қоғамының  мүдделеріне қайшы  келмей­

тін  қоғамдық  құрылымдарға  келетін  болсақ,  мұнда 

бұқараның  күш-қуаты  мен  азаматтық  құлшынысын 

қайта құрудың мақсатына барынша пайдалану үшін 

қалыптасқан таптаурыннан шеттей тұрудың маңызы 

өте зор. Адамдардың еркіндікке деген ыстық ықыласын, 

қайта құру үдерістерін өздерінше, мейлінше дара түрде 

қабылдауға талпынысын түсіну керек.

Төменнен айтылған көптеген ұсыныстар қабыл алы­

нып, табан аузында және жақсы қайтарымымен іске 

асырылуы мүмкін екенін тәжірибе көрсетті. Ал әуелде 

оларға,  былайша  айтқанда,  өре  түрегеліп  қарсылық 

көрсеткендер, бейресмилерден жын көргендей үркіп, 

бойларын аулақ салғандар болды ғой. Тіпті қазір де 

олармен  жұрттың  арақатынасы  керемет  болып  кете 

қойған жоқ.

Әрине, өзара түсіністікке жетудің жолы оңай емес. 

Бірақ  ол  неғұрлым  қысқа  болсын  десек,  әрекетшіл 

адамдарды тек тыныштықты бұзушылар деп санамай

дұрыс  бағалай  білуіміз  керек.  Қысқасы,  халықтың 

үніне құлақ асу, оның жетекшілік міндеттерді батыл 

қолға  алып,  белгілі  бір  әлеуметтік  топтардың  еркін 

білдірушілерге айналатын бейресми өкілдеріне риза­

шылықпен қарай білу маңызды.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет