Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13





Оңласын Айдын 
Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- Түркістан : 2020 - 53 б. 
Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма ,өлең сүйер оқырманға
арнаймын. 
Сөз алды 
Назарыңыздағы жинақ – менің алғашқы талпынысым. 2013 жылдан бері 
жазылған 45 өлеңді жинауға шешім қабылдадым .
Бұл жинақ оқырманға 
пайдалы болар деп үміттенемін. 
Оңласын Айдын 
2020 жыл,10 қазан ,Созақ ауданы 
© Оңласын Айдын ,2020 



ТУҒАН ЖЕР-ҚУАНЫШЫМ 
Ұлымын мен қазақтай паң халықтың, 
Бабамдай боп Еуропаға барыппын. 
Дүйім елді қорғап өткен тұлғаның
Жолын жалғар ізбасар боп қалыппын. 
Жеткен биік жетістігім көп менің, 
Елге жақпын,мен әрдайым біргемін. 
20 жасқа келген қалам-жүрегім, 
Ол-Астана,бой түзеген іргелім. 
Ашық аспан тілейінші еліме, 
Астанама,қазағымның төріне. 
Рухымыздың жаңғыруы саған да, 
Керек екен күллі жұрттың бәріне. 
Көзің жетіп,ішің жылып қалады, 
Қолда барда еркіндігім бағалы. 
Жат адамдар түтініңді түтетпес, 
Біздің отты қазақ қана жағады. 
Өн бойымда көк түріктің қаны бар, 
Ата сөзін тұмар қылып тағынар. 
Елдік туын таптатпайтын табанға, 
Керек әр кез намыстылар,арлылар. 
 



ТАТУЛЫҚ – ТІРЕГІМІЗ 
 
Қандастарды бауырымдай көремін, 
Жайма шуақ көңіліне сенемін. 
Қарындастар түтін түтет кел-дағы, 
Қонақжаймын,төрден орын беремін. 
Тамырластар,достарым, бауырларым, 
Өздеріңсіз қабақ жүдеу көңіл жарым. 
Дос көңілі қиыры жоқ кең даладай, 
Мен үшін асылсыңдар бәрің-бәрің. 
Достыққа үндер халқымның өнегесі
Барлық ұлттың тепе-тең терезесі. 
Араздықтан ұлт пен ұлыс ада болса, 
Отанымның кеңейер керегесі. 
Тату-тәтті ел болу-тілегіміз, 
Мүддеміз бір, “ел” деп соғар жүрегіміз. 
Жұдырықтай жұмылып қайраттансақ, 
Тек биіктен көрінеді ұлы еліміз . 
Халқы тыныш,жайсаң әрі жайдары
Жырға тұнған,сырға тұнған аймағы. 
Татулықты биік қойған бәрінен, 
Өр халықпыз бұзылмаған қаймағы. 



ДОСТЫҚ 
 
Дос туралы өлең де көп,жыр да көп, 
Ол туралы айтылмаған сыр да көп. 
Бір дос бар малыңа дос өзіңе емес, 
Кейбір достар саф алтындай мыңда жоқ. 
Неге достық өте қажет адамға
Доссыз өмір бос емес пе ғаламда. 
Нағыз досты таңдай білу,дос болу 
Нағыз бақ қой қондырмайтын әманда. 
Жолдасынан танисың әр адамды, 
Онсыз өмір секілді тас қараңғы. 
Қиын менен қуанышта бір болып
Сатпайтын ешемдейтін жан жараңды. 
Достық деген байлық бар, 
Еш байлық оған жетпейді. 
Жүз досың болса өмірде 
Мың дос та көптік етпейді. 
2014 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет