Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

3.2.2. Таным процесс ретiнде.
 
Бiлiм деген не, əлемдi тану немесе бiлу деген не, адам өзiн немесе қоршаған ортаны 
қаншалықты  дəл  жəне  анық  бiле  алады  деген  сұрақтар  өзiнiң  маңыздылығымен 
ерекшеленедi.  Тiлдердiң  арасындағы  айырмашылықтың  қандай  болғанына  қарамастан, 
бiз үнемi тiлде бейнеленген оймен (бiлiммен) бетпе-бет ұшырасамыз. Жəне сондықтан да 
көптеген философтар бiлiмдi оның тiлдiк көрiнiсiмен бiрiктiредi, өйткенi "тiл ойдың тiкелей 
нақтылығы"  болып  табылады.  Бiрақ  мұнан  тiл  мен  ойдың,  яғни  бiлiмнiң  арасында  тепе-
теңдiк  бар  деген  ой  тумауға тиiс,  себебi  тiкелей  нақтылықтан өзге сырт  көзден жасырын
жанама  нақтылықтың  да  бар  екенiн  естен  шығармаған  жөн.  Дəл  осыны  кез-келген 
дамыған философияның маңызды бөлiмi - таным теориясы ұғынып, мəнiн ашуы тиiс. 
 
Бiлiм,  ол  қайдан  пайда  болмасын,  тiлде  көрiнiс  табады.  Оны  зерттеу  үшiн  бiлiмнiң 
қалыптастыратын  жəне  жеткiзетiн  ұғымдардың  негiзгi  типтерi  мен  сөйлемдердiң 
формальды, яғни логикалық құрылымын қарастыру қажет. Бiлiмнiң бүкiл алуан түрлiлiгiне 
қарамастан,  олардың  формальды-логикалық  құрылымын  бiлдiретiн  бiрқатар  соңғы 
мөлшерiн  бөлiп  алуға  болады.  Осылайша,  Аристотель  формальды  логиканың  негiзгi
қарапайым  заңдарын  қалыптастырды.  Ол  алғаш  рет  ғылыми  бiлiмдi  өзара  бiр-бiрiмен 
логикалық  қатынастарымен  байланысты  жəне  логикалық  ережелерi  арқылы  бiрiнен-бiрi
туындайтын сөйлемдердiң (пiкiрлердiң) тiзбесi ретiнде қарастыра бастады. Аристотельдiң 
көзқарастары философияның кейiнгi дамуына орасан зор ықпалын тигiздi.
 
Ортағасырларда  философия  мифология  мен  дiнге  қарсы  тұратын  бiлiмнiң  жеке 
саласынан  христиан  теологтарының  тегеурiнiмен  дiнтанудың  қызметшiсiне  айналды. 
Бiрақ  таным  процесi  мен  бiлiм  құрылымын  зерттеу  сипаты  өзгергенiне  қарамастан  онан 
əрi жалғасты. Христиан дiнi барлық танымның негiзгi қайнар көзi ретiнде Құдайдың аяны 
мен  қасиеттi iнжiлдi  санады.  Егер  антикалық  философтар  көбiне  ғарыштың  өзiне, 
табиғаттың өзiне құдiреттiлiк берсе, ал христиан дiнi табиғатты жанама, өзгермейтiн нəрсе 
деп пайымдап, ал жаратылыстың шыңы ретiнде адамды ғана мойындады. Құдай адамға 
жан  жəне  тану  қабiлеттiлiгiн  бердi.  Осыған  байланысты  психикалық  əрекет  пен  таным
жанның  қасиеттерi  ретiнде  ортағасырлық  философтардың  қызығушылығын  туғызды. 
Христиан  дiнiнiң  сенiмдi  бiлiмнен  жоғары  қойғанына  қарамастан,  христиандық  философ-
схоластар дəлелдеу мен бiлiмнiң құрылымы туралы логикалық iлiмдi дамытуға көп еңбек 
сiңiрдi.  Бiлiмнiң  жоғарғы  көзi - аянмен  қатар  ортағасырлық  теологтар  ақыл-ойды  əлемнiң 
ең  терең  құпиялары  туралы  бiлiм  беретiн  перiштеге  тəн  қасиет,  зерденi  бiздiң  жүйелi
түрде  пiкiрлесу  қабiлетiмiздiң  көзi  ретiнде,  ал  сезiмдiк  бiлiмдi  көптеген  адасушылық  пен 
қателiктердiң  қайнар  көзi  ретiнде  жеке  бөлiп  қарастырды.  Бұл  түсiнiктiң  кемшiлiктерi

болғанына  қарамастан  ол  танымның  кейбiр  түрлерiн  мұқият  зерттеуге
философтардың  жiгерiн  жұмылдырды.  Бұл  ортағасырлық  схоластикадан  жаңа  заман
философиясына  өтуге  үлкен  ықпалын  тигiздi. XYII-XYIII ғасырлардың  философтары 
индивидуалдық  танымның  дамуы  немесе  бiлiмнiң  онтогенезi (грекше ontos - болмыс)  екi
кезеңнен  өтедi  деп  санады:  сезiмдiк-эмпирикалық  жəне  рационалдық.  Көптеген 
философтар  бұл  көзқарасты  философиялық  материализм  позициясымен  бiрiктiредi.  Бұл 
бiрiктiру  негiзделген  деп  есептейiк.  Мұнан  не  келiп  шығады?  Т.Гоббс  былайша  жауап
бередi: "...егер  нəрсе  бастапқыда  бүтiндей  немесе  жартылай  сезiм  органдарында 
туындамаса адамның  санасында  бiрде-бiр  ұғым  болмас  едi".  Оның  пiкiрi дұрыс  па?  Оны 
қазiргi ғылым тұрғысынан көру сезiмiнде  қарастырып көрейiк.
 
Жарық көзге түскеннен кейiн бiрнеше өзгерiстерге ұщырайды:
 
1.
   
Қарастырылатын  заттың  беткейiнен  жарықтың  жұтылуы,  бейнеленуi  жəне
шашырауы.
 
2.
   
Сəуленiң қарашықта сынуы жəне фокусировка.
 
3.
   
Торлы қабықшада заттың образының қалыптасуы.
 
4.
   
Родопсин молекулаларының физика-химиялық өзгерiстерi.
 
5.
   
Сəйкес биэлектрлiк импульстардың пайда болуы.
 
6.
   
Көру нервiнiң импульстарды тасымалдауы.
 
7.
   
Мидың  көру  орталығындағы  сəйкес  өзгерiстер  жəне  соның  нəтижесiнде  белгiлi
образдардың  қалыптасуы  (түрдi,  форманы  сезiну,  заттың  бүтiндiгiн,  қозғалысын 
қабылдау жəне т.б.).
 
Демек,  сезiнудiң  қалыптасуы  сатылы  өзгерiстердiң  жүйелерiн  бiлдiредi.  Олардың 
соңғы нəтижесi заттың бейнесi (образы) болып табылады. Бұл бейне ерекше. Ол адамның 
миында  яғни,  қабылдаудың  субъектiнде.  Ол  шағылыспайды,  жай  ғана  көшiрме  емес, 
көптеген  iшкi  өзгерiстердiң  қорытындысы,  бұл  өзгерiстерге  өзге  емес,  дəл  сол  берiлген 
объектке сəйкес нəтижесi, жəне осы мағынасында ол бейнелену болып табылады.
 
Заттың тiкелей сезiмдiк бейнесi, мысалы торлы қабықшадағы көру бейнесi мен оның 
мидағы  қабылдануы  (елестету)  арасында  дəл  сəйкестiк  жоқ.  Останкино  мұнарасының 
бейнесi көздiң торлы қабықшасында бар болғаны бiрнеше миллиметр көлемде болса, ал 
оны қарап тұрған адам мұнараны алып құрылыс ретiнде қабылдайды. Бұл мидың əртүрлi 
деректерден  алынған,  ертеректе  жинақталған  бiлiмнiң  негiзiнде  жəне  тəжiрибенiң 
арқасында  жүзеге  асады.  Ми  көздiң  қабылдауын  "автоматты  түрде"  түзейдi.  Сонымен 
қатар  жеке,  өндiрiстiк  жəне  əлеуметтiк  мəдени  тəжiрибелерiнiң  деңгейлерi  əртүрлi 
адамдарды,  бiр  заттың  өзiн  əрқилы  қабылдайтыны  белгiлi.  Шыңға  өрмелеушiлер  мен 
кəдiмгi  жүргiзушiлер  бiрдей  жоғары  биiктiкте  тұрып  төменде  орналасқан  заттардың
көлемiн  əртүрлi  анықтайтыны  да  эксперимент  арқылы  дəлелдендi.  Жануарлар  мен 
кiшкентай  балаларға  жасалған  тəжiрибеге  қарағанда,  оларда  қабылдаудың  дайын 
кеңiстiктiк  формасы  жоқ,  бiрақ  затқа  дейiнгi  қашықтықты,  оның  көлемiн,  оналасуы  мен 
формасын анықтауды тəжiрибе жүзiнде, практикалық əрекет барысында үйренедi. Мұндай 
əрекеттiң  барысында  көру,  есту,  иiс  сезу  жəне  т.б.  мидағы  қабылдаулар  үйлестiрiледi. 
Жады  жүйесiнде  белгiлi  бiр  эталондар  мен  стандарттар  сақталады,  бiздiң  сезiмдiк 

қабылдауларымызды  бейсаналық  түрде  түзетiп  отыратын  сəйкес  ережелер 
"жазылады".  Бұл  эталондар  мен  ережелер  əлеуметтiк-мəдени  тəжiрибе  мен  жеке 
практикаға байланысты тарихи өзгерiп отырады.
 
Тағы бiр маңызды тұжырым танымның таза эмпирикалық сатысы болмайды, өйткенi 
сезiнудiң iске асуы процесiнiң өзiнде-ақ рационалистiк салаға жататын бұрын жинақталған 
бiлiм  (эталондар,  ережелер)  қабаттаса  қатысады.  Ендi  қарапайым  жағдайларда  ұғым 
жəне əртүрлi объектiлер туралы түйiндер (пiкiрлер) қалай қалыптасатынын қарастырайық.
Ұғымның қалыптасу процесiн əдетте абстракциялау, ал бұл процестiң өнiмiн немесе 
нəтижесiн - абстракция  деп  атайды.  Сондықтан  да  "ұғым"  жəне  "абстракция"  терминдерi 
бiр-бiрiн  алмастыра  алатын  синоним  ретiнде  де  қолданылады.  Абстракциялау  процесiн 
шындығына  келгенде  бiрiгiп,  қосылып  шешетiн  бiрнеше  кезеңдерге,  сатыларға  бөлуге 
болады. Оларды тек талдау мүддесiне қарай ғана бөледi.
 
Бiрiншi  кезең - сезiмдердi  топтау  жəне  ажырату.  Əртүрлi  заттарды  қадағалау 
барысында адам бiрқатар сезiмдер мен сезiмдiк бейнелердi ала отырып, олардың белгiлi 
бiр қасиетiн, мысалы, бояуын немесе геометриялық фигурасын бөлiп айқындайды. Қалған 
қасиеттерi  алынып  тасталынады,  абстракцияланады.  Заттар,  өздерiнiң  барлық 
айырмашылықтарына  қарамастан  бөлiнiп  алынған  бiр  қасиетi  бойынша  бiр  топқа 
бiрiктiрiледi жəне қалғандарынан ажыратылады. Бөлiнiп алынған заттар қасиеттерi ортақ 
топты құрайды. Мысалы, шие, қан, раушан гүлi, пионер галстугi өздерiнiң түстерi бойынша 
бiр  ортақ  топқа  бiрiктiрiлген.  Алма,  футбол  добы,  бильярд  шары  жəне  т.с.с.  формасы 
бойынша бiрiктiрiледi.
 
Екiншi  кезең - 
 салыстыру,     басты        қасиетiн        бiрiктiру.  Топтастырылғн 
заттардың  бөлiнiп  алынған  қасиетi  əртүрлi  қарқындылықпен  аңғарылады,  оның 
көрiнуiндегi барлық айырмашылықтар жойылады да, мейлi ол саналы немесе бейсаналы 
түрде болсын, ал əртүрлi заттардағы осы көрiнудiң өзi бiр-бiрiне теңестiрiлiп, бiрiктiрiледi 
(қызыл түс, домалақ форма). 
 
Үшiншi  кезең  екiншiсiмен  тығыз  байланысты  идеалдандыру  немесе  түпкiлiктi  өту 
болып  табылады. "Қызыл  түс"  жəне  "домалақ"  сияқты  абстракцияларды  қалыптастыра 
отырып, бiз объективтi нақтылықта беткейi əрқашанда жəне барлық жағдайда тек бiр ғана 
энергияның  жəне  түсi  жағынан  бiрдей  сезiм  тудыратын  тербелiстiң  бiр  ғана  жиiлiгiнiң 
жарық сəулелерiн шығаратын заттардың болмайтынын естен шығарамыз. Дəл сол сияқты 
беткейiндегi  барлық  нүктелерi  əрқашанда  берiлген  нүктеден,  орталықтан  бiрдей 
қашықтықта  орналасатын  нақты  заттар  болмайды.  Табиғаттың  заңдарының  өздерi  бұған 
шектеу  қояды.  Бiрақ  абстракциялау  процесiнде  бiз  мүддемiзге  сай  келетiн  қасиеттердi 
таза  күйiнде  аламыз  да,  шындығында  бұл  қасиеттердiң  нақтылықты  өмiр  сүрмейтiндiгiне 
қарамастан  бұл  шектеулерден  "аттап"  кетемiз.  Идеалдандыру  деген  осы.  Ол  берiлген 
қасиет  пен  заттардың  сəйкес  топтарын  қалғандарынан  бөлiп  алып,  олардың  ерекшелiгiн 
тануға  мүмкiндiк  бередi.  Төртiншi  кезең - атау  процедурасы.  Бөлiп  алынған  қасиетке 
сəйкес сөз немесе сөз тiркесi берiледi. Яғни, белгiлiк көрiнiсi, мысалы, "қызыл түс" немесе 
"домалақ".  Осыдан  бастап  бұл  белгiлiлiк  көрiнiс  берiлген  қасиет  пен  сəйкес  заттардың 
тобы  туралы  ұғымды  бiлдiредi.  Қасиеттердi  сипаттау,  яғни,  белгiсi  ұғымның  мəнiн,  ал 

қасиеттерi бiр заттардың жиынтығы ұғымының мағынасын бiлдiредi.
 
Көрiп  отырғанымыздай  эмпирикалық,  сезiмдiк  жəне  рационалдық  сатыларға  бөлу 
шартты  болып  табылады. "Сезiмдiк"  жəне  "рационалдық"  ұғымдары - өздерi  өте  күштi 
абстракциялар.  Олардың  ойлап  табылуы  барысында  көптеген  маңызды  қасиеттер
лақтырып  тасталған,  жəне  метафизиктер  олардың  iшкi  диалектикалық  байланыстарын, 
олардың  өзара  əрекетi  мен  бiр-бiрiне  енуiн  аңғармаған.  Сезiнудiң  iске  асырылуы 
барысында  үнемi  рационалдылық  сəт  болады;  рационалдық  ойлау  процесiнде  сезiмдiк, 
эмоциялық, эмпирикалық мазмұнды аңғаруға болады.
 
 
 
3.2.3. Ақиқат туралы философия
 
Ақиқат  мəселесi,  яғни  күмəнсiз,  шынайы,  адекватты  (латынша  аdaeguatus -
теңестiрiлген)  бiлiм  мəселесi  Ежелгi  Грецияда  қойылып  жəне  пайымдалған.  Оның  мəнi 
неде? Элеаттар мен софистер əсiресе сезiмдiк қабылдауға негiзделген бiздiң бiлiмiмiздiң 
қоршаған  орта  туралы  шынайы  мəлiмет  берiп  жəне  оны  дұрыс  бейнелейтiнiне  күмəн 
келтiрген болатын. Платон мəңгi жəне өзгермейтiн идеялар туралы бiлiм ғана мүмкiн, ал 
сезiмдiк  əлем  туралы  мəлiмет,  пiкiрлер  жалған  деп  санады.  Сондықтан  да  объективтi 
құбылыстар  мен  бiлiмнiң  арасындағы  сəйкестiктi  бекiту  мəселесi  пайда  болды. 
Философияда  мұндай  сəйкестiк  ақиқат  деген  атауға  ие  болды.  Аристотель  былай  деп 
жазды: "ажыратылғанды  ажыратылған,  байланысқанды - байланысқан  деп  есептейтiн 
адам  шын  сөйлейдi,  ал  жалған  сөйлейтiн  адам - заттардың  нақтылығы  туралы  керi 
ойлайтын  адам".  Аристотельдiң  бұл  сөздерi  ақиқаттың  классикалық  концепциясын 
қалыптастырып, ол бiздiң заманымызға дейiн жеттi. Бұл концепция бойынша, ақиқат - бұл 
объективтi  құбылыстар  мен  процестер  жəне  жекелеген  ұғымдар  арасындағы  сəйкестiк 
емес,  белгiлi  бiр  түйiндер,  яғни,  пiкiрлер  жəне  iстiң  объективтi  жағдайы  арасындағы
сəйкестiк болып табылады.
 
Ақиқат  түсiнiгiнде  тарих  философиясында  да,  қазiргi  философиялық  ағымда  да  əр 
алуан  пiкiрлер  бар.  Мысалы,  ақиқаттың  когеренттi  концепциясының  жақтаушылары 
рационалистердiң көзқарастарын бiржақты қолдай отырып, берiлген түйiн дұрыс, егер ол 
алдында  ақиқат  деп  есептелген  пiкiрлерден  белгiлi  логикалық  ережелерге  сəйкес 
туындайтын  болса  деп  санайды.  Математикадағы  шарт  осындай.  Теорема  бiрқатар 
аксиомалардан келiп шығады. Аксиоманың  шынайылығына бiз күмəн келтiре алмаймыз, 
ал  теорема  болса  (тұжырым),  егер  ол  логикалық  түйiннiң  дəл  ережесiне  сəйкес 
аксиомадан  туындайтын  болғанда  дəлелденген  немесе  ақиқат  деп  саналады.  Алайда, 
"ақиқат"  жəне  "жалған"  ұғымдары  көп  мағыналы,  бiлiмнiң  əр  саласына  қатысты  əртүрлi 
мəнге ие болады. Мысалы, математикада ақиқат ұғымы мынадай тұжырымның - "теорема 
дегенiмiз мынадайда, мынадай ережелермен дəлелденедi” деген  тұжырымның синонимi 
ретiнде  көбiрек  қолданылады.  Жəне  мұнда  ешқандай  қателiк  жоқ.  Бұл  ерекше  сөз 
тiркестерi,  математика  үшiн  формальды  дұрыстық,  формальды  есептеудiң  немесе 
қорытынды  шығарудың  ең  негiзгi  мəселе  (жалғыз  болмаса  да)  екендiгiн  баса  көрсетедi. 
Алайда  математиканы  практикада - ғылым  мен  техникада  қолдануға  келгенде  мəселе
түбiрiмен  өзгередi.  Мысалы,  көп  өлшемдi  геометрияда  жалаң  формальды  жолмен  ғана

бекiтiлген  жəне  формальды  ақиқат  деп  есептелетiн  теоремалар  мен  тұжырымдар 
бар.  Жəне  əзiрше  олар  ешқандай  нақты  физикалық  процестерге  қолданыла
алмайтындықтан,  олардың  нақтылықпен  сəйкестiлiгi  туралы  сөз  қозғау  артық.  Сонымен 
бiрге,  оларды жалған  деп есептеуге  де болмайды,  өйткенi,  олар қатаң  дəлелденген. XIX
ғасырда  Лобачевскийдiң,  Риманның  жəне  Больяидiң  евклидтiк  емес  геометриясы
ашылған  кезде,  оларды  материалдық  нақтылыққа  қолдануға  келмейтiн  математикалық 
курьез деп есептедi. Олар тек дəлелдеушi, дұрыс құрылымдар ғана деп саналды. Алайда, 
XIX  ғасырда  Эйнштейн  гравитацияның  жаңа  теориясын - салыстырмалылықтың  жалпы 
теориясын  құрды.  Ол  евклидтiк  емес  геометрияға  сəйкес  келетiндей  физикалық 
процестер  кеңiстiкте  жүзеге  асатындығын  дəлелдедi.  Салыстырмалылық  теориясы 
эксперименталды түрде дəлелдендi.
 
Белгiлi  бiр  тұжырымдар  сыртқы  нақтылыққа  сəйкес  келуi  тиiс  деген  позицияны 
ұстанатын  ақиқаттың  корреспонденттiк  теориясы  да  кездеседi.  Бұл  сəйкестiкке  қалай 
жетуге  болады?  Сөйлемдер  бақыланған  қасиеттер  мен  қатынастарды  бейнелейтiн 
ұғымдарды  бiлдiрген  жағдайда,  мысалы  "қызыл", "шар  тəрiздi", "қышқыл", "қатты"  жəне 
т.б.  бiлдiргенде  бұл  мəселенiң  шешiлуi  оңай.  Затты  көрсең,  жаласаң  немесе  сипасаң 
жеткiлiктi.  Алайда  ғылымда  тiкелей  бақылауға  көнбейтiн  ұғымдар  да  кездеседi.  Мысалы, 
"спин", "элементарлық  бөлшектер", "кварк"  жəне  т.б.  Мұндай  жағдайда  не  iстеу  керек? 
Ақиқаттың  корреспонденттiк  концепциясының  жақтаушылары  ғылымның  тiлiн үш қабатқа 
бөледi:  бақылау  тiлi,  теория  тiлi   жəне  корреспонденттiк  тiл  немесе  интерпретация 
(түсiндiрме)  тiлi.  Түсiндiрме  тiлдiң  көмегiмен  тiкелей  бақылауға  көнбейтiн  теориялық 
ұғымдар ("спин", "кварк"  жəне  т.с.с.)  бақылау  тiлiне  аударылып,  сезiнудi  сипаттаушы 
ұғымдармен алмастырады. Теориялық сөйлемдердiң өзi толық бақыланатын ахуалдарды 
сипаттайтын  сөйлемдерге  аударылады.  Мiндет  қарапайым  күйге  түскен  тəрiздi.  Алайда 
бұл  қарапайымдылық  сырт  көзге  ғана  солай  көрiнедi.  Көптеген  ахуалдар  мен  процестер 
құбылмалы,  өзгермелi  жəне  тiкелей  бақылауға  бағынбайды.  Оның  үстiне  теориялық 
сөйлемдердi  қадағалау  тiлiне  толық  аудару  мүмкiн  емес.  Жəне,  ақырында, 
корреспонденттiк 
концепция 
математиканың 
көптеген 
жоғары 
бөлiмдерiне 
қолданылмайды,  бұл  концепцияны  жетекшiлiкке  ала  отырып,  олардың  шынайылығы 
немесе жалғандығы туралы айту мүмкiн емес.
 
Жоғарыда  айтылғандардан  туындайтыны  объективтi  ақиқаттың  үнемi  дамуда 
екендiгiн  түсiну  болып  табылады.  Ол  ақиқаттың  абсолюттi  жəне  салыстырмалы  екi
формасы түрiнде көрiнедi. Абсолюттiк ақиқат ешқандай күмəнсiз, өзгермейтiн жəне мəңгiге 
бекiтiлген  бiлiм  болып  табылады.  Бiрақ  бiздi  қоршаған  объектiлер  өте  күрделi,  шексiз 
көптеген  байланыстар  мен  қатынастарға  енген,  өздерi  үнемi  өзгередi,  диалектиканың 
заңдары  бойынша  дамиды  жəне  өзге  сапаға  өтедi.  Осы  жағдайларға  орай  скептиктер 
жəне агностиктер абсолюттiк, объективтiк шындыққа жету мүмкiн емес деп түйiн жасайды. 
Мұндай  түйiн  қате.  Бiрiншiден,  объективтi  ақиқат  көбiне  абсолюттiк  формада  емес, 
салыстырмалы формада болып келедi. Екiншiден, абсолюттiк ақиқат бiздiң бiлiмiмiз үнемi
оған жетуге ұмтылатын белгiлi бiр үлгi немесе шек ретiнде қарастырылуы тиiс. Осы шекке 
жету  жолында  бiз  жаңа  салыстырмалы  шындыққа  ие  боламыз,  яғни  объектiлердiң 

жекелеген  байланыстарын,  қасиеттерi  мен  қатынастарын  терең  танып,  оларды 
синтездеп жəне осы мағынада бiз үнемi абсолюттi ақиқатқа жақындаймыз.
 
Догматтық  тұрғыда  ойланатын  философтар  мен  ғалымдар  қандай  да  бiр 
салыстырмалы шындықтарды абсолюттiк ақиқат ретiнде қабылдайды. Қалыптасқан бiлiм 
неғұрлым  ұзақ  уақыт  шыдаған  сайын,  соғұрлым  ол  əдетке  айналып,  адасушылықтар  да 
тамырын  тереңге  жiбере  түседi. Fылымда  объективтi  əлемдi  толығырақ  жəне  тереңiрек 
бейнелейтiн  жаңа  ашылымдар  ашылып  жəне  жаңа  ақиқаттар  қалыптасады,  ал  бұрынғы 
бiлiмдер  дəл  жеткiлiктi  емес  деп  терiске  шығарылып  жатқанда,  мұндай  ойшылдар 
шарасыздықтан  ақиқат  жоқ,  бiздiң  бiлiмiмiз  шартты,  салыстырмалы,  үмiтсiз  деп  түйiндей 
бастайды.  Мұндай  жағдай  жаңа  жəне  ескi  теориялар  мен  iлiмдердiң  жақтастары 
арасындағы драмалық қақтығыстарға əкеледi.
 
Салыстырмалы  жəне  абсолюттi  ақиқаттың  диалектикасының  ерекшелiгi  бiздiң 
танымымыз қоршаған əлемдi дəл жəне жан-жақты қамтуға ұмтылу үшiн, бiрақ өз жолында 
кездесетiн  қайшылықтарды  шешу  үшiн  оған  тура  жолмен  емес,  спиралды  түрде 
қозғалуымен  жəне  объективтi  нақтылықты  терең  бейнелеуiмен  сипатталады.  Ақиқаттың 
теориясы  бойынша  қазiргi  логикалық  зерттеулер  бiздi  қоршаған  əлем  туралы  бiздiң 
бiлiмiмiздiң  дəлдiк,  толықтық  жəне  күмəндiлiк  деңгейiн  ықтималдылық  теориясы  мен 
ықтималдылық  логикасының  көмегiмен  анықтауға,  дəлелдеуге, "есептеуге"  жəне 
"өлшеуге"  болады.  Қазiргi  кезде  қалыптасқан  өте  көптеген  математикаландырған
теориялар 
мен 
формулалар 
ықтималдылыққа 
теңестiрiлген 
салыстырмалы
шындықтардың абсолюттi дəл күмəнсiз бiлiмге жақындығын көрсетедi.
 

3.3. Fылымның философиялық мəселелерi
 
 
 
3.3.1. Fылыми танымның спецификасы
 
Кейде  ғылыми  бiлiм  өзге  бiлiм  салаларымен  салыстырғанда  өзiнiң  жоғары 
дəлдiлiгiмен ерекшеленедi деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешушi рөл атқармайды. 
Бүгiнгi  күнi  техникада  ғана  емес,  қоғамдық  басқару  жүйесiнде  де  математикалық 
есептеулер,  статистикалық  мəлiметтер,  бүге-шүгесiне  дейiн   дəл  есептелген  жоспарлар 
мен  бағдарламалар  қолданылады.  Дəлдiк  нақтылыққа  қатынастың  белгiлi  бiр  тəсiлi 
ретiнде күнделiктi өмiрге де ендi: темiр жол жəне авиация кестелерi дəл болып табылады, 
ол мемлекет қызметкерлерiне де, станоктағы жұмысшыға да, бухгалтерге жəне дəрiгерге 
де қажет. Fылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдiк таным нақты 
тiрi  адамды  бейнелi,  көрнекiлiк  тұрғыда  қарастырады  деген  пiкiр  қалыптасқан.  Бұл 
тұжырым  белгiлi  мөлшерде  əдiл  болғанымен,  ол  да  ғылыми  танымның  ерекшелiгiн 
көрсете  алмайды.  Бiр  жағынан  күрделi  ғылыми  абстракциялар  құрастырумен 
айналысатын ғалымға көрнекi бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиi жүгiнуге тура 
келсе, екiншi жағынан суретшiлер (сұңғатшылар, мүсiншiлер, жазушылар, сазгерлер жəне 
т.б.)  өз  шығармашылықтарында  дəл,  логикалық,  кiршiксiз  ұғымдарға,  пiкiрлер  мен 
əдiстерге  сүйенiп  отырады.  Мұны,  мысалы,  Шостаковичтiң  бiрқатар  симфонияларының 
бағдарламаларын  оның  музыкалық  мəтiнiмен  салыстырғанда  айқын  аңғаруға  болады. 
Дəл,  ұғымдарда  бейнеленген  бiлiмдер  көптеген  iрi  жазушылардың  шығармаларының 
негiзiн құрайды (Пушкин, Толстой, Салтыков-Щедрин, Чехов, Паустовский, Булгаков жəне 
т.б.).  Бұл  ұғымдық  жəне  бейнелiк  танымдардың  бiрiн-бiрi  терiске  шығармайтындығын 
көрсетедi.  Олар  əртүрлi "дозаларда"  ғылыми  шығармашылықта  да,  көркемдiк 
шығармашылықта да кездеседi.  Олар сонымен қатар,  əдеттiк,  кəдiмгi  санаға да тəн. Бұл 
тұрғыда 
философ-неопозитивистердiң 
ғылыми 
бiлiмнiң 
ерекшелiгiн 
оның 
эмпирикалығымен,  яғни  ғылымның  бүкiл  мазмұнын  бақылаулар  мен  эксперименттердi 
сипаттау арқылы ғана анықтайтын пiкiрiмен келiсуге болмайды. Бұл туралы кейiнiрек сөз 
болады.  Шындығында,  бiлiмнiң  формасы  түрiндегi  жəне  оның  өзге  формалардан 
артықшылығы,  ғылымның  теориялық  бiлiмдер  жүйесi  түрiнде  өмiр  сүруiнде. Fылыми 
бiлiмнiң ең жетiлген формасы теория болып табылады.
 
Теория  деген  не?  Теория - бұл  тəжiрибенiң,  практиканың  немесе  бақылаудың 
қорытындылануы деп жиi айтылады. Бұл дұрыс па? Мысалы, суық бөлменiң iшiнде пешке 
от  жаққанда,  уақыт  өте  келе  пештiң  суи  бастағанын,  ал  бөлмедегi  ауаның  қыза 
бастағанын  аңғарамыз.  Пеш  пен  ауаның  температурасы  бiрдей  болған  кезде  суыну 
тоқталады.  Бiз  мұны  көп  рет  қайталай  отырып,  мынадай  қорытындыға  келемiз:  а) 
қыздырылған пеш жалыны жоқ болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегi ауа мен пештiң 
температурасы бiрдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл бiлiм де қорытындылаудың 
нəтижесiнде  алынғанымен  оны  теориялық  деп  айтуға  келмейдi.  Кез-келген  қорытынды 
жекелеген  заттармен,  жағдайлармен  жəне  процестермен  бiрқатар  бақылаулар  мен 
эксперименттердiң мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекiтедi.
 
Бiрақ  барлық  қорытынды  ғылыми  теория  қалыптастыратындай  теориялық  бола

алмайды. Мысалы, көбiне бiрiншi жəне екiншi бастаулар деп аталатын классикалық 
термодинамиканың негiзгi заңдарына тоқталайық:
 
1)Сырттан  энергия  алмай  жұмыс  iстейтiн  немесе  сырттан  алынған  энергия 
мөлшерiнен артық жұмыс iстейтiн мерзiмдiк двигательдi жасау мүмкiн емес; 
 
2)Жалғыз  нəтижесi  суық  денеден  ыстық  денеге  жылу  формасында  энергия  беру
болып табылатындай процестiң болуы мүмкiн емес.
 
Бұл  екi  заң  да  жылу  процестерi  мен  осы  процестердi  пайдаланатын  құрылғыларын 
(пештер,  бу  машиналары  жəне  т.б.)  сан  мыңдап  практикалық  бақылаулардың  нəтижесi 
болып табылады. Бiрақ бұл қорытындылар пiкiрге де ұқсамайды. Мұның себебi неде? 
 
Оның себебi, ғылыми қорытындылар (түйiндер) бақылаулар мен эксперименттердегi 
ортақ  жалпылықтарды  ерекшелеп  қана  қоймай,  бiрқатар  ерекше  логикалық  тəсiлдердi 
қолдануында да болып шықты:
 
1)Шектеулi көпшiлiк эксперименттерде қадағаланған жалпы сəттер мен қасиеттердiң 
жылудың  жұмысқа  айналатын  барлық  мүмкiн  жағдайларына,  жылу  бөлудiң  барлық 
процестерiне,  оның  iшiнде  бақыланбаған  Ғаламның  ең  шалғай,  қадағалау  мүмкiн  емес 
пункттерiне де таралуымен сипатталатын универсалдандыру тəсiлi; 
 
2)
   
Жоғарыда сипатталған заңдардағы процестердiң "таза" күйiнде, iске асатын, яғни, 
өйткенi  нақты  шындықта  олар  жүзеге  аспайтын  шарттарын  бiлдiретiн  идеалдандыру 
тəсiлi:  берiлген  жағдайда  термодинамикалық  жүйе  (двигатель)  сыртқы  əлемнен  мүлдем 
оқшауланған  жəне  энергия  алмасу  (оның  iшiнде  берiлген  жүйеге  энергияның  қоршаған 
ортадан да енбеуi) мүмкiн емес жағдайлар ескерiледi; 
 
3)
     
Заңдарды  құрастыруда  өзге  салаларда  қалыптасқан  теорияларда  жəне  оларда
жеткiлiктi  дəл  мəн  мен  мағынаға  ие  болған  (мысалы, "энергия"  жəне  "жұмыс"  ұғымдары 
механикада  өзiнiң  мəнi  мен  мағынасына  ие  болады  жəне  кəдуiлгi  тiлдегi  осындай 
ұғымдардан көбiне өзгешеленедi) ұғымдарды енгiзумен сипатталатын концептуалдандыру 
тəсiлi.
 
Fалымдар  осы  тəсiлдердi  қолдана  отырып,  эмпирикалық  қорытындылар  болып 
табылатын  ғылым  заңдарын  қалыптастырады.  Ол  сырттай  қарама-қайшы  болғанымен, 
iштей  ортақ  қасиеттерi  мен  қырлары  бар  жекелеген  құбылыстардың  арасындағы
қайталанатын, қажеттi мəндi қатынастар мен байланыстарды бейнелейдi. Осылайша, бiз 
объективтi  əлем  заңдары  мен  ғылым  заңдары  арасындағы  маңызды  айырмашылық  пен
бағыныштылықты  анықтай  аламыз.  Оның  алғашқысы  бiзден  тəуелсiз,  тыс  нақтылықтың 
өзiнде  өмiр  сүредi.  Екiншiсi  эмпирикалық  қорытындылар  күйiндегi  олардың  бейнелерi 
болып табылады. Бұл жағдайда əлемнiң объективтi заңдары ғылым заңдарында барынша 
толық емес, шартты, жақын, объективтi əлем байланысын қайталайтын ерекше формада -
аралары  логикалық  байланыстармен  бекiтiлген  ерекше  ғылыми  абстракциялардың
көмегiмен  бейнеленедi.  Алайда  ғылымның  барлық  заңдары  эмпирикалық  қорытынды
ретiнде пайда бола бермейдi.
 
Бастапқыда  көптеген  ғылым  заңдары  гипотеза  (грекше hipothesis - негiз,  жорамал) 
формасында  көрiнедi.  Гипотезалар  бұл  толығымен  бекiтiлмеген,  дəлелденбеген,  белгiлi 
мөлшерде  ғана  негiзделген  болжамдар,  жорамалдар.  Өздерiнiң  логикалық  формасында 

олар, əдетте мына түрдегi пiкiрлер кейпiнде болады: "егер A жүзеге асса, онда өзгесi 
де iске асады", "егер  A жəне B арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q 
қатынасы  да  болады"  жəне  т.б.  Гипотезалар  екi  үлкен  топқа  бөлiнедi:  айғақтық  жəне 
теориялық  гипотезалар.  Алғашқылары - жекелеген  заттар,  жағдайлар  мен  процестер 
туралы  болжамдар  мен  жорамалдар.  Мысалы,  оған  Айдың  беткейiнiң  құрылысы,  оның 
минерологиялық  жəне  физика-химиялық  құрамы  туралы  көптеген  гипотезаларды
жатқызуға  болады.  Айға  кеңестiк  автоматты  лабораториялар  қонып,  жерге  оның  беткейi 
туралы дəл ақпарат берiп, оның топырағын алып қайта оралғаннан кейiн бұл гипотезалар 
анықтығының  шамалысы  ғана  қалды  да,  олардың  өзiне  де  түзетулер  енгiзiлiп,  ал 
қалғандары  терiске  шығарылды  немесе  фальсификацияланды  (латынша falsitificaze -
қолдан  жасау,  бұрмалау).  Екiншi  топтағы  гипотезаларға,  мысалы,  Д.И.Менделеевтiң 
химиялық  элементтердiң  қасиеттерi  өзгерiп  жəне  мерзiмдi  түрде  қайталанып  отырады 
деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы гипотезаның негiзiнде жаңа химиялық 
элементтер  мен  олардың  қасиеттерi  болжанды.  Бұл  болжамдар  дəлелденгеннен  кейiн 
гипотезаны  ұсыныс  ретiнде  емес,  берiк,  ғылыми  дəлелденген  заң  ретiнде  қарастыра 
бастады.
 
Теориялық  гипотезалар  мен  заңдар  кейде  тiкелей  сезiмдiк  бақылауға  қайшы  келiп 
отырады.  Мысалы,  Коперниктiң  əлемнiң  гелиоцентристiк  жүйесiне  қарағанда,  одан 
ертерек  Клавдий  Птолемейдiң (90-160) Күн  жəне  өзге  планеталар  қозғалмайтын  Жердi 
айналады деген геоцентристiк жүйесi адамның тiкелей сезiмдiк бақылауына сəйкес келедi. 
Коперник  өз  жүйесiн  шындыққа  жақын  гипотеза  ретiнде  ғана  қарастырса,  одан  шығатын 
математикалық  салдарлар  геоцентристiк  жүйенiң  салдарымен  салыстырғанда  өте  дəл 
өлшемдiлiгiмен  ерекшеленгендiктен  бұл  гипотезаны  Күн  жүйесi  планеталарының 
қозғалысының заңы түрiндегi ғылыми ақиқат ретiнде қарастыра бастады. 
 
Теориялық гипотезалар бастапқыда қызық əрi фантастикалық болып көрiнуi мүмкiн, 
мысалы,  соңғы  онжылдықтардағы  Fаламның  құрылысы  туралы  гипотезаларға
байланысты  пiкiрталастар  осындай.  Алайда  гипотезалар  қаншалықты  кездейсоқ
болғанымен,  олар  шығармашылық  бей-берекетсiздiктiң  нəтижесiнде  емес,  оның 
алдындағы  "сəтсiз"  гипотезалар  мен  көптеген  эксперименттiк  мəлiметтерге  талдау 
жасаудың  негiзiнде  ашылады.  Жаңа  гипотезалар  оның  алдындағылардың  көмегiмен 
түсiндiрiле алмаған айғақтарды  жүйелеп,  түсiндiрiп,  болжауды мақсат  тұтады.  Егер  жаңа 
гипотезалардың  салдарлары  бақылаулар  жəне  эксперименттермен  дəлелденетiн  болса 
"яғни,  верифицияланса  (латынша verus –ақиқат),  онда  мұндай  гипотезаны  жоғары 
деңгейдегi  ақиқат  ұсыныс  немесе,  ғылымның  заңы  ретiнде  қарастыруға  болады. 
Сондықтан да Ф.Энгельс гипотезаны “жаратылыстаным дамуының формасы” деп атайды.
Сонымен,  теориялық  бiлiмдер  өзiнiң  құрамына  практикада  дəлелденген,  бекiтiлген, 
орныққан  ғылым  заңдарын  ғана  емес,  сонымен  қатар  объективтi  шындық  ретiнде 
мойындалмаған, бiрақ терiске де шығарылмаған айғақтық жəне теориялық гипотезаларды
да əр түрлi эмпирикалық түйiндердi де кiргiзедi. Олардың арасындағы бұрынғы бекiтiлген 
заңдарға қайшы келмейтiн жəне жоғары дəрежеде дəлелденген гипотезалар ғана белгiлi 
бiр  теорияның  құрамына  ене  алады.  Теория  осылайша  теориялық  бiлiмдердiң  неғұрлым 

қатаң жəне тексерiлген бөлiгi болып табылады. Өзiнiң логикалық формасы жағынан 
өзара  бiр-бiрiмен  белгiлi  бiр  логикалық  қатынастармен  байланысқан  пiкiрлердiң 
(заңдардың)  жүйесi  болып  көрiнедi.  Мұндай  қатынастардың  қатарына  ең  алдымен
эквиваленттi  жəне  туындамалы  немесе  логикалық  жалғастық  қатынастар  жатады. 
Теорияны құрайтын пiкiрлер күмəнсiз, дəлелденген, объективтi шынайы болуы тиiс. Олар 
өздерiнiң  шынайылығы  мағынасында  эквиваленттi.  Теорияның  негiзгi  маңызы  оны 
құрайтын  пiкiрлерiнiң  бастапқы,  түпкi  ұсыныстардан  (сөйлемдерден)  таза  логикалық 
немесе  математикалық  жолмен  шығарылғандығымен  сипатталады.  Мұндай  түйiннiң 
нəтижесiнде алынған пiкiрлер теорияның салдарлары деп те аталады. 
 
Салдарлар  өзiнiң  мазмұны  жағынан  берiлген  теорияның  заңдары  болуымен  қатар 
белгiлi  бiр  жағдайларды,  ақуалдар  мен  процестердi  сипаттайтын  эмпирикалық 
тұжырымдар  да  болуы  мүмкiн.  Салдарлар  туындайтын  ұсыныстар,  əдетте  теорияның 
постулаттары,  принциптерi  немесе  аксиомалары  деп  аталады.  Əрбiр  жекелеген 
теориядағы мұндай ұсыныстарды негiздер деп те атауға болады,  бiрақ олардың өзi өзге 
кеңiрек жəне тереңiрек теориялардың салдарлары болуы да мүмкiн.
 
Заңдар  теорияның  ең  мəндi  тұжырымдары  ретiнде  мынадай  танымдық 
функцияларды атқарады:
 
1.Олар  əр  түрлi  жүйелердiң  зерттелiп  отырған  теориясының  iшiнде  неғұрлым 
тұрақты, қажет жəне жалпы байланыстарын, берiлген теорияның пəндiк саласын құрайтын 
(мысалы,  атомдар  мен  элементарлы  бөлшектер  жəне  олардың  өзара  əрекетiнiң  жүйесi 
кванттық теорияның пəндiк саласын құрайды) жүйенi негiзгi жай жүйелерi мен элементтерi 
арасындағы өзара қатынастарын жəне өзара əрекеттерiн бейнелейдi.
 
2.Олар бақылаулар мен эксперименттердiң көмегiнсiз-ақ математикалық есептеулер 
мен  логикалық  ой  қорытындылаудың  нəтижесiнде  берiлген  пəндiк  саладағы  белгiлi 
нəрсенi түсiндiруге жəне жаңа құрылыстарды болжауға жағдай жасайды.
 
3.Олар  бiрден  көзге  түсетiндей  айқын  емес  болса  да,  өзiнiң  пəндiлiк  саласында 
белгiлi  бiр  шектеулер  қояды.  Мысалы,  классикалық  механика  заңдары  тек 
макрообъектiлерге  ғана,  яғни  жарықтың  жылдамдығымен  салыстыруға  келмейтiндей 
жылдамдықта  қозғалатын  молекулалық  деңгейден  жоғары  тұрған  заттарға  қатысты  ғана
қолданылады.  Кванттық  механиканың  заңдары  микрообъектiлерге, iшкi  атомдық 
процестерге, 
элементарлық 
бөлшектерге 
қатысты 
пайдаланылады. 
Салыстырмалылықтың  арнайы  теориясы  болса,  ол  жарық  жылдамдығына  жақын 
жылдамдықпен қозғалатын объектiлерге қатысты қолданылады.
 
Мұнан шығатын қорытынды, кез келген теория белгiлi бiр шекараларда ғана, белгiлi 
бiр жағдайларда ғана объективтi ақиқат ретiнде қарастырылады. Бұл кез келген тұжырым 
берiлген құбылысқа қатысты белгiлi бiр жағдайларда ғана, тек берiлген уақытта, берiлген 
орында,  берiлген  тарихи  ахуалда  ғана  шынайы  дейтiн  ақиқат  нақтылығының 
диалектикалық  принципiнен  көрiнедi.  Мұндай  алғышарттарсыз  ақиқат  диалектиканың
заңдары  бойынша,  адасушылық  пен  жалғанға,  өзiнiң  қарама-қайшылығына  айналуы 
мүмкiн.
 
4.Ақырында  ғылыми  теорияның  заңдары  тиым  салу  функциясын,  зерттеу 

процедурасын  жүйелеу  жəне  реттеу  функцияларын  атқарады.  Берiлген  теорияда 
орынсыз  немесе  мəн-мағынасы  жоқ  тұжырымдар  мен  абстракцияларға  тыйым  сала
отырып,  олар  бей-берекетсiздiкке,  өзiмшiлдiккке  жол  бермейдi.  Мысалы,  кванттық 
механиканың 
постулаттарының 
бiрi 
бiр 
тектi 
элементарлық 
бөлшектердiң 
айырмасыздығын  бекiтедi.  Демек,  көптеген  электрондардың  арасында  өзiнiң  терең 
индивидуалдық  белгiлерiмен  ерекшеленетiн  екi  электронды  бөлiп  ала  алмаймыз.  Бұл 
тыйым  салу  бекер  емес.  Оның  объективтi  негiздерi  бар.  Оны  пайдалану  көптеген 
адасушылықтар  мен  қателiктерге  жол  бермейдi,  оның  iшiнде,  мысалы,  нақты  заттарды 
танудың  тəсiлдерiн  берiлген  салаға  (микрообъектiлер)  көшiруге  тыйым  салу,  өйткенi  бұл 
тəсiл  өзге  мəндiк  салада  ғана  қолданыс  табады.  Заңдардың  реттеушi  функциясы  да 
тыйым  салу  функциясынан  туындайды.  Əрбiр  ғалым  өз  мəселелерiне  шығармашылық 
тұрғыда  келуi  мүмкiн,  алайда  бұл  шығармашылық  теория  заңдарының  белгiлi  бiр 
шекараларымен  шектеледi  жəне  сонымен  реттеледi.  Егер  ғылыми  шығармашылық 
бекiтiлген  ережелерге  бағынбаса,  онда  не  жаңа  теория  шығару  қажет,  не  ескiсiн  қайта 
құру  қажет,  ең  болмағанда  берiлген  шығармашылық  идеяны  қате  деп  мойындау  қажет: 
реттеушiлiк шығармашылыққа тыйым салмайды, бiрақ оның нəтижелерiне дəл баға беру 
мен оның қаншалықты өзiн анықтайтындығын түсiнудi талап етедi. Ақырында заңдардың
жүйелеушi  функциясы  берiлген  пəндiк  саладағы  элементтер  мен  жай-жүйелерiнiң 
арасындағы  өзара  бағыныштылық  (субординация)  пен  өзара  əрекетiн  бекiтуге  мүмкiндiк 
бередi. Мұның салдарында оны күрделi қызмет етушi жəне дамушы ретiнде қарастыруға, 
соның  нəтижесiнде  ғылыми  зерттеудi  қарапайымдандыру  мен  жеңiлдетуге  мүмкiндiк 
болады. 
 
Ендiгi  жерде  бiз  танымның  өзге  формаларымен  салыстырғанда  ғылыми  танымның
ерекшелiгi  не  деген  сұраққа  алдын-ала  жауап  бере  аламыз. Fылымның  құрамына 
əрқашанда  теориялық  бiлiмдер  кiредi.  Оның  мазмұнын  жекелеген  гипотезалар,  заңдар 
жəне қатаң құрастырылған ғылыми теориялар құрайды. Əрине, мұндай теориялар бiрден 
пайда  болмайды.  Олар  ғылыми  танымның  тарихи  дамуының  нəтижесi.  Физика  ертедегi 
Греция  дəуiрiнде-ақ  пайда  болғанымен  қатаң  физикалық  теориялар XVII ғасырда  ғана 
қалыптаса  бастады.  Химия  мен  биологиядағы  мұндай  теориялар   XVIII  жəне XIX 
ғасырларда  пайда  болды. Fылыми  теориялардың  белгiлi  бiр  бiлiм  мен  практиканың 
саласында пайда болуы, сол саланың жоғары деңгейге жеткендiгiн, өзiнiң гносеологиялық 
жетiстiгiн  бiлдiредi.  Егер,  көркемдiк,  техникалық  немесе  саяси  салаларда  теориялар
қалыптасып  жəне  қолданыс  тапты  дейтiн  болсақ,  онда  жаңа  ғылыми  пəндердiң  пайда 
болғандығын  көрсетедi:  эстетика  эстетикалық  əрекеттiң  теориясы,  сұлулықтың 
заңдылықтары  мен  критерийлерi  туралы  ғылым,  техникалық  ғылымдар,  тап  күресi  мен 
саяси  өзара  қатынастарды  бейнелейтiн  заңдар,  ғылыми  теориялар.  Белгiлi  бiр  бiлiм 
жүйесiнiң  құрамында  теориялардың  жəне  қатаң  бекiтiлген  заңдардың  болуы  ол  жүйенiң 
ғылыми екендiгiн бiлдiредi.
 
Осылайша,  ғылыми  танымның  қандай  артықшылықтары  барын  айқын  аңғаруға
болады. Адамның кез-келген əрекетi қандай да бiр мiндеттердi жəне мəселелердi шешудi 
бiлдiредi.
 

Оның  бiрi - өндiрiстiк  мiндеттер - материалдық  игiлiктердi  игеруге  бағытталған. 
Келесiлерi – саяси  мiндеттер - саяси  мақсаттарға  жетуге  бағытталған.  Бiлiмнiң  көмегiн 
ұлғайтуды мақсат тұтатын, яғни, бiлiмдердi қалыптастыруды көздейтiн мiндеттер де бар. 
Мұндай  мiндеттердi  танымдық  деп  атайды.  Қазiргi  ғылым  қалыптасқанғанға  дейiн 
танымдық  мiндеттер  өте  жай  жəне  ұзақ  уақытта  шешiлетiн  едi.  Ол  үшiн  ондаған,  тiптi 
жүздеген  жылдар  кететiн  едi,  себебi  шешiмдердiң  iзденiсi  сынау  мен  қателiктер  арқылы, 
эмпирикалық жолмен ғана жүрдi.
 
Қазiргi  ғылыми  танымның  қалыптасуы  барысында  ғылыми  теориялардың  көмегiмен 
мұндай  шешiмдердiң  iске  асу  уақытын  ондаған  жəне  жүздеген  есе  қысқартуға  мүмкiндiк 
туды.  Ол  үшiн  тек  ғылыми  теория  ғана  құру  қажет,  онан  белгiлi  ережелерге  сəйкес 
салыстырмалы  түрде  аз  уақыт  iшiнде  көптеген  берiк  салдарларды,   алуға  болады. 
Шындығында  теория  құрудың  өзi  орасан  зор  күш-жiгердi  талап  етедi  жəне  қоғам  үшiн 
қымбатқа 
түседi, 
яғни 
ғалымдарды 
дайындауға, 
құрал-жабдыққа, 
шикiзатқа, 
экспериментке  орасан  зор  шығын  кетедi.  Оның  есесiне,  ең  құнды  нəрсе  уақытты  ұтуға 
болады.  Бүгiнгi  күнгi  техникалық  прогрестiң  өте  жедел  қарқыны  күннен-күнге  ашылып 
жатқан  ғылыми  жаңалықтардың  үдемелi  жылдамдықпен  өндiрiске  енiп  жатуымен  де 
сипатталады.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет