Отдел науки и международных связей студенческое научное общество


«ЕЛІМ-АЙДЫҢ» АВТОРЫ-ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет25/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

«ЕЛІМ-АЙДЫҢ» АВТОРЫ-ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ 
 
ӘЛІП НҰРАХМЕТ 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 
курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: РАХМАНОВА Н.М. 
 
                                                     Жырыма құлағың сал азаматым
                                                     Ұнаса менің айтқан насихатым. 
                                                     Кеудеңде шыбын жаның болса егер, 
                                                     Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын. 
                                                                                  Қожаберген жырау  
 
Абылай  бабамыз  ту  тіккен  киелі  Қызылжар  жерінде  осыдан  үш 
ғасыр  бұрын  ғұмыр  кешкен,  есімі  көп  жылдар  бойы  белгісіз  болып 
келген  көрнекті  мемлекет  қайраткері,  даңқты  қолшбасшы,  ақын,  қара 
қылды  қақ  жарған  әділ  би,  шешен,  дипломат  Қожаберген  Толыбай 
Сыншыұлы.  
Қожаберген  1663  жылы  наурыз  айының  басында  қазіргі  Сол-
түстік  Қазақстан  облысының  (бұрынғыша  Қызылжар  аймағының) 
Жамбыл  ауданындағы  Благовещенка  селосы  орналасқан  жерде  бұрын 
болған  Толыбайсыншы  қарағайы  деген  орманның  қойнауында  дүниеге 
келіп,  сол  туған  жерінде  1763  жылы  қазан  айында  жүз  бір  жасқа 
қарағанда  ауырып  қайтыс  болыпты,  оның  сүйегін  сол  төңіректегі 
«Бүркіт қонған» деген орманның маңындағы әкесінің есімімен аталатын 
Толыбай сыншы бейітіне елі жерлепті.  Ақынның әкесі Толыбайсыншы 
Дәуленұлы (1603-1680 жж.) заманында Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Сібір 
татары,  Шалабай  естектерінің  (Челябинск  башқұрттарының)  біріккен 
әскерінің  ордабасысы  болыпты. 
Қожабергеннің  өз  әкесі 
– 
Толыбайсыншы да, атасы – Дәулен батыр да, бабасы – Таузар сардар да 
өз  замандарында  Үш  жүздің  әскербасылары  және  Орта  жүз 
қазақтарының ардақты ел билеушілері болыпты.  
Қожаберген  өзіне  дейінгі  қазақтың  ақын-жырауларының  өлең 
жырларын,  медереселерде  оқып  жүргенде  шығыстың  жеті  жұлдызы 
атанған  Жәми,  Низами,  Науаи,  Фузули,  Фирдауси,  Сағди,  Рудаки 
шығармаларын  оқып-жаттап,  солардан  нәр  алған.  Сонымен  бірге  ол 
ертеде  өткен  Рашид  ад-Дин,  Мырза  Хайдар  Дулати,  Қадырғали 
Жалаири  білімпаздардың  жазып  қалдырған  шежірелерімен  таныс 
болыпты.  Сондай-ақ,  ол тастағы ескі  жазуларды  да оқи алады екен әрі 
оған көп мән  беріпті.  Бұл айтылғандарына оның  «Ата  тек»,  «Баба тіл» 
дастандары толық дәлел бола алады. 

291 
 
Қожаберген жырау қазақ елі тарихында қасіретті де, ерлікке толы 
кезеңдердің  бірінен  саналған  ХVII-XVIII  ғасырлар  аралығында  өмір 
кешті.  
  Қожабергеннің ақындық талантын жарқырата көрсетіп, тарихқа 
атын қалдырған атақты шығармасы «Елім ай» дастаны.  
Жырау  баба  тарихта  “Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама” 
деген  атпен  белгілі  жойқын  апатты  басынан  өткеріп,  көзімен  көрген. 
Осы  қырғында  ол  бауыр  еті  батыр  балалары  Науан  мен  Әсеттен,  жан 
алысып,  жан  беріскен  батырлар  Ермек  пен  Айбектен  айрылып  құса 
болады. Қиын-қыстау кезеңде басынан өткен қайғы-қасірет, шер-мұңды 
күйші, әнші әрі ақын бабамыз “Елім-ай” күйі, “Елім-ай” әні және “Елім-
ай” жыры арқылы сыртқа шығарса керек. 
Бертінге  дейін  ел  арасында  халық  әні  ретінде  айтылып  келген 
“Елім-ай” әнінің  авторы да Қожаберген жырау екендігін соңғы кездегі 
зерттеулер  дәлелдеді.  Мұны  философ-ақын  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы-
ның “Даналарға” деген өлеңіндегі мына жолдар да растай түседі: 
Өнерге құлаш ұрып бала жастан, 
Тарихың бұл үш жүздің етіп дастан. 
Баласы Толыбайсыншы  Қожаберген, 
Бой ұрған ерлік іске әуел бастан… 
Қолбасы, ақын-жырау һәм елші-би, 
Шығарып “Елім-айдай” тамаша күй. 
“Елім-ай” әні менен жырын тағы
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй. 
Қазақ  кеңес  энциклопедиясының  қысқаша  төрт  томдығының 
төртінші  томында  да  “Елім-ай”  әнінің  де,  күйінің  де,  жырының  да 
авторы Қожаберген екендігі айтылады. 
Ғалым,  академик  Манаш  Қозыбаев  жырау  бабаның  “Елім-ай” 
дастанын кең тынысты эпикалық шығарма ретінде әйгілі “Илиада” мен 
“Одиссея” жырларына теңеп кеткен. 
Осы орайда, академик ағамыздың аталмыш дастан жайлы айтқан 
пікірін  келтіре  кеткен  жөн:  “Елім-ай”   әдеби  тұрғыдан  алғанда  да 
теңдесі жоқ туынды. Онда тек халық мұңы ғана емес, оның сыры, рухы 
бар.  Автор  егіліп  те,  төгіліп  те  жырлайды,  бірде  тарихи  тереңдікке 
бойласа, бірде бүгінгіні қайғырып, болашақты ойлайды, философиялық 
пайымдармен  орағыта  толғайды,  –  деп  “Елім-ай”  жырына  баға  бере 
отырып,  осындай  құнды  дүниені  ғасырлар  қойнауынан  мұра  етіп 
бүгінге  жеткізген  Қожаберген  бабамызды  қол  бастаған  батыр  деп  қана 
қоймай,  “Елім-айдай” асылымыздың авторын – “Дауылпаз жырау” деп 
атау орынды”, – деген екен.  

292 
 
“Елім-ай” дастаны алғашында ауызша туып, кейін оны Қожабер-
геннің өзі хатқа түсірген, жазба күйде сақтаушы Толыбайсыншы ұрпағы 
– Шақшақ батыр Көшекұлы көрінеді. Оның бүгінге дейін жетуіне ықпал 
еткен  жыраудың  соңынан  ерген  үрім-бұтағы  немере-шөберелері. 
Дастанның  әр  шумағы  отаншылдыққа,  ұлтжандылыққа,  әділдікке, 
бауырмалдыққа, адалдыққа, достыққа насихаттайды. 
Қожаберген жырау оқиғаны барынша ұғынықты етіп, қарапайым 
баяндауға  тырысады.  Сөзбен  сурет  салудан  гөрі  белгілі  бір  тарихи 
деректерді  жеткізуді  бірінші  орынға  аңғарылып  отрады.  Жырау 
поэзиясында батырлардың ел тәуеліздігі үшін күресі, халқы үшін қоған 
бола білу, ұлты үшін жанын қия білу мақсатын алға тартты. Ел басына 
күн  туған  кездерде батырлық  пен батылдықты, ерлік  пен өрлікті  қатар 
ұстап,  туған  жерінің  азаттығын  аңсаған,  өмірінің  ақырына  шейін  ат 
жалын  тартып  мініп,  жауына  қарсы  қасқая  аттанған  батыр  жыраудың 
жырлары қазақ тарихында айрықша орын алды.  
Жыраудың  бұл  дастаны  көркем  шығарма  болғандықтан  тарихи 
деректер,  өмір    шындығы  сол  күйінше  құрғақ  баяндалмайды,  бейнелі 
өрнектер 
арқылы 
сипатталып, 
көркемдік 
шеберлікпен 
жеткізіледі.Жырау  халқының  рухани  келбетін,  табиғи  болмысын 
толғауда,  сол  дәуірдегі  әлеуметтік  ірі  оқиғаларға  айтқан  парасатты 
пайымдауларын  көрсетуде  тіл  өрнектерін  шебер  пайдаланған.  Соның 
ішінде ауыз әдебиетінде де, жазба әдебиетінде де жиі ұшырасатын әдіс 
болып  саналатын  теңеуді  сирек  жұмсағанмен,  өмір  шындығына  сәйкес 
келетіндей  етіп  қолданудың  үлгісін  көрсетеді.  Мысалы:  «қарақшы 
торғауыттар  секілді  індет,дәу  мылтық  аузы  жаман  қара  үңгірдей,  жау 
қалмақ шегірткеше қаптап кетті, халқымды жоңғар оғы шөптей қырған, 
жүйрікпен желдей жүйткіп, Дәстем салдай қолды бастап т.б.» теңеулер 
арқылы  халқының  басына  түскен  ауыр  зұлматты  көз  алдымызға 
елестетеді.  
Көркемдік құралдардың ең бір айшықтысы, өткір құралы  эпитет 
ғасырлар  бойы қалыптасқан  көркемдік дәстүр. Расында  эпитетсіз ақын 
мөлдір  сезімін,  асқақ  арманын  әсерлі,  ұтымды  етіп  қағаз  бетіне  түсіре 
алмайды.  Эпикалық  өрнекпен  халқының  жан  дүниесін,  оқиғаның 
сыртқы  сипатын  астастыра  суреттеуде  Қожаберген  жырау  эпитетті 
ұтымды  пайдаланған:  «кірерсің  қара  жерге  денеңменен,  зарлы  ән  мен 
зарлы  күйді  тыңда  менен,  сергісін  құйма  болат  кәрі  денем,  ойы  бар 
қалың  жауға  майдан  бермек,  қоштасып  аға,  інім,  қалың  жұртқа, 
адамның  өлшеулі  өмірі  таусылады,  жүргенмен  сұм  жалғанда  маң-маң 
басып,  өзегің  қайғы  жеген  дерті  қалың».  Соғыс,  заман  сөздерінің 
эпитеттері  жыраудың  өзіндік  сезімін,  күйінішін  айқын  көрсетіп, 
эмоциялық  әсерін  күшейтуге  қызмет  етеді.  Мысалы,  қырғын  соғыс, 

293 
 
қанды  ұрыс,  жойқын  ұрыс,  сұм  жалған,  дұшпан  заман,  мыстан  заман, 
қайғы заман, құйын заман, долы заман, шұбар заман.  
Дастанда соғыс оқиғаларына қатысты, жауынгерлік қару-жараққа 
қатысты сардар, сарбаз, найза, сауыт, берен, қылыш, айбалта, зеңбірек, 
ғаскер т.б. әскери  лексика  мол  қолданылған.  
Саңлақ ақынның  шабыты тау өзеніндей  тасыған  тұста  мейлінше 
шеберлікпен  жұмсаған  ауыстырулары  сымға  тартқан  күмістей 
сылдырап,  керемет  келісім  табатын  секілді:  «ұлдарым  қасыма  ерген 
алып  сұңқар,  болашақ  көпке  тұтқа,  мырзаларым  ішің  жалын,  болам  ба 
алпыс  бірде  көпке  тұтқа,  қорқамын  қалмақтың  дәу  мылтығынан, 
сібірдің шығысынан ызғар келді». 
Жыр жолдарында ауыстыру, айшықтау тәсілдерінен басқа кейбір 
жекелеген  сөздердің  де  тігісі  жатық,  ойға  қонымды  болып  келеді. 
Әсіресе,  алмастырулардың  тамаша  үлгілерін  кездестіреміз.Мысалы: 
«қарсы  алды  қуанысып  жас  пен  кәрі,  жиналып  қайын  жұрттың  келді 
бәрі,  үлкендер разы  боп  бата  берді, Еділден  Кіші  жүздер жәрдем  күтті 
т.б». 
Жырда  мәдени  ұғымдар  өзектелген  жыраудың  тілдік  тұлғасын 
дәстүрлі  мәдениеттің  өкілі,  тұтынушысы,  дамытушысы  ретінде  тануға 
оның  сөз  қолданысындағы  этномәдени  компоненттердің  сипаты 
байқатады. Мысалы, «Елім-ай» жырында теңге атып, бозбалалар көкпар 
тартып,  ат  үсті  аударыспақ  ойын  ойнап,  сүндет  той,  қыз  ұзату 
қуанышында, аң аулап, қан сонарда бүркіт салып, баптаған алғыр тазы, 
қыран  ұстап  секілді  жолдардан  ұлттық  салт-дәстүрлерімізді  көре 
аламыз. 
Жырдың  қай  кезең  оқиғаларына  қатысты  туғандығын,  бастан 
кешкен  түрлі  оқиғалардың  дерегін  көбіне  ондағы  сөз  өрнегінен, 
барынша жиі жұмсалатын кісі есімдері мен жер-су аттарынан танимыз.  
Жырау  жырын  тікелей  ел  қорғар  жауынгерлеріне,  ақыл  айтар 
қарияларға, 
ел 
билеуші 
шораларға 
арнап, 
«сардарларым», 
«дегдарларым», 
«сарбаздарым», 
«маңғаздарым», 
«дариялар», 
«даналарым»,  «шораларым»  деген  қуатты  қаратпа  сөздерді  қолдана 
отырып, ұрпағын рухтандырып, қанаттандырып отырған.  
Жырда бастан өткен қым-қиғаш оқиғалар, ел мен жердің тағдыр-
талайының  бәрі  –  Қожаберген  жыраудың  атынан  баяндалады.  Бұл 
тұрғыдан алғанда тарихи өлеңдердің ең көне түрлері бізге ел мен жерге 
қатысты қоштасу, жоқтау түрінде айтылған. Эпикаға тән ерекшелік бар. 
Бұл – батырлықты дәріптеуге тән эпика емес. Тарихи дастанның айтары 
оқиға  қалай,  қашан  болды,  оның  себебі  мен  салдары  халықтың  қандай 
күйге  түскендігін  жеткізу.  Жырау  өз  дастанында  ең  алдымен  болып 
жатқан  қайғылы  оқиғаны  айтып,  ендігі  күннің  не  боларын  жалпы 

294 
 
жұртқа  қарата  сөйлеп,  жұртпен  кеңесуді  жөн  санайды,  оған  өзінің 
ақылын айтады.  
Кеңесіп дұшпандардан ел қорғаңдар 
Кетпесін жау қолында мал-жандарың 
...................................................................... 
Баршаның ризығы малды сақта, 
Қаңырап бос қалмасын қораларың 
....................................................................... 
Жастардың басын қосып ауыл қорға 
Өзімде қалсын десең дүние-малың 
……………………………………………… 
Астыңда болмаса да тұлпарларың
Аянбай соғысыңдар сұңқарларым. 
Майданда  жауға тірі берілмеңдер, 
Төкпеңдер жау алдында беттін арын. 
-деп, ақын жалпы жұртқа үлкен ой тастайды. 
 Жырау  соғыс  өрті  қызған  шақтарда  ұрпағын  отансүйгіштік  пен 
ерлікке  үндейді.    Тарихи  жырда  теңеу,  эпитеттер  т.б.  көркемдік 
құралдар  жыр желісін қалыңдата түссе, сонымен қатар айшықтауларға  
да молынан орын берілген. 
Жырда  дыбыстық  қайталаулардың  жиі  ұшырасатындығын  
байқаймыз. Ауыз әдебиеті дәстүрінде жасалып, табиғи заңдылыққа сай 
айтылған  өлең  шумақтарын  тарихи  өлеңнің  кез-келген  тармақтарынан 
табуға  болады.  Мысалы:  «жұртыма  жолатпаған  жауды  жасқап,  төртеуі 
төрт  жүз  жауға  төтеп  берген,  жүйрікпен  желдей  жүйткіп  өсіп  едім»  
деген  жолдарда  үнемі    бір  дыбыстар  еселене  қайталану  арқылы  жырға 
ажар-көрік дарытқан. 
«Шындық –  күрделі болса, одан туған шығарма да  – күрделі», – 
дейді  Зейнолла  Қабдолов,  шынымен-ақ,  Қожаберген  ақынның  «Елім-
ай»  атты  жыры  қазақ  халқының  сыртқы  жауларға  қарсы  бағытталған 
жарты  ғасырлық  әрі  азаттық,  әрі  әділетті  соғыстарын  суреттеуге 
арналған тарихи, әрі тәрбиелік маңызы бар дастан.  
Кезінде  академик  Манаш  Қозыбаев:  “Халқының  қырық 
пайызынан  айырылған  қайран  қазаққа  дәл  Қожабергендей  бағдарлама 
жасаған  ел  данасы  сол  кезде  кемде-кем.  Қожаберген  баба  тек  жеңіс 
бағдарламасын  жасап  қоймады,  “Болды  ғой  аяқ  асты  Отанымыз”,  “Ер 
емес жаудың туын құлатпаған” деп, сардарларын ұрысқа шақыра білді. 
Қазақ халқы бабамыздың бұл ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емес”, – деп 
жазған екен. 
 «Сөздің  ең  ұлысы,  ең  сипаттысы  -  тарих»,  –  деген  екен  ұлт 
ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов.  Осыған  орай,  Қожаберген  есімі  Әз  Тәуке 

295 
 
хан,  Абылай  хан,  Әбілхайыр  хан,  Бұқар  жырау,  Әйтеке  би,  Төле  би, 
Қызыбек  би  сияқты  ұлтымыздың  ұлыларының  қатарында  Отан 
тарихында хатталады.  
«Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні  бар»,  -  дегендей,  қорыта 
келгенде,  Қожаберген  жырау  Толыбайсыншыұлының  қазақ  тарихынан 
да, қазақ әдебиеті тарихынан да ойып тұрып орын алары белгілі. 
Иә,  өлмейтін  жан  жоқ.  Абай  атамыз  «Өлді  деуге  болама, 
ойлаңдаршы,  өлмейтұғын  артына  сөз  қалдырған»,  -  дегендей,  қазақ 
халқының  үш  ғасырлық  жүрек  жарды  жыры  «Елім-айдың»  авторы 
Қожаберген жырау өз халқымен мәңгі бірге жасайды. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.
 
Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989, -215 б. 
2.
 
Әуезов М. Әдебиет тарихы.  А.,1991, -240 б 
3.
 
Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі.  А, Ғылым, 1998. 1-кітап. -344 б.  
4.
 
Әбуталиев Н. Ордабасы Қожаберген.  Монография.  А., 1995 ж.  
5.
 
Әбуталиев Н. Қожаберген жырау. Елім -ай. А., 1995ж. 
 
 
АБАЙ ӨЛЕҢІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
 
ӘШІМОВА М.Ж. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті, 
«Қазақ тілі мен  әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:  ӘМЕТХАНОВА М.Ә. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университетінің  
«Қазақстан тарихы және филология» кафедрасының  оқытушысы, 
п.ғ.магистрі 
 
Абай  өлеңі  -  ақындықтың  алуан  құбылған  мінезі.  Сырғыған 
нұрдан  сыр  аулап  кеудеге  қуаныш  жайылған  сәт.  Тылсымға  қамалып, 
тығырыққа  тіреліп,  болымсызға  болдырып  отырған  шарасыз  күй.  Жан 
жанып,  жанарда  күн  ойнап  қайтадан  тірілген  құштарлық...  Абай 
жырының  өлмейтін  өлең  мәніндегі  құпиясының  бірі  оның 
құрылымында. Сол негізде Абайдың өлең құрылысын зерттеу қашан да 
мәнді.  Кейінгі  кезеңде  Абай  ақындығы,  Абай  дүниетанымы,  Абайдың 
өмірбаяны,  Абайдың  әдеби  мұрасының  зерттелу 
тарихы  тұрғысында
 
елеулі  жаңа  ғылыми  бағыттар  айқындала  түсіп  отыр.  Өскен,  озған 
жұрттардың өнегесінде Абайдың ақындық әлеміне біз  де түбегейлі бас 
қою  мүмкіндігіне  ие  болдық.  Тарих  қазақтың  тағдырын  сан  мәрте 

296 
 
талқыға  салған  тұстарда  тұтас  танымға  тарту  мүмкін  болмаған  Абай 
ақындығы  айналасына  барып  тірелетін  тарихи-  әлеуметтік  негіздер, 
көркемдік заңдылықтардың дәстүрлі, жаңашылдық бағыттар аясындағы 
өрісі  қазіргі  кезеңде  тағы  бір  саралаудан  өтіп,  тың  пайымдаулармен 
тұғырлана түсуі – абайтанудың қазіргі кезеңдегі ғылыми нәтижелері әрі 
келешек  зерттеу  бағдарлары.  Абай  ақындығын  осы  тұрғыда  ХІХ 
ғасырдағы  қазақ  өлеңінің  түрі  мен  тегі  туралы  тұғырлы  тұтас  таным 
аясында жүйелі ғылыми негізде бағалап, саралаудың өзіндік мәні бар.  
Абайтану  тарихында  Абайдың  өлең  түрі  тұрғысында  бір 
ғасырдан  астам  уақыт  қарас-  тырылып  келе  жатқан  арнайы  сала  бола 
тұра, қазіргі кезеңде осы мәселенің абайтанудағы өзекті жайлардың бірі 
болып  қалып  отырғандығы  белгілі.  Мұндағы  түрлі  себептердің  жай-
жапсары  абайтану  мәселелерін  ғылыми  не-  гізде  зерделеген  белгілі 
ғалымдардың  еңбектерінде  айтылып,  қамтылып  отырды.  Айқындай 
түсуді,  нақтылай  түсуді  қажет  етіп  отырған,  қайсыбір  құнды  болжам, 
зерттеулерді  ғылыми  айналымға  қосудағы  ынтаықыластың  кемдігінен 
қазақ  өлеңінің  даму  тарихындағы  елеулі  мәндердің  қағаберістеу  қалып 
отырған  да  жайлары  бар.  Абайдың  өлең  түрлеріне  қатысты  қазірде 
ауызша  поэзия  үлгісіндегі,  ортағасырлық  түрік  поэзиясы  өлшемдері, 
ұйқас  ерекшелігі  түріндегі,  халық  ауыз  әдебиеті  үлгісіндегі  және  орыс 
поэзиясын  аудару  үдерісіндегі  ықпалдастық  негізде  шығарылған 
туындылары деп жүйелеп бөліп қарастырудың да қажеттілігі байқалып 
отыр.  Осы  негізде  Абайдың  дәстүрге  бару,  дәстүрден  алу,  дәстүрді 
жаңғыртып  ұқсату  шеберлік  тәсілдерінің  әлі  де  жұмбақтау  қалып  келе 
жатқан  қырлары,  ақындық  өсу,  кемелдену  үдерісіндегі  айқын  белгілер 
нақтылана түсер еді. Ілгеріден бері Абайдың өлең құрылысы, Абайдағы 
өлең  түрі  туралы  нақтылы  нәтижелерді  назарға  ала  отырып,  кезеңінде 
тасалап  қана  қылаң  берген  арғы  жағы  мығым  ойларды  оята  отырып, 
кәнігі  өлең  білгірлерінің,  өлеңтанушы  мамандардың  теориялық 
танымындағы мызғымас негіздерді тұғыр ете отырып қайта бір айналып 
соғып,  Абай  поэзиясының  өлеңдік  болмыс  құпиясын  ендігі 
мүмкіндіктер ауқымында және бір саралаудың нәтижесінде жалпы қазақ 
өлең  тарихындағы  қазірде  де  толық  жүйеленіп  болмаған,  негізделіп 
аяқталмаған аса елеулі заңдылықтар мен құбылыстарға да қаныға түсер 
едік. Бұл мәселеде  пісуі жетіп, түсіруді күтіп жатқан  фактілер, сәл ден 
қойсақ  айқара  ашылып  кетейін  деп  тұрған  құпиялар  жетерлік. 
Заманында  бар  дүниемізді  басқалар  түгендеп  бергендей  шалықтап, 
алысқа  алақтаған  күндеріміз  болды.  Өзегімізде  жатқан  өзіндік 
болмысымызды өзгенің қалпына түсіруге ынтығып өзеуреуге де мәжбүр 
етті.  Көкірек  көзі  ояу  көсем  ұлдарының  айтқанына  халықты 
иландырмаудың  көп  амалы  жасалды.  Халықтың  мыңсан  құрсауға 

297 
 
түскен  азаматтық  тарихының  қасіреті  қазақ  әдебиетінің  тарихын  түзу, 
дәуірлеу,  теориялық  тұрғыдан  қисындау  сияқты  ұлттық  бітіммен 
астасып жатқан аса қастерлі қымбат мұрасының таралу, танылуында да 
қалды.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  дәуірлік  зерттеу  мәселелерін 
тұтасымен жалпыадамзаттық көркемдік таным, игіліктер өрісіне көтеріп 
шығатын  әлует  бар.  Мұхтар  Әуезов  ауызша  мен  жазып  шығарылған 
әдебиет үлгілеріне қатысты әр жылдарда ой қозғап отырған. 
Абайдың  қазақ  өлеңіне  енгізген  жаңалық,  өзгешелігі  туралы 
М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Е.Ысмайылов,  Қ.Жұмалиев,  З.Ахметов, 
З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың тұжырымдары. Қ.Өмірәлиевтің пікірлері. 
Абай  қазақ  өлеңіне  әкелді  деген  жаңалықтардың  ортағасырлық, 
жыраулық  поэзиямен  байланыс,  сабақтастығы  бар  тұстар.  Абайдағы  6 
буынды,  8  буынды  өлеңдер  туралы  Қ.Жұмалиев  тұжырымы.  Абайдың 
өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан әрі қарай жетілдіре зерттеу 
мәселелері. 
Абайдың өлең өлшемін  алғаш рет   арнайы  Ғабдрахман  Сағди 
қарастырды. Абайда ескісі бар,  жаңасы бар  8 түрлі өлең бар деді. 
“Сен мені не етесіңнің” өзіне М.Әуезов сан қырынан үңілген. 
“Абай осы өлеңде ең алғаш рет әр жолдың ырғақ, буын өлшеуін 
де  қатты  өзгертеді.  Кей  жол  төрт-бес  сөзден  құрылса,  белгілі  санаулы 
қатарда,  мысалы:  төртінші,  алтыншы  жолдарда  бір-бір-ақ  сөз  бір  жол 
болып отырады. Осындай өлең уәзінін (Абайдың өзі айтуынша) тауып, 
ақын және де арнаулы ән шығарады” (11).  
М.Әуезовтің  осы  өлеңді  талдауында  бірталай  мәселенің 
бастамасы іспетті ой бар. “Сен мені не етесің” – ән өлең. Осының әні де 
қазақ  есітпеген  ән-күй  ырғағынан  мүлде  бөтен  дейді  ғалым.  Қазақ 
музыкасы  үшін    ән  өзгешелігін  іздегенде  Абай  әдейілеп  речитатив 
өрнегін  тапқан.  Ондағы  үйішілік  драмалық-уақиғалық  мазмұнда  14 
жолдан  қайырылған  шумақ  өлеңдегі  жеделдік,  бір  демділіктен  гөрі 
ауызша  айтылып  отырған  сөздің  интонациясы  бар,  бұған  Лермонтов 
лирикасының зор әсері бар тәрізді деген пікір  “Сен мені не етесіңнің” 
табиғатын ашып-ақ тұр.  
«Қазақ 
эпосы 
мен 
әдебиет 
тарихының 
мәселелері» 
монографиясында  ғалым  «тарихи  әдебиет»  деген  ұғымды  әдебиет 
тарихы  деген  мәселені  жазба  әдебиет  мәселесімен  тұтастыра 
қарастырғаны белгілі. «Әдебиет тарихын Бұхардан бастаймыз, себебі...» 
деп  келтіретін  тұжырымдары  қазақ  әдебиеті  тарихының  ілгергі 
замандарға  іргесін  кеңейткен  бүгінгі  танылу  қалпының  мазмұнына 
толық  сәйкес  келіп  жатқанын  көрмеуге  болмайды.  Ауызша  мен  жазба 
әдебиетті  айырудың  көп  қисынының  ХІХ  ғасыр  ғана  емес,  қазақ 
әдебиетінің  бар  тарихындағы  орталық  тұлға  Абайға  барып  соғып,  сол 

298 
 
тұстан  айғақтала  түсіп  жатуы  -  әдеби  дамудың  тарихи  фактісі.  Қазақ 
поэзиясының  қанға  біткен  құнарымен  қуаттанып,  еркеленіп  шыққан 
Абайдың асыл сөзі - ұлттық құндылық. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.  Өмірәлиев  Қ.  Қазақ  поэзиясының  жанры  мен  стилі  (ХІХ  ғ. 
бірінші жартысы). - Алматы: Ғылым, 1983. - 240 б. 
2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы, 1985. – 570б.  
3. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай 
поэзиясының тілі. – Алматы: Қазмемәдеббас, 1960. - 364 б.  
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ТІЛ  БАЙЛЫҒЫН   ДАМЫТУДА  
ЕРТЕГІЛЕРДІҢ РӨЛІ 
 
БАЙДОСОВА Ж. 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 
3курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:  НАЙМАНБАЕВ А. 
Алматы университетінің аға оқытушысы 
 
Ертегілер  әрқашанда  қазақ  халқының  өмірінде  маңызды  роль 
атқарып  келген.  Себебі,  ертегілердің  мазмұнында  халықтың  тұрмыс 
тіршілігі  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  бүкіл  болмысы,  адамдардың  өзара 
қарым-қатынасы,  мінез-құлқы  т.б.  бейнеленген.  Ұрпақ  тәрбиесінде  ең 
тиімді  тәрбие  құралы  ретінде  ертегілер  тілі  жеңіл,  түсінуі  оңай 
болғандықтан,  ертегілердің  балаларға  отансүйгіштік,  еңбексүйгіштік, 
т.б.  тәрбиелер  беруде  ғана  емес,  олардың  тілін  дамытуда  да  атқарар 
қызметінің маңызы өте зор.  
Ертегілер 
бастауыш 
мектеп 
оқушыларының 
ой-өрісін 
жетілдіріп,  Отанын  сүюге,  елін  қорғауға,  өнерді  игеруге,  жалпы 
адамгершіліктік  құндылықтарды  бойына  сіңіруге  септігін  тигізеді. 
Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал 
сөздік  қоры  мол,  тілі  дамыған  бала  -  үздік  оқушы,  себебі  жоғарыда 
аталғандар  -  жақсы  үлгілердің  негізі.  Ой  өрісі  дамып,  сөздік  қоры 
молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала 
тілін  дамыту  -  қоғам  дамыған  сайын  күнделікті  қажеттілікке  айнала 
беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы 
бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның 
ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер 
ғалымдардың  зерттеуінен  түспей,  назардан  тыс  қалмай  жүрген 
мәселелердің бірі.  

299 
 
Т.Барласұлы  ертегінің  адам  баласына  тәлім-тәрбиелік,  рухани 
маңызы  жөнінде  айта  келіп:  "Ертегі  -  рухани  тәрбиенің  мәні  аса  зор, 
көзіміз  көріп,  қүлағымыз  ести  алмайтын,  тек  ақылмен  ажыратып, 
жүрекпен  ғана  түйсіне  алатын  материалдық  әлеммен  бірге  шегі  жоқ 
рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп 
анықтама  береді[1].  А.Байтұрсынов  «ертегінің    қадірі    қанша    деп  
сұрағанда, керегіне  қарай  жауап  беріледі» деп  ой  қорытады. Ертегі  
халықтың  қиялынан  пайда  болған. Сондықтан  оның  авторы  халық. 
Бертін  келе  ауыздан – ауызға  тарап, келешек  ұрпаққа  жетіп  отырған. 
Ертек    айтушыларды  –  ертекшілер    деп    атаған.  Ертегі    туралы  
анықтаманы    М.Әуезов  былай    деген:    Ертегі  деп  баяғы    замандағы  
елдің  дүниеге  көзқарасын  білдіретін, я сол  көзқарастың  белгілі  ізін  
көрсететін,  онан    соң  елдің    белгілі    салтын    білдіретін,  арнаулы    үлгі  
айтатын,  жамандықты    жерлеп,  жақсылықты    көтеріп    айтқан,  ойдан  
шығарған    көтерме    әңгімені    айтады[2].  Бұл    анықтамада    шыншыл  
ертегі жайында  еш  сөз  айтылмаған. Ертедегі  көзқарас  деп  көрсеткен. 
Ертегілердің  негізгі  тарихы  адам  баласының  сөйлеу  тілі,  ойлау 
қабілеті пайда  болғаннан  басталады.  Алғашқы  уақытта  өте  ақылға  
сыймайтын  ертегілер  пайда  болды.   Онда  көбінесе  жан – жануарлар   
тіршіліктің    барлығында    сөйлейді,  ұғады    деген    адамдарда    пікір  
қалыптасқан.  Бұл    ертегінің    қиал    ғажайып    түрі.  Одан    кейін  XV- 
ғасырларда    қазақ    хандығында    құрылуымен    тұспа  –  тұс    келеді. 
Ертегілер  батырлар  мен  небір  шешен, ел  билеген  көсемдер  жайлы  
өрбейді.  Олардың  халыққа  еткен  еңбектері, қанаушы  топ  шонжарлар 
мен  байлардың  тепкісіне  шыдамай  қарсы  әрекеттері, айламен  түрлі  
тәсілдермен  сабасына  келтіріп  отырған  көріністері  бейнеленеді .  
Кейінгі          жылдары          XIX  –      ғасырдан          бастап          халық   
білімге,  ғылымға    жол    салды.    Онда          ұлы          тұлғалардың    
Ш.Уәлихановтың,   Ы. Алтынсариннің, А. Байтұрсыновтың  алар  орны  
зор. Олар  өз   шығармашылығын  бұхара   халыққа   арнады. Солардың  
тәрбиелілігін, ұғуға  ынталылығын, адамгершілік  қасиеттерін  көрсетті . 
  Ертегілердің    ең    алғаш    зерттелуі    қазақ    ауыз    әдебиеті  
үлгілерін    жинаушы,  әрі    оны    өзге    халықтарға    танытушы    Ә. 
Диваевтың    есімімен    тікелей    байланысты.  Ол  1883  жылы    ертегілер  
жинауды    бастаған.  Ең    алғаш    Әулиеата    уезі    болды.  Кейін    ол  
қызметіне    байланысты    ел    аралап,  Шымкент,  Сыр  бойында    болып,  
көне құлақ  қарттардан  ертегілер  жинайды. 
Диваев    әңгімелер  мен    ертегілерді    жазып    алып,  хат    арқылы  
сұрап    отырған.    Ертекшілер    мен    орындаушылармен    кездесіп, 
фольклорлық    мұралар    жазып    алып    отырған  .  Ол    ерекше    әдіс  
қолданған:    бір    ертегіні    бірнеше    елді    мекеннен,  бірнеше    кісінің  

300 
 
аузынан    тыңдауды    әдетке    айландырып,  сол    шығарманың    нағыз  
халықтық  нұсқасын  айқындауды  мақсат  еткен. Ең соңында  нұсқаның  
толығырақ    айтылған    түрін    баспа    бетіне    бірнеше    рет  құрастырып  
жазып  алады да,  соның  толымды  нұсқасын жасайды. Сөйтіп  барып 
ол  аңыз – ертегі  жайлы  ойын қорытындылайды.  
Ә.  Диваевтің    тағы    бір    ерекшелігі    ол    ертегілерді    жинауда  
сөзге  мұқият  қарап, баспа  сөз  бетінде  жариялауда  кейбір  түсініксіз  
сөздерге    коминтарийлер    жазып,    әрі    сол    ертегі,  дастанның    қанша  
варианты    бар    екендігінен    мәлімет    те    беріп,    отырған    және    ол  
материалдарды  екі  тілде  яғни  орыс,  қазақ  тілдерінде  жариялауды  
принципке  алған. 
    Ж.Аймауытов  ең  алдымен  бала  тәрбиесіндегі  отбасының 
роліне ерекше тоқталды. «Баланы бұзуға яки түзетуге себеп болатын бір 
шарт рас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке  – шешенің тәрбиесі арқылы 
қалыптасады. 
Балаға 
қайырымдылықты, 
кішіпейілділікті, 
шыншылдықты, адамгершілікті беретін ата – ана»[3].  Баланың бойына 
сіңген  мінезді  қайта  түзету  қиындық  келтіреді.  Ол  бала  мінезін  жас 
шыбыққа теңейді.  
Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты 
өсетінін отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен 
қиындық келтіретінін айтады. Сонымен қатар өнегелі отбасынан бұзық 
мінезді баланың шығуы  немесе  тәрбиесі нашар отбасынан да  тәрбиелі, 
өнегелі  баланың  өсуі  мүмкін  дей  келеді  де,  бұл  айтылғандар  өскен 
отанын,  замандас,  жора  –  жолдас,  құрбы  -    құрдастың  ықпалынан, 
соларға еліктеуге болатынын дәлелдейді. 
«Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  мінезі  түзу,  адамшылдыққа  қызмет 
ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» дей келе, «Баланы тәрбиелеу үшін 
әрбір  тәрбиешінің  өзі  тәрбиелі  болуы  керек.  Себебі  бала,  айтып 
тұрғаннан көрі көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға 
не  жақсы  мінез  болсын  іспен  көрсете  білу  керек»-  дейді.  Бұл  еңбекте 
Аймауытов  «Баланы  оқытудың  белгілі  ереже  заңдарын  баяндайтын, 
оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін 
педагогиканың негізгі бөлімі дидактикаға ғылыми анықтама берген».  
Мағжан  Жұмабаев  1922жылы  «Педагогика»  оқулығын  жазған 
ағартушы.  Осы  оқулығының  бірінші  бөлімі  педагогиканың  жалпы 
мәселелеріне  арналған. Оның пікірінше  тәрбие  саласы  төртке  бөлінеді. 
Олар: дене,  жан, ақыл және сұлулық пен әдеп  –  ғұрып тәрбиесі:  «Егер 
де  адам  баласына  осы  төрт  тәрбие  тегіс  берілсе,  оның  тәрбиесі  түгел 
болганы.  Егер  де  ол  ыстық  -    суық,ашық,  жалаңаштық  сықылды 
тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денлі болса, 
түзу  ойлайтын  дұрыс  шешетін,  дәл  табатын  ақылды  болса,  сұлу  сөз, 

301 
 
сиқырлы  әуен,  әдемі  түрден  ләззат  алып,  жан  толқындырарлық  болса, 
жамандықтан  жаны  жиреніп,  жақсылықты  жаны  тілеп  тұратын  болса 
ған адам балсын дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы»[4]. 
Балам  адам  болсын  деген  ата  –  ана  осы  төрт    тәрбиені  дұрыс 
орындасын.  Баланы  тәрбиешінің  дәл  өзіндей  қылып  шығару  емес, 
келешек  заманына  лайық  қылып  шығару»-  деу  арқылы  М.  Жұмабаев 
тәрбие  мақсатын  келер  күн  талабымен  ұштастырғысы  келеді.  Ол 
«Ұлттың  тілі  кеми  бастауы-  ұлттың  құри  бастағанын  көрсетеді». 
Мағжан  педагогикасы  аса  сезімтал,  саясаттан  тыс,  бала  жүрегін 
жараламайтын адамгершілікті педагогика.  
Қазақ  жастарына  болашақты  болжап,  келешекке  кемелденіп 
барар жолдар мен маңызды мақсаттарды біздің қазіргі заманымызға сай 
ұсынылды деп ойлаймыз.  
Сөз соңында айтарымыз «Ертегі – соңғы қазақ ескілігін жинаушы 
адамдар  арасында  бұл  жөнінде  В.  Радловтан  ынталы,  ұқыптылық 
көрсеткен оқымысты жоқ деуге болады.» - деп ғалым М. Әуезов жоғары 
бағалай,  белгілі  төңкеріліске  дейінгі  қазақ  фолькорына  арналған 
жинақтардың  ішіндегі  ең  толыққанды,  жүйелі,  озық  үлгісі  болып 
табылатындығын 
еңбектерінің 
қайта 
басылып, 
көпшілікке 
ұсынылатындығына берік сенімдіміз.  
«Алтын  сандық»  жинағында  «Түлкінің  алдағаны»,  «Дудар  қыз», 
«Молданың  үйінде  оқыған  бала»,  «Тазша»,  «Хан  Шентай»,  «Қаракөз 
сұлу»,  «Қармақ  салған  жігіт»,  «Желкілдек»,  «Еркем  Айдар»,  «Ханның 
қызы», «Жақсылықпен жамандық жолдас болған», «Үш ұл» ертегілерін 
қамтиды.  
Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де 
мол  мұрасы.  Оның  ертегі  деп  аталуының  өзінен  де,  сол  сияқты 
ертегілердің  «Бұрынғы  өткен  заманда,  ерте-ерте,  ертеде»  деп 
басталуынан  да  оның  атам  заман  туындысы  екенін  аңғару  қиын  емес. 
Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші 
халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  әдет-ғүрпы,  елдік  тарихы,  қилы-қилы  
асулары, арман-мұраты бейнеленген.  
Барлық  елдің  ауыз  әдебиетінен  мол  орын  алған  және  халықтың 
жазу-сызу  өнері  болмаған  кезінде  ауызша  шығарған  күрделі 
шығармасының бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде 
айтылатындықтан,  оны  халықтың  ерте  заманда  шығарған  көркем 
әңгімесі  деп  қараймыз.  Халық  әдебиетінің  басқа  түрлері  секілді, 
ертегілер  де  адам  баласының  еңбек-кәсіп  ету,  тұрмыс  тіршілік  құру 
тәжірибесіне байланысты туған.  
Жаратылыс  құбылыстарын,  табиғат  сырын  жетік  білмеген, 
олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр 

302 
 
нәрсені  қиял  еткен;  өздерінің  ауыр  еңбектерін  жеңілдету  жайын 
қарастырған.  Бұл  жөніндегі  ұғым-түсініктерін,  нанымы  мен  сенімін 
әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері 
туған.  (Халық  шығармасының  бұл  түрі  «ертегі»  деп  аталуының  өзі-ақ, 
онда  айтылатын  әңгімелердің  есте  қалмаған  ерте  заманда  туғандығын 
анғартады). 
Бертін  келе,  экономиканың  ілгері  дамуы,  қоғамдық  карым-
қатынастардың  алға  басуы,  адам  баласының  дүние  танымының,  ой-
өрісінің,  сана-сезімінің  үлғайып  өсуі  жалпы  халық  шығармаларына, 
соның  ішінде  ертегілерге  көп  әсер,  еткен.  Осы  негізде  ертегілердің 
алғашқы  үлгілері  әр  түрлі  өзгерістерге  ұшырап,  жаңа  ертегілер  туа 
бастаған  және  онда  адам  баласының  арман-мүддесін,  ой-санасы, 
болашақтан  күтетін  үміті  суреттелген.  Осы  ретте  туған  ертегілерден 
адам  баласының  тұрмыс-тіршілігі,  өмірі,  ісі  басты  орын  алады, 
қоғамдық  мәні  бар  мәселелер  көтеріледі.  Бұлардың  бәрін  халық 
ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген. 
Бастауыш  мектеп  ана  тілі  оқулығына  енгізілген  ертегілер 
негізінен  балаларға  арналған  ертегілер  болып,  оларды  оқытуда 
оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сай  әр  сыныптарды  жеке  қарастыруға 
тура келеді. 
Төменгі сыньштарда (1-2 сыныптар): 
1.  Ертегілерді    дауыстап,    көтеріңкі      әуенмен    оқуға  
дағдыландыру  керек.  Төменгі  сынып  оқушылары  ертегінін  қай  түрге 
жататындығын  оңай  аңғара  алмайды.    Сондықтан  оқытушы    ертегінің   
қай    түрге    жататындығын  айтып  беруі  керек  және  қысқаша  түсінік 
жасаса да болады. 
2.    Мәтінде      кезігетін      жаңа      сөздердің      мағынасын   
оқушылардың қабылдау өресіне лайық түсіндіріп беру керек. 
3. Ертегіні     оқып     болғаннан     кейін     оқушыларға     қайта-
қайта  әңгімелету  арқылы  олардың  сөйлеу  қабілетін  жетілдіруге  мән 
беру керек. 
4.  Мәтіннің  идеялық  мазмұнын  жинақы  баяндап  түсіндіруге, 
ондағы басты сөз, сөйлемдерді бірлестіріп түсіндіруге көңіл бөлу керек. 
Мысалы,  «Баланың    айласы»  деген    ертегіні    оқытуда,  біріншіден,  
оқытушы өзі  үлгі көрсетіп оқып беріп, онан соң оқушыларға дауыстап 
оқыту  керек.  Мәтін  диалог  түрінде  болғандықтан,  оқушыларға 
оқытқанда сол диалог бойынша оқыту,   ондағы   ғалым,   түйе,   жеміс   
ағашы,   ит,   бала,   жылан   сияқты кейіпкерлердің ерекшелігі бойынша 
лайықты  әуенмен  оқуға  көңіл  бөлу  және  олардың  қандай  адам,  қандай 
жануарлар екендігін қысқаша таныстырып қою қажет. 
Екіншіден, мәтінде кезігетін «жүгіну, жылан, ғалым, жапан дала, 

303 
 
нану»  сияқты  сөздерді  сейлемдегі  беріп  тұрған  мағынасы  бойынша 
түсіндіру керек. 
Үшіншіден,  ертегіні  оқушыларға  қайта-қайта  айтқызу  керек. 
Баяндау  барысында  кейіпкерлер  бойьшша  сөйлету  мен  тұтас  мәтін 
бойынша ретімен баяндауды бірлестіріп айтқызу керек. 
Төртіншіден, 
оқытушы 
ертегінің 
идеялық 
мазмұнын 
қорытындылап  беруі  керек.  Мұнда  жыланның  жақсылыққа  жамандық 
істеп  өзін  құтқарған  ғалымды  өлтірмек  болған  оқиғасын,  баланың 
ғалымды  жыланнан  құтқарып  қалуда  қандай  айла  істеткендігін  және 
осыған  қатысты  сөз,  сөйлемдерді  түйін  ете  отырып  қорытындылау 
қажет. 
Өзекті  идеяны  қорытындылау  барысында,  адам  баласына  қастас 
жауыз  жыланды  баланың  ақыл-парасаттылықты  жауыздық  үстінен 
қашан да жеңіске жететіндігін, адамдар тек қара күшке сүйенбей, әдіс-
амалға,  ақылға  да  сүйену  қажеттілігін  дәріптеу  керек.  Мәтін  соңында 
берілген: 
«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, 
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. 
Білемін деп мақтанба, 
Сенен де білгіш табылар» 
деген  мақалды  тармақтары  бойынша  түсіндіріп  берумен  бірге, 
жаттап алуды тапсыру керек. 
Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар):   
1. Оқушылардың ертегілерді дербес оқып түсіну қабілеті біршама 
жоғары  болады.  Бұл  сыныптарға  ертегілерді  оқытуда,  алдымен,  
оқытушы  ертегінің  мазмұнын  ашып  бере  алатын  сұраулар  беріп, 
оқушылардың  сол  сұраулар  бойынша  оқып,  қайталап  айтып  бере 
алатындай болуы үшін алдын-ала тапсырма беруі керек.     
  2.  Сыныпта    алдымен    берілген    тапсырманың    орындалу   
жағдайын тексеріп көру, онан соң оқытушы қызығарлық етіп әңгімелеп 
беру, сол негізде оқушыларды қызықтыра отырып оқуға және әңгімелеп 
беруге жұмылдыру керек. 
3.  Талдау  жасауда  оқиғаға  талдау  жасауды  басты  орынға  қою 
керек.  Оқиғаны  талдау  негізінде  ертегілердің  негізгі  идеясын 
қорытындылап  беру  кажет.  Осы  тұрғыда  басты  сөз,  сөйлемдердің 
мағынасын түсіндіріп кетсе де болады. 
4. Ертегілерді  талдау барысында көріністе әр түрлі  мақұлықтар, 
жануарлар      суреттелгенімен,    іс  жүзінде  шынайы  өмірдегі  адамдар 
арасындағы  қатынас  бейнеленетіндігін  ескертіп  отыру  керек.  Халық 
ауыз    әдебиетінде  жануарлар,  мысалы,  түлкі  -  әккі,  қу  адамдардың, 
қасқыр - зорлықшыл, жауыз адамдардың, қоян - қорқақ адамдардың, аю 

304 
 
-  ақымақ,  қара  күштің  бейнесі  ретінде  алынады  да,  сол  мінездегі 
адамдарға  өкілдік  етеді.    Сонымен  бірге  жын,  албасты,  дию,  пері, 
жалмауыздар  адамзаттың  қас  жауы  ретінде  алынып,    жаман      ниеттегі 
қаскөй,    озбыр,    жауыз  күштердің  бейнесінде  суреттеледі.    Ұшкыш 
кілем,  ағаш  ат  сияқтылар  мен  алтын  орда,  миуалы  бау-бақшалар 
халықтың  бақытты  тұрмысты  аңсаған  арман-тілегінің  бейнесі  ретінде 
альнады.  Оқыту  барысында  ертегілердің  осындай  ортақ  бейнелеу 
ерекшеліктерін  түйін  ете  отырып,  оқушыларды  жан-жақты  бақылауға, 
кұбылыстан  өтіп,    мәнді    тануға,      сол  түрдегі    образдардың  шынайы 
мәнін түсінуіне көмектесу керек. 
Ең соңында,  жалпы  қорытынды  шығарып,  оқушылардың  сол 
ертегі мәтіні  жөніндегі  ұғымын жинақтап, бір жүйеге түскен, айқын да 
дұрыс  түсінік    қалыптасуына    мүмкіндік      туғызу  керек.  Ерекше  көңіл 
бөлуге  тиісті  бір  мәселе,      ертегілерді    оқытуда  оны  есте  қалдыруға, 
қайталай  баяндауға  оңай,  оқиғасының    қызықты    болатындай  
ерекшеліктерін    толық  пайдаланып,    оқушылардың  мәтін  мазмұнын 
қайталай баяндауға, сөйлеуге дағдылануын берік меңгерту керек. Мұнда 
көбіне  оқушылардың  өздеріне  талдату,  қайталай  баяндату  талабын 
орындау  керек.  Міне,  бұлар  ертегілерді  оқытудағы  басты  түйін  және 
негізгі оқыту нысаны болып табылады. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет