Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет124/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152
Ген экспрессиясы (лат. expressio - əйгілену, ағ. gene expression) – ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық информацияны жүзеге
асыру. Ол: транскрипция, процессинг, трансляция сияқты негізгі үш сатыдан
тұрады.
Гендер амплификациясы (лат. amplification - өсу, көбею, ағ. gene
amplification) – гендер көшірмелері (копиялар) санының көбеюі.
Гендер банкі (геномдар кітапханасы) – өз құрамына геномдағы гендердің
кемінде бір тізбегі кіретін, клондалатын ДНҚ молекуласының жинағы.
Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон) (ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс,
митохондриялар мен хлоропластарда орналасқан гендер.
Гендердің кітапханасы – барлық бактериялық жасушалардағы көбею
салдарынан жинақталған гендердің жиынтығы.
Гендік ex vivo терапия (гр. ex vivo, ағ. ex vivo gene therapy) – науқастың
бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру мен трансформациялаудан кейін
жасушаларды трансфузия, инфузия немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді.
Бұл ем-шаралар генетикалық деффекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Гендік инженерия – генмен жұмыс істеу тəсілдерін, оны геномнан бөліп алу,
синтездеу, геномға енгізу жəне геномды қажетті бағытта өзгертумен керекті өнімдер
алуын айтады. Гендік инженерияны батыста рекомбинантты ДНҚ-мен жұмыс істеу
деп атайды.
Гендік мутациялар (нүктелік мутациялар) (лат. transitio – ауыспалылық,
insertion – орын ауыстыру, deletio – құрту, жою) – жекеленген гендердің
құрылымының өзгеруі. ДНҚ немесе РНҚ нуклеотидтеріндегі бір пуриннің екінші
пурин мен (А-Г, Г-А), не бір пиримидиннің екіншісімен (Ц-Т, Т-Ц) алмасуы
(транзиция) салдарынан, пуриннің пиримидинмен (А-Т, Г-Ц), не керісінше алмасуы
(трансверсия), қосымша нуклеотидтер болуы (инсерция) не түсіп қалуынан
(делеция) болатын гендік мутация.
Генезис (гр. genesis – шығу тегі, ағ. genesis) – шығу, пайда болу тегі («ата
тегі»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет