Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет71/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111
Ш. М. Қадырова ағымдағы жылдың 30 шілдесінде «Basty Prime» 

телебағдарламасында Еуразия арнасында сөйлеген сөзінде, тек елордада ғана 500-ге жуық 

мұғалім компьютерлерге мұқтаж екенін хабарлады. Қазақстан бойынша 24 мың педагогтың 

дербес  компьютерлері  және  2  мың  педагогтың  интернетке  қолжетімділігі  жоқ.  Мектеп 

компьютерлері мұғалімдерге уақытша пайдалануға берілді

123


. Бұл мәселе 2018 жылы шешілуі 

керек  еді.  Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  стратегиясына  сәйкес,  білім  берудің  барлық 

деңгейлерінің педагогтері дербес компьютерлермен және шеткері техникамен қамтамасыз 

етілуге тиіс болды.

Егер  біз  қазір  пандемия  кезінде  және  мәжбүрлі  қашықтықтан  білім  алу  кезінде 

осындай  қиындықтарды  бастан  кешірсек,  «дағдарыстан  кейінгі»  кезеңде  бізді  қандай 

салдарлар күтіп тұрғанын елестетудің өзі қорқынышты.

Covid-19  пандемиясының  экономикаға  дағдарыстық  әсері  –  біз  қазір  бастан  кешіп 

жатқан  және  бірнеше  ондаған  жылдар  бойы  сезінетін  айқын  салдарлар.  Үлкен  жасырын 

қауіптердің  бірі  –  мәжбүрлі  қашықтықтан  оқытуға  көшу  білім  деңгейінің  төмендеуіне, 

адами  капиталға  әсер  ететіндігінде.  Білім  деңгейінің  барынша  төмендеуі  бастауыш  сынып 

оқушыларында  байқалады.  Сарапшылар  бүкіл  оқу  жылын  өткізіп  жіберумен  салыстыруға 

болатын  шығындарды  болжайды

124


.  Ең  осал  әлеуметтік  топ  –  шалғайдағы  ауылдық 

мектептердің,  көп  балалы  және  тұрмысы  нашар  отбасылардың  балалары.  Мұның  себебі 

–  интернетке  және  техникалық  жабдыққа  қол  жетімділіктің  болмауында,  ата-аналардың 

табыс  іздеумен  айналысып  және  балаларды  оқытуға  тиісті  көңіл  бөле  алмауында  жатыр, 

сондай-ақ  көп  балалы  отбасылардағы  мектеп  жасындағы  барлық  балаларға  электронды 

құрылғылардың жетіспеушілігі тағы бар.

Дүниежүзілік  банктің  Қазақстан  бойынша  «дағдарысты  еңсере  отырып»  экономи-

калық  баяндамасында  COVID-19  білім  беру  сапасына  әсерін  бағалау  ұсынылды.  2018 

жылғы PISA мәліметтеріне сүйене отырып, оқыту әдістеріне қол жетімділік және сараланған 

тиімділік  туралы  болжамдар  (ең  кедей  отбасы  оқушылары  үшін  25%  тиімділік,  орташа 

табысты  отбасы  оқушылары  үшін  50%  тиімділік  және  ең  бай  отбасы  оқушылары  үшін  75% 

тиімділік),  мектептер  қысқа  уақытқа  жабылғаннан  кейін  оқу  үлгерімінің  алшақтығы  18%-ға 

(PISA 45-тен 53 баллға дейін) артады деген болжаулар беріледі

125


.

Әзірге  ауылдық  мектеп  оқушылары  мен  тұрмысы  нашар  отбасылардан  шыққан 

балалар  үшін  қашықтықтан  білім  алу  қолжетімсіз  болып  отыр.  Сондықтан,  өткен  оқу 

жылының  төртінші  тоқсанындағы  сияқты,  жаңа  2020–2021  оқу  жылында  көптеген  ШЖМ 

штаттық  режимде  жұмыс  істейтін  болады.  Цифрлық  теңсіздік  білім  беру  теңсіздігінің  өсуі 

үшін әлеует болып табылады, нәтижесінде ол мүліктік теңсіздікке әкеледі.

Білім  беру  сапасының  төмендеуі  ұзақ  мерзімді  өнімділік  пен  кірістің  төмендеуіне 

әкеледі,  бұл  макро  деңгейге  әсер  етеді.  Егер  оқушылар  орта  есеппен  оқу  сағаттарының 

123

  Учителя в Казахстане временно получат компьютеры от школы // https://www.zakon.kz/5034658-24-tysyachi-pedagogov-



vremenno-poluchat.html

124


  Костенко Я. Больная перемена: больше 50% школьников считают онлайн-обучение каникулами // https://iz.ru/995078/

iaroslava-kostenko/bolnaia-peremena-50-shkolnikov-schitaet-onlain-obuchenie-kanikulami; Megan Kuhfeld, Beth Tarasawa. 

The COVID-19 slide: What summer learning loss can tell us about the potential impact of school closures on student academic 

achievement // https://www.nwea.org/content/uploads/2020/05/Collaborative-Brief_Covid19-Slide-APR20.pdf

125

  «Преодолевая кризис». Экономический доклад по Казахстану Всемирного банка. Лето 2020. – Б. 24–25 // https://www.



vsemirnyjbank.org/ru/country/kazakhstan/publication/economic-update-summer-2020


56



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет