Қолжазба құқығында



бет1/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ӘОЖ 821.512.122.09 Қолжазба құқығында
ТЕМІРБЕКОВ ОМАР ЖӘНЕЛҰЛЫ


ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетіндегі еңбек құндылығының зерделенуі (Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп шығармалары негізінде)


10.01.02 – қазақ әдебиеті

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін


алу үшін дайындалған диссертациясының


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ
әдебиеті кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,
профессор Д. Қамзабекұлы
Ресми оппоненттер филология ғылымдарының докторы
Ж. Жарылғапов

филология ғылымдарының


кандидаты, доцент Г. Аюпова


Жетекші ұйым: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті
Диссертация 2010 жылы 23 желтоқсанда сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 10.01.02 – қазақ әдебиеті және 10.01.07 – салыстырмалы әдебиеттану мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14.31.03 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 5.


Диссертациямен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылы 23 қарашада таратылды


Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы М.Б. Шындалиева

КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Өзін тудырған халықпен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан қазақ әдебиетінің өткені мен бүгінін сараласақ, оның көтерер жүгі қашанда ауыр болғанын байқаймыз. Үлгілі сөз ретінде дүниеге келген әдебиет халықтың ой-санасына әсер етіп, оның көркемдік танымын қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық үдерістерге еркін араласып, дүниетанымдық мәселелерді де реттеуге атсалысып отырады. Әдебиеттің қоғамдық ой-санаға белсене араласуы, әсіресе, халық басына күн туған қысылтаяң шақтарда анық көрінеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті өз еркіндігін жоғалтып, өзгенің бодауына түскен халықтың мұң-мұқтажының, қоғамдық-әлеуметтік сұранысының айнасы бола білді. Ресей отаршылдығы арқылы қазақ даласына дендеп ене бастаған капиталистік қатынастар қазақ қоғамының еңбекке деген дәстүрлі көзқарасының өзгеруіне алып келді. Қоғамдық санадағы осы өзгерістердің әдебиетте аталмыш кезеңде өмір сүрген қаламгерлер шығармашылығы арқылы көрініс беруі диссертациялық жұмыстың негізгі нысанына айналды. Адам қадір-қасиетінің өлшемі ретіндегі еңбек рөлі - қазақ әдебиетінде ежелден-ақ басты тақырыптардың бірі. Солай бола тұрса да, шешуші сәтте ұлт көшбасшылары отаршылдыққа қарсы тұратын жаңа еңбек этикасының қалыптасуына, еңбек құндылығының қайта зерделенуіне бар күшін салды. Бұл талпыныс әсіресе қазақ ағартушылығының бастауында тұрған Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығында анық көрініс берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет