Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


сурет. Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейінгі экран түрі 25



бет16/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   210
2.1 сурет. Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейінгі экран түрі


25

Турбо Паскаль біріктірілген ортасын сыртқы түрі бойынша үш бөлікке бөлуге болады.
Бірінші, ортаңғы бөлік – көп терезелі мəтіндік редактор аймағы. Мұнда программа мəтіні (немесе басқа мəтін) теріліп, редакцияланады.
Екінші, экранның жоғарғы бөлігі – біріктірілген орта ресур-старын басқаруға арналған негізгі меню қатары. Негізгі меню Турбо Паскаль программалау жүйесінің барлық функционал-дық мүмкіндіктерін басқаратын болғандықтан, оның көмегімен біріктірілген ортаны тез игеріп кетуге болады.
Үшінші, экранның төменгі бөлігі – түсініктеме қатары. Бұл жолда жүйенің қалып-күйі жəне осы мезетте орындауға болатын іс-əрекеттер жайлы мəліметтер беріліп отырады.
Оң жақ жоғарғы бұрышта терезе нөмірі жазылады. Турбо Паскаль жүйесімен жұмыс жасағанда бір мезетте бірнеше те-резе ашуға болады. Терезелердің əрқайсысын жеке-жеке ашуға, жабуға, екпінді етуге, көлемін жəне экрандағы орнын өзгертуге болады. Қанша терезе ашсаңыз да, оның тек біреуі ғана екпінді күйде болады. Екпінді терезе дегеніміз – екі ақ түсті жақтаулар-мен көмкерілген терезе. Екпінді терезе ішіндегі курсорды ба-ғыттауыш пернелер (←,↑,→,↓) арқылы басқаруға болады. Жақ-тау бойында терезені басқаруға арналған арнайы символдар орналасқан. Жақтаудың жоғарғы жақ ортасында редакциялау үшін ашылған файл аты жазылады. Файл аты ретіне қарай ашыл-ған терезелер санына байланысты автоматты түрде NONAME00. PAS немесе NONAME01.PAS, NONAME02.PAS, т.с.с. болып жазылып тұрады. NONAME – аты жоқ файл деген мағынаны білдіреді. Оларды сақтау кезінде қалауымызша өзгерте аламыз.
Турбо Паскаль жүйесінде мəтіндік редактор терезесінен басқа: программаны жөндеуіш терезе, программа нəтижесін шығару терезесі, анықтама терезесі, стектер жəне регистрлер терезелері қолданылады. Бұл терезелерді қалауыңыз бойынша кезек-кезек немесе бір мезетте қатар ашып қоюыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет