Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі


Қазақ тіліндегі этнонимдердің гендерлік қыры



бет12/18
Дата07.01.2022
өлшемі92,64 Kb.
#19226
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
2.2. Қазақ тіліндегі этнонимдердің гендерлік қыры
Этноним дегенде ойымызға оралар бірден-бір сөз – шежіре. Шежіре ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты бар екеніне, тірлікке, бірлікке, ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған. Шежіре – қазақты онан әрі жікке бөлу мақсатында емес, керісінше бүгінгі жастарымыздың ұлт тарихында өшпес із қалдырған атақты арғы аталарын, ақ жаулықты аналарын, өзінің шыққан тегін біліп жүрсін деген ниетпен келер ұрпаққа аманат ретінде қалдыратын мол мұрасы. Бұны біз ұлттық ерекшелік деп атасақ та артық болмайды, себебі бұл үрдіс тек біздің халықта ғана сақталған дәстүр. Көшпенділер арасында әйел-анаға деген айрықша құрметтің ертеден-ақ қалыптасқан ұлы дәстүр екенін тарихи ескерткіш белгілерден де көруге болады. даламызда әйел-ананы бейнелейтін қыз-тас, келіншек-тас, кемпір-тас түріндегі тас мүсіндер көп. Сонымен қатар, сәулетті деген әсем ғимараттар, кесенелер әйел-аналарға арналған. Сыр бойындағы Көккесене, Бикем мұнарасы, Сырлы там, Талас бойындағы Айша бибі, Баба әже, Сарысу бойындағы Белең ана, Болған ана, Жұбан ана, Арал маңындағы Бегім ана күмбез-кесенелері сыр-сымбатымен күні бүгінге дейін жұртшылықты өзіне тәнті етеді. Ал бір рудың, бір елдің шежіресін білу неге керек дер болсақ бұған бүгінгі ғылым тілімен де жауап беруге болады. Мәшһүр Жүсіп атамыз айтқандай «руын білмеу – атасыздыққа, тексіздікке, қансыздыққа» ұрындырады. Осы түсінген ата-бабаларымыз: аталы ұлға сөз берсе – алты атасын мақтайды, жетесізге сөз берсе – жеті атасын боқтайды деп өнегелі сөз қалдырған. Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен, қасиеттілігімен өзінің маңызын жоймай келе жатқан халқымыздың тәлім-тәрбиесі ұрпаққа рухани азық. Халқымыздың тілін, ата салтын, тарихын, ұлттық дәстүрін ұмытып, адамгершілік өресінен табылар құндылықтардың парқы азайған уақытта ана тілінің нәрлібастауынан, көкірек көзін ашатын қайнардың арнасын, көзін ашу – тіл қасиетін тұщына түсінуге бастар жол. Тілдегі мың сан мағыналық бірліктерді жинастыра отырып, оларды жаңадан өріс алып келе жатқан тіл біліміндегі жас сала – гендерлік лингвистика тұрғысынан саралау – алтын сандықтың аузын ашқанмен бірдей. Сондықтан да ру-тайпа аттарының гендерлік қырын топшылау – біздің зерттеу жұмысыымыз үшін ғана өзекті емес, сондай-ақ бүгінгі тіл ғылымы үшін де таптырмас мәйек. Мұнда қарастыратынымыз – ру атауларының әйел кісі аттарымен байланыстылығы. Ата тек деп тегін айтпаған халқымыз неліктен кейбір ру атауларын әйел-ана есімдерімен беріп отырған? Міне, бұл толғандырар сұрақтың шешімі біздің жұмысымыздың арқауы болмақ. Жалпы қазақ этнонимиясында, шежіресінде кездесетін әйел аттарына байланысты қойылған ру аттарын зерделегенде назарға түсер басты жәйт – ру аттарының тек аналарға берілуі. Әйел болса да ел бірлігін, ел тыныштығын мақсат тұтқан аналарымызға берілген бұл құрмет, әрине, лайықты дерсің, олардың жасаған ерлік істерін көргенде. Ру ұранына шыққан әйелдер, аналар қазақ тарихында аз болған жоқ[8]. Қай-қайсысын алып қарасақ та ол аналарымыздың сол құрметке ие болуы заңды нәрсе сияқты. Қарға тамырлы қазақтың қай бірлестігін алсақ та әйел-ана атымен аталатын ру-тайпаларды жиі кездестіреміз. Төменде біз әйел-ана атынан қойылған ру атауларындағы гендерлік ерекшеліктерді талдайтын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет