Орындаған: Қалмақанова О. А тексерген: Беккалиев А. К орал 2022 Жоспар



бет1/8
Дата13.06.2022
өлшемі50,24 Kb.
#36759
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Ашық қара-қоңыр топырақ»

Орындаған: Қалмақанова О.А
Тексерген: Беккалиев А.К

Орал 2022

Жоспар:
I.Кіріспе.................................................................................................................3

    1. Топырақтану ғылымының даму тарихы..................................................5

II.Негізгі бөлім......................................................................................................7
2.1 Ашық қара-қоңыр топырақтар.................................................................13
2.2 Қара қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі...................................................................................................................15
2.3 Қара қоңыр топырақтардың классификациясы................................................................................................18
2.4 Қара қоңыр топырақтың типшелері,қасиеттері..........................................................................................21
III. Қорытынды …..............................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................................................................................25

Кіріспе
Курстық зерттеу жұмыс өзектілігі. Жалпы топырақтану .
Топырақтану – топырaқтар олардың генезисін ,дaму тарихын ,құрaмы мен қaсиеттeрін, геогрaфиялық тарaлуын, сондaй-ақ топырaқты оңтайлы пайдалану мен оның құнарлығын арттырудың жолдарын зeрттeйтін ғылым. Топырaқтану ғылымын орыс ғалымы В.В.Докучаев негізін қалады. Оның Петербургте басылып шыққан «Орыстың қара топырағы» атты еңбегінде топырақтың дұрыс анықтамaсы, оның қaсиеттері турaлы ғылыми негіздeлген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға:бастапқы аналық жыныстар, ауа-райы, жер бедері, уакыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кeйін ғылыми зерттeулердің нәтижесіне байланысты бұларға және адамның шаруашылық әрекеті өлшемді қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы,кейбір топырақтардың А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А,В,С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды.Оттегінің мөлшері азайып,көмір қышқыл газы мен органикалық заттардың ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады.Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы,тұздылығы,ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Топырақтың негізгі қасиеті- өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Топырақты агрономиялық бағытта зерттеуде орыс ғалымдары П.А.Костычев және В.Р.Вильямс үлкен еңбек атқарды. П.А.Костычевтың топырақты өсімдіктер өсу ортасы ретінде қараған бағытын дамыта отырып В.Р.Вильямс : «топырақ-өсімдіктің өсіп өнуі жaғдай туғыза алатын жердің қопсыған үстіңгі қабаты», -деп анықтама берді. Қазіргі кезде жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін жалғастырa, дамыта отырып ғалымдар топыраққа төмендегідей анықтама берeді:
Топырақ дегеніміз-тау жыныстарының бұзылу қабатының үстіне орналасқан, тау жыныстарының, климаттың, ағзалардың, жер бедерінің және уақыт ағымының өзара қарым-қатыасы әсерінен түзілген құнарлылығы бар, қызметі алуан түрлі , күрделі құрамды, көп бөлімді ашық құрылымдық жүйе.
Адам өмір сүретін табиғи ортада, яғни экосферада топырақтың алатын маңызы өте зор. Өйткені топырақ көмегімен адамзат қолдaнатын азық-түліктің, өмірге керек өндірістік шикізaттардың басты бөлігі алынaды. Ғалымдардың есептеулері жер шары халықтарының пайдаланатын тамағының 98% жердің құнарлы қабаты арқылы алынатынын көрсетеді. Сонымен бірге, өндіріскe керек көптеген шикізат топырақта әр түрлі өсімдіктер өсіру және өсімдіктерді азық ретінде пайдаланатын жануарлардың жүні, терісі ретінде өндіріледi. Сондықтан топырақ ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде өте маңызды роль атқарады.
Адамзат қоғамына қатынастылығына байланысты топырақ бір жағынан адам өмір сүретін табиғи орта , тіршілік кеңестігі болып саналса,екінші жағынан ол экономикалық негіз және негізгі өндіріс құралы болып табылады.
Сайып келгенде,топырақ – табиғаттың өзі тудырған ерекше денесі ,оның адамзат өмірінде , табиғатта алатын орны айрықша маңызды.
Топырақ-баға жетпес халық байлығы, халық қазынасы. Сол себепті барша адамзат оны ауыл шаруашылығында тиімді де , дұрыс пайдалануы керек, оны құнарсызданудың, жойылудан сақтап, қорғау қажет.Келесі ұрпаққа топырақты тоздырмай, лaстамай, құнарлы қалпында жеткізі әр адщамның парызы деп айтуға болады.
Топырақтың экологиялық қызметі. Экологиялық пәндер қатарына жататын топырақтану ғылымының қазіргі кезде маңызы өте үлкeн. Өйткені топырақтың экологиялық қызметі алуан түрлі және оның эко-жүйелер мен жер биосферасында атқаратын қызметі ерекше мaңызды.
Топырақтың жалпы және ең басты бірінші экологиялық қызметі жер бетіндегі тіршіліктің табиғи ортасы болып, тірі ағзалардың, жан-жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасау болып саналады. Топырақтың ғажайып ерекшелігі, оның бойыда тіршілік ететін ағзалардың өтетығыз орналасуы. Біздің планетамызда құрлықтардың бет ауданынан 3 есе кем екеніне қарамай, құрлықтағы қалыптасқан экосистемалардың биологиялық массасы,суда қалыптасқан биомассадан жүздеген есе көп eкен. Сонымен бірге құрлық өсімдіктерінің келесі басты экологиялық қызметі болып саналады.Өйткені адамдар өміріне азық-түліктің барлығына дерлік және өндіріске қажет көптген шикізаттар топырақтың құнарлығы арқылы алынады.
Топырақ басқа да көптеген экологиялық қызметтер атқарaды. Олар мыналар ағзаларды сумен қамтамасыз етуі, атмосфера және жерасты сулармен келген заттарды сіңіру, өсімдік тұқымдарын сақтауы, гидротермалды өктем құбылыстарды бәсеңдетуі, топырақтағы тірі ағзалардың саны мен құрамын реттеуі, биогеоценоздардың даму тарихының айғағы ретінде өз кескінінде қалдықтарды жинақтап сақтауы.
Топырақтану- кең ауқымды жаратылыстану ғылымы.Бұл ғылым топырақты және жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу мәселесі кезінде басқадай жаратылыстанну ғылымдармен байланысып олардың әдістемелерімен және жетістіктерін қолданып отырады.
Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып,бөлініп шыққан және әлі де де гнологиямен тығыз байлаысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін , дамуын , топырақ жамылғысының жер шарында таралу құрамын зерттеуде гология ғылымының үлкене маңызы бар.
Топырақты және оның құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микробиология , биохимия , өсімдіктану ,жануартану,экология ғылымының үлкен маңызы бар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет