Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



бет1/3
Дата19.06.2023
өлшемі33,78 Kb.
#102366
  1   2   3

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы








ДӘРІС
Тақырыбы: «Босанудан кейінгі кезеңнің патологиялық ағымы»

Пәні: Акушерия және гинекология


Мамандығы: 0301000 емдеу ісі
Курс: 4

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат


Құрастырған: Абдукасымова Э,А.

Шымкент, 2013




Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді

«___» ____ 2013 ж №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доц.м.а.________________ Р.Т.Тлеужан

1. Тақырыбы: «Босанудан кейінгі кезеңнің патологиялық ағымы»


2. Mақсаты: босанудан кейінгі кезеңнің патологиясы ретінде дамитын септикалық аурулармен оқушыларды таныстыру.
3. Дәріс тезистері
Дәріс жоспары:
1.Жіктелуі
2..Бірінші сатының аурулары
3. Екінші сатының аурулары
4. Үшінші сатының аурулары
5. Төртінші сатының аурулары
Акушерия тәжірибесінде шешілмеген күрделі мәселелердің бірі - босанғаннан кейінгі кезеңнің инфекциялық аурулары; оның жиілігі соңғы жылдары жоғарылауда (19,7-75 %-ға дейін).
Бұл асқынудың жоғарылау себептері: әйелдің жалпы денсаулыгының төмендеуі (экономикалық-экологиялық жағдайларға байланысты), жүктілік пен босану асқынуларының артуы; ауру қоздыратын микробтардың біреу емес, бірнешсу болуы; ауруханаішілік-госпитальдық инфекцияның өсуі. Сонымен қатар, әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, әр түрлі инфекцияға сезімтал келеді, оның организмінің иммунологиялық қасиеті төмендейді. Осы мезгілде ана организміне жарақаттанған босану жолдарынан жатыр мойын өзегі немесе қан, лимфа арқылы микробтар еніп, септикалық ауруларға душар стеді. Инфекция қоздырушылар: стафилококк, р-гемолитикалықстрегпококк, гонококк, анаэробты бактериялар, ішек инфекциясы. Инфекция қоздырушылар әйел организмінің ішкі (эндогенді) және сыртқы қоршаған ортаның (экзогенді) микробтары болуы мүмкін. Жоғарыда аталған жағдайларга байланысты әйелдің иммунологиялық күші төмендеп, септикалык аурудыц белгілері мардымсыз, жасырын түрде өтіп, ұзақка созылады.
22.1. Жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
Босанғаннан кейінгі кезеннің септикалық аурулары А.В.Бартельс-С.В.Сазоновтың жіктеуі бойынша төрт сатыға бөлінеді.
І сатысы - инфекция ішкі жатыр мойны ернеуімен шектеледі: аралық, қынап қабырғасының, жатыр мойнының жаралары, жатырдың кабынуы.
ІІ сатысы - инфекция тек кіші жамбас қуысымен шектеледі: жатыр, жатыр маңының, жатырақ қосалқы бөліктерының, кіші жамбас іш пердесініц, жатыр, жамбас қан тамырларының қабынуы (метрит, параметрит, тромбофлебит, пельвиоперитонит).
III сатысы - инфекция кіші жамбас қуысынан шығып қанға тарайды. Іш пердесінің қабынуы (перитонит), септикалық шок.
ІV сатысы - инфекция қан арқылы бүкіл денеге жайылады сепсис, септицемия, септикопиемия (34-кесте).
Босанғаннан кейінгі кезеңнің септикалық ауруларының барлық сатысында, алдымен ауруды қоздырған микробтың кдсиетін және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қажет.
22.2. Бірінші сатысы
Әйел босанғаннан кейін босану жолдары жеңіл "жара-қаттану болады", жарақаттанады, көбіне аралық пен жатыр мойны жыртылады. Сол жарақаттарға инфекция түсетін болса, жара пайда болып, беті іріңдейді.
Белгілері: сыртқы жыныс ағзалары қатты ауырып, қызарып, ісініп, қабынады. Аралық тігістері іріңдеп, ажырап, қанағыш келеді, екінші-үшінші күндері әйел денесінің қызуы көтеріледі (4-5 күнге созылады).
Емдеу жолдары: аралықтың тігісін алып тастап, жараны сутегі тотығымен жуып тазартады. Жараны іріңнен тазарту үшін, гипертониялық ерітіндіге малынған дәкеден күніне үш рет аралыққа түтікше қояды. Жараны іріңнен толық тазартқаннан кейін, синтомицин, грамицидин майларын қолданады. Осымен қатар, инфекцияға қарсы антибактериялық ем жүргізеді: пенициллин, ампициллин, оксациллин т.б. Жара тез жазылып, қалпына келуі үшін трипсин, химотрипсин ферменттерін және ультракүлгін сәулесін пайдаланады. Жара 12- 14-күндері толық жазылады, содан кейін аралыққа екінші реттігіс салуга болады.
Босанғаннан кейінгі кезеңнің инфекция ауруларының ең жиі кездесстін түрі - жатырдың қабынуы (эндометрит). Ауру басталған кезде жатырдың шырышты және етті қабаты қабынып, жараланып, іріңдейді.
Белгілері: босанғаннан кейін 3-4-күндері, ал кесар тілігінен кейін 1-3-күндері пайда болады. Дене қызуы 38-39°-қа дейін қөтеріліп, тамыр соғуы жиілейді (тамыр соғуының жиілігі дене қызуына сәйкес келеді); әйел безгек ауруындай қалтырайды. Жатырдың жиырылуы, қайта қалпына келуі төмендейді, қолмен ұстаған кезде жатыр ауырмалы, жатырдан шығатын сұйық зат қан-ірің аралас, сасық иісті болады. Бұл асқынуда жатырдың жиырылу қасиетінің төмендеуінен, немесе жатыр мойын өзегінің бітеліп қалуынан, кенде сүйық зат (ақ кір) жатыр қуысында жиналып, жатырды керіп, ауыртпалы толғақ пайда болады, бұны лохиометрия деп атайды. Осы кезде дененің улануы кушейіп, әйелдің қызуы көтеріледі, басы ауырады, қан құрамы өзгереді әсіресе-қанның ақтүйіршіктері мен СОЭ жоғарылайды.
Емдеу жолдары: Ем жан-жақты болуы керек. Біріншіден жатыр қуысы іда бала жолдасынын бөліктерінің қалдығын анықтайды (УДЗ зерттеуі арқылы).
Егер жатыр қуысында бала жолдасының қалдығы анықталса, жағыр қуысын тазалап, жатыр үстіне мұз қойып (10-15 минуттай), түрлі антибиотиктерді – канамицин, ампициллин, гентамицин, ампиокст.б. және улануға қарсы дезинтоксикациилық сұйықтықтарды (гемодез, реополиглюкин), сонымен қатар , әйелдін күш-қуатын көтеру үшін – белоктық заттар мен вигаминдерді кеңінен қолданады.
Дененің тітіркеніп, түршігуін басу үшін - димедрол, пипольфен, супрастин; қызуын бәсендету үшін - амидопирин, аналгин, аспирин беріледі. Егер ауру оттегінсіз өмір сүретін микроб әсерінеп пайда болса, линкомицин, левомицитин, эритромицин енгізеді.
Ауру 8-10 күнге созылады, толық емдемесе инфекция одан әрі тарап, ауру асқынады.
22.3. Екінші сатысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет