Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет125/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   321
Қима өңірастылар
Олармен лаңканды және бүйірі қисық 
сызықты бұйымдарда түймелікті өңдейді. Мұндай түймелікті өңдеу 
келесіден тұрады (2.20-сурет, 
в
). 
Өңірастын дайындап алады: қатырмалайды және ішкі 
қиықтарын өңдейді. 
Өңірасты желімсіз іштікпен бекітілуі мүмкін. Бұл жағдайда 
желімсіз маталардан жасалған іштікті өңірастының өлшемдері 
бойынша пішеді. Оны беткі жағымен өңірастының беткі жағына 
жапсырады да, өңірастының ішкі қиығын жөрмейді (
1
-тігім). 
Жөрмеу тігісінің ені 5...7 мм. Жөрмеу тігістерінің қосымшаларын 
іштікке ені 1...2 мм тігіспен сырып тігеді (
2
-тігім). Өңірастын беткі 
жағына айналдырады, тігісті түзеп, баса үтіктейді. Іштіктің қалған 
қиықтарын өңірастының қиықтарымен сәйкестендіреді және 
олардың бойымен уақытша бекітеді. 
Егер модельде әдіптелген ілгектер қарастырылса, онда оларды 
негізгі бөлшектерде дайындайды күрмек (тұйық) ілгектерді негізгі 
бөлшектің бүйір қиығының бойымен бекітіп, оларды қиықтарын 
бүйір қиығына қаратып беткі жағына қояды. 
Өңделген өңірастыларын беткі жағымен негізгі бөлшектің беткі 
жағына жапсырады, қиықтарын сәйкестендіреді және ойығы мен 
бүйірі бойынша ені 5....7 мм тігіспен жөрмейді (
3
-тігім). 
Жеке тіккен кезде өңірастын алдын ала ойық бұрышына 
қондыра отырып, лацкан бөлігінде (қайырма жағалы бұйымдарда) 
және ілгектер бөлігінде көктейді. Егер өңірасстының астыңғы 
жиегін жөрмеп, ал салдарынан етек бүгілісінің қосымшасымен бірге 
бүгіп тіксе, онда астыңғы қиықтың бұрышына негізгі бөлшекті 
қондырады. Жөрмеу тігімдерін салмас бұрын, шет бойынша 
қондырманы өңірастын көктеу тігіміне дейін жия үтіктейді. 
Жөрмеуді ойық ұшында кертпеден бастап етекке дейін алдыңғы 
бой жақтан орындайды. 
Қалың маталардан жасалған немесе лацан бұрыштары үшкір 
бұйымдарда ойықтарды өңір шетінің бойымен жөрмеу тігімін 
салғаннан кейін жөрмеген дұрыс. 
Өңірлерді әрлегіш тігімсіз өңдеген кезде жөрмеу тігістерінің 
қосымшаларын: бүйір бөлігінде – өңірастына (
4
-тігім), лацкан 
бөлігінде – алдыңғы бойға (
5
-тігім) сырып тігеді. Сырып тігу 
тігісінің ені 2...5 мм. 
Негізгі бөлшектің астыңғы жиектері өңірастылармен жөрмелуі 
198


не жөрмелмеуі мүмкін. Жөрмеу кезінде тігімді етектің белгіленген 
сызығына параллель материал қалыңдығына қарай одан 1...5 мм 
төмен өңірасты жиегінен өңір шетіне дейінгі бағытта салады. Тігім 
ұштарын бекітеді. Жөрмеу тігісі қосымшаларының артық жерлерін 
кертеді. 
Өңірлерді беткі жағына айналдырады, тігістерді түзейді және 
арнайы машинамен не қол инешаншымдарымен айналдыра 
көктейді. Лацкандар бөлігінде айналдыра көктеуді өңірастынан 
көмкерме жасай отырып алдыңғы бой жақтан орындайды, ал бүйір 
бөлігінде алдыңғы бойдан көмкерме жасай отырып алдыңғы бойдан 
айналдыра көктейді. Жиектеме ені 1...2 мм. Өнеркәсіптік өндірісте 
өңірлерді көмкерме жасай отырып, сонымен қатар баса үтіктейді. 
Бұл ретте лацкандарды баса үтіктеуді алдыңы бой жақтан, ал 
өңірлерді баса үтіктеуді өңірасты жақтан орындайды. Жоғарыға 
дейін түймелігі бар бұйымдарда көмкермені бүкіл өңір бойымен 
алдыңғы бойдан жасайды. ЫЖӨ-ді өңірасты жақтан орындайды. 
Өңірастының астыңғы жиегі жөрмелген бұйымдарда (
6
-тігім) 
өңірастының ішкі шеттерін етек бүгілісінің қосымшасына жиектен 
2...3 
мм арақашықтықта сырып тігуге болады (
7
-тігім). 
Өңірастының ішкі жиектерін жасырын инешаншымдармен қолмен 
не арнайы машинамен бекітуге болады. 
Өңірастылардың иық қиықтарын, алдын ала жиектеп торланған 
жағдайда, қиықтар бүкпесімен не бүкпесіз бұйымның иық 
тігістеріне қосып тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет