Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісі



бет14/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
Әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісі. Бұл әдіс балалар арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты, құрдастар тобындағы әр баланың орнын зерттеген кезде қолданылады. Мектеп оқушыларын зерттегенде, әдетте оларға: «Сенің туристік жорыққа кіммен бірге барғың келеді?»; «Сенің кіммен бір шатырда тұрғың келеді?»; «Сен туған күніңе кімді шақырар едің?»; «Сен кіммен бір партада отырғың келеді?»; және т.б. сұрақтары бар анкета таратады. Мектеп жасына дейінгі балаларға мұндай сұрақтар беру дұрыс болмайды. Әдетте олардың өзара қарым-қатынасын «іс-әрекетті іріктеудің» көмегімен айқындайды. Бала бақша және мектептегі сыныптарда балалар арасындағы қарым-қатынасты социометриялық әдіс арқылы анықтайды. Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі, ал ең бастысы - ол тесттер стандартталған болуы керек. Балалар ісінің қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне, т.б. негізделеді. Балалардың осы іс- қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.

Сыйлық бөлу ерекше таблицаны - социограмманы жасауға негіз болады. Бұл кестеден қай бала топ ішінде беделдірек екені (сыйлықтың көбірек берілуіне қарап) кімнің қадірі төмендігі, ал қайсысының құрдастары арасында беделі жоғарылығы немесе жоқтығы көрінеді. Социограмма, сондай-ақ таңдаудың өзара байланыстылығын көрсетеді және балалар арасындағы достық туралы немесе осындай қатынасқа деген ұмтылыс жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. Ақыл-ой дамуы саласында социограмма, тесттер сияқты, балалар арасындағы қарым- қатынастың сыртқы көрінісін ғана береді. Пайда болған үйірсектік пен ұнатпаушылықтың себептері зерттеудің басқа әдістерінің көмегімен анықталады.

Алынған нәтижелерді сараптау әдісі.

Жинақталған материал белгілі бір өнім құрайды, бұл өнім өндеуден өтуі керек. Тек содан кейін қандайда бір заңдылықтар мен байланыстар пайда болады, оның зерттеуі зерттеу жұмыстың негізгі міндеті болып табылады.

Жинақталған материалдарды сараптау негізгі 5 сатыдан тұрады:

Әр деректердің талдауы: баланың жауаптары, оның әрекеті, пікірі, салынған суреттері, жазба жұмыстары және т.б.

Бірінші талдаудың мақсаты зерттеу міндетіне сай бала психикасының ерекшеліктерін анықтау.

Бірінші талдауда зерттеуші баланың қателіктеріне көңіл аударады. Алғашқы талдау алғашқы синтезге айналады. Қойылған талаптар мен баланың қателіктері бір-бірінен салыстырылып, жағдайлармен сәйкестендіру. Әр түрлі деректерді салыстыра отырып, зерттеуші қайталанып отырған қателіктердің ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөледі.

Екінші синтез алынған нәтижелері бір-бірімен салыстырылып алынады. Синтез барлық жағдайларды ескере отырып жасаланады. Сонымен, алынған нәтижелерді сараптау бұл анализ бен синтез.

Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет