Нысаналы оқыту технологиясы Жоспар


Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру -



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі22,06 Kb.
#13417
1   2   3   4   5   6   7
Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру - Оқушылардың нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі тиіс, егер олқылықтар байқалса, толықтыру жасауы қажет. Әдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.

Тапсырма беру - Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан алған білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. бұған әдетте 1-2 минуттай уакыт ажыратылады.

Жоғарыда көрсетілген бес жалпылама барыс ( кезең), мүлде өзгермейтін қағида емес, оқытудың іс жүзіндегі ыңғайына карай оны толықтырып тағы да басқыштар қосуға немесе кей басқыштарды алып тастап, өзіңнің оқыту жоспарыңа тіке байланысты басқыштарды ғана пайдалануыңа әбден болады.

Жалпы алғанда, «Нысаналы оқыту технологиясы», қазіргі заманғы оқыту талабы қойған: зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жақсы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет