Қош бол, сүйікті Әліппем! Мақсаты:Оқ ушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау ,білімдерінің артып, сөз байлығының молайғандығын, саналарының өскенін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру. Отанын, мектебін, ұстаздарын ,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Безендіру: шарлар, қанатты сөздер,әріптер. Өтілу барысы: Ұлнар : Армысыздар, халайық!
Ботагөз: Армысыздар,қадірлі қонақтар!
Ұлнар: Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап, билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
Ботагөз: Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.
Ұлнар: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілімен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.
Ботагөз: Бүгін шексіз қуанышты күн, себебі кішкене ғана бүлдіршіндер алғаш сауатын ашқан,жақын досы Әліппе оқулығымен қоштасқалы отыр.Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын дей отырып, той иелері 1 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Cеитказинова Алия Сталханқызын қарсы алайық
Күй ойналады. Оқушылар кіреді. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын ӘЛІППЕ-мен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан , біздің жақын досымыз әліппемен қош айтысар кез келді. Білім әлемінің беташары – Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым!
Өзі оқып , жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың
Ата-анасы қуанып шаттанады.
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты.
Барлық маман мектептен аттанады.