Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет36/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   149
БЕТА-2-МИКРОГЛОБУЛИН
Бета-2-микроглобулин. Нақты айтқанда ағзаның барлық ядролық жасушаларында синтезделеді. Қан плазмасындағы осы белоктың құрамы үнемі өтетін биосинтез процессіне және жасушалардың жекелеген элементтерінің бұзылуына негізделген. Бұл белоктың жаңалану жылдамдығы плазмада үнемі біргелкі.
Бета-2-микроглобулин бүйрек шумақтарында бос сүзіледі, бірақ қалыпты (физиологиялық) жағдайда бүйрек түтікшелерінің проксимальді бөлігінде қайта сорылады, мұнда ары қарай ыдырауға ұшырайды. Бүйрек түтікшелерінің қызметі бұзылған кезде бета-2-микроглобулин қан плазмасында төмендейді, ал оның зәрмен бірге бөлінуі артады.
Сондықтан зәрде бета-2-микроглобулинді анықтау тесті бүйрек түтікшелерінің зақымдалу дәрежесінің көрсеткіші ретінде қолданылады. Жаңа пайда болған қатерлі ісіктер кезінде қанда бета-2-микроглобулин құрамының артуына қарамастан, ісіктердің маркері ретінде оның деңгейін диагностикалық арнайы анықтау біршама аз.
Бета-2-микроглобулин тұрақсыз. рН-ы 5,5 аз және нейтрофилдер болған жағдайда оның құрамы төмендейді (бета-2-микроглобулинді бүлдіретін, нейтрофилдерде эластазаның болуы салдарынан).
Қанда зерттеу. Қалыпты жағдайда бета-2-микроглобулиннің жасы 60-қа жетпеген адамдардағы қансарысуындағы құрамдық көрсеткіші–2,4 мг/л аз, 60 жастан жоғары адамдарда –3,0 мг/л аспайды, зәрде 250 мг/л дейін.
Тағайындауға көрсеткіштер:
Лимфа жүйелерінің Ходжкин лиимфомасы, ходжкиндік емес лимфомасы, көпше түрдегі лимфомасы патологияларын ағымын бақылау және емдеу. Бүйрек аурулары (гломерулярлық сүзілуі шектелген бүйрек зақымдануы, бүйрек трансплантатының сәйкес келмеуі (отторжение), бүйрек жетіспеушілігі (шумақтық сүзілуі 80 мл/мин аз));
жедел вирустық инфекциялар (кейбір жағдайларында);
Зәрде бета-2-микроглобулин құрамының жоғарылауы анықталады:
бүйрек ауруларында, олардың түтікшелерінің зақымдалуымен жүретін;
кадмий және сынаппен жедел және созылмалы интоксикациясында;
аминогликозидтармен улануда.
Сонымен, бета-2-микроглобулиннің құрамын анықтауды тест дагностикалық және лимфома, бүйрек зақымдалуы, олардың жетіспеушілігімен сипатталатын мониторингі ретінде қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет