Оқыту психологиясы жоспар



бет1/13
Дата03.10.2023
өлшемі52,08 Kb.
#112863
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Оқыту психологиясы

ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жоспар

Білім беру процесіндегі оқыту. Оқыту мен дамыту.


Оқытудың психологиялық теориялары.
Білім беру технологиялары.
Оқыту процесінде танымдық іс-әрекеттердің дамуы.

Үздіксіз білім адам өмірге келгеннен бастап, соңғы күнге дейін бітпейтін – толассыз, тоқтаусыз білім (Сократ, Платон).

Білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі»

(Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский).


  • Білім беру – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын құзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).

  • «Білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» (В.С.Безрукова).

  • Білім беру - жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО,1997).

«Білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік).

Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі (Педагогикалық энциклопедия).




«Білім беру - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігінің жүйесі» (И.П.Подласый).
Білім беру – адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (В.А.Сластенин).
Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет