Омыртқасыздар зоологиясы



бет1/5
Дата24.05.2023
өлшемі288,63 Kb.
#96466
  1   2   3   4   5

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Омыртқасыздар зоологиясы
Жоба жұмысы
Тақырыбы: Шаянтәрізділер

Авторлары: Шымкент қаласы; Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің 1 курс студенттері: Мансұр Әсел,Нуралы Сымбат, Коптлеуова Гулмира,Ибраим Динмухаммед


Тобы:1505-32
Жұмыс жетекшісі: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің “Омыртқасыздар зоологиясы” пәнінің мұғалімі Алимкулова Г.

Шымкент, 2023

Мазмұны
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Буынаяқтылар типі,Шаянтәрізділер класы
2.2Шаяндардың түрлері
2.3 Шаяндардың құрылысы,дамуы,зәр шығару жүйесі жалпы сипаттамасы
2.4 Шаяндардың маңызы
3. Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі. Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Буынаяқтылар – денесі буылтықты, екіжақты симметриялы, көпжасушалы жәндіктер. Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған, аяқтары бунақталған. Осы типке жататын жәндіктердің барлығының аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқандықтан, буынаяқты жәндіктер деп аталған. Жер шарын мекендейтін жануарлар дүниесінің 80 пайыздан астамы буынаяқтылар үлесіне тиеді. Қазір ғылымға олардың 1 миллионнан астам түрлері белгілі. Буынаяқтылар типінің негізгі үш класы бар. Олар: шаянтектестер, өрмекшітектестер және бунақденелілер класы. Өзен шаяны, асшаян, таңқышаян, қыршаян шаянтектестерге жатады. Өрмекшітектестердің өкілдері: айқышты өрмекші, бүйі, қарақұрт, мизан. Бунақденелілердің түрі өте көп. Оларға: тарақан, көбелек, маса, шегіртке, инелік, қоңыз, дәуіт,шыбын, т.б. кіреді.


Біз буынаяқтылар типінің шаяндар класының зерттеу жұмысының нәтижелеріне талдау жасаймыз
Жұмыстың мақсаты:Шаяндардың құрылысымпн танысу.Табиғаттағы ролі мен маңызын анықтау.Шаяндардың ерекшеліктерін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет