Оқу жылындағы- в10108 "Стоматология" мамандығы курс интерндерге арналған «Хирургиялық стоматология» мамандығы бойынша қорытынды емтиханға арналған тест тапсырмалары



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі93,33 Kb.
#118794
  1   2   3   4   5

2021-2022 оқу жылындағы- 6В10108 "Стоматология" мамандығы
6 курс интерндерге арналған «Хирургиялық стоматология» мамандығы бойынша қорытынды емтиханға арналған
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тістерін протездеу мақсатымен келген 50 жасар әйелдің бұзылған тістерінің түбірлерін жұлу үшін хирург-стоматолог жансыздандыру жасап, 3.5, 3.6 тіс түбірлері ауырпай жұлды. Дәрігер төмендегі жансыздандырулардың қайсысын жасады деп ойлайсыз?
А.иек тесігі жансыздандыруын
+Б.үстірттік жансыздандыруды
В.төмпешіктік жансыздандыруды
Г.Берше-Дубов жансыздандыруын
Д.инфильтрациялық жансыздандыруды

2.45 жасар әйелдің 4.6 тісін жұлу үшін 2% новакаин ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыруы жасалды. 50 секунд өтісімен науқастың еріндері көгеріп, аяқ қолдары тартылып, салқын жабысқақ тер басып, артерия қысымы сн. бағ. 60 мм, коркыныш сезімі пайда болды. Жиі беткей тыныс алып, кеңейген қарашықтары жарыққа әсер етпейді. Кіші дәреті өздігінен шығып, ауызынан ақ көбік шығып, жағы қарысып қалды. Қандай асқыну дамыды?


А.талықсу
Б.естентану
В.диабеттік кома
+Г.анафилактикалық шок
Д.гипертониялық криз

3.20 жасар ер кісіге «Жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасы» деген нақтам қойылды. Цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см. төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады. Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ?


А.күрек тіс жансыздандыруын
Б.Вайсблат жансыздандыруын
+В.көз асты жансыздандыруын
Г.төмпешіктік жансыздандыруды
Д.инфильтрациялық жансыздандыруын

4.20 жасар жігітке жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасына цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см. төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады. Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ?


А.+көз асты және күрек тістік жансыздандыруын
Б.күрек тістік және төмпешіктік жансыздандыруларын
В.таңдай және көзасты жансыздандыруларын
Г.күрек тістік және инфильтрациялық
Д.орталық жансыздандырудық көз ұясы жолы жансыздандыруын

5.40 жасар науқасқа төменгі жақтың 4.3-тісінен дамыған түбір ұшы кистасын алу операциясы тағайындалды. Тіс бірнеше рет емделгендіктен, оны кистасымен бірге алып тастаған дұрыс деп шешілді. Осы операцияға төмендегі жансыздандырулардың қайсысының қажеттігі жоқ деп ойлайсыз?


+А.Берше жансыздандыруы
Б.үстірттік жансыздандыр
В.мандибулалық жансыздандыру
Г.иек жансыздандыруы
Д.инфильтрациялық жансыздандыру

6.3.7-тісті жұлу үшін дәрігер келесі тәсілмен жансыздандыру жасады. Ауызды кеңінен ашып шприцті оң жақ езуге тіреді де, инені ұрттың шырышты қабығы мен қанат –жақ қатпарының арасынан пайда болған сызатқа, жоғарғы сегізінші тістің шайнау бетінен 0,5 см. төмен сүйекке дейін шаншыды да анестетик жіберді. Тіс ауырмай жұлынды. Дәрігер қандай жансыздандыруды жасады?


А.Гоу-Гейц жансыздандыруын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет