Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет17/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

 
Пайдаланған әдебиеттер: 

Әуезов М. Қазақтың халық жұмбақтары - Алматы, 1959 ж. - 65 б.  

Төтенаев  Б.  Қазақтың  ұлттық  ойындары  (монография)  Алматы, 
1978ж. - 16-25б.б 

А. Қалкенова . Оқытудағы ойынның рөлі.      
// Қазақстан мектебі - №3- 2007ж. - 56-57 б. б. 

Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, Рауан, 1991ж. 
-176 б.  
 
 
СТУДЕНТТЕР ОРТАСЫНДА СТРЕСТІҢ АЛДЫН-АЛУ 
ҮШІН ПСИХОПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ҚОЛДАНУ 
 
ТЛЕУБЕКОВА А. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті,  
«Педагогика және психология» мамандығының  3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: БАЙГУНДИНОВА Б.И. 
Қазақстан инновациялық университетінің  аға оқытушы 
  
 «Стресс» (ағылш. Stress – қысым, зорлану, күштену, қиналу) деп 
қоршаған  ортаның  кез  келген  қолайсыз  әсерлеріне  организмнің 
арнайыланбаған 
бірбеткей 
серпілістермен 
жауап 
қайтаруымен 
көрінетін, оның қорғану - бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде 
қалыптасуын  айтады.  Бүл  қолайсыз  ықпалдарға  физикалық  әсерлер 
(ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәулелер, электр соққы 
жарақат,  ауыр  қол  жұмыстарын  атқару  т.с.с),  химиялық  әсерлер  (улы 
химиялық  заттар,  гипоксия  ж.б.),  биологиялық  әсерлер  (жұқпалар, 
вирустар,  микробтардың  уыттары,  жәндіктердің  улары  ж.б.), 

204 
 
психогендік  (жан-дүниелік  жарақаттар,  күйзелістер,  ауыр  қайғы-
қасіреттер,  көңіл-күйдің  толқулары),  әлеуметтік  жағдайлардың  (қазіргі 
адамдарға  шамадан  тыс  артық  ақпараттардың  әсерлері,  уақыттың 
тапшылығы,  жеке  тұлғалардың  арасындағы  шиеліністер,  қоғамның 
заңдары  мен  жеке  адамдардың  еркіндіктерінің  шектелуі,  қимыл 
қозғалыстарының азайтуы т.с.с.) әсерлері жатады. Адам үшін жағымсыз 
сөздің  стресс  жағдайын  дамытуда  маңызы  өте  үлкен.  Бұл  организмге 
қолайсыз  әсерлерді  стрессорлар  деп  атайды.  «Стресс»  атауын 
медицинаға  Канада  ғалымы  Ганс  Селье  алғаш  XX  ғ.  60-шы  жылдары 
енгізді.                      
Тақырыптың өзектілігі: 
Оқу кезінде студенттер түрлі проблемларға кез болады, жаңа оқу 
шарттары олардан жауапкершілікті, дерестікті талап етеді. Және барлық 
студенттер  өмірде  кездесетін  көптеген  проблемлар  мен  өздеріне 
жүктелген міндеттерді шешуге дайын емес. Жоғарғы оқу орнында оқу – 
бұл  көптеген  студенттер  үшін  стресс.  Студентке  қиындықтарға  төзуге, 
жаңа  рөлдерді  игеруге,  тіршіліктің  жаңа  жағдайларына  бейімделуге 
тура келеді.  
Зерттеу мақсаты: Стресс туралы жалпы түсінікті қалыптастыру. 
Зерттеу болжамы: Студенттер отрасында стрестің алатын орнын, 
оның алдын алу шараларын ашып айту.   
Зерттеу 
әдісі: 
Зерттеулер 
нәтижесіне 
сүйене 
отырып, 
студенттердің  қаншалықты  стреске  бейім  екендігін  анықтау  және 
профилактика қолдану.  
Психотерапия  грек  тілінен  аударғанда    «жанды  емдеу»  деген 
мағынаны  білдіреді,  адамды  емдеу  үшін  қолданылатын  ғылымға 
негізделген  жүйелі  психикалық  әсер.  Негізінен  сөзбен  әсер 
ету.Тәжірибелік  психологиялық    жұмыста  аутогендік  жаттығулар, 
релаксация 
және 
суггестия 
әдістері 
стреске 
қарсы 
психопрофилактикалық 
шаралар 
екендігі 
дәлелденген. 
Психопрофилактикалық  шаралардың  негізгі  мақсаты  –  адамның 
өміріне өзгерістер енгізуіне көмектесіп, стресс деңгейін төмендету және 
болдырмау. 
Сендіру  (суггестия)  ұйқы  бұзылғанда,  стрестің  жоғарғы 
деңгейінде жиі қолданылады. Сөз  арқылы  позитивтілікті,  адамның өз  - 
өзіне жағымды көзқарасын орнату үлкен жұмыс. 
Психопрофилактикалық  шараларды  қолдана  отырып,  стресс 
жағдайындағы адамның психикалық саулығын нығайту және өз  - өзіне 
позитивті  қасиеттерін  жақсарту,  өмір  сүру  әрекетінде  табысқа  жету 
деңгейін,  творчестволық  мүмкіншіліктерін  қолдана  білуге,  жеке 
басылық  дамуына жағымды ықпал ету.Ғалымдардың байқауы бойынша 

205 
 
әсер  еткен  қолайсыз  ықпалдардың  (ол  жарақатпа,  жұқпама,  химиялық 
уланума  немесе ауыр қайғы-қасіретпе) түріне  қарамай оларға организм 
әрқашан  бірбеткей  жауап  қайтарады.  Стресстің  организм  тіршілігінде 
маңызы  өте  үлкен.  Стрестік реакция  -  белгілі стрессорлардың әсерінен 
белсенділік  деңгейінің  өзгеруі.  Сөйтіп,  әдебиеттерде  бар  стресс 
анықтамаларын  қарастыра  отырып,  стресс  термині  арқылы  реакция 
емес,  ал  ортаның  белгілі  жағдайларында  адамға  қажетті  белсенделікті 
қамтамасыз ететін гомеостаз күйі болып табылады деп қорытқан жөн. 
Дистресс  -  бұл  шекаралық  күйлердің  және  психосоматикалық 
ауруларға  әкелетін  ағзаның  түрлі  құрылыстарының  (функционалды 
немесе  морфологиялық)  қызметіндегі  бұзылыстарға  әкеп  соғатын 
нейроэндокринді 
механизмдер 
жұмысының 
қалыптан 
шығуы. 
Дистрестің  дамуы  кезіндегі  ағзадағы  физиологиялық  өзгерістер. 
Жалпы  метаболизмдік  гормондар  айтарлықтай  көп  физиологиялық 
өзгерістерге экеледі: 

 
Жүрек соғысының жиілеуі

 
Коронарлық қантамырлардың кеңеюі; 

 
Бронхылардың кеңеюі; 

 
Қалқанша безі бөлетін тироксин келесі жағдайларды тудырады. 

 
Бас май қышқыл құрамының артуы; 

 
Дем алыстың жиілеуі; 

 
Үрейлік деңгейінің жоғарылауы; 

 
Шаршау сезімінің азаюы. 
Стрессорлардың  ұзақ  және  күшті  әсері  дистрестің  дамуына  жол 
береді. Ал бұл ауру немесе әлсіз мүше жұмысының бұзылысына әкелуі 
мүмкін.  
Сонымен  қатар  стрестің  келесідей  симптомдарын  атап  өтуге 
болады: 

 
Басқа адамдармен конфликтке түсу. 

 
Түрлі қызметтерді орындауда зейін тоқтата алмау. 

 
Бір жұмысты аяқтамай, екіншісіне кірісе кету. 

 
Жұмыстан үйге оралғаннан кейін ешбір іске құмарлықтың 
болмауы, апатия. 

 
Таңертең шаршауды сезу.  

 
Тәбеттің болмауы. 

 
Ас қорыту жүйесіндегі жиі болатын бүзылыстар.  

 
Ұйқысыздық 

 
Тырнақты кеміру, жүйкелік ақаулар (нервные тики). 

 
Бас аурулары. 

 
Нейродермит, экзема.  

206 
 
Г.  Селье  жалпы  адаптациялық  синдром  деп  жариялады.  Бұл 
синдром  үш  сатыда  өтеді:  1-сатысы  -  үрей  сатысы,  2-сатысы 
организмнің төзімділігінің  көтерілуі,  3-сатысы  қалжырау сатысы. Үрей 
сатысында  жағымсыз  ықпалдарға  организмнің  қорғаныстық  икемделу 
мүмкіншіліктері  тез  іске  қосылады.  Бұл  саты  «соққы»  және  «соққыға 
қарсы»  фазаларынан  тұрады.  Соққы  фазасында  бұлшық  еттердің 
әлсіздігі,  артериялық қысымның төмендеуі,  гипотермия,  гипогликемия, 
эозинопения,  қылтамырлардың  өткізгіштігі  көтерілуі  ж.б.байқалады. 
бұл  кезде  лимфоидтық  түйіндердің  кері  дамуы,  теріс  азоттық  баланс, 
асқазанның  ойық  жарасы  байқалады.  Бұлар  организмде  ыдырау 
үрдістерінің  күшейгенін  көрсетеді.  Соққыға  қарсы  фазасында 
көрсетілген бұзылыстар кері бағытта өзгереді. Артериялық қысым жэне 
бұлшық  еттердігі,  күш-қуаты  көтеріледі,  қанда  глюкоза  көбейеді. 
Адаптацияның  жеткіліктсіздігі  немесе  оның  бұзылуы  дезадаптациялық 
аурулардың  дамуына  әкелуі  мүмкін.  Мысалы,  бүйрек  үсті  бездерінің 
минералокортикоидтық 
гормондарын 
(дезоксикортикостеронды) 
жануарларға  артық  мөлшерде  жіберсе,  онда  артериялық  гипертензия, 
нефросклероз,  ағзалардың  гиалинозы  дамиды,  қабыну  қарқынды  түрде 
өтеді.  Глюкокортикоитық  гормондарды  жібергенде,  қабыну  қарқыны 
әлсіреумен  бірге,  организмнің  иммундық  жауаптары  тежеледі,  асқазан 
мен  ұлтабардың  ойық  жаралары,  миокардтың  некрозы  пайда  болуы 
мүмкін.  Бұл  гормондар  жеткіліксіз  болған  жағдайда  организмнің 
жағымсыз  әсерлерге  төзімділігі  азаяды.  Дезадаптациялық  ауруларға 
Сельенің  пікірі  бойынша,  құздама  (ревматизм),  бронхиалық  демікпе, 
кейбір  бүйрек  аурулары,  жүрек  пен  қан-тамырлары  жүйесінің  және 
кейбір  тері  аурулары  т.б.  жатады.Сонымен,  стресс  дамуы  бір  жағынан 
организмнің сыртқы ортаның ықпалдарына бейімделу қабілетін көтеріп, 
адаптация  дамуына  әкелсе,  екінші  жағынан  көптеген  дерттердің  пайда 
болуына әкеледі. 
Стресті қалыпқа келтірудегі психопрофилактика және 
психотерапия 
Стресті  қалыпқа  келтіруде  қолданылатын  техникалар  өте  көп, 
олардың  тиімділігі  әртүрлі,  ал  меңгеру  дәрежесі  өзінше  күрделі 
мәселелерге  толы.  Сол  себепті  олардың  кейбіріне  ғана  тоқтаған  жөн. 
Олар  жеңіл  меңгеріледі  және  тек  дистресс  дамуының  алдын  алуда 
эффективті  болып  табылмайды,  сонымен  қатар  медикоментозды 
заттарды  талап  етпейтін  кейбір  психикалық  және  психосоматикалық 
ауруды емдеуде де жақсы нәтижеге әкеледі.  
Стрестің профилактикалық әдісі 
Өмір сүру қалпы таңертеңнен кешке дейінгі, әр апта сайынғы, әр 
ай сайынғы, әр жыл сайынғы күнделікті өмір. 

207 
 
Белсенді  және  релаксациялық  өмір  сүру  қалпын  құрайтын 
бөліктеріне жұмыс күнінің басы, тамақтану тәртібі, қозғалу белсенділігі, 
ұйықтау  және  дем  алу  сапасы,  қоғаммен  қарым  –  қатынас,  белсенді 
немесе енжар, ауру жатады.  
Егер  біз  өмірлік  принциптерге  әсер  ете  алсақ  релаксация  және 
концентрация  өміріміздің  құраушы  бөлігіне  айналса,  онда  біз 
салмақтырақ  және  стрестік  факторларға  әсер  тете  аламыз.  Біз  ағзада 
болып  жатқан  түрлі  процестерге  әсер  ете  отырып,  ауторегуляцияны 
қадағалаймыз. 
Ауторегуляция көмегімен стрестік профилактиканың төрт негізгі 
әдісін айтуға болады: қатты стресс және жеке стрестің ауторегуляциясы. 
Бұл әдістерге  әркімнің де қолы  жетеді. Стресті болдырмау мақсатында 
күн тәртібін өзгерту 
Үнемі  студенттеркүнделікті  сабақ  барысында  болған  жағымсыз 
әрекеттерді жанұясына  алып келеді. Күндізгі әсерден үй табалдырығын 
аттағаннан  бастап,  үйдегілерге  жаман  көңіл  күймен  көрінбеу  үшін  не 
істеу  керек?  Біз  үйге  стресті  алып  келеміз  ғой,  оның  барлығына  күні 
бойы жиналған кері әсерлерімізден арыла алмауымыз болып табылады. 
Ең  алдымен  үйге  сабақтан  келісімен  релаксация  жасауды  әдетке 
айналдыру керек. Қатты стресс кезіндегі алғашқы көмек 
Егер  біз  кенеттен  стрестік  жағдайда  қалсақ  (бізді  біреу 
ашуландырды,  бастық  тіл  тигізді  немесе  үйдегілер  ашуландарды)  онда 
қатты  стресс  басталады.  Қатты  страесті  тоқтату  үшін,  ең  алдымен 
барлық күш қуатты жұдырыққа түй және өзіңе «Тоқта» деу керек. 
Стрестік  жағдайдан  арылудың  ең  тиімді  тәсілін  табу  қажет. 
Сонда  кез  келген  уақытта  болуы  мүмкін  критикалық  жағдайда  осы 
тәсілге сүйене отырып шешім таба аламыз. 
Қатты  стрестік  жағдайды  шешуге  көмектесетін  кейбір 
кеңестер: 
Антистерстік  тыныс  алу  мұрын  арқылы  баяу  тыныс  алу;  тыныс 
алудың  негізінде  бір  минутқа  деміңізді  ұстаңыз,  кейін  өте  баяулап 
тыныс  шығарыңыз.  Бұл  тынысты  тыныштандырады.  Көз  алдыңызға 
елестетіңіз. Әрбір терең тыныс алып және баяу тыныс шығарумен бірте 
бірте арылғаныңызды сезінесіз. 
Минуттық релаксация. Ауызыңыздың  бұрыштарын босаңсытып, 
ерніңізді  ылғалдандырыңыз.  Иықтрыңызды  босаңсытыңыз.  Бет 
әлпетіңізге,  дене  қалпына  жинақталыңыз:  ішкі  ойларыңызды, 
эмоцияңызды олардың көрсететінін есте сақтаңыз. 
Қоршаған  адамдар  сіздің  стрестік  жағдайыңызды  білгенін  сіз, 
әрине,  қаламайтынңыз  анық.  Бұл  жағдайда  бұлшық  еттерді  босаңсыту 

208 
 
және  терең  тыныс  алу  арқылы  сіз  дене  және  бет  әлпетіңіздің  күйін 
өзгерте аласыз. 
Жан жағыңызға мұқият қарап, тұрған бөлмеңізді дұрыстап қарап 
шығыңыз. Ол туралы жақсы білсеңіз де, әрбір кішкене бөліктерге көңіл 
бөліңіз.  Ақырын,  асықпай,  барлық  заттарды  бірінен  кейін  бірін  ойша 
қарап  шығыңыз.  Бұл  жиһаздарға  толығымен  жинақталды  тырысыңыз. 
Іштей  өзіңізге:  қоңыр  жазу  үстелі,  ақ  перделер,  гүлге  арналған  қызыл 
ваза деп қайталаңыз. 
  Қоршаған  ортаға  көңіл  аудару  арқылы  сіз  біртіндеп  стрестік 
жағдайдан арыласыз. 
Релаксациялық және психотерапевтік әдістемелер 
Мұнда  түрлі  психотерапевтік  және  релаксациялық  әдістемелер 
жайында  сөз  қозғалады.  Психотерапияның  кез-келген  түрі  клиенттің 
оған  осы  мезетте  әсер  етіп  жатқан  стрессорға  қатынасын  өзгерту  және 
психикалық  қозуды  шешу,  жағымды  нәтижеге  бағытталған  саналы 
бағдар  қалыптастыру  мақсатында  қолданылуы  мүмкін.  Медитация. 
Жалпылай  алғанда  медитация  -  бұл  денелік  процестерге  әсер  ететін 
миға  арналған  жаттығу.  Медитацияның  мақсаты  -түрлі  жағдайлардың 
құрбаны  болмай, таңдап алынған затқа  зейін тоқтатып, шоғырлана алу 
мақсатында өз зейінін меңгеріп, оны басқара алу мақсатында өз зейінін 
меңгеріп,  оны  басқара  алу.  Медитация  түрлері  өте  көп.  Мысалы: 
тибеттік  будисттер  шоғырлану  обьектісі  ретінде  -  мантраны  (ақырын 
айтылатын  сөздер)  пайдаланады.  Медитация  түріне  тәуелсіз 
барлығында  да  бір  немесе  екі  әдіс  қолданылады:  «сананың  ашылуы» 
немесе зейін концентрациясы. Медитация өте танымал және меңгерілуі 
жеңіл  болғандықтан,  ол  релаксациялық  техникалардың  ішінде  ең  көп 
зерттелгені болып табылады. Қазіргі кезде медитация көмегімен жүрек 
соғысының  жиілігін  басқаруға,  терінің  электрлік  белсенділігін 
төмендетуге,  мидың  альфа-белсенділігін  күшейтуге  болатындығы 
барша  қауымға  мәлім.  Медитация  артериалды  қысымға  жағымды  әсер 
етеді,  психикалық  күйзелістің  алдын  алады,  ауру  сезімінен  босатады, 
кортизол  деңгейін  төмендетеді.  Жалпы  медитацияны  қолданатын 
адамдар жоғары стрестік жүктеулерді жеңеді, ал олардың жүйке жүйесі 
тұрақталған  және  балансталған. Мұндай адамдар аз үрейленген: үрей  - 
мейлі  ол  мінез  ерекшелігіне  күй  болып  табылсын  медитация 
сабақтарының біраз уақытынан кейін ол төмендейді. Сонымен қатар ол 
стрессорларды позитивті қабылдауға жағдай жасайды, ұйқыны қалыпқа 
келтіреді, қорқыныш жэне фобиялардың күшін төмендетеді. 
Психопрофилактиканың  екінші  түрі  —  өзін-өзі  сендіру.  Оған 
аутогенді жаттығулар көмектеседі.  

209 
 
 І  қағида.  Таңертең  бар  қуатыңызды  үйден  жақсы  көңіл-күймен 
шығуға жұмсаңыз. 
ІІ  қағида.  Өз  бойыңыздағы  кемшілікке  орала  бермеңіз.  Олар 
кімде болсын бар. 
ІІІ  қағида.  Басқаларды  артық  сынға  алмаңыз.  “Ешкімді  сөкпе, 
сонда сен да сөгілуші болмайсың”- деп інжіл де  ғибрат қылады. 
ІV қағида. Басқаларды көңіл қойып тыңдаңыз, сонда олардың да  
Сіз  десе  көңілі  ерекше  болып  тұрады.  Жұрт  көбіне   тыңдаушыларды 
жақсы көреді. 
V  қағида.  Ағыңыздан  жарылып  тұрыңыз.  Бейіліңіз  сақ  болсын. 
Білмегеніңізді білемін деп әлек болып, қулыққа салынбаңыз. 
VІ  қағида.  Өз  төңірегіңізден  Сізді  сәл  де  болса  түсінетін  жақсы 
адамды тауып алыңыз, жалғызсырамайтын боласыз. 
VІІ  қағида.  Жасқаншақтығыңызды  арақпен  кетіремін  деп 
ойламаңыз.  Егер  де  ашық,  ақжарқын  болсаңыз,  арақ-шарапсыз  да 
өзіңізді  қоршаған адамдар арасында мерейлі боласыз. 
Стресс  –  жалпы  адам  өмірінің  бір  бөлігін  құрайды  десек 
қателеспейміз.  Адам  өмірге  шырылдап  келген  сітте  де,  өмірден  кеткен 
кезде  де  басынан  стресстік  жағдайды  өткізеді.  Стресс  кедергілерден 
өтуге  және  қиындықтардан  құтылуға  көмектеседі.  Өйткені  стресстің 
әсерінен  ағзамыз  қоршаған  ортаның    әр  түрлі  факторларына  жауап 
береді. Сондықтан кез-келген қиын жағдайда әрқашан оң эмоцияға баса 
назар аударған жөн.   
Пайдаланған әдебиеттер 
1. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. - М., 1960;  
2. Селье Г. Стресс без дистресса. - М.: Прогресс, 1982; 
3.  Анохин  П.К.  Эмоции/Психология  эмоций.  -  М.:  Педагогика, 
1984; 
4.  Березин  Ф.Б.  Психологическая  и  психофизиологическая 
адаптация человека. - Л., 1988;  
5. Васильев В. Н. Здоровье и стресс. - М. ,1991; 
6. Бодров В.А. Когнитивные процессы и психологический стресс 
// Психологический журнал. - 1996. - №17. - С.64-74.   
 
 
 
 
 
 
 
 

210 
 
ЖАСТАР –БҰЛ БОЛАШАҚТЫҢ «МӘҢГІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ КҮШІ» 
 
УТЕПБАЕВА Ж.А. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті, 
«Педагогика және психология» мамандығының ІІ курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: КАБДУАЛИЕВА А.Ж. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университетінің аға 
оқытушысы 
 
Елбасы  өз  сөзінде:  «Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың 
қолында,  болашақты  білімді  ұрпақ  айқындайды,  ал  жас  ұрпақтың 
тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. 
Еліміздің  болашағы  -  ұрпақ  тәрбиесінде.  Бүгінгі  таңда  жастарға 
әлемдік  ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру, 
оның  рухани  байлығы  мен  мәдениеттілігін,  ойлай  білу  мүмкіндігін 
жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, 
іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. 
Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік дәрежеге  ие  бола  бастаған 
осынау  алғашқы  қадамымызда  ғасырлар  бойы  өмір  сынынан  өтіп  келе 
жатқан  халқымыздың  қасиеті  мен  өнегесін,  адал  тілегін  бүгінгі  әрбір 
азаматқа  үйрету,  санасын  ояту  тәрбиеші  –  мұғалімдердің,  ата  – 
аналардың  ең  үлкен  парызы  болмақ.  Соңғы  жылдары  жастарды 
отбасында  тәрбиелеу  өте  күрделеніп  кетті.Оған  көптеген  қоғамдық, 
әлеуметтік  –  экономикалық,  экологиялық,  рухани  жағдайлар  себеп 
болуда.  Ең  бастысы,  ұзақ  жылдар  бойына  біздің  елімізде  жалпы 
қоғамдық  өмір  саласында  әміршілдік  —  әкімшілдік  принциптердің 
ықпалына  адамдардың  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғансыздыққа  ұшырауы, 
жалаң  ұраншылдықтың  салдарынан  қоғамның  әлеуметтік  — 
экономикалық  жағдайының  тығырыққа  тірелуі,  тәрбие  мәселесінде 
халықтардың  өз  тарихына,  мәдениетіне,  рухани  байлығына,  тіліне, 
дәстүріне  мән  берілмеуі  орын  алды.  Сондықтан,  ұлттық  тәрбие  мектеп 
табалдырығынан аттаған әрбір бүгінгі жасөспірімнің бітімінен, мінез  – 
құлқынан, қасиет – сапасынан бастау алу керек.  
Жасөспірімдер  –  болашақтың  адамы,  жаңадан  қалыптасып  келе 
жатқан ел азаматы. 
Қазақстанның  болашағы,  егеменді  ел  болып  жаңа  заманға  бет 
бұрған кезімізде, біздің жаңа қоғамымыздың болашағы өсіп келе жатқан 
жастар  екенін  айту  керек.  Сол  жастарды  дұрыс  жолға  түсіріп 
тәрбиелеуді біздің ата  –  аналарымызға  ғана  салып  қоймай, бүкіл қоғам 
болып  осы  проблемалардың  шиеленіскен  жағдайларын  шешуге 
атсалысу қажет. 

211 
 
Жастарды  бүгінгі  мен  ертеңі  туралы  ойланту,  олардың  өмірге 
деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, болашақ отау иелері екеніне 
сезім ұялату, олардың өзін  — өзі күтуі, қазіргі уақытқа сай білім алуы- 
бүгінгі  күннің  талабы.  Болашақ  ұрпаққа  ұмыт  бола  жаздаған  салт  – 
дәстүр,  әдет  –  ғұрыптарды  тереңінен  қоса  түсіндіріп,  осы  заманға  сай 
білімді,  мәдениетті  үйрете  отырып,  ата  –  бабамыз  салған  сара  жолға 
жүгіну дұрыс. 
Жастар  –бұл  болашақтың  «мәңгі  қозғалтқыш  күші».  Сондықтан 
да 
Қазақстанның  болашаққа  барар  жолы  жастарымыздың  даму 
деңгейіне,  олардың  мүмкіндіктері  мен  құндылықтарға  ұмтылысына, 
мемлекеттің  экономикалық,  саяси  және  қоғамдық  өміріне  қатысу 
дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Кемел  келешектің  негізі  бүгіннен 
басталады.  Жастарды  қолдау  –ел  дамуына  қосқан  инвестиция. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  бастап  білім,  денсаулық,  жаңа 
ақпараттық  технологияларға  қолжетімділік,  кәсіби  және  жеке  бәсекеге 
қабілеттілік,  патриоттық  тәрбие,  жас  ұрпақтың  табысты  әлеуметтену 
мәселелері  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  әрдайым  назарында  болып 
келді және болып қала береді. Бұл басымдықтар шешуші бағдарламалық 
құжаттарда–Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  стратегиясында, 
Президенттің  Қазақстан  халқына  жолдаулары  мен  мемлекеттік 
бағдарламаларда көрініс тапқан. 
Халықарлық 
«Болашақ» 
стипендиясын 
Қазақстан 
Республикасының  Президенті  талантты  жастардың  шетелде  білім 
алуына көмек көрсету мақсатында 1993 жылғы 5 қарашада бекітті. Осы 
қиын  кезеңде  еліміз  шетелдік  жоғары  оқу  орындарында  сапалы  білім 
алған білікті кадрларға мұқтаж еді. 
 «Болашақтың»  негізгі  қағидасы  -үміткерлер  дайындығының 
жоғары  деңгейі,  бағдарламаныңжағымды  имиджін  еліміз  бен 
шетелдерде қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ашық және әділ өткізу, 
жас  қазақстандықтарды  әлемнің  үздік  университеттеріне  бағыттау 
болды.«Назарбаев  –Зияткерлік  мектептері»  білім  беру  желісі  орта 
мектепті дамытудың сапалы жаңа кезеңі болып табылады. 
Осы  жоба  аясында  әзірленген  өскелең  ұрпаққа  білім  беру  және 
тәрбиелеудің  инновациялық  тәсілдері  Қазақстанның  жалпы  білім 
беретін басқа да мекемелерінде енгізілуде, сонымен қатарол жалпы орта 
білім беру жүйесін жаңғыртуға елеулі үлес қосуда. 2010 жылы Астанада 
«Назарбаев  Университеті»  ашылды.  Бұл  –дербес  және  академиялық 
еркіндік қағидаттары бойынша жұмыс істейтін халықаралық деңгейдегі 
университет.  Жоғары  оқу  орнының  білім  беру  және  ғылыми-зерттеу 
бағдарламаларының  бәрі  дүниежүзі  бойынша  үздік  отыз  жоғары  оқу 

212 
 
орны  қатарына  енген  университеттермен  және  беделді  халықаралық 
ғылыми ұйымдармен ресми әріптестікте іске асырылады. 
Техникалық  және  кәсіби  білім  беру  жүйесіне  кәсіби  қосарлы 
білім  беру  сияқты  үздік  шетелдік  тәжірибе  енгізіліп,  күшіне 
енуде.Кәсіби  қосарлы  білім  беру  жүйесі  оқу  мен  кәсіби  қызметтің 
тікелей  байланысын  қамтамасыз  ететіндігімен  құнды.  Бұл  жүйе 
жастардың  ынтасын  еселеп  арттырып,  таңдаған  мамандығы  бойынша 
оны жетілдіруге барынша ықпал етеді.  
Қазақстан жастары  –бұл өз елінің дамуына үздік үлес  қосу үшін 
білімге,  тәжірибеге,  технологиялар  мен  ресурстарға  қол  жеткізуде 
ерекше мүмкіндіктері бар өскелең ұрпақ. 
Қазақстандық  жастардың  көкейтесті  проблемалары  сапалы  білім 
алу, жұмысқа орналасу, жеке баспанаға қол жеткізу, бизнеспен айналысу 
болып табылады.  
Осыған  байланысты,  жастармен  жұмыс  істеудің  қоғамдық-
мемлекеттік  сипаты  зор  маңызға  ие  болады.  Жастардың  әлеуметтік-
экономикалық  және  саяси  процестерге  толыққанды  кірігуіне  олардың 
проблемаларын шешу мемлекет, жастар бірлестіктері, барлық азаматтық 
қоғам институттары, бизнес қоғамдастықтар өзара кеңінен әрекеттестік 
жасаған жағдайда ғана мүмкін болады. 
Қазіргі  қоғам  жастардан  үміт  күтуде.  Оларға  мектеп  те  тәрбиеге 
шақырып, білім алуына жағдайлар жасауға заман талабына байланысты 
жастарға  білім  беру  мемлекетіміздің  басты  міндеті,  болашақ 
ұрпақтарымыз білімді, саналы азамат болып шығу, озық мемлекеттердің 
қатарына қосылу керек. Олай болса, тәрбиені күшейтуіміз қажет.  
Оқушылардың 
есейе 
келе, 
өздерiнiң 
жасаған 
құқық 
бузушылықтары  үшiн  үлкен  өкінішпен  қарау  жағдайы  көп  болып 
тұрады.  Олай  дейтініміз  -  кей  ата-ана  ойнап  жүріп  қасындағы 
баласының  қолына  іліккен  ойыншығын  алып  келген  баласына  қайдан 
алдың?  –  не  болмаса  «апарып  бер»  деген  сұрақ  –  бұйрықтың  орынына 
керісінше  баласына,  жат  әрекетін  мақұлдағандығын  танытса,  ол 
баланың санасына сенім ұялатып, келесі сондай іс-әрекетті қайталауына 
жол ашады. Мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталанылуы бала бойында 
қызығушылық  туындатып,  менменшілдікке,  көрсеқызарлыққа,  жат 
қылықтың  бой  көтеріп,  досының  қолындағысын  тартып  немесе 
көрсетпей  алу  сияқты  іс-әрекетін  қалыптастырады.  Бұл  кішкене  бала 
бойында байқалатын алғашқы ұрлықтың белгілері деуге болады. Оқушы 
жастағы  балалардың  құқық  бұзуының  өмірде  болып  жатқан  нақты 
жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ 
немесе  жоспарланған  түрде  тамырлануы.  Балалар  құқық  бұзуының 
көбінесе  қалада  болуы,  әлеуметтік  тұрғыдан  көптеген  себептерінен 

213 
 
түсіндіреді.  Баланың  өзіне,  қоғамда  пайдалы  іспен  айналыспауынан 
уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, 
көше  кезу, кері қадамға  алғы  шарт бола  алады. Осындай толып  жатқан 
себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет 
көрінуге, болашақ істейтін құқық бұзушылыққа, жоспар құруына немесе 
топтасып  қылмыс  істеуге  жол  ашады.  Көбінесе  бала  бойынан, 
санасынан  мықты  орын  алған  қиялы  ойша  жетіліп  арманын  іске 
асыратын  не  асыруға  асығатын  балалар  айналасындағыларды  таң 
қалдыратындай етiп істеуге талпынады.  
Еліміздегі  әртүрлі  ұлт  жастары  арасында  қылмыстың  өсе  түсуі, 
жағымсыз  мінез-құлықтар  мен  әдеттердің  көрініс  алуы  бүгінгі  күні 
қоғамды қатты алаңдатып отырғаны сөзсіз. Бүгінгі күнгі статистикалық 
мәліметтерге сүйенсек, көп жағдайда қылмыскерлер мен бұзақылардың 
жастық  ерекшеліктеріне  аса  мән  берілмейді.  Бұл  топтағы  жастар 
отбасын  құрып,  мемлекетіміздің  белсенді  жасаушысы  болмақ  түгілі, 
өздерінің  және  өзгелердің  өмірлеріне  жауапсыз  қарайтындығы  анық. 
Зайырлы  мемлекетіміз  жастарды  болашақтың  бастамасы  ретінде 
мойындай отырып,  саяси сипатта  олардың орнын ойып тұрып  негіздеп 
отырғаны  белгілі.  Мұның  дәлелі  еліміздің  Президентінің  жастар 
саясатына ерекше мән беруі болып табылады. 
Қазіргі  таңда  жаһандану  жағдайында  батыс  мәдениетіне 
еліктеушілік  жастардың  бойында  жағымсыз  қылықтардың  дамуына 
алып  келіп  отыр.  Осы  орайда,  батыстық  өмір  салттары  қанымызға 
сіңген  қазақы  болмысымызға  елеулі  зиянынын  тигізетін  әдеттері  мен 
қылықтар  дендеп  келеді.  Айта  кетер  болсақ,  жыныстық  қатынас,  кісі 
өлтіру,  бейбастық,  қарақшылық,  еркін  махаббат,  жоспарланбаған 
жүктілік, тастанды бала және т.б насихаттайтын материалдар мен әйел- 
қыздардың  жалаңаш  денелерін  көрсететін  суреттер  қазіргі  таңда 
бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жиі  көрініс  табуда.  Осы  орайда, 
елімізде 
қоғамдық 
өмір 
мен 
әлеуметтік 
қатынастарды 
демократияландыру  ұраны  бола  тұра  мұндай  бейбастық  іс-әрекеттер 
ұлттық  тәлім-  тәрбиеге,  этностық  қарым-  қатынасқа  түбірімен  қарсы 
бағытталғанын естен әрдайым шығармау қажет. Болып жатқан осындай 
келеңсіз,  кесірлі  құбылыстарға  қазақ  жастары  болашағының  едәуір 
билігі елігіп, еліктеуі қанат жайып бара жатқаны бізді алағдатары сөзсіз. 
Осы уақытқа дейін бұрын- соңды исі қазақ қыздарында болып көрмеген, 
ата  салтымызға  жат  қылықтар,  яғни,  жасыратыны  жоқ  «түңгі 
көбелектің» айтарлықтай әлеметтік орта өмірінде орын алуы, кез-келген 
жерлерде  жастардың  жыныстық  қатынас  жасауына  арналған  арнайы 
орындардың  «сауда үйіне»  лайықталуы  бүгінгі күні  нарық жағдайында 
ұлттық  трагедияның  негізіне  айналып  барады.  Мұндай  келеңсіз 

214 
 
әрекеттердің белең алуы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып 
келе  жатқан  ұлттық  тәрбиенің  рухани-  өнегелік  және  этностық 
құндылық  негізіне,  ғасырлар  бойы  қалыптасып  келген  эстетикалық 
әлеуеттің  некелік-отбасылық  қатынастарға  батыстық  мәдениеттің 
«жүгенсіз насихаты» бел ортасынан балта шабуда.  
 
Халқымыздың болашағы болып табылатын өскелең жас ұрпақтың 
әлеуметтену  процесіндегі  қарама-қайшылықтары  айқын  көрініп 
отырғаны  байқалуда.  Бұл  жағдай  біріншіден,  қазақ  халқаның  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  рухани  ұстанымдарына  ашық  түрде  шабуыл  жасап 
отыр. Қазақстанда жүріп жатқан ғылыми-техникалық прогресс аясында 
ұлттық  мәдениетті  жаңғырту  арқылы  қат-қабат  мәселелерді  шешуге 
бағытталған  шаралар  қолға  алынып,  осыған  байланысты  қазіргі  таңда 
елеулі зерттеулер жүргізіліп жатыр. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет