ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ CПOРТ
МИНИCТРЛІГІ
CПOРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІCТЕРІ КOМИТЕТІ
«РЕCПУБЛИКAЛЫҚ CПOРТ КOЛЛЕДЖІ» РМҚК
«Оқыту принциптері мен заңдылықтары»
Курcтық жұмыc
Oрындaғaн:3 курc cтуденті:Мусаева Аяжан
Текcерген:Еcенбaевa Гүлжaнaт Жoлдыбaевнa
М А З М Ұ Н Ы
І КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І БӨЛІМ. ОҚЫТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СИПАТТАМА
1.1 Оқыту заңдылықтары мен принциптері ............................................................6
1.2 Оқыту заңдылықтары және олардың жіктелуі................................................11
ІІ БӨЛІМ. ОҚУ ПРОЦЕСІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА СИПАТТАМА
2.1 Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы.................................................................................................................18
2.2 Негізгі әдістемелік принциптер........................................................................21
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................25
СІЛТЕМЕЛЕР..........................................................................................................26
Кіріспе
Сабақ оқу процесіндегі ұйымдастыру формасының бір ғана түрі емес, экскурсия, лекция, семинар, практикалық жұмыстар т.б. оқу процесін ұйымдастырудың түрлеріне жатады. Олардың дидактикалық мақсаты сабақ мақсатымен салыстырғанда тарырақ, әрі бір жақты деуге болады. Сабақты жетілдірудің басты шарты - білім беру мазмұнын ғылыми тұрғыда белгілеу және оқушылардың білім игеру заңдылықтарын айқындау [1].
Оқыту процесінің заңдылықтары оның қағидаларында бейнеленеді. Қағида «принцип» - латын сөзі – негізгі бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.
Оқыту процесінің бірнеше принциптерін, яғни, қағидаларын атауға болады.
Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. ¤йткені, оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұның, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғаліммен оқушылардын іс-әрекеттердің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.Оқушыларды еңбектік іс – әрекеттің түрлеріне қатынастарын, әрекеттің қоғамның түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай етуіміз керек.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқу-шылар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарымқатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т. б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқы-тудын, мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бірбірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күш-теріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер қойылатын талап оқушылардың мүм кіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілегін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығыу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нә-тижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакциялы бейтарап реакция деп атайды.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәр-бие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сырт қы факторлар зиянды әсер етеді.
Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А. С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю. Қ. Бабанскийдің, И. Я. Лернердің, И. Ф. Харламовтың енбектерінде кең көлемде баяндалған. Осы тұрғыдан педагогиқалық процесс заңдылықтарын оқу бағдарламасы негізінде қысқаша сипаттауды қажет деп таптық.
Кұбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің зандылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұнда зандылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады[2].
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына бай-ланысты заңдылығы. Мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздін, әлеуметтік-зкономнкалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептін оқуматериалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс ти-імді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
Л. С. Выготокийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудын бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді медгеру негізіиде ғана игі әсер етеді. Егер оку-шы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзініц жауапкершілі-гін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы уйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде балаиың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белссн-ділігі дамиды, затт-ың мәнін, ғылыми ұғымдарды терен түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқыту іс-әрекеті шешуші роль аткарады, Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, енбек, көркемдік, қоғамдык іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланын, ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, әстетикалық- қаснеттері қалыптасады, енбек етуде жауап-кершілік сезімі артады[3].
Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол ХҮІІ ғасырда Ресейдің Львов, Луцкая және басқа да облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің "Ұлы дидактика" кітабында атап көрсеткен. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |