Өсу организмінің заңдылықтары. Антропометрикалық және басқа да көрсеткіштерді бағалау әдістері

бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі1,74 Mb.
#77713
  1   2   3   4

Өсу организмінің заңдылықтары. Антропометрикалық және басқа да көрсеткіштерді бағалау әдістері

Орындаған: химия-20А

Абзал Эльминур, Жунисова Зарина

Жоспар:

Өсуі және дамуы туралы мәселелер

Организмнің өсуі және дамуы туралы мәселе биологияның іргелі проблемасының бірі болып саналады.

Өсу – организмнің анатомиялық және морфологиялық жағынан өзгеруі, яғни дененің ұзындығы мен салмағы. Өсу жас мөлшерінің және байланысты белгілердің, бала организмінің сан жағынан өзгеруіне байланысты сипатталады.

Даму тканьдердің, органдардың және бүкіл организмнің физиологиялық жағынан, яғни олардың белгілі бір уақыттың аралығында функциялық жағынан жетіле түсуін сипаттайтын сапалы өзгерістер.

Бала организмінің өсуі мен дамуы өзара байланысты келісімді әрі сан, әрі сапа өзгерістеріне ұшырайды. Кейде өсу және даму процестерінің кезеңдері күшейеді немесе бәсеңдейді. Организмнің өсу процесінің нәтижесінде жаңа сапалы ерекшеліктер байқалады. Мысалы, қимыл-қозғалыс әрекеттері күрделене түседі.

Қалыпты жағдайда өсу және даму процестері үздіксіз жүріп жатады, бірақ әр уақытта бір қалыпты бола бермейді. Ондай жағдай осы екі фазаның гетерехрондылығы деп аталады. Бұл жағдайдың мәнісі неде десек, ол сан жағынан пайда болған өзгерістер белгілі уақыттың аралығында кенет өзгеріп, организм жаңа сапалы өзгеріске ауысады. Сонда дененің бір бөлімінің мөлшеріне теңесетіні байқалады. Бұлшық еттердің күші мен қозғалу қарқыны, ақыл-ой әрекетіне сай келеді. Соның нәтижесінде өсу мен даму гармониялық немесе үйлесімді даму жағдайына жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет